Тәрбиешілерге арналған психологиялық тренинг: «Мен кереметпін»
Мақсаты: Тәрбиешілер мен педагогтардың кәсіби шеберліктерін арттыру және топтасып жұмыс істеуді, дербестігін дамыту. Эмоционалды көңіл - күйлерін көтеру, бойдағы шаршаудан, стресстен арылуға ықпал жасау.
Эпиграф: «Біз қартайғандықтан ойын ойнауды тоқтатып тұрған жоқпыз, ойын ойнамағандықтан қартаямыз» Бернерд Шоу
Қатысушылар: «Балауса» бөбекжайы меңгерушісі, педагогтары мен тәрбиешілері
Жұмыс түрі: топтық жұмыс
Көрнекілік құралдар: ватман, фломастарлер, түрлі түсті қаламдар, карточкалар
Барысы:
Психолог: Сәлеметсіздер ме, құрметті әріптестер! Біздің барлығымыз да үнемі табыс биігінен көрініп керемет болғымыз келеді. Ал енді «керемет» дегеніміз не? Біздің бүгінгі кездесуімізде осы керемет сөзін педагогикалық тұрғыдан талдап көрейік. Енді барлығымыз «Керемет» сөзіне ұқсас бір - бір сөзден айтып көрейік: идеал, үлгілі, өте жақсы, тамаша т. б. Психолог: Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде «керемет» сөзіне анықтама бар: бұл «үздік, өте жақсы, ғажайып, тамаша» деген мағынаны береді. Енді осы өте жақсы қасиеттерді өз бойымыздан іздеп көрейік, керемет болмасада бойымызда таң қаларлық, елді елең еткізерлік мінез болуы мүмкін. Тренингімізді бастамас бұрын танысып алайық.
1. Шаттық шеңбері: «Таныс
болайық» Америкалық педагог, психолог Дейл
Карнеги "Адам есімі - қай тілде болса да ең тәтті және жағымды
дауыс" деген екен, яғни «Есім – құлаққа ең жағымды естілетін
сөз». Сағат тілі бойымен әрқайсыңыз өз есімдеріңізді атап,
есіміңізге сәйкес мінез - құлқы жайлы қысқаша айтып өтеді. Әркімнің
танысуы бір - біріне ұқсамауы тиіс т.
б. Түйін: Әрдайым есімдеріңізге сай
мінездеріңізбен сүйкімді болып жүре беріңіздер деген тілекпен
жалғастырамыз!
2. «Егістік» ойыны
шарты: шеңбер бойымен тұрып болмаса отырып,
бір - бірінің арқаларына қолдарын қояды. Психологтың айтуы бойынша,
ауа-райы түрлері бойынша ақырын саусақ қимылдарымен массаж
жасайды. Ойын кері қайталанып
отырады.
3. «Бала көзімен» Психолог: Рахмет, бұл біздің сергіту жаттығуымыз болатын. Тренингіміздің келесі бөліміне өтеміз. Бірінші бөлімде біз «керемет» сөзінің мағынасын айқындауға тырыстық. Тақырыбымызды одан әрі ашу үшін керемет деген ұғымды балалардың көзімен түсінуге тырысып көреміз. Ол үшін жайлы, жақсы отырып алыңыздар, екі қолдарыңызды тізеге қойып, орындыққа арқаларыңызды тигізіп жайланып отырып, көз алдарыңызға өздеріңіздің бала күнгі ең тамаша кездеріңізді еске түсіріңіздер. Көзімізді жұмдық, дала жап-жарық, аспанда бірде бір бұлт жоқ, айналамыз әсем гүлге толған. Гүлдің жұпар иісі самал желмен біздің бетімізге келіп, ғажайып бір табиғаттың күйін сыйлауда. Енді біз жан-жағымызға қарай бастадық, алға қарай жүруді жөн көрдік. Алдымыздан суы мөп-мөлдір, біздің пейіліміз іспетті тап-таза, тұп-тұнық өзен ағып жатыр. Өзеннін мөлдірлігінен оның түбіндегі су ағынымен ағып жатқан майда тастар, кішкентай балықтар, жап-жасыл балғын балдырлар көрініп тұр. Біз өзенге үңіліп қараған сайын өзеннен өз бейнемізді, өз-өзімізді көріп тұрмыз. Біз онда өзеннін суы сияқты жанымыз жайсаң, жанарымыз нұрға толы, жүзіміз қуанышқа толы. Біз сондай бақыттымыз! Біз бұл тренинг арқылы балалық шаққа бір оралып, жеке тұлға деңгейімізге жеткенімізді байқадық. Біз енді өз армандарымыздың иесіміз. Қорытынды: педагог мейірімді, әділ, әдемі, көңілді болуы керек, педагог өз мамандығының кәсіби шебері, қатаң, қазіргі талапқа сай, жаңашыл болуы керек. Психолог: Ал енді сіздер қазіргі кейіптеріңізге еніп, тәжірибелі, керемет педагог болуға тырысыңыздар.
4. Арттерапиялық жаттығу "Шеңбер бойынша
сурет». Біз қазір ақылдаспай біртіндеп шығып
тәрбиешінің суретін
саламыз. Сурет бойынша
қорытынды:идеялды тәрбиешінің суретін саламын деп кім
пайда болды... «әрдайым көріп жүрген тәрбиешінің бейнесі».
В.Вишневскийдің афоризмін еске түсіретін болсақ. "Мені ғажайыпқа
дейін жеткізбе!" дегендей, «ғажайыптылық» өзіміздің жүрегімізде
болады.
5. «Сілкіп таста»
ойыны- Баршамыз да тыныш, бақытты өмірді аңсаймыз.
Бірақ, кей жағдайда өзге адамның қатысуымен біздің көңіл-күйіміздің
бұзылып, мұңаюымызға, ренжіп, өкпелеуімізге, тіпті кейде
кектенуімізге душар қылатын жағдайларға тап болып жатамыз.
Жанымызға салмақ түсіп, ойымыз өзгеріп, негізгі бағытымыздан
ауытқып, бүліне бастаймыз. Сондағы қозғалтқыш күш не? Ол-реніш,
жағымсыз әсерлер. Мен сіздерге жағымсыз әсерлерден
арылып, өзіңізді қалыпқа келтірудің жолын көрсетемін. Кейде біз көп
күшімізді алатын ауырлықтарды көтереміз. Мысалы: «Әлдекімнің ойына:
«Тағы да жолым болмай қалды» Енді бірі «Мен басқалар сияқты ақылды
емеспін. Не үшін бекерге тырысамын?»-деген жауаптар
мазалайды.Айналаңызда орын қалдырып, еркін тұрыңыздар.
Алақаныңызды, білегіңізді, иығыңызды сілкіңіз. Осы сәтте өзіңізді
жағымсыз жағдайлардан арылғандай сезініңіздер. Аяқтарыңызды саннан
тобыққа дейін сілкіңіздер. Қандай да бір дауыс шығарсаңыз тіптен
дұрыс болар еді. Жағымсыз сезімнен арылғаныңызды біртіндеп сергек,
көңілді бола түскеніңізді елестетуге
тырысыңыз.
Талдау. Жаттығуды орындаудан кейінгі көңіл-күйіңіз.
6. «Гүлдер» Жетекші әрқайсысына бір-бір гүлден алуды сұрайды. Сол гүлдің артқы бетіне бір-бірімізге деген ең ізгі тіліктерімізді жазайық. Бірақ ол тілектің иесі кім екенін ешкім білбеуі керек. Ортаға барлық гүлді жинап қойып, арқайсысымыз бір-бір гүлден алып тілекті оқып, тілектің иесі кім екенін табуы керек. Талқылау: Қандай белгілер бойынша тілек иесін табуға мүмкіндік болды, ол басқалардан қалай ерекшеленді.т.б. Қорытынды: бір-бірімізге тілек білдіру арқылы көңіл-күйді көтеру.
7. Қорытынды «Суретті тест» жаттығуы
Психолог: Құрметті әріптестер бүгінгі тренингіміз қалай
өтті? Барлығымыз қандай әсер алдық? Қорыта келе тренингтен алған
әсерлерімізді осы «Суретті тест» жаттығуы арқылы білетін боламыз.
Қатысушыларға ақ парақ таратылады. Тренингтен алған әсерін, ақ
параққа бұлт, жаңбыр, күн, жасыл шөп суретін салуы арқылы
білдіреді.
Талдау. Күннің
суреті-тренингке қатысушының толық қанағаттанғаны,
көңілденгені. Бұлттың
суреті- алған әсері
төмен. Жаңбырдың
суреті- ешқандай әсер
алмаған. Жасыл
шөптер- көңілді, жақсы әсер
алғаны.
- Құрметті әріптестер! Біздің сіздермен
кездесуіміз өз мәресіне жетті. Бірақ біздің жолымыз әлі соңына
жеткен жоқ, біз әрдайым қозғалыстамыз.
Олай
болса ΧΧΙ ғасырдың жаңашыл, шығармашылықтарыңыз толағай
табыстарға толы шебер маман иесі болуларыңызға
тілектеспін!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз