400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 23 материал табылды

Тәрбиешілерге арналған іскелік ойын

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілердің балалардың ойын әрекетін басқаруын жетілдіру, бір - бірлеріне деген достық сезімін арттыру. Тәрбиешілердің педагогикалық рефлексиясын дамыту. Шығармашылыққа әртістікке, бастамашылдыққа ынтасын дамыту. Өзін өзі тануға, педагогикалық ізденімпаздыққа қызығушылығын тәрбиелеу. Қатысушылар: тәрбиешілер, мамандар.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбиешілерге арналған іскерлік ойын
«Тәрбиешілердің балалардың ойын әрекетін басқаруын жетілдіру»
Мақсаты: Тәрбиешілердің балалардың ойын әрекетін басқаруын жетілдіру, бір - бірлеріне деген достық сезімін арттыру.
Тәрбиешілердің педагогикалық рефлексиясын дамыту. Шығармашылыққа әртістікке,
бастамашылдыққа ынтасын дамыту. Өзін өзі тануға, педагогикалық ізденімпаздыққа қызығушылығын тәрбиелеу.
Қатысушылар: тәрбиешілер, мамандар.

Ойынның барысы.
Жүргізуші: Қайырлы күн! Біздің «Достық» атты іскерлік ойынымызға қош келдіңіздер. Бүгінгі ойында біз ойнап, ойланып, демаламыз, бір - біріміз туралы көбірек білеміз.
Сол үшін ең бірінші бір - бірімізбен жақсы көңілмен амандасайық. Шеңберге тұрып мына жүрекшені бір - бірімізге жылы сөз айтып береміз. (барлығы шеңберге тұрады, жылы сөз айтып, жүрекшені бір - біріне береді).
Бүгінгі ойын екі топқа бөлініп жүргізіледі. Сол үшін қазір сендер мұнда жатқан парақтарды таңдайсыңдар (барлық педагогтар парақтарды алып болған соң, жүргізуші парақтардың сыртында бейнеленген суреттерге сәйкес топтарға бөлінуді ұсынады). Әділқазы ұпай қойып жеңімпаздарымыз анықталады.

№ 1 Тапсырма:
Сұрақ - жауап сайысы (жүргізуші сұрақтар қояды, бірінші жауап берген топқа ұпай жүреді).
А) Мектепке дейінгі мекемелер бағынатын құжат (Стандарт).
Ә) Баланың білімін анықтайтын қорытынды сараптама қалай аталады? (индикатор)
Б) Балабақшада білім беретін сала неше бөлімінен тұрады? (5 сала бөлімі).
В) Таным саласына
қандай оқу қызметттері жатады?

№ 2 Тапсырма:
«
Құрастырмалы ойыншықтар арқылы әр топ өз ойларымен құрастыру
және талдау».
(Әр
тәрбиешіге құрастырмалы ойыншықтар беріледі, өз ойларынан балаларға қызықты болатынын бір нәрсе құрастырады, 5минут уақыт беріледі, уақыт өткен соң не жасағандарын көрсетеді, сипаттап береді).

№ 3 Тапсырма: Алдарыңыздағы конвертті ашып ішіндегі логикалық есептерге жауап беріңіздер?

1. Айдынның Асқардан бойы ұзын, бірақ Жанаттан кіші. Кім ұзын?
Шешімі: Жанат - ұзын
2. Менің атым Медет Менің тәтемнің бір ғана інісі бар. Менің тәтемнің інісінің аты кім? Жауабы: Медет

1. Көшеде екі әкесі, екі баласы, және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр? Жауабы: үшеу
2. Допты лақтырғанда, доп сол ізімен кері қайту үшін оны қалай лақтыру керек? Жауабы: жоғары
1. Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан және оған қарама - қарсы үш мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық бар? Жауабы: 4 мысық
2. Қараңғы бөлмеде майшам мен керосин лампасы бар. Бірінші не жағасыз? Жауабы: шырпы


4 Тапсырма: «Табиғатқа байланысты ырым - тыйымдар. (әр топқа 2 суреттен)
І
Мысық жылы жерді паналаса - аяз болады.
Аспанда жұлдыз көп болса - күн суытады.
ІІ
Түтін аспанға тіке көтерілсе - аяз болады.
Ерте көктемде қарға суға шомылса - күн жылынады.
ІІІ
Қайыңнан аққан шырын көп болса - күн жылынады.
Сары шымшық ысқырса шынымен - күз болады.

5Тапсырма: «Досыңды сипаттау»
Педагогтар өз аты - жөнін көрсетпей өз серіктесін сипаттап жапырақшаға жазу керек. Жазып болған соң, жүргізуші бір - бір жапырақтан оқиды. Педагогтар сипаттау бойынша педагогты табу керек.

6 Тапсырма: «Аю мен аралар». Педагогтар топтасып жұмыс істеу білетіндерін тағы да тексеріп көрейік.
«Аюды» таңдайды, қалғандары «Аралар» болады. Аюды залдың сыртына шығарып, жүргізуші «балды» тығып қояды. Содан кейін «Аю» кіріп, «балды» іздейді, «аралар» тек қана «ж - ж - ж» деп дауыстап көмектеседі. «Аю» «балға» жақындай бергенде, «аралар» «ж - ж - ж» деп қуанып қатты дауыс шығарады. Ал «Аю» «балдан» басқа жаққа кетсе, «ж - ж - ж» деп ашуланып дауыс шығарады.
Құрметті әріптестер, осымен біздің ойынымыз аяқталуына жетті. Енді әділқазының шешімін күтейік. Олар өз шешімін шығарғанша, осы парақтарға бүгінгі ойын туралы өз пікірлеріңізді жазуға ұсынамын.
Әділқазы мүшелері ұпайларды санап, жеңімпаздарды айтады.
Жеңімпаздарды марапаттау, қатысушыларға қатысқандары үшін алғыс хат беру.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15.07.2024
316
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі