«Успех GOLD-8» ЖШС «Асыл
бесік» балабақша - бөбекжайы «Балапан» тобы
тәрбиешілерінің
2022 - 2023 оқу жылына
жылдық есебі:
2022-2023 оқу жылында
балабақшаның 3 пен 4 жас аралығындағы «Балапан» орта тобын
қабылдадық. 2022 - 2023 оқу жылында «Балапан» орта тобына барлығы
35 бала қабылданды. Басқа ұлт өкілдері болған жоқ. Оның 17 қыз бала
және 18 ұл балалар.
3 бала – басқа балабақшаға ал,
2 бала – денсаулығына байланысты шығып кетті. Жыл соңында 35 бала
оқу - тәрбие іс - әрекетін аяқтады. Ақпан, наурыз айларында жаңадан
балалар қабылданды.
«Балапан» тобының жұмысының
мақсаты:
-
Ойындар арқылы мектеп жасына
дейінгі балалардың тілін дамыту, өмірлік оң көзқарастарға
тәрбиелеу.
-
Білім беру салаларының базалық
мазмұны баланың жеке басының икемділіктері мен танымдық қабілетін,
қызығушылығын арттыру,
«Балапан» тобының жұмысының
міндеттері:
-
Ойын элементтері арқылы жаңа
сөздерді меңгерту, үйренген сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі қарай
байытып отыру.
-
Жаңа техналогияларды
қолдану.
«Успех GOLD-8» ЖШС «Асыл
бесік» балабақша - бөбекжайының ұйымдастырылған іс әрекет мектепке
дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік стандартының негізінде
құрылған «Үлгілік оқу» бағдарламасы арқылы жүзеге
асырылды.
Орта топқа жаңадан балалар
келгендіктен, алғашқы айлары балалар бейімделу кезеңінен
өтті. Жыл
барысында балаларға гигиеналық этикалық
дағдылар үйретілді. Қазір барлық тәрбиенушілер қол жууды, әсірессе
ас алдында, серуеннен келгенде, өзінін жеке сүлгісімен сүртінуды
біледі. Үстел үстіндегі мінез-құлықтары да
қалыптасқан,
балалар тамақты таза жеуге
уйренді. Дастархан басында
сөйлемеуді, тамақты дұрыстап шайнауды,
қасық ұстауды майлықпен қолдануды
меңгерді.
Жыл соныңда балалар айналадағы
қоршаған ортаны танып, әр заттың атқаратын қызметін, пайдасын
біледі. Балалар өздеріне қызмет көрсете алады. Тілдері анық шыққан
ересек адамдармен байланысқа түсіп диалогты сөздермен, сөйлеммен
жауап бере алады.
Қойылған мақсат, міндеттерді
бағдарлама мазмұнына, іс-әрекетті ұйымдастыру түрлеріне, қолданатын
әдіс-тәсілдерге сай жүзеге асырамыз.
Топ балаларының барлық сала
бойынша «Үлгілік оқу» бағдарламасын игеру деңгейін нәтижелі
іс-әрекет параметрлері арқылы анықталған оқу жылының қыркүйек,
қаңтар, мамыр айларында диагностика жүргізілді. Соңында қорытындысы
шығарылып, төмен деңгейдегі тәрбиеленушілермен алдағы уақытта
жүргізілетін жұмыстар жоспарланды.
Жыл көлемінде тәрбиеші, ата –
ана болып, ертеңгіліктер, тәрбие
сағаттары, өткізілді.
Ертеңгіліктер:
Қазан
айында «Күз
кереметі» мерекелік ертегілік аталып
өтілді. Балалар әдемі киімдерін киіп
ойын ойнады, Тілі анық шыққан 3-4 бала тақпақ
айтты Қонаққа “Күз ханшайымы”
келді. Залдың
ішін күз тематикасы бойынша
безендірлген.
Қазан айы мерекеге толы
болды. “Қазақстан Республикасы
күні” тақырыбында тәрбие сағатын
өткіздік, тұңғыш елбасымызбен, рәміздер, мемлекеттіміз туралы
таныстырдық.
Жаңа жыл
қарсаңында «Қош келдің Жаңа
жыл!» атты мерекелік ертеңгілік
өтті. Жаңа жылдық іс - шараға ұлдар
мен қыздар санта болып киімімен келіп, аяз аталарына өлеңдерін,
тақпақтарын айтып, билерін билеп сыйлық алды. Қонаққа аққала,
келді. Балалар аққаланың жоғалған мұрынын табуға
көмектесті.
Наурыз айында балабақшамызда 8
– наурыз аналар мерекесіне арналған
«Аналарға
алғыс!» атты ертеңгілігіміз өтті.
Мақсатымыз: бүлдіршіндерге мерекелік көніл күй сыйлау, әндер арқылы
анаға деген мейірімді сүйіспеншілікті арттыру. Қыздарымыз бен
ұлдарымыз мерекеге сай болып киінді. Ұлдар мен қыздарымыз жаттаған
тақпақтарын айтты. Аналарына арнап, музыка жетекшісімен бірге
“Анашым” әнін бар ынталарымен орындады. 8 - наурыз мерекесіне орай,
балалар аналарына арнап «Аналарға сыйлық» атты өз қолдарымен түрлі
түсті қағаздармен гүл жасады.
Ұлыстың ұлы күні Наурыз
мейрамына «Наурыз жыл
басы» тақырыбында
мерекелік ертеңгілігіміз өтті. Топ ішін
ата – аналар көмегімен, қазақ бұрышы жасалып, наурызға арналған
дастархан жайылды. Наурыз мерекесін ұлттық салт - дәстүрімізбен,
әдет – ғұрпымызбен байланыстыра насихаттап, салт - дәстүріміздің
бір түрі бесікке салу дәстүрін көрсеттік. Адинаның ата әжесі қонақ
болып келді.
Мамыр айында Бірлік
күніне «Достығымыз
жарасқан» атты ертеңгілігіміз өтті.
Бізге бөлініп берліген Түрік ұлтты болған еді.
Ертеңгілікке байланысты
ата-аналар балаларын сәнді киіндіріп, мерекелік іс-шараға ат
салысты. Біздің бүлдіршіндер түрік
ұлттының тағамын көрсетіп, биін билеп, ойын ойнап, өлең,
тақпақтарын айтты. Мақсатымыз Қазақстан халқының бірлігін нығайту,
балаларды достық пен ынтымақтастықта өмір сүруге
тәрбиелеу.
Жыл
көлемінде Ата - аналармен бірлесе
отырып мынадай жұмыс түрлері
атқарылады:
Қазан
айында «Күз
кереметтері» балабақшаішілік барлық топтар
арасында қолдан жасалған бұйымдар
көрмесі ұйымдастырылып, ата - аналар балаларымен
бірлесіп, жеміс – жидек, көкөністердең
әртүрлі мүсіндер жасаудан жарыс
өтті. Бас
жүлде Бақытбек
Ясмин, I-
орын Берікханов
Ерали, II-
орын Алтай
Нұржігіт, III-орын Рахатов Умар марапатталды.
Жалпы топтар арасынан «Балапан» тобы 3 – орынмен
марапатталды.
Қараша
айында «Балаларға
базарлақ» кітап бұрышын ұйымдастыру
Балабақшаға кітап сыйлау акциясы өтті. Ата аналар ат салысып
әртүрлі кітаптар әкелді.
Қазан, қараша айларында
«Дарын» даму орталығының ұйымдастырумен балабақша және мектеп
оқушылары арасында "Алтын
күз!" – атты Республикалық
шығармашылық онлайн байқауына қатысып,
Сәндік қолданбалы
шығармашылық номинациясы
бойынша ерекше өнер көрсеткен
үшін Марат Алдияр, Байғалиева Перизат, Теміржанов Алихан,
I-дәрежелі дипломмен марапатталды.
«DАMU Education» қоғамдық
қорының қолдауымен өткен "Алтын
күз!" республикалық онлайн байқауы
аясында Сурет салу номинациясы бойынша шығармашылықпен орындағаны
үшін Мейрхан Саида мен Мұратова Мәриям
I-дәрежелі дипломмен
марапатталды.
25 – қазан
“Тәуелсіз Қазақстан”
күніне
арналған топтар арасында табиғи материалдардан көрме
ұйымдастырылды.
Көрменің негізгі мақсаты өз
елі үшін мақтаныш сезімін қалыптастыру, ұлттық бірлікке тәрбиелеу,
өнерге баулу, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал
ету. Балаларға Қазақстанның болашағын жарқын көріністерін
көрсету. Бас
жүлде Саматов Амир,
I-
орын Алтай Нұржігіт, Валерьева
Жасмина, II-
орын Тілеуқабыл
Нариман, III-орын Рахатов Умар
марапатталды. Көрмеге балалармен қатар ата - аналарда ат
салып көрме өз денгейінде өтті. “Тәуелсіз
Қазақстан” атты балабақшаішілік көрмеген
қатысқаны үшін Балапан тобы 1 - орынға ие
болды.
Жаңа жыл мерекесіне орай
ұйымдастырылған Ата - аналар мен бірлескен
«Ең
үздік жаңа жылдық безендіру» топтар арасында сайыс
ұйымдастырылды. Топтың іші безендірлу керек болды. Соған орай ата
аналар қолдан қиып жасалған қар қиыршықтарын мен әртүрлі
суреттермен қолдан жасалған заттар әкелініп топтың іші
безендірілді. 1- орын «Ең үздік жаңа жылдық
безендіру» атты сайысқа қатысып Балапан
тобы марапатталды.
Балабақша
ұйымдастырумен «Қар
қалашығы» байқауы қардан жасалған
кейіпкерлердің мүсіні жасалды.
Мақсаты:
Ата -
аналармен бірлескен жұмыс аясында қысқы ертегі әлеміне саяхат,
балаларды ертегі кейіпкерлерімен таныстыру. Біздің топқа берілген
Балапан мүсіні жасалынды. Ата - аналар белсенді ат салысты.
Байқауға белсене, қатысып балабақша өміріне қызығушылық
танытқандары үшін Балапан тобының Ата - аналары Алғыс хат
берілді.
«Жаңа
жылдық» ертегі атты тақырыбында табиғи
материалдардан қолөнер көрмесі ұйымдастырылды. Қыс қызығы жайында
түсінік беру және қыс мезгілі туралы ойларын кеңейту арқылы қыс
бейнесін қолдан жасалған бұйымдар арқылы көрсетілді.
Бас
жүлде Марат Алдияр, I-орын Саматов Амир, I-орын Берікханов Ерали, II-орын Қапар Дінмұхаммед орындармен
марапатталды.
Сонымен, қатар қантар
айында «Қыстап қалатын құстарға
арналған жемсауыт» ата аналармен бірлескен жұмыс
ұйымдастырылды.
1-сәуір халықаралық құстарды
қорғау күні болғандықтан «Құстарға қамқорлық» жасау акциясы болды.
Тәрбиеші мен ата-ана арасындағы бірлескен құстарға бақылау жұмысы
жасалды.
12- сәуір «Ғарышкерлер күніңе»
арналған көрме ұйымдастырылды. Ата-ана мен балаларымыздың ғарыш,
ғарышкерлер, аспан әлемі туралы қолдан жасалған бұйымдар жасалып
әкелінді.
Балабақшада «Жақсылық жасауға
асығайық» қайырымдылық акциясының
жалғасы Күз береке қайырымдылық жәрмеңкесімен жалғасын тапты.
Жәрмеңкеде қолөнер бұйымдары және тәттілер сатылымға қойылып,
қаражат жиналды. Балалар, педагогтар, ата аналар өз өнерін
көрсетті.
Мақсатымыз әлеуметтік жағдайы
төмен отбасыға, мүмкіндігі шектеулі балаларға көмек ретінде
ұйымдастырылды. Ата-аналармен тығыз байланыста болып барлық
ата-ананың қатысуы арқылы үлкен жәрмеңкеге топ болып қатысты. Ол
көрмеге де ата-аналар барлығы жұмыла ат
салысты.
Балабақшамызда ата-аналармен
бірге осы сияқты көптеген іс-шаралар ұйымдастырылып отырады.
Ата-аналармен бірге тығыз байланыста жұмыс жасаймыз.
Әрбір
Мереке кездерінде ата – аналар топты безендіруге
көмектесті.
Мамыр айында ата – аналар
көмегімен балабақша ауласындағы белгіленіп берілген аймаққа ертегі
кейіпкерлерін жасап, гүлдер егілді.
Қыркүйек айында ата – анамен
жүргізілетін жұмыс жоспар құрылып, жыл бойында
балабақша
және тәрбиешімен тығыз қарым – қатынаста жұмыс
атқарылды. Қыркүйек айында «Балалардың
балабақшаға бейімделуі» тақырыбында, ал мамыр айында өткен
жиналыста «Жыл бойы жүргізілген оқу-тәрбие жұмыстарының қортындысы»
тақырыбында баяндама оқылды. Ата – аналардың сұрақтарына жауап
беріліп, жыл көлемінде белсенді болған ата – аналарға мадақтау
қағазы берілді.
Балабақшада әдістемелік кеңес
өтіп тәрбиешілер бір-бірімен тәжірбие алмасып, өз білімдерін
толықтырады. Балабақшада әр мерекелік іс-шарада акт залы
безендіріліп, мерекелік көңіл күй сыйлайды. Тәрбиеші ретінде
безендірулерге белсене ат салысамыз.
Қортындылай
келе, балалармен жұмыс жасау
барысында оқу жылы көлемінде алдымызға қойған мақсатымызға жету
үшін бірқатар жұмыстар атқарылды. Балалармен жеке жұмыс жасау,
жоғарыда көрсетілген мақсаттарға жету үшін көзделді. Балалардың
меңгерген және жеткілікті деңгейде меңгерген білім деңгейлері
қорытынды білім деңгейіне сай бағаланды деп
ойлаймыз.
2023 – 2024 оқу жылына қойылған
мақсатымыз:
-
Жаңа техналогияларды қолдана
отырып, баланың болашақта жеке тұлға ретінде қалыптасып, қазіргі
заман талабына сай, білімді азамат ретінде қалыптасуына жол
ашу.
-
Ойындар арқылы мектеп жасына
дейінгі балалардың тілін дамыту, жаңа сөздерді меңгерту, үйренген
сөздерін тиянақтап, анықтап, әрі байытып отыру, өмірлік оң
көзқарастарға тәрбиелеу.
Міндетіміз:
-
Оқыту жұмысында балалардың
тілін дамыту, сөздік қорларын дамыту, ауызша сөйлеуге үйрете
отырып, үйренген сөздерін күнделікті өмірде еркін қолдану, әрі оны
күнделікті іс - әрекет кезіндегі тілдік қарым - қатынаста қолдана
білуге жаттықтыру.
-
Баланы жеке тұлға ретінде
тәрбиелеуде, оның жан дүниесінің рухани баюына, азамат, тұлға
ретінде қалыптасуына қол жеткізу.
2022-2023 жылы оқу іс - әрекетінде өткізілген
іс-шаралар,
ертеңгіліктер:
2022 жылдың қазан
айында «Күз
кереметі» мерекелік тәрбие сағаты
өтті. «Күз
кереметтері» қолдан жасалған бұйымдар
көрме топтар арасында
ұйымдастырылды.



«Дарын» даму орталығының
ұйымдастырумен балабақша және мектеп оқушылары
арасында "Алтын
күз!" – атты Республикалық
шығармашылық онлайн байқауына қатысып,
Сәндік қолданбалы
шығармашылық номинациясы
бойынша I-дәрежелі дипломмен
марапатталды.


«DАMU Education» қоғамдық
қорының қолдауымен өткен "Алтын
күз!" республикалық онлайн байқауы
аясында Сурет салу номинациясы бойынша I-дәрежелі дипломмен
марапатталды.


2022 жылдың қазан
айында «Қазақстан Республикасы
күні» тақырыбында тәрбие сағаты
өтті.

“Тәуелсіз
Қазақстан” тақырыбында табиғи
материалдардан көрме
ұйымдастырылды.

“Тәуелсіз
Қазақстан” атты балабақшаішілік көрмеген
қатысқаны үшін Балапан тобы 1 - орынға ие
болды.

Қараша
айында «Балаларға
базарлақ» кітап бұрышы ұйымдастыру
балабақшаға кітап сыйлау акциясы өтті.

2022 жылдың желтоқсан
айында «Қош келдің Жаңа
жыл» мерекелік ертеңгілік
өтті.

«Ең үздік жаңа жылдық
безендіру» атты сайысқа қатысып Балапан
тобы марапатталды.

«Жаңа
жылдық» ертегі атты тақырыбында табиғи
материалдардан қолөнер көрмесі
ұйымдастырылды.

«Қар
қалашығы» байқауы қардан жасалған
кейіпкерлердің мүсіні жасалды.


2023 жылдың наурыз
айында «Аналарға
алғыс» мерекелік ертеңгілік
өтті.

2023 жылдың наурыз
айында «Наурыз жыл
басы» мерекелік ертеңгілік
өтті.



«Достығымыз
жарасқан» мерекелік ертеңгілік
өтті.

Еркін
ойындар









«Серуен»



12-
сәуір «Ғарышкерлер
күніңе» арналған қолдан жасалған
көрме ұйымдастырылды.


1-сәуір халықаралық
құстарды қорғау күні болғандықтан
«Құстарға
қамқорлық» жасау акциясы
болды.


Бекітемін:
«Успех- GOLD-8»
ЖШС
«Асыл бесік»
балабақшасының
меңгерушісі
____________
А.Мамырбаева
«___»
_______2023жыл
ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРДІҢ ЖЕКЕ
ДАМУ КАРТАСЫ
«Құлыншақ» ересек
тобының
Тәрбиешілер:
Өскемен
қаласы,
2022-2023 оқу
жылы