Материалдар / Тәрбиешілермен іскерлік ойын
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тәрбиешілермен іскерлік ойын

Материал туралы қысқаша түсінік
Педагог тәрбиешілердің біліктілігін, іскерлігін, кәсіби шеберлігін анықтау, әрбір педагог өз қабілетін көрсете отырып, өзара тәжірбие алуға үйрету, бірлесе топ болып жұмыстануды көздеу. Педагогикалық ізденімпаздыққа қызығушылығын тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
3805
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Шукулова Гульзира Табылдиевна

«Раушан» бөбекжай балабақшасының әдіскері

Еңбекшіқазақ ауданы.Қорам ауылы

Тел: 87714629818



Тәрбиешілермен іскерлік ойын


Мақсаты: Педагог тәрбиешілердің біліктілігін, іскерлігін, кәсіби шеберлігін анықтау, әрбір педагог өз қабілетін көрсете отырып, өзара тәжірбие алуға үйрету, бірлесе топ болып жұмыстануды көздеу. Педагогикалық ізденімпаздыққа қызығушылығын тәрбиелеу.

Ойын шарты:

  • өзгелерді тыңдай білу

  • ортақ шешім шығару

  • ойынға белсене қатысып,әділқазылар шешімімен келісу

  • регламент сақтау


Ойынның барысы.

Жүргізуші: Қайырлы күн! Біздің іскерлік ойынымызға қош келдіңіздер. Бүгінгі ойында біз ойнап, ойланып, бір - біріміз туралы көбірек білеміз.
Сол үшін ең бірінші бір - бірімізбен жақсы көңілмен амандасайық. Шеңберге тұрып мына жүрекшені бір - бірімізге жылы сөз айтып береміз. (барлығы шеңберге тұрады, жылы сөз айтып, жүрекшені бір - біріне береді).
Бүгінгі ойын екі топқа бөлініп жүргізіледі. Сол үшін қазір сендер мұнда жатқан парақтарды таңдайсыңдар (барлық педагогтар парақтарды алып болған соң, жүргізуші парақтардың сыртында бейнеленген суреттерге сәйкес топтарға бөлінуді ұсынады). Әділқазы ұпай қойып жеңімпаздарымыз анықталады.

1 Тапсырма:
Сұрақ - жауап сайысы (жүргізуші сұрақтар қояды, бірінші жауап берген топқа ұпай жүреді).
А) Стандарттың негізінде жасалған мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру процесін мемлекеттік нормативті құжат (Үлгілік оқу жоспары).
Ә) Жуыну, тамақтану, үстел жасау, асхана, табиғат бұрышындағы жұмыс – бұл барлығы қалай аталады?). (Тәртіптік кезең).
Б) Балабақшада білім беретін бағдарлама неше бөлімінен тұрады? (5 сала бөлімі).
В) Баланың даму деңгейінің көрсеткіші (Индикатор)
Г) Ерте жастағы балалардығ оқу қызметінің ұзақтығы? (7-15 минут)
Д)Әлеумет білім беру саласының оқу қызметтері (Өзін-өзі тану,қоршаған ортамен таныстыру,экология негіздері)


№ 2 Тапсырма: «Тәрбиешінің дұрыс сөйлеуін және оқуын дамыту»
Парақтарға жаңылтпаштар мақалдар жазылған (әр топтың бір қатысушысы шығып бір парақты таңдап алады, содан кейін оқиды):
а/ «Бала бал арасын қуалады,

Бал арасы баланы қуалады»


б/ «Гүлім гүлге қарап күлімдеді,,
Көгілдір гүлге қонған аралар гуілдеді

3 Тапсырма: «Ойлан, тап»
«Қанағаттандырылмағандықтарыңыздан» сөзі жазылған парақ беріледі, топтарға 5 минут уақыт беріледі, осы уақытта осы сөзден басқа сөздер құрастыру керек. Ең көп сөздер жазған топ ұпай алады.

4 Тапсырма: «Есте сақтау қабілетін дамыту»
Жүргізуші бір қатар зат есім сөздер айтады. 15 сөз айтқан соң, педагогтарға осы сөздерді дәл айтылған ретімен жазуға ұсынады.
Тапсырманы орындаған соң, жүргізуші өз парағынан сөздерді оқиды, педагогтар өз жазғандарын тексереді.

.№ 5 Тапсырма: «Суретпен жұмыс»
Бұл тапсырмада әр топ берілген тақырып бойынша сурет салу салуы керек.

Бірінші топқа «Отбасы».

Екінші топқа «Балабақша».

Содан кейін әр топ өзінің суретін қорғайды.

Құрметті әріптестер, осымен біздің ойынымыз аяқталуына жетті. Енді әділқазының шешімін күтейік. Олар өз шешімін шығарғанша, осы парақтарға бүгінгі ойын туралы өз пікірлеріңізді жазуға ұсынамын.
Әділқазы мүшелері ұпайларды санап, жеңімпаздарды айтады.
Жеңімпаздарды марапаттау, қатысушыларға қатысқандары үшін алғыс хат беру













Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!