жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тәрбиешілерге арналған психологиялық тренингі «Өзіне деген сенімділікті арттыру»
Тәрбиешілерге арналған психологиялық тренингтер.
Тақырыбы: «Өзіне деген сенімділікті арттыру»
Мақсаты: ұстаздар, тәрбиешілер арасында қарым-қатынасты нығайту, жағымсыз
көңіл-күйден арылу, күш-қуат жинау, өзін-өзі тану, құрметтеу, өзін еркін сезінуге, өзіне деген сенімдерінің артуына көмектесу.
Тренингтің барысы:
1 Сәлемдесу.
2. «Ватманға саяхат»
3. «Кемпірқосақтың түстері»
4. «Ертегі терапиясы»
5 . «Сен білесің бе?»
6. «Өзіңді тереңірек тани біл»
7. «Кел билейік» қозғалмалы ойыны
8. Анаграммаларды шешу
9. «Мюнстерберг» әдістемесі
7. Қорытынды «Суретті тест» жаттығуы.
Қажетті құралдар: ақ параққа күннің, бұлттың, жаңбырдың, жасыл шөптер
бейнеленген парақ қағазы, ватман, түсті және ақ қағаз, қайшы, түрлі-түсті қаламдар т.б.
Ұйымдастыру.
Психолог: Құрметті ұстаздар,тәрбиешілер өз қызметтерін аянбай, алаңсыз жүргізуіне ұшқыр ой, алғыр зейін, ояу көкірек керек екені даусыз. Бүгінгі мақсат-айналамыздағы адамдарымызбен қарым-қатынасымыз қандай, олар кімдер, біз кімбіз, өзімізді-өзіміз танимыз ба? деген сұрақтарға жауап іздеп тұлғаның адами көзқарасын анықтау.
Ендеше сіздерге сәттілік тілей отырып, тренингімізді бастаймыз.
1. Сәлемдесу.
Қазір топтың әр мүшесі кезекпен ортаға шығып, топқа қарап бір-бірін қайталамай топпен кез-келген тәсілмен сәлемдеседі. Ал біз әрбір сәлемдесуді қайталаймыз. Жаттығудан кейін талқылау. Сәлемдесудің қайсысы сіздің есіңізде қалды және неліктен?
2. «Ватмандағы саяхат»
Ойынға ватман мен бояулар керек. Бұл ойынды топпен немесе жеке балаңызбен ойнауға болады. Сіздің ұсынысыңыз: «Біз бүгін бірге ватманға саяхатқа шығамыз. әрқайсымыз кезекпен ватманға жақындап суреттер саламыз. Ойынның талабы қылқаламды немесе маркерді ватманнан үзбей сурет саламыз. Егер маркерді ватманнан үзсеңіз онда басқасы келіп, өз суретін сала бастайды. әр қасында 10 сек ғана бар. әртүрлі сызықтарды салуға, түрлі-түсті бояуларды қолдануға рұқсат.»
3. «Кемпірқосақтың түстері. (Радуга)»
Бұл негізіен кооперпацияға арналған жатгығу. Жатгығу cәттi болу үшін әр ойыншы бірін-бірі жан тәнімен түсінісуі керек, нәтижесінде ойынның баяу жүруіне қарамастан олар бір ритмге және бірдей жағымды көңіл күйде болуы керек. 1.Ойыншылар шағын 5-6 адамнан тұратын топқа бөлінеді. Әр топ өздерінің шеңберлерін жасап бір басшы сайлайды және ол жоғары дауыспен үшке дейін санау керек. Топ басшы «3» деп айтқан cәттe қалғандары бірдей түсті айтып хормен айту керек. Мысалы: қызыл, қара, көк. Ойынның мақсаты - әр топтың мүшелері алдын ала келіспей ақ бәрі бірдей түсті айтуында. Осымен қоса мына шарттарды орындау керек: ойыншылар бір түсті екінші рет қайталамау керек. 2.Жаттығу барлық ойыншы бірдей түсті айтқанда бітеді. Жалпы алғанда, ұсынылған жаттығулар жан-жақты болып табылады. Олар айна секілді шынайы өмірдегі адамның мінез-құлық моделін бейнелейді.
4. Ертегі терапия
Ертегі терапия туралы ұғым беру, маңыздылығын ашу. Ертегітерапияның түрлерімен таныстыру, тиімділерін тәжірибеде пайдалану. Ертегітерапияның түрлеріне арналған ойындармен танысу. Қатысушылардың достық қарым-қатынасын, ұжыммен жұмыс жасауды арттыру.
«Ертегілер елінде» арт-терапиялық жаттығуы.
Нұсқау: Сіздерге белгілі бір ертегі бейне фильм көрсетіледі. Сол фильмді көріп болған соң өздеріңіз естеріңізде қалған жерлерін бейнелеп көрсетіп бересіздер. /бірінші топ мазмұнын айту; екінші топ эмоция арқылы дауыс ырғағын салу; үшінші топ көрініс; төртінші топ талдау/
5. «Сен білесің бе?»
Мақсаты: қатысушылардың бір-бірін жақсы тану, өзара бөлісу, мән бермей жүрген қасиеттерін өзара түсінісу.
Нұсқаулық: «Сіздің алдарыңызда қоржын бар. Осы қоржыннан бір билет аласыз. Онда әр түрлі жануарлар мен құстар, жәндіктердің аттары жазылған. Алдымен әркім өзіңіздегі билеттегі жануарлармен танысып, көршіңіздің бойында осы жануарлардағы бар қасиеттерді анықтайсыз».
Сиқырлы
қоржындағы, сиқырлы жануарлар мен
құстар, жәндіктер.
(Аю,
балапан, қоян, жылқы, мысық, ит, қасқыр,
түлкі, бүркіт, арыстан, құмырсқа, маймыл,
қой, кенгуру, көгершін, балық, тасбақа).
(Әрбір мұғалім өзінің көршісінде сол жануарға тән қасиет бар болса айтады, егер ондай қасиет жоқ болса, келесі көршісіне жалғастырады).
6. «Өзіңді тереңірек тани біл»
Нұсқау. Қазір сіздерге слайд арқылы«Өзіңді білгің келсе» тақырыбында берілген сөздерді қатыстырып сурет салу ұсынылады: күн, тау, үй, ағаш, қапшық ,жол ,сақина ,гүл , жылан.
Егер күн дәл ортасында салынса –балалық шағы қызықты , батысқа салынса- кәрілік шағы қызықты болады.
Тау дөңгелек салынса –мінезі жұмсақ,мейірімді сенгіш. Егер тау ұшты болса, өкпелегіш ,тік мінезді адам. Егер аралас салынса –басында қар болса, өзгермелі адам.
Үй- суретте ағаш үй салынса , арманың орындалады. Егер бірнеше терезе болса және жапқыштары болса ,ол тұйық, сақ адам. Үйдің төбесінде мұржасы болса, түтін шығып жатса, әңгімеге жақын ,өсек құмар адам.
Ағаш біреу болса, өзінің сүйіктісіне ұнайды.Егер бірнешеу болса балаларды жақсы көреді,оларға уақыт бөледі, көп көңіл аударады. Қоршаған әлемді сүйеді, қаншалықты әдемі салынса сұлулыққа құштар.
Қапшық – қалта қаншалықты үйге жақын жатса , байлық та жақын. Керісінше болса бәрі керісінше. Егер қапшық аузы байлаулы болса сараңдық. Қапшық жерде жатса жалқау, түрегеліп тұрса еңбекқор адам.
Жол- үйге жақын жатса жолы жеңіл, алыс болса керісінше. Егер жол үйдің есігінен шықса, тапқан табысын үйге әкелетін, ал керісінше болса шашпа, айналасына тарататын адам.
Сақина- көзсіз болса қонақ қабылдағанды ,қонақ шақырғанды ұнатады. Көзі болса болашақты ойлайды, капитал жинайды . Неке жүзігі мықты отбасын білдіреді.
Гүл- үйге жақын болса, қуаныш , той болады, үйдің жиегінде болса- қызықты күндерін алыста.
Жылан үйден алыс салынса- жаулары алыс ,егер жақын салынса көре алмаушылар айналаңда болғаны. Суретте қайсысы үлкен салынса сенің өмірің үшін маңызы зор.
7. «Бақыт, табыс, шеберлік» атты семинардан алған әсерммен, ойыммен бөлісу.
8. «Кел билейік» қозғалмалы ойын.
Мақсаты. Қатысушылардың көңіл-күйін көтеріп, байқағыштығын, жылдамдығын дамыту.
Көңілді әуендер кезекпен қойылады. Жүргізуші қатысушыларға айналып билеп жүру керектігін және де әуен тоқтап қандай сан аталса сонша адам бірігіп қалу керектігін айтады.
9. Слайд арқылы «Анаграммаларды шешу»
Анаграммаларды шешу.
1. МТЕКІЕТҮНСІ
2. НАҚТАҒА
3. КЕЛУРИСАПБ
4. ІРКЕКӨК
5. АҰТЖМЫМАРДЫ
6. ЛҰЫҚСЫР
7. Өгеркшін
8. Қарғайлаба
9. Дылатқроғна
10. «Мюнстерберг» әдістемесі.
Мақсаты: зейін қаблетін дамыту
Уақыты: 5 мин.
Психолог: Көптеген әріптердің арасында тұтас сөздер бар. Сіздің міндетіңіз, тез
оқып отырып, сол сөздердің астын сызуыңыз керек.
Аашпгопартаивнртерезевнаапташыопккарталыг
ксағатлыгсабақоыгборпыаукесікрвнбасбалдақин
акпотақтагыеоқушыоанмұғалімрыгадиректорвпыкуқызметкерапецуранлвгкдә
птершлпевоалд................ Вншағашшедышыршанемоедарынжаотанымдплпоқуогшнәтижелдплджылоллдмектеплдол
ғылымолплдәлеуметлдлоқушыолаплкөрушгдзейінждыжэхзппбалашещзбілімгещскезеңолвщк міндетлдыжоблыспнущдамытузелжойындвщшәрекетопгпедагогжвщшуақытжхухбасш
Зерттелуші тапсырманы орындап болғаннан кейін нәтижесі есептелінеді.
7. Қорытынды «Суретті тест» жаттығуы.
Психолог: Құрметті әріптестер бүгінгі тренингіміз қалай өтті? Барлығымыз қандай әсер алдық? Қорыта келе тренингтен алған әсерлерімізді осы «Суретті тест» жаттығуы арқылы білетін боламыз. Қатысушыларға күннің, бұлттың, жаңбырдың, жасыл шөптер бейнеленген парақ таратылады. Тренингтен алған әсерін, бір-біріне тілектерін сол берілген суреттердің біреуіне жазады.
Талдау.
Күннің суреті-тренингке қатысушының толық қанағаттанғаны, көңілденгені.
Бұлттың суреті- алған әсері төмен.
Жаңбырдың суреті- ешқандай әсер алмаған.
Жасыл шөптер- көңілді, жақсы әсер алғаны.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген