400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тәрелкедегі қияр мен қызанақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларға күз туралы түсініктерін арттыру. Жапсыру дағдыларын қалыптастыру. Балаларды ұқыптылыққа тәрбиелеу. Жемістер туралы түсініктер беру.
Материалдың қысқаша нұсқасы






Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі

II – кіші «Құлпынай» тобы

Тақырыбы:

«Тәрелкедегі қияр мен қызанақ»




2018ж

Ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің технологиялық картсы

Күні: 02.10.2018

Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлім: Аппликация

Тақырыбы: «Тәрелкедегі қияр мен қызанақ»

Мақсаты: Балаларға күз туралы түсініктерін арттыру. Жапсыру дағдыларын қалыптастыру. Балаларды ұқыптылыққа тәрбиелеу. Жемістер туралы түсініктер беру.
Көрнекілігі:
көкөністер суреті, муляждар, үлестірмелі көрнекіліктер.
Билингвальды компонент: Қияр-огурец, қызанақ- помидор

Сөздік жұмыс: Тәрелке

Технологиялық қамтамасыз ету: әр балаға тірелке, қияр мен қызанақтың дайын кесілген суреттері, желім

Әдіс – әсілдері: Көрсету, үйрету

Іс-әрекет

кезеңдері

Тәрбиешінің басқару әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті


Мотивациялық- Қозғаушылық


Сәлеметсіздер ме балалар !

Көңіл күйлерін қалай? 

Шаттық шеңбері.
Арайланып таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды күніміз
Жадырайды даламыз.
Қайырлы таң балалар.

-Саламатсызба апай. -Жақсы.

Шаттық шеңберіне тұрып бірге қайталайды


Ұйымдастырушылық-ізденушілік

Сұрақ-жауап

-Бүгінгі ауа-райы қалай?

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Бір жылда неше мезгіл бар?

Әңгіме жүргізу

Әр жылдың өзіне тән ерекшеліктері болады.

Мысалы, қыс мезгілінде күн суытып, қар жауады, көктемде қар еріп, күн шуағын төгіп, жер көгеріп гүлденеді.

Жаз мезгілі болса жемістер пісіп, күн ыстық аптап соғады. Күз мезгілінде қоймамыз астыққа толып, жемістер мен көкөністер пісіп, қамбамыз толып мәз майрам боламыз. Балалар сендерге жылдың қай мезгілі ұнайды?

Көкөністерге қызанақ, қияр, орамжапырақ, картоп, сәбіз, тәтті бұрыш, баялды бұларды біз көкөністер деп атаймыз. Балалар бүгін біз тарелкедегі қияр мен қызанақтарды жапсырамыз. 

Билингвальды компонент:

Қияр-огурец

Қызанақ- помидор

Сөздік жұмыс:

Тәрелке

Суретпен жұмыс: суреттегі қияр мен қызанақтардың түсін, пішінін, көлемін түсіндіру.

Дайын қияр мен қызанақтың суретін тәрелкеге жапсыру үшін желім қажет.

Жұмыс жасағанда ұқыпты таза жұмыс жасауларын қадағалау. 


-Күн салқын, 

-Күз мезгілі.

-4 мезгіл бар









Әр бала өздеріне ұнайтын жыл мезгілдерін айтады.






Қайталайды










Ұйымдастырушылық-ізденушілік

Рисунок 1 Рисунок 2

Сергіту сәті:
Мен қиярмын, қиярмын,
Жаттығуға даярмын.
Қолдармды көтеріп,
Қиярдай болып өсермін.
Балалар енді казір күз туралы бір шумақ тақпақ жаттаймыз.
Күзім-ау,күзім ау
Мінезің бұзық-ау
Жаңбырың сіркіреп 
Келгенің қызық-ау.
Ойын: «Көкөністер жинау»

Жарайсыңдар балалар, казір шашылып жатқан көкөністерді жинаймыз














Сергіту сәтін қимыл қозғалыспен жасады.



Тақпақты қайталады







Ойынға қызығушылық танытады



Рефлексивтік

түзетушілік


Қорытындылау:

Балалардың жұмыстарынан көрме ұйымдастыру, мадақтау.



Көрмені тамашалайды

Күтілетін нәтиже
Білу керек:
Қияр мен қызанақтың түсін, пішінін ажырата біледі. 
Нені меңгерді:
Көкөністерді жемістерден ажырата білу дағдыларын,

Нені меңгерді: Бақша дақылдары туралы білімдерін

Технологиялық картаны толтырған тәрбиеші: Шамамбекова Ж. О



























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
14 қаңтар
1773
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі