Авторы: Дабылбекова Акмарал
Кадыржановна Шығыс Қазақстан обылысы , Семей қаласы ЖШС «Бөбек»
мектепке дейінгі шағын орталығы тәрбиеші
Ересек
тобы.
Тақырыбы: Қазақ ағартушысы,жазушы
Ы.Алтынсариннің туғанына 180 жыл
Мақсаты: Алғашқы ұстаз, ұлы
ағартушы Ыбырай Алтынсариннің өмірімен, шығармаларымен оқушыларды
таныстыру.Ыбырай Алтынсариннің әңгімелері арқылы оқушыларды
имандылыққа, адамгершілікке, еңбекқорлыққа
тәрбиелеу.
Көрнекілік: Ы. Алтынсарин портреті, буклет,
презентация
Ыбырай 1841 жылы қазан айының 20-сында
қазіргі Қостанай облысы, Затобол ауданында дүниеге келеді. Шын аты
Ибраһим. Орта жүздің қыпшақ руынан шыққан. Әкесі молдадан сауат
ашқан қарапайым адам болған. Ал анасы Аймен халық аузынан
жинақталған ертегілер мен жырларды көп білетін сауатты адам болған.
Әкесі Алтынсары 1844 жылы көтерілісшілер қолынан қаза тауып,
Үш-төрт жастағы Ыбырай атасы Балғожаның қолында өсіп, тәрбиеленеді.
Атасы Балғожа би өз аймағының атақты кісілерінің бірі болған. Ел
ішіндегі көп билікті қолында ұстаған би, Орынбор әкімшілігінің
алдында да беделді, белгілі кісі болған. Замана бет алысын өзінше
болжаған Балғожа табысқа жетудің ендігі жолы – оқу деп біледі.
Сөйтіп, немересі кішкентай Ыбырайды Орынборда ашылады деп күтілген
орыс-қазақ мектебіне күні бұрын жаздырып қояды. Бидің ондағы
мақсаты, әрине, немересінің бала оқытып, педагог болуы емес,
әкімшілік орындарда жұмыс істеп, шенеунік, орысша оқыған "төре"
болып шығуы, ата-анасын асырауы.

Ыбырай 1850 жылы Орынборда ашылған орыс -
қазақ мектебіне оқуға алынады.Ол кезде Ыбырай тоғыз жаста болады.
Сабақты ерекше ынтамен оқыған ол 1857 жылы «өте жақсы»деген бағамен
бітіреді.
Содан кейін өз елінде 2 жылдай, 1859 жылы
Орынборға тілмаш болып ауысады. Бұл кезде белгілі шығыс зерттеушісі
ғалым - профессор В. Григорьевпен жақын танысып, оның кітапханасын
пайдалануға мүмкіндік алады. Ыбырай оның кітапханасында әдебиет,
тарих, философия кітаптарын, ұлы ағартушылардың еңбектерін көп
оқиды. Өз бетімен көп ізденіп, тілмаш болуды емес, халыққа
пайдалырақ басқа бір қызмет істеуді алдына мақсат етіп қояды.
Ы.Алтынсарин өзінің ардақты борышы балаларды оқыту деп түсінеді.
1860 жылы Жайық жағасындағы қазақтар үшін төрт бастауыш мектеп
ашылды деген кезде, Ыбырай өзі сұранып, Торғай мектебіне оқытушы
болуға рұқсат алады. Ол жерде Ыбырайдың нағашылары Шеген әулеті
тұрған. Торғайда жұмыс жасап жүргенде Шолақ деген құрметті адамның
қызына үйленген. Әйелінің аты Айғаныс. Ол екеуі көпке дейін перзент
сүйе алмаған. Қазақтың салты бойынша інісі Оспанның ұлы мен қызын
тәрбиелейді. Өздерінің тұңғыш балалары 1881 жылы дүниеге келіп,
атын Абдолла деп қояды. Екінші ұлы Әбдірахман 1884 жылы дүниеге
келсе, қызы Шәрипа 1886 жылы дүниеге келген.
Ы. Алтынсарин өз өлеңдерінде балаларды
оқуға, білім алуға шақырса, ал әңгімелерінде еңбекті сүюге,
қадірлеуге, адамгершілікке, имандылыққа, адал достыққа, тазалыққа
үйретеді.

Ы.Алтынсарин-нағыз халықшыл жазушы, өмір
шындығын озық идея тұрғысынан таныта білген кемеңгер суреткер,
қоғам қайраткері, заманының ең маңызды мәселесін көтеріп, жыр
төккен азамат-ақын, жаңашыл жазушы. Өз бойындағы қуатын халық
мақсаты үшін аямай жұмсаған адал жанды азамат.