400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрбиешілерге арналған циклограмма

Материал туралы қысқаша түсінік
Ересек топка арналған циклограмма
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбиелеу - білім беру процесінің циклограммасы

Сәуір айы 2023 жыл 1 апта


Күн тәртібі

Дүйсенбі

03.04.2023ж

Сейсенбі

04.04.2023ж

Сәрсенбі

05.04.2023ж

Бейсенбі

06.04.2023ж

Жұма

07.04.2023ж




Балаларды қабылдау

Тәрбиешінің балалармен қарым-қатынасы: балалардың өз балабақшаларына деген ыстық сезімдерін дамыту

Үш түрлі смайликмен қарсы алу

Балалық шақ күйімен қарсы алу

Көңілді күн әнімен қарсы алу

Ертегілер кейіпкерлерімен қарсы алу




Ата-аналармен әңгімелесу,

кеңес беру

Балалардың көңіл-күйі, денсаулығы жайлы әңгімелесу.

Үйдегі өзіне-өзі қызмет ету дағдыларының қалай қалыптасып жатқанын сұрау

Баланың үйдегі ойыншықтарға деген қызығушылығы жайлы сұрау

Балабақшадан кейінгі баланың өзін-өзі қалай ұстатйыны жайлы әңгімелесу

Демалыс күндердегі баланың күн тәртібі жайлы әңгімелесу




Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары,

бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер)

Көктем туралы тақпақтар жаттау.

Коммуникативтік дағдылар


«Төлдерін тап»

Мақсаты;Үй жануарлары мен жабайы жануарларды ажырата алады. Үй жануарларының төлдерін атау Коммуникативтік дағдылар


Қимылды ойын:

«Мысық пен тышқан»

Мақсаты; жүру, жүгіру қимылдарынн орындайды

Белгі бойынша қозғалыстар жасайды.

Дене шынықтыру

«Көліктер»

Мақсаты: балаларға көліктердің суретін, көліктерді ажырата алады.

Әлеуметтік дағдылар

Сюжеттік-ролдік ойын

«Шаштараз»

Коммуникативтік дағдылар





Таңертенгі жаттығу

Сәуір айына арналған таңертеңгі жаттығулар кешені (Жалпы дамытушы жаттығулар, қимыл белсенділігі, ойын әрекеті).




Таңғы ас

Тамақ ішу мәдениетін, үстелде отыру, тамақтану, асхана құралдарын дұрыс ұстау мәдениетін қалыптастыру және сақтау. Балалардың назарын тағамға аудару, тамақтарын реттілігімен тауысып ішуге, нанның қиқымын жерге тастамауға үйрету. (мәдени-гигиеналық дағдылар, өзіне-өзі қызмет ету, кезекшілердің еңбек әрекеті)





Ұйымдастырылған іс-әрекетке

дайындық

Табиғат құбылыстары туралы ұғымдарын (жел, жаңбыр, тұман, қар, бұршақ, кемпірқосақ, боран) кеңейту.

Бақылау күнтізбесінде ауа райын белгілеу (суық, жылы, күн шуақты, қар, жаңбыр жауды, жел соқты), соған сәйкес киіну.

Қарапайым себеп-салдарлық байланыстарды бақылау және анықтау (жел соғып, жапырақтар түсті, күннің суықтығынан жердегі қар мұзға айналды), ойын, еңбек, эксперимент барысында құм, қар, су, мұз, тас, саздың қасиеттерін анықтау.

Ауа райы мен климаттық жағдайлардың өзгеруін бақылау. Қазақстанның түрлі аймақтарында ауа райының түрліше болуы туралы түсінік беру.

Өсімдіктер әлемі.

Өсімдіктер, оларға күтім жасау (жерді қопсыту, суару, жапырақтардың шаңын сүрту) туралы түсінікті дамыту. Бақылау, эксперимент және еңбек ету барысында өсімдіктердің тірі тіршілік иелері екендігін, өсімдік тұтастығының мәнін, олардың өсуі үшін жер, топырақ, су, күн, жарық, ылғал, жылудың қажеттілігін анықтау.

Өсімдіктердің даму кезеңдері (тұқым, көшет, сабақ, жапырақ, гүл, тұқым) туралы бастапқы түсініктерді қалыптастыру.

Өсімдіктердің жіктелуі туралы түсініктерді кеңейту: жемістер, көгөністер, жидектер (орман, бақша), гүлдер (бөлме, бақша, шабындық), бұталар және ағаштар (бақша, орман).

Бөлме өсімдіктеріне және табиғат бұрышындағы жануарларға күтім жасау, адамның табиғатқа қамқорлық танытуының маңызы туралы білімдерін қалыптастыру.Қоршаған ортамен танысу





Білім беру ұйымының кестесі бойынша ұйымдастырылған

іс-әрекет

Дене шынықтыру

Балалардың доптармен, қозғалатын ойыншықтармен, құрсаулармен ойындарын қолдау, дене шынықтыру құралдарын, спорттық және қимылды ойындарға арналған атрибуттарды пайдалануға ынталандыру

Музыка

Музыканың сипатына сәйкес ойын әрекеттерін орындау, шеңбер бойымен ән айтып жүру, қимылдарды өзгерту, шапшаңдық пен ептілік таныту,

Дене шынықтыру

Балаларды педагогпен бірге жаттығуларды орындауға, қимылды ойындарға қатысуға тарту

Музыка

музыканың көңілді, ойнақы сипатын ажырата білу, атрибуттармен би қимылдарын орындау.


Қазақ тілі

Сөздерді жіктеп, тәуелдеп, септеп қолдана білуге үйрету. Етістіктің болымсыз түрін немесе есім сөздермен қолданылатын «емес» шылауын қолдана білуге үйрету, үлгі бойынша жай, жайылма сөйлемдер құра білуге үйрету. Өз ойын жай және жайылма сөйлемдермен жеткізуге мүмкіндік беру.


Дене шынықтыру

Балалардың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, ағзаға түсетін салмақты реттеу. Ауа-райының жағдайларын ескеріп, таза ауада балалардың қимылдарды орындауы үшін жағдайлар жасау




Көктемде балалар, айнала құлпыра түседі, құстар ән салады, ағаштар гүлдейді, табиғат оянып, гүлдер өседі. Күн жылынып, адамдар жеңіл киімдер киеді.
- Ал шөптің арасында нелер пайда болады?
- Гүлдерге нелер қонады?
- Ал олардың бәрін бір сөзбен қалай атаймыз?Әр жәндікпен жеке таныстыру.Қоршаған ортамен танысу

 Мынау не?
- Жәндіктердің аяғы нешеу? 4, 2, 6
- Олар иісті сезе ме?
- Ұша алатын (секіретін, жорғалайтын) жәндіктерді атаңдар.
- Ең мазасыз жәндікті кім біледі?
Ызыңдап ән салады
Жұп – жұқа қанаты
Тәттіге тамсанып
Қоқысқа қонады Ол не?
- Қалай ойлайсыңдар, ара пайдалы жәндік пе, әлде зиянды жәндік пе?
Гүлдерге қонады
Шырынын сорады
Түр – түсі сары – ала
Бұл не?
- Қандай жәндікті еңбекқор деп айтуға болады?
Қылдай белі бүгілген
Өзінен де жүгі үлкен. Ол не?
Құмырсқаның үйі неге «илеу» деп аталатынын түсіндіреді. Біреуі илеу салады, бірі илеуге кіріп – шығатын жол салады, азық тасиды
- Қалай ойлайсыңдар, құмырсқалар жалғыз тұра ма, әлде топтанып па?
- Құмырсқа қысқа азық жинай ма?
- Құмырсқаның илеуін бақылап, жауынның жауатынын қалай білуге болады? (илеуге кіретін тесікті бекітіп тастайды)  Қалай ойлайсыңдар, жәндіктер не үшін керек?Сөйлеуді дамыту

Қоңызды геометриялық пішіндерден жасау, геометриялық пішіндерді (дөңгелек, төртбұрыш, үшбұрыш) және геометриялық денелерді (куб,шар, цилиндр) танып, атай білуге үйрету

Математика негіздері

Ара туралы видео көрсету,таныстыру.Қоршаған ортамен танысу

Бөренені аралар
Әрбір үйде ара бар.
Ағаш кессең, балалар,
Тістеріне қарап ал,
Ара кетік болмасын,
Ақ бөпелер тоңбасын. Балаларды тақпақтар мен өлеңдерді түсініп, есте сақтауға, таныс ертегілердің мазмұнын айтуда мазмұнның жүйелілігін сақтай білуге үйрету.Көркем әдебиет

Диалогтік сөйлеуді жетілдіру: әңгімеге қатысуға баулу, диалогке қатысушы үшін түсінікті сұрақтар қоюға және қойылған сұрақтарға дұрыс, толық жауап беруге баулу.Сөйлеуді дамыту

Араны пішіндерден жасау, геометриялық пішіндерді тану және атау, пішіндерді зерттеу дағдыларын қалыптастыру.Математика негіздері

Балалар, бүгін біз құмырсқа туралы әңгімелесеміз. Құмырсқаның суретін «сиқырлы экранның» ортаңғы әйнегіне қойып, сұрақтар қою:- Құмырсқа тірі табиғаттың қай жүйесіне жатады- Құмырсқа қандай? Денесі қандай? Түсі ше? Аяқтары неше?Мұртшалары бар ма?Қоршаған ортамен танысу

Илеу – құмырсқаның жерде жасаған үйі – балаларға түсіндіру.- Сонда олар илеуінен шығып, не істеп жүреді жаз бойы?- Құмырсқалар немен қоректенеді?- Құмырсқалар адамға зиян келтіре ме?- Олардың илеуін бұзуға болады ма?- Қандай тағы да жәндіктерді білесіңдер?Сөйлеуді дамыту

Кіп – кішкентай құмырсқаБейім барлық жұмысқа

Еңбекшіл, жоқ зияны,Қиянат етпе сен босқа Көркем әдебиет

геомтриялық пішіндерден құмырсқа жасау.пішіндерді атау,Маетматика негіздері,жапсыру






Көбелек-ау, көбелек,Әдемісін керемет!Гүлге келіп қрна ғой,Өзің де гүл бола ғой.Көркем әдебиет

Көбелектің түсіп қалған қанатын тауып, құрастыру.
Бүгін осы көбелектер туралы көп нәрсе үйренеміз.
1. Олар көрмейді және естімейді
2. Тек жылы мезгілде ғана тіршілік етеді.
3. Олар қуыршақтан пайда болады.
4. 4 қанаты бар, өте нәзік, гүлмен қоректенеді.
5. Қыста ұйықтап жатады.Құрастыру,қоршаған ортамен танысу

Көбелекті ермексаздан жасау.Мүсіндеу

Бұл көбелек.
Бала схема арқылы айтып береді.
Балалар бейнетаспа бойынша әңгімелеп береді. «Көбелектер жазық далада, гүлден гүлге қонып, өсімдіктердің жапырақтарына жұмыртқалайды. Жұмыртқалары жұлдызқұртқа айналады. Олар жұпты аяқтарымен қозғалады.Сөйлеуді дамыту

Ұзын құйрық инелік
Инелікке тимелік
Верталетты жасады
Инеліктен ұйреніп Көркем әдебиет

Инеліктің суретін көрсету арқылы дене мүшелерін  және көбейу жолдарын түсіндіру.Қоршаған ортамен танысу

Ермексаздан инелік жасау, геометриялық пішіндерді тану және атау, пішіндерді зерттеу дағдыларын қалыптастыру. Диалогтік сөйлеуді жетілдіру.Математика негіздері,сөйлеуді дамыту,мүсіндеу





Серуенге дайындық

Киіну: Серуенге шығу, балаларды біртіндеп киіндіру, киімдерінің дұрыс киілуін қадағалау, қатармен жүруге дағдыландыру.




Серуен

Картотека

Картотека

Картотека

Картотека

Картотека




Серуеннен оралу

Топқа оралу кезінде қатарға тұруды дағдыландыру.  Асықпай бір-бірін  итермей жүруді үйрету. Топта киетін аяқ киімдерін өз бетінше ауыстырып, киюін үйрету. ( дербес ойын әрекеті).




Түскі ас

Сабынмен  қолдарын сабындап, киімдерін суламай  жуыну.  Өзінің жеке сүлгісін тани  білуді үйрет

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
20.06.2023
536
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі