Тәрдие сағаты 5 сынып

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тәрдие сағаты 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағатының тақырыбы «Білімім - Отаныма» Мақсаты Отанға деген құрметін арттыру мақсатында, патриоттық тақырыпта шығармалар мен өлеңдер оқу. Қазақстанның географиясына тоқталып, еліміздің маңызды да көрікті жерлері туралы ақпараттармен бөлісу.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Мұхтар Арын атындағы №24 мамандандырылған лицейі КММ















Тәрбие жоспары

«Білімім - Отаныма»

















Сынып: 5 «В»

Сынып жетекшісі: Серік Г.Т.











Талдықорған, 2024





Білім беру ұйымының атауы

М.Арын атындағы №24 мамандандырылған лицейі КММ

Педагогтің аты-жөні

Серік Г.Т.

Күні

24.05.2024

Сынып: 5В

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие сағатының тақырыбы

«Білімім - Отаныма»

Мақсаты

Отанға деген құрметін арттыру мақсатында, патриоттық тақырыпта шығармалар мен өлеңдер оқу. Қазақстанның географиясына тоқталып, еліміздің маңызды да көрікті жерлері туралы ақпараттармен бөлісу.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Ұйымдастыру бөлімі

5 мин

Сәлемдесу

Гимн

Тәрбие сағаты тақырыбымен, мақсатымен таныстыру.

Қонақ болып келген ата-анамен таныстыру.

Топқа бөлу

Амандасады, мақсатымен таныс болады.

Гимн айтады.


Слайд

Негізгі бөлім

Білім – бүгінгі қоғамда адам деңгейін, тұлға биіктігін айқындауға көмектесетін құндылық. Өз деңгейіңізді арттырғыңыз келсе, білім алуға ұмтылыңыз. Бұл – сендердің ең дұрыс шешімдерің.
Бүгінгі дәуірде еліміздің атағын аспандатып, құндылығын қорғау үшін біз қолдана алатын тек бір ғана қару бар. Ол – сапалы білім.

-Олай болса , бүгінгі тәрбие сағатының аялдама тапсырмаларымен таныс болыңыздар.

Бірінші аялдама тапсырмасы:

1-топ

«Тұжырымдамалық карта» әдісін пайдалана отырып,

оқушыларға «Біз терең білімді оқушы болу үшін

не істеу керекпіз?» тақырыбында ойларын, идеяларын

талдайды.

2-топ

«Тұжырымдамалық карта» әдісін пайдалана отырып,

оқушыларға адамның өміріндегі еңбектің рөлі, адам еңбек ету үшін бойында қандай қасиеттер болу керек?

3-топ

Тұжырымдамалық карта» әдісін пайдалана отырып,

оқушыларға адамның өміріндегі еңбектің рөлі, адам еңбек ету үшін бойында қандай қасиеттер болу керек?


Екінші аялдама тапсырмасы:

1-топ: Білім туралы мақал-мәтел айтады

















2-топ: Отан туралы мақал-мәтел айтады
















3 – топ мақалдың жалғасын табу керек.













Үшінші аялдама тапсырмасы:

«Сиқырлы сұрақтар» ойыны
Сұрақ ұяшығынан әр топ бір сұрақтан таңдап, жауап беруі тиіс. Егер жауап бере алмаса келесі топтар жауап беруге болады.
 1.ҚР тәуелсіздігін қай жылы алды? (1991 жыл 16-желтоқсан)
 2. Еліміздің бас қаласы (Нұр-сұлтан)
 3.ҚР президенті кім? (Қ.К.Тоқаев) 
4. ҚР туының авторы (Шәкен Ниязбеков)
5. ҚР елтаңбасының авторлары (Жандарбек Мәлібекұлы, Шота-Аман Уәлиханов)
 6. Әнұранымыздың авторлары (С.ж: Н.Назарбаев, Ж.Нәжімеденов. Ө.ж: Ш.Қалдыаяқов)
 7. Еліміздің төл теңгесі қашан дүниеге келді? (1993 жыл 15-қараша)
8.Астана қаласы қай өзеннің бойында орналасқан? (Есіл өзені)
9. Қазақстан жер көлемі бойынша нешінші орында? (9)

10. Қазақстан қандай мемлекеттермен шекаралас жатыр? (Қазақстан бес мемлекетпен шекаралас, солтүстігінде және батысында Ресеймен

Оңтүстігінде: Түрікменстан, Өзбекстан, Қырғызстан, ал шығысында: Қытаймен шектеседі.

11. Білім күні қай күн? 1 – қыркүйек.

12. Бес қаруды ата. Садақ, мылтық, найза, қылыш, айбалта.

13. Еліміз Тәуелсіздік алған күн? 16.12

14. Жеті қазына ата Ер жігіт, сұлу әйел, ақыл, білім, жүйрік ат, қыран бүркіт, берен мылтық, жүйрік тазы.

15. ҚР–ның рәміздерін ата. Әнұран, елтаңба, ту

Қорытынды:

Еңбекті жан тәнімен сүймейінше, ешбір талант та, ешбір

кемеңгер де шықпайды»

Д. И. Менделеев

Осы нақыл сөзді қалай түсінесіздер?

«Еңбек түбі – зейнет». Еңбек әрбір адамды зейнетке

жеткізеді. Еңбек етсең еш нәрседен кем болмайсың. Еңбек етсең барлық нәрсеге қол жеткізесің. Балалар, сендердің еңбектерің сабақты жақсы оқып, әке – шешелеріңді қуанту.Бүгінгі партада отырған оқушы – ертеңгі азамат, ел патриоты. Сол азаматтардың ең бірінші міндеті – өзінің

тәуелсіз елдің өркені екенін ұмытпау, екінші  міндеті – сол

елдің іргетасының берік болуына үлес қосу, тәуелсіз елдің

патриоты екенін дәлелдеу. Ұрпағы білімді халықтың

болашағы бұлыңғыр болмайды. Сондықтан, жарқын

болашақ жолындағы игі істеріміз арта берсін!

Оқушылар сынып жетекшісінің алғы сөзін тыңдайды.










Оқушылар топ ішінде тапсырмаларды орындап , ортаға салады.





















Бірінші топ оқушылары білім туралы мақал – мәтелдер айтады.

1.Күш — білімде, білім — кітапта.
2.Қына тасқа бітеді,
   Білім басқа бітеді.
3.Білегі күшті бірді жығады,
  Білімі күшті мыңды жығады.
4.Өз білмегеніңді кісіден сұра,
  Үлкен жоқ болса кішіден сұра.
5.Ақыл — тозбайтын тон,
   Білім – таусылмайтын кен.


Екінші топ оқушылары Отан туралы айтады.

1. Отан от басынан басталады. 
2. Туған жердей жер болмас, 
Туған елдей ел болмас. 
3.Отансыз – адам, ормансыз – бұлбұл. 
4. Отан оттан да ыстық. 
5. Отан үшін отқа түс күймейсің, 
Арың үшін алыссаң өлмейсің. т.с.с  мақал-мәтелдер айтылады.


Үшінші топ оқушылары мақалдың жалғасын табады.

1.Алтын ұяң — Отан қымбат, Құт-берекең — атаң қымбат, Аймалайтын — анаң қымбат, Асқар тауың — әкең қымбат (Қазыбек би).

2.Бұлбұл гүлзарын сүйеді, Адал адам Отанын сүйеді.

3.Орағың өткір болса, қарың талмайды, Отаның берік болса, жауың алмайды.

4.Отан елдің анасы, Ел ердің анасы.

5.Отан қадіріне жетпеген өз қадіріне жетпейді.

6.Отан от басынан басталады.

7.Отан оттан да ыстық, жалыны бар шоқтан да ыстық. /


Оқушылар сұраққа жауап береді.






































Оқушылар өз ойларын білдіреді.


Слайд


https://www.baamboozle.com/classic/2350869/3

Тәрбие сағатының соңы

Кері байланыс :

«Білімім - Отаныма» атты тақырып модельін ұсыну.

«Білімім - Отаныма» атты тақырып модельін ұсыну.














Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.05.2024
319
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі