жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тәрбиешілік ұлы іс
Тренинг тақырыбы: «Тәрбиешілік ұлы іс»
Тренинг мақсаты: Педагогтар қауымының қабілетін , ынта жігерін , қызығушылығын, біліктілігін арттыра отырып , «дін мен дәстүрді» тәрбиемен ұштастыру.
І .Кіріспе
Құрметті қонақтар , әріптестер ! Бүгінгі біздің «Ажар» балабақшасында өтіп жатқан семинар сабағымызға қош келдіңіздер . сіздерді көргеніме өте қуаныштымын . Өзімді таныстырып кететін болсам мен осы «Ажар» балабақшасында педагог-психолог болып жұмыс атқарып келемін. Бүгінгі менің өткелі отырған тренинг жұмысыммен таныстырып өтсем.
Тренинг барысы:
-
Танысу
-
Жазба жұмыс. «Дін мен дәстүр сабақтастығы»
-
Сергіту сәті. «Балалық шаққа саяхат»
-
Қорытынды. Тренингтен алған әсермен бөлісу.
1.Танысу
Құрметті қонақтар олай болса мен ортаға 15 тәрбиеші қонақтарды шақырғым келіп тұр . Барлығыңызды шаттық шеңберіне , тұра қалайық . Міне «шаттық шеңбері»бізге не үшін қажет деп ойлайсыздар . «Шаттық шеңбері» деген сөздің өзі көктегі қалықтаған күнмен тең. Осы шаттық шеңберде тұрып , біз бір-бірімізге жылулық лебіздерімізді білдіре аламыз, бір-бірімізге күлкі сыйлай аламыз және бір- бірімізбен таныс бола алады екенбіз. Ал енді бір-бірімізге қарап 5-10 секунд күлкі сыйлап көрейікші. Қалай көңіл-күйлеріңіз көтеріліп қалса , енді шеңберді бұзбай бір-бірімізбен танысып алайық . Танысу барысы өз есімдерімізді айтып , есімімізге қоса өзіміздің бойымыздағы жақсы қасиеттерімізді қоса айтып өтеміз.
Рахмет танысқаныма өте қуаныштымын . Енді көрген кездескен жерде сәлеміміз түзу болады деген ойдамын . Бойларыңыздағы жақсы қасиеттеріңізді білдік. Сондай әдемі, ақылды болып жүре беріңіздер.
2. Жазба жұмыс «Дін мен дәстүр» сабақтастығы
Құрметті қонақтар ! Бүгінгі біздің тренинг сағатымыздың негізгі мәселесі өз халқымыздың салт- дәстүрлері , асыл қазыналары , асыл мұралары туралы балаларымызға түсіндіріп , бойларына сіңіру болып табылады. Балалар тәрбиесіне , жалпы адамзат тәрбиесіне терең мән беріп , оның сәтті қағидалары мен ережелерін жасағандардың бірі –өзіміздің қазақ халқы . Біздің халқымыздың тәрбие- тәсілдері мен тәжірибелері өте көп . Халықтың ғасырлар бойы жазған зор еңбектері салт- дәстүр , әдет- ғұрып , үлгілері мен өнегелері соның айғағы. Қазір сіздер осы айтылғандардың шағын болса да куәсі боласыздар . Мен сіздерге кеспе қағаздарын таратамын осы сұрақтарға жауап берулеріңізді өтінемін .
-
Рухани құндылық дегенді қалай түсінесіз?
-
Қазіргі уақытта баланың рухани дамуына иәсер ететін ең өзекті нәрсе не деп ойлайсыз?
-
Дәстүр дегеніміз не ? Қандай қазақи дәстүрді білесіз?
-
Салт дегеніміз не? Қандай салттарды білесіз?
-
Дәстүріміз бен салтымызды діни, яғни имандылық тәрбиесімен қалай байланыстыруға болады?
Қорытындылай келе біз бүгінгі «Дін мен дәстүр!» сабақтастығын талқыладық . Жазба жұмысқа қатысқандарыңызға рахмет.
Қорыта келгенде:
Кішіпейілділік
Адалдық
Ізеттілік
![]()
Имандылық тәрбие
Қамқорлық
Қайрымдылық
![]()
![]()
Мейірбандылық
Үлкенді сыйлау
Ар – ұятын намысын ояту
Сүйінші
Балаға ат қою
Шілдехана
![]()
![]()
Салт- дәстүр тәрбиесі
Атқа мінгізу
Қырқынан шығару
![]()
![]()
Тұсау кесу
Тілін дамыту
Сүндет той
Рахмет!
3. Сергіту сәт . «Балалық шаққа саяхат»
Барлықтарыңыз назарларыңызды экранға аударуларыңызды өтінемін. Орындарыңыздан тұрып, балалық шақты еске алып,. «Қызыл өрік»биіндегі мына екі бүлдіршіннің іс-қимылын қайталауларыңыз қажет.
Рахмет! Барлығымыз сергіліп қалған шығармыз. Бұл біздің сергіту сәтіміз болатын.
-
Қорытынды. Тренингтен алған әсерлерімен бөлісу.
Ал енді бүгінгі ұйымдастырған тренинг сағатымыз аяқталуға жақын қалған секілді. Қазір мен сіздерге кеспе қағаздарын таратып, балабақшаға тілектеріңізді жазып, мына алдарыңызда тұрған кереметтей көктемдегі жасыл ағашқа ілулеріңізді сұранамын.
Мен сіздермен қоштаспаймын, келесі кездескенше аман болыңыз дар және тренингтен алған әсерлеріңізбен бөлісіп, ортаға салсаңыздар деймін
Біз - біргеміз, берік іргеміз
-
28 қазан 2014
-
537
-
0
-
0
Бір - біргеміз, берік іргеміз
(Мұғалімдермен тренинг)
Сабақтың мақсаты: ұжым арасындағы байланысты нығайта отырып,
эмоционалды жігер беру, бірін - бірі кеңірек танып білуге,
қатысушылардың өз мүмкіндіктерін шамалауға және күз мезгіліндегі
шаршағандықтарын төмендетіп, көңіл күйлерін көтеру.
1 - жаттығу Қатысушылар шеңбер құрып отырады
Нұсқаулық: Барлығымыз орынымыздан тұрып бір бірімізбен қол беру
арқылы, құшақтасып, оң иықпен, сол иықпен, оң аяқпен, сол аяқпен,
оң тіземен, сол тіземен, балалық еркелікті еске алып мұрын ұшымен
сәлемдесеміз.
2 - жаттығу Қатысушылар шеңбер құрып отырады.
«Кім жылдам» жаттығуы»
Нұсқау:
Қатысушылар шеңбер құрып отырады. «Ауа, су, жер» деген сөзді айта
отырып, допты бір - біріне лақтырады. Допты қағып алған адам «ауа»
деген сөзді естіген адам құстардың, «су» деген сөзді естіген кезде
балықтардың, «жер» дегенде аңдардың аттарын айтуы тиіс. Ойын шапшаң
ойналуы тиіс.
3 - жаттығу Қатысушыларды екі қатар сапқа тұрғызу керек.
Нұсқаулық. Барлық тапсырманы біз үнсіз жасаймыз, мүмкіндігінше әр
тапсырманы жылдам және дұрыс жасауға ұмтылу керек.
Бірінші тапсырма бой өлшемі бойынша сапқа тұру керек.
Екінші тапсырма Саптың басында 1 - қаңтар, соңында желтоқсан
Туған күндері бойынша орналасу.
Үшінші тапсырма: Саптың басына көзі қою қара адам тұруы керек, ал
саптың соңында шашы ең ашық түсті адам тұруы керек.
Қарсы топ мүшелеріне тексерту керек.
4 - жаттығу. Қатысушылар шеңбер құрып отырады.
Жүргізушінің қолында доп болады.
Нұсқаулық: Қазір бір бірімізге допты беру арқылы допты қағып алған
адам: Сен өмірде қандайсың? Деп сұрақ қояды қағып алған адам өз
бойындағы жақсы қасиетін айтады. Әркім өз бойындағы жақсы
қасиеттерін айтып шығуы керек.
5 - жаттығу. «Тиімді қарым - қатынас орнату» бағытында бейне
жаттығу.
Ортаға 6 мұғалім шақырамын. Сіздерге тапсырмалар беріледі.
Тапсырмаларды үнсіз оқып, вербалдық емес қарым - қатынас
құралдарының көмегімен жағдаяттарды ойнап шығуы тиіс. Басқа
қатысушылар не жайлы «баяндап» жатқанын шешулері керек.
Жаттығуларды талқылау: Жаттығу қорытындысы мен рефлексия жасауда
мынадай сұрақтарды қарастыру тиімді.
Жаттығудың қай кезеңдері қиындық тудырды?
Неліктен?
Қатысушылар қазір өздерін қалай сезініп отыр?
Ойынды жылдам ойнау қиын болды ма?
Жаттығудың қай кездерінде қандай сезімдер пайда болды?
Қатысушыларға әрбір жағдайға байланысты ұсынылған жағдайға
байланысты рөлдерге таңырқаған кездер болды ма?
Қорытынды: Ұстаздарға жаттығу аяқталғаннан кейін рахмет айтып,
алған әсерлерімен бөлісу керек.
Шеңбер құрып қол ұстасып отырып, бір – біріне қарап жақсы тілектер
тілейді.
Өзіміздің жақсы ниетімізді басқаға білдіргенде, оның сөзсіз
өзімізге қайтып оралатынын түсінуіміз
керек.
Ілмек сөздер: Біз біргеміз, берік іргеміз, ұстаздарға арналған тренинг
«Ойлай отырып, ойнайық!»
-
AйТақырыбы: «Ойлай отырып, ойнайық!»
Мақсаты: мектеп алды дайындық тобы тәрбиеленушілерінің шығармашылық қабілеттерін ойын арқылы дамыту.
Сабақ түрі: ойын, тренинг сабағы
Сабақ әдісі: ойын
Қажетті құралдар: суреттер, слайд.
Ұйымдастыру:
Тренинг ережесі:
- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Көңіл - күйлерің қалай, жақсы ма? Ендеше, бүгінгі ойын сабағымызды бастамас бұрын, әрбір ойынды ойнағанда мына ережелерді есімізге сақтап алайық, сонда ойынымыз сәтті өтеді.
*Күлімсіреу;
*Бір - біріне кедергі жасамау;
*Өзгенің пікірін сыйлау;
*Сөзді бөлмеу, тыңда;
Барысы:
І. Кіріспе сөз.
ІІ. Танысу рәсімі:
«Достық тренингі». Топ мүшелерін біріктіру, топта жағымды ахуал құру, жұмыс белсенділіктерін арттыру.
Қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Өз есімін теңеу сөздермен(өзін қалай атаған ұнайды?) таныстырады да, бір - бірінің қолдарынан ұстайды. Жаттығу осылай жалғасады, барлық қатысушылар қамтылу керек. Соңында «достық шеңбері» пайда болады.
ІІІ. «Шеңберді бұзып кір!». Қатысушылар шеңбер болып тұрады. Олардың біреуі шеңбердің сыртына шығып, қалғандары қол ұстасады және бір - біріне тығыз тұрады. Басты ойыншы кез келген әдіспен, күшпен, айла - амалмен шеңбердің ішіне кіру керек.
ІV. «Белсенді әріптер».
Әр топқа әр түрлі әріптер көрсетіледі және 1 минуттан уақыт беріледі. Сол берілген уақыт ішінде тек тиесілі бір топ ғана көрсетілген әріптен сөз ойлап айтып, жарысады. Бұл ойында балалардың ойлау қабілетін арттыруға бағытталады.
Талдау: 1. Балалар, ойын ұнады ма?
2. Жауап беру қиынға соқты ма?
V. Түрлену.
Шарты: берілген әр түрлі аңдарды, жеміс - жидектерді, мамандықтарды, т. б. ым - мимика, яғни пантомима әдісімен қимылдап бейнелеу, көрсету. Қалған балалар жасырылған бейнені табады.
VІ. «Ертегі ойлап тап!». Суретке қарап қызықты ертегі, әңгімені ойдан құрастыру. Әңгіме, ертегілер кейіпкерлерінің суретін көрсете отырып, балалар сол сурет бойынша ретімен өз ойларынша ертегіні өзгертіп, қияли түрде құрастыру қажет. Бір оқушы басын бастаса, келесі оқушы жалғастырады.
Талдау: 1. Ертегі ойлап шығару қиын болды ма?
2. Жан - жануарлардың бір - бірімен тату болғанын қалайсыңдар ма?
VІІ. «Ойлан, тап!»
1. Айгүлдің алдында 3 зат тұр: кітап, доп, қарындаш (немесе т. б. нәрселер) қойылады.. Допты қозғамай қалай шетіне қоюға болады?
2. Үстел үстінде 4 алма тұр (немесе т. б. нәрселер). 1 алманы алып, ортасынан бөліп қайтадан қояды. Үстел үстінде неше алма болды?
VІІІ. «Ойлан, не болуы мүмкін?!»
Егерде,
«... ертегі кейіпкеріндегі бауырсақ болсаң,...»
«... адамдар құстарша ұшуды үйренсе,...»
«... иттер адамша сөйлесе бастаса,...»
«... су құбыры кранынан шырын аға бастаса,...»
ІХ. «Күлегештер»(смайликтер) салу. Балалар бүгінгі ойын - тренингтерден алған әсерлерін, көңіл - күйлерін ақ қағаз бетіне күлегештерді сала отырып, ол арқылы өзінің көңіл - күйін көрсетеді, салады, өз еркісімен әсемдеуге болады.
Қорытынды.
- Жақсы, балалар, бүгінгі ойын сабағымыз сендерге жақсы көңіл - күй сыйлаған екен, оны қолдарыңдағы күлегештердің көңіл - күйі арқылы байқап тұрмын.
- Осылайша, сабақтарда ойындарды ойнағанда үнемі дұрыстап ойланып, белсенді ойнасаңдар, өздеріңнің ақылды бала екендеріңді дәлеледеп, көрсетесіңдер. Бақытты балалық шақтарыңда әрдайым өмірде күлімдеп, ақылды болып жүріңдер!
- Сау болыңдар, балалар!
Ілмек сөздер: тренинг, ойын сабақ, даярлық топтарына арналған ойын жоспары
«Өзімді не үшін білуім керек?» (тренинг)
«Өзімді не үшін білуім керек?» (тренинг)
Сынып:8-9
Мақсаты:
Оқушылардың өзін-өзі тану себептерін туындату.
Өзін-өзі тануға және рефлексияға жетуге дағдыландыру.
Құрал-жабдықтар:
Дәптер, қалам, қарындаш, түрлі-түсті кесіндісі бар қораптар, 6 түрлі-түсті жолақпен желімделген болуы керек.
Сабақтың мазмұны:
1. Сабаққа бағыттау.
«Түстер көңіл-күйі» жаттығуы.
- Әрбір қатысушы өзінің дәл қазіргі көңіл-күйінің түсін таңдайды және картонды төртбұрышты сол түске келетін ұяға тастайды.
Психолог қорапты ашып хабарлайды: (түстердің түрін және оның дәл санын айтпайды), бүгінгі сабаққа балалардың қандай көңіл-күймен келгендерін айтады. Сосын осы айтылған қорытындының олардың көңіл-күйімен сәйкес келген-келмегенін сұрап, анықтайды.
«Мен сенімен қарым-қатынас жасауға қуаныштымын» жаттығуы.
Психолог: Қазір мынандай тапсырманы орындайсындар, жанында тұрған адамға мына сөзді айтып қолды созасың « Мен сенімен қарым-қатынас жасауға қуаныштымын», « Ал сіз ше?» деп қолын созған адам әрі қарай осы сөзді айтып, келесі адамға қолын созады. Осылай тізілу арқылы бір-бірін қолын ұстап шеңбер құрады.
2. Үйге берген тапсырманы талқылау.
Психолог: « Сенімен қарым-қатынас жасау ұнамды» әдістемесі бойынша неше пайыз алғандарыңды білгілерін келеме?
Психолог максимальды пайызды атайды.
Психолог: Сендер қалай ойласындар сыныптастардың ойын өзгертуге бола ма? Оны қалай жасау керек?
Байқағандарындай, әр түрлі адаммен сендер әр түрлі қарым-қатынас жасайсындар.
Ал кім өзін жақсы біледі?
Өзіңдегінің бәрі өзіңе ұнай ма?
Біздің басқалардан айырмашылығымыз қандай?
Өзіңді білу қажет пе?
3. Тақырыппен жұмыс.
Өздік талдау жасау: « Мен кіммін? мен қандаймын?»
Психолог: жазбаша үш сөйлемді жазып, ойларыңды жалғастырыңдар:
Мен ойлаймын, себебі мен ...
Басқалар ойлайды, себебі...
Менің болғым келеді, себебі ...
Ескерту: Әрбір сөйлемге оқушыларға плакаттағы сұрақтарға жауап беруге көмек ретінде берілген сөздер тізімінен алуға болады.
Сөздер тізімі: Әдемі, босаң, сүйкімді, қолапайсыз, әділ, мақтаншақ, еңбексүйгіш, көңілсіз, ақылды, батыл, сараң, күлкілі, шыдамды, сенімді, ұнамсыз, ойлы, жақсы дені сау, ілтипатты, ұяң, адал, ақымақ, жалғыздық, әсем, күрт, нәзік, күшті, пәлеқор, өтірікші, ақылды, достықты сүйетін.
Жаттығу « Ыстық орындық »
Психолог: Қазір әрқайсың өздеріңнің сыныптастарыңның ой-пікірі сенің өзіңнің ой-пікіріңмен сәйкес келетіндігін тексеруге болады.
Әркім (кезекпен) ортадағы тұрған орындықтан орын алады және сұраққа жауап береді: «Ол қандай?» Ол үшін олар сөздер тізімінен бірнеше сөзді таңдап алады (жоғарыда көрсетілген). Ортада отырған адам оның ой-пікірімен сәйкес келген сөздерді (белгілейді) атайды. ( Мен ойлаймын, себебі мен) Сәйкес келген сөздер саны саналады.
4. Сабақты талдау.
Психолог: Кәнеки, өздеріңнің сабақтарыңды бағалайық. Өздеріңнің бағаларыңды қойыңдар. «Үш» деген санды атағанда қажетті деп санаған саусақтың санын көрсетіңдер. Не ұнайды?
Қандай қиындықты өткердіңдер?
Кімді бағалау қиын өзіңді ме, әлде басқаны ма?
Өмір , сен маған қымбатсың !
/ ой – бөлісу , пікірлесу , тренинг , жаттығулар /
мақсаты :
- өмір адам баласына бір ақ рет берілетін қымбат сый екеніне ықпал ету.
- адам бойында болатын асыл қасиеттерді, адамгершілік, мейірімділік сезімдерін дамыту . Жақсы қасиеттерді үйрету, жаман қасиеттерден жиренту .
- балалардың ойын ашу , өмірге деген көзқарастарын қалыптастыру .
көрнекілік : “ Өмір - қымбат сый ”.
“...Әрбір қиын мәселенің шешілетін жолы бар .”
“ Өз өмірің , өз әлемің өз қолыңда .”
“ ...Өмірдің барлық сәтсіздіктері бақытсыздық емес .”
деген нақыл , мағаналы сөздер жазылды .
Бірінші біз іс – шарамызды бастамас бұрын Ереже қабылдап алайық.
Ереже : - біз тыныштықты сақтаймыз ;
- бір – бірімізді тыңдаймыз ;
- өз ойларымызбен бөлісеміз;
- сезімдерімізді сыйлаймыз ;
- бір – бірімізді мазақ етпейміз ;
- уақытымызды үнемдеп , қысқа да нұсқа жауап береміз;
- тәртіппен , өз кезегімізбен сөйлейміз ;
- мектеп ережесін бұзбаймыз ;
Психолог сөзі : - Өмір – ол адамға бір – ақ рет берілетін баға жетпес қымбат сый . Осындай сыйды саған сыйлаған кім ?...
Әрине саған осындай баға жетпес сый сыйлаған ең қымбат адамдарың ,
ол сенің ата – анаң .Сондықтан оларды ренжітпеуіміз керек ,айтады – ғой,
“Анаңды үш рет Меккеге арқалап апарсаңда борышыңды өтей алмайсың” -деп. Себебі , біріншіден ол саған “өмір” сыйлады , саған жарық дүние көрсетті , сені өсірді , сенің ыстығыңа күйді , суығыңа тоңды, түн ұйқы-
сын төрт бөліп сені аялады , тәрбиелеп өсірді .
Егер саған анаң осындай баға жетпес сый сыйласа , сен соған лайықты өмір сүруге тиіссің.
Өз өмірің , өз әлемің өз қолыңда ! Біреуге ренжіп ,біреуді кінәлап , мін
тағу дұрыс емес . Өмірдегі қайғыны , қиындықты , сәтсіздікті көтере білу керек. Жаңа , жақсы ойлар ойлау керек.
Адам өмірі жеңіс пен жеңілістен , сәттілік пен сәтсіздіктен , қайғы мен қуаныштан құралады . Міне өмірдің өзі біле – білсең сонысымен қымбат.
Енді осы өмір туралы ойларымызды тренинг – жаттығу жасау арқылы жалғастырайық .
“ Ойлануға арналған балықтар ” жаттығуы. ( сұрақ – жауап түрінде )
- Өмір дегеніміз не , қалай түсінесің ?
- Өмір сүру жақсы ма ,әлде жаман ба ?
- Сен бақыттысың ба ?
- Сені не қобалжытады , сондай кездерің болады ма?
- Өз - өзіне қол жұмсау ерлік пе ,әлде әлсіздік пе ?
- Егер саған біреу қатты дауыс көтеріп ұрысса , сен не істейсің ?
- Сенің мінезіңнің жаман , жақсы жақтары қандай ?
- Келешекте сен өз өміріңді қалай құрар едің ?
Психолог сөзі : Сонымен өз ойларыңмен бөлісіп , пікірлестіңдер,өмір сүру үшін күйретуші ойлардан аулақ болуымыз керек екен ұқтыңдар.
Мазасыз жаман , жағымсыз , мағынасыз ойлар адамды психикалық , тәндік жарақатқа шалдықтырып , тіпті өлімге әкеліп соғады .
Өздерің ойлаңдаршы ? Сонда не өзгереді ? Одан сен не ұтасың ?
Оның кімге пайдасы , кімге зияны тиеді ? ...
Ештеңе де өзгермейді , ештеңе де ұтпайсың , еш пайдасы жоқ , керісін -
ше өзіңе жақын адамдарыңа зияныңды тигізесің .
Әрине дұшпаныңа күлкі , достарыңа , ең қымбат адамыңа , ата – анаңа,
бауырларыңа орны толмас қайғы , қасірет әкелесің , одан басқа ештеңе жоқ. Өмірдегі кездесетін сәдсіздіктерді уақытша қиындық деп қабылдау керек. Әр нәрсенің ақырын шыдамдылықпен күтіп ,не істесеңде ойланып істеуге үйрену керек. Сабырлы , шыдамды , төзімді болуды үйрен .
Өмірде бәріде өткінші екенін ұмытпа . Ерте ме , кеш пе ол дүниеге бәрі- бір барарымыз анық , сондықтан асықпа .Сол өлшеулі уақытқа дейін бә-
ріне төзуіміз керек.
Мысалы : Дінде “ Алла саған өмір берді , сол Алланың бұйрығымен өмір- іңді Алла ғана алады .” делінген. Өз -өзіне қол жұмсау кешірілмес үлкен күнә болып есептелінеді Міне сондықтан ондай ойлардан аулақ болайық.
Әрі қарй ой бөлісу , пікірлесу үш тағы жаттығу өткіземіз.
“ Сөйлемді жалғастыр ” жаттығуы .( жазылған сөйлемді өз сөзімен толық-
тырып жазып , ой қорту .)
- Жақсы өмір - бұл .....
- Баққытты адам - ол ......
Психолог сөзі : Әрине өмірдің барлық сәтсіздіктері бақытсыздық емес .
Өмір - өзен ағып жатыр , тынбайды ,
Өмір болмас қасіретсіз , мұң қайғы ,
Сондықтан да , өз - өзіңе абай бол ,
Өмір сені сонда ғана шыңдайды . - деп ақындар жырлағандай , Өмір - арнасы кең өзен , сол өзеннен өз арнаңды тауып ағу сенің басты мақсатың. Ал өз мақсатыңа жету оңай емес , ол үшін қандай да бір қиын-
дықтарға , кедергілерге кездесуің мүмкін .Ал енді біреулерге қиындықтар
кездеспеуі де мүмкін . Сондай кездерде біреулерге қызғаншақтық , көреал-
маушылық танытпа ,өз мақсатың үшін күресе біл .Өзіңнің күшті жақта-
рыңды көрсет , әлсіздік , шарасыздық танытпа . Сен өз өмірің үшін өмір сүруге тиіссің . / “Екі бақа” аңызы мысалға келтіріледі ./
Ал сен біреуге ренжіп неге оп оңай өле салуың керек , бақа ғұрлы жоқ-
сың ба ? Бақа да өз өмірі үшін күресіп ақыры жеңіске жетті .
Адам өзін - өзі тәрбиелеуі , алдына мақсат қоя білуі керек. Сол мақсатқа
жету үшін адами құндылықтарды бағалай отырып , “өз өмірім өзіме құнды ” деген қағиданы басты назарда ұстауы қажет .
Біз өмірде өзімізге мақсат қоя білеміз бе ? осыны тренинг жаттығу жүргізу арқылы тексеріп , дәлелдеп көрейік .
“ Егер сен ағаш болсң ” тренинг . балалар ,(жапырақ , діңгек , тамыр) біреуін таңдаулары керек , неге таңдағандарын айтып түсіндірулері қажет.
жапырақ - ол көктейді , гүлдейді;
діңгек - барлық ауыртпашылықты , жпуапкершілікті көтереді ;
тамыр – ол арқылы бүкіл ағаш қоректенеді ;
Келесі тренинг “ Менің мақсатым .” Сендер әрбіреуің бір – бір үйдің гүлісіңдер , сондықтан өз мақсаттарыңды берілген гүлдерге жазып осы ағашқа ілулерің керек .
Психолог сөзі : Осы мақсатымызға , арманымызға жету үшін не істеуіміз керек.? Ол үшін ең бастысы денсаулығымызды сақтауымыз керек.
Өмір арпалыс , күрес .Бұл табиғат заңдылықтары .Өмірде мойымағандар
тарихта аттарын қалдырып кеткен , ел есінде сақталған адамдар .
Сондықтан осындай адамдарды өздеріңе үлгі тұтыңдар .
Қане кімде осындай үлгі тұтар адамдарың бар ? ( қысқаша өнегелі өмірлерін айтып беру .)
Адам өзіне - өзі ,өз ісіне сенімді болуы керек , олай болса келесі жаттығуымызды жасайық .“ Өзіндік бағалау маршы ” жаттығуы .
мақсаты: өзіне деген сенімділігін дамыту .
Психолог сөзі : Қымбатты балалар !
Өмір – көпір , от үстіне салынған ,
Діңгектері зәндем отқа малынған .
Қоқу білме , аяқтарың таймасын ,
Ойнап отпен , шарпу көрме жалыннан ! дей келе сендерге мынадай психологиялық кеңес беремін , етеріңе ұстаңдар .
Психологиялық кеңес : қызықты өмір сүру үшін ... - ай сайын жаңа кітап оқы , оқығандарыңды көңіліңе тоқы ,
- икемің бар іспен айналыс , мыс. (ән айту , би билеу , шеберлік істер )
- әрбір демалыс күніңе жоспар жасап, қызықты өткізуге тырыс ,
- ертеңгілік жаттығу жаса , сергек жүресің ,
- ата – анаңа , бауырларыңа т.б. жақындарыңа көмектесіп тұр.
- әр айдың бір күнінде өзіңді басқа біреудің орнына қойып көр , содан
өзгеше ойлап , тәлім алуға тырыс ,
- әр күні кешке “ мен бүгін не істедім?” деп өзіңе есеп беріп үйрен ,
- күнделік жазуға дағдылан , ол сенің ең сенімді серігің бола алады .
Енді осы бүгінгі іс – шарамыздың соңында “ Өкпені еріту ” және
“ Тазару ” жаттығуларын жасайық.
Олай болса балалар бүгінгі күнімізге ризамыз ба ?
Бәріміз РИЗАМЫЗ деп үш рет қайталап айтамыз.
![]()
"Бәрі сенің қолыңда"
|
|
2014-05-02, 10:00 AM |
|
ҰБТ - ға дайындық ретінде тренинг сабақ |
|
|
Категория: Психология | Добавил: Arailym89 |
|
|
Просмотров: 254 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0 |
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген