Бала
тәрбиесіндегі ата-ананың рөлі
Халқымыздың
«Ұяда не көрсең,ұшқанда соны ілерсің»
деп тегін айтпаса керек.Баланың қоғамдық
–әлеуметтік дамуы жанұяда өз орнын
алуынан басталады. Ата-ана балаға жеке
тұлға ретінде баға беріп,дамытып жетілді
ріп,мектепке беруге дайындайды.
Баланың
тәрбиесіндегі ерекше орын алатын-
мектеп,ата-ана,қоғам.
«Адам
ата-анадан туғанда есті
болмайды,естіп,көріп,ұстап,дүниедегі
жақсы –жаман заттарды танидыдағы,көргені
,білгені көп болған адам білімді болады
» дейді өзінің 19-ғибратты қара сөзінде
ұлы Абай ақын.
Бала
біздің болашағымыз сүйікті Отанымыздың
тарихын жаңартып жаңадан жазатын
да,қабырғасын қатайтатын да солар.Біз
баламыздың тәрбиелі, өнегелі болып
өсуін,өз қатарының алды болғанын
қалаймыз.
Тәрбие
берудің бір жолы-мектеппен ата-ананың
ынтымақтаса байланыста болуы.Мектеппен
отбасындағы тәрбие көзқарастары,ой
түйіні бірлесуі керек Сонда ғана баланың
тәлім-тәрбиесінен оң нәтиже күтеміз.Ата-ана
балаға үйде жағдайды жасаса.Бала тәрбиесі
ата-ана үшін күрделі де жауапты міндет.
Жас шыбық иілгіш болса,жас адам да
сондай жақсыға да, жаманға да бірдей
бейім келетінін барлығымыз білеміз.Ата-ананың
үйдегі іс-әрекеті балалары - ның көз
алдында өтеді.Сондықтан жақсы- жаман
әдетіміздің бала тәрбиесіне ықпалы
бар. Бала тәрбиесінің алғашқы алтын
қазығы, туған ұясы,үйіндегі ата-ана
тәрбиесі, өнегесі.Қазақта «Баланың бас
ұстазы ата-анасы»деген сөз бар.Өз
тәжірибемде бастауыш сыныптарда әр
түрлі тәрбие шараларын өткіздім. Соның
ішінде мектепке оқушының ата-аналарын,әкелерін
тарту мақсатында «Әкенің отбасындағы
рөлі» немесе «Бала тәрбиесіндегі әкенің
рөлі »тақыры- бында жиналыс,тренингтер
өткізген болатынмын.Әкелер өздері
ойларын ортаға салып,отбасындағы бала
тәрбиесіндегі рөлін әңгімелеп түйіндеді.
Жас кезінде дұрыс тәрбие алмаса,есейе
келе тәртібі қиындап,оқу үлгерімі
нашарлап кетеді.Әрине ата-аналар
балаларының оқу үлгеріміне күнделікті
назар аудару,қадағалау керек. Тәрбие
ешқандай үзіліс, демалысты қажет етпейді.
Ата-аналар
оқушыға үйден жасайтын көмегі –ол
өзіндік жұмыстар, оқу дағдыланын дамыту,
жаттықтыру.Мәнерлеп оқу әңгімелеу,
минутқа оқу дағдыларын дамыту.Оның
неше сөз оқып отырғанын бақылап отыру.
Жазбаша жұмыстарында жіберілген
қатеге үлкен мән беріп, оны түзету
жұмыстарымен жаттықтыру керек.Үйде
баласының сабаққа даярлығын жүйелі
бақылап тексерудің арқасында білім
сапасын көтеруге болады. Ата-аналар
оқу шапшаңдыққа алған нәтижелерін,өзіндік
жұмыстарын мұғаліммен тығыз байланыста
болып,салыстыру арқылы көз жеткізеді.
Ұлы
ғалым,философ Әбу Насыр Әл –Фараби
«Адамға ең бірінші білім емес,тәрбие
керек.Тәрбиесіз берген білім адамзаттың
қас жауы,ал келешекте оның өміріне
қауіп әкеледі» десе, Жан Жак Руссо «Бала
туғанда- ақ қағаз дай болып таза туады,
оның үстіне шимайды қалай салсаң,солай
түседі. Бала тәрбиесі сол сияқты, өзің
қалай тәрбиелесең,солай тәрбиеленеді»
деген екен. Бала тәрбиесіне ең әуелі
оның өз ата-аналарының еңбекқорлығы,
ұстамдылығы,ақыл-ойы, сана – сезімі,
адамгершілігі әсер етпек.