400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрбие,тәлім -кітапта

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие,тәлім -кітапта
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие, тәлім - кітапта.
Тәрбие мәселесін сөз еткенде балаларымыздың кітап оқудан қол үзіп бара жатқаны жанға батады. Оқушылардың көпшілігінде самарқаулық басым, қызығушылық жетімсіз. Тіпті ашығын айтсақ, көркем туынды оқымайтын, көркемдік әлеміне қызықпайтын, одан гөрі теледидар, кино көргенді хош санайтын оқушылар қатары жылдан - жылға көбейіп келеді, ащы да болса, шындық осы. Бұл жағдайда орта және жоғары мектептер ұстаздары, бәріміздің де қатысымыз бар. Қай қайсымыз да шәкірттерімізден жеткілікті деңгейде талап ете білеміз бе? Максим Горький:«Ашыққан адам асқа қандай обыр болса, мен кітап оқуға сондай обырмын...» деген екен.
Ал, бүгінде осындай жастар кездесе ме...

Кітап - адам баласы ақыл - ойыннан туған рухани байлықты сақтап, оны ұрпақтан - ұрпаққа жеткізіп отыратын, білім мен тәрбие беретін құрал. Ол - адамзат жасаған ең ұлы кереметтердің бірі. Менің ойымша, балалар теледидар мен компьютер ойындарына әуес сияқты. Олар сол көгілдір жәшіктерден (аудио, видео, интернет) бәрін дайын күйінде қабылдап жатыр. Неліктен біздің халық кітап оқымайтын дертке ұшырады. Кітапханашының, ата - ана мен мұғалімнің белсенді көмегі қажет. Оларға барлық білім кітапта екенін әліде болса жете түсіндіріп көмектесуіміз қажет. Ол үшін оны мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерден бастасақ. «Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге» деп Абай атамыз айтқандай, кітапты балаға жастайынан оқуға баулу керек. Бірақ, ешқашан да баланы оқуға мәжбүрлемеуіміз қажет. Оқушыны өз бетімен кітап оқуға үйретіп, оны қалыптастыру үшін жүйелі жұмыстар жүргізе білу керек. Кітаппен шындап жұмыс істей алмау біреулердің кітапқа деген сүйіспеншілігін мұқалтса, енді біреулерді жүйесіз, ойланбай оқуға әкеліп соқтырады. Осы бастан алдын алмасақ, барар - бара рухани әлемге атүсті қарайтын індетке жолығамыз. Шынымен де адам баласының санасын рухани адамгершіліктен гөрі күйкі тірлік басып кетсе, онда оның өміріне ақау түсетіні белгілі. Орыстар кітап оқымайтын халге жеткенін зерттеп, зерделеп күресуде. Бізде жұмыс жоқ деуден аулақпын. Қол жеткізген жетістіктерімізде жетерлік. Әрине, барлық оқушылардың әдеби туындыларды оқымайды, жалқау, өнерге қызықпайды деп кінәлау да дұрыс болмас. Ізденіш, кітапты сүйіп оқитын, мектепте оқып жүріп түрлі пәндік олимпиадаларға, ғылыми жобаларға қатысатын, жүлделі орындарды иеленіп жүрген оқушылар да баршылық. Бұлар бірақ, азшылық. Десек те, ұлттың рухани әлемге бір табан жақын болуы үшін мүмкіндік жасауымыз керек. Шынымен де, ертеңін ойлаған ел ең алдымен рухани әлемнің ешқандай тосқауылға ұшырамай, нәтижелі жұмыс істеуіне жағдай жасайды. Себебі, ұлттың ұлт болып қалуы үшін, халықтың өресі басты орында тұруы керек. Өйткені, Адам мен адамды, ел мен елді теңестіретін - білім. Қазақстан биік белестерге ғылымын өркендету арқылы жетеді. Сондықтан білімді болмай, алға қойған мақсатымызға жете алмаймыз. Орыстың танымал педагогы В. Сухомлинскийдің мына бір сөзі, сөзі емес - ау, талабы дейікші, бүгінгі мектеп өмірінде етек алып отырған әлгіндей кемшіліктердің себебін анық аңғартқандай.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
28 желтоқсан
750
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі