Материалдар / «Тарих - ғасырлар куәсі!»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Тарих - ғасырлар куәсі!»

Материал туралы қысқаша түсінік
І кезең: «Тарих сыр шертеді». Тарихи сұрақтар қойылады. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады. ІІ кезең: «Өлең - сөздің патшасы». Абай Құнанбайұлының шығармаларынан үзінді. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады. ІІІ кезең: «Қазақстанға саяхат». Экранда көрсетілген Қазақстан туралы тапсырмаларды орындау. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады. ІV кезең: «Астанам - мақтанышым!». Нұр-Сұлтан қаласы жөнінде тапсырмалар беріледі. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады. V кезең: «Туған жерім - тұғырым!». Арқалық қаласы, тарихы жөнінде тапсырмалар. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Қырқүйек 2021
533
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

24.02.2020 ж.

«Тарих - ғасырлар куәсі!» тақырыбында өтетін

қалалық тарихи - зияткерлік сайысының

СЦЕНАРИИІ.


Жүргізуші: Қайырлы күн құрметті ұстаздар, оқушылар және көрермендер! Бүгінгі орталықта өткелі отырған «Тарих - ғасырлар куәсі!» тақырыбындағы қалалық тарихи - зияткерлік сайысқа қош келдіңіздер!


Жүргізуші:

«Қазақтың бүкіл тарихы – бірігу тарихы, тұтастану тарихы. Қазақ тек бірігу, бірлесу жолында келе жатқан халық» - деп тұңғыш президентіміз, Елбасы Н. Ә. Назарбаев айтып өткендей бұл ғасырда өмір сүріп отырған барша ұрпақ ғылым саласында өзіндік жол салар дара ұрпақ болуы тиіс. Олай болса болашаққа нық қадам жасау бүгіннен басталады.
2020 жылы Керей мен Жәнібек Шу мен Талас өзендерінің арасындағы аймаққа орналасып, қазақтың туын көкке көтергеніне 555 жыл толады.


Жүргізуші:

Бүгінгі сайыстың әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар:

Қалалық білім бөлімінің әдіскері Қалиев Дастан Сафарғалиұлы және ________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


Жүргізуші:

Сайыс ережелерімен таныстырып өтейін:

І кезең: «Тарих сыр шертеді». Тарихи сұрақтар қойылады. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.

ІІ кезең: «Өлең - сөздің патшасы». Абай Құнанбайұлының шығармаларынан үзінді. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.

ІІІ кезең: «Қазақстанға саяхат». Экранда көрсетілген Қазақстан туралы тапсырмаларды орындау. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.

ІV кезең: «Астанам - мақтанышым!». Нұр-Сұлтан қаласы жөнінде тапсырмалар беріледі. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.

V кезең: «Туған жерім - тұғырым!». Арқалық қаласы, тарихы жөнінде тапсырмалар. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.



Жүргізуші:

Балалар, дайын болсақ сайысты бастайық.

І кезең: «Тарих шыр шертеді». Тарихи сұрақтар қойылады. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.

Алдарыңызда тұрған лотоны айналдыру арқылы сұрақты таңдайсыздар. Қандай нөмір алсаңыз, сол сұрақты оқу арқылы жауабын бересіз. (1 оқушыға 1 сұрақ. Әр мектепке 3 сұрақтан)


  1. Ежелгі тас дәуірі қалай аталады? (Палеолит)

  2. Қазақстан территориясынан табылған алғашқы адамдардың іздері қай дәуірге жатады? (Ежелгі тас дәуіріне)

  3. Ерте палеолит дәуіріндегі адамдардың қоғамдық ұйымы? (Алғашқы қауымдық топ)

  4. Үшкір тас құралдар қай кезеңде жасалды? (Ерте палеолитте)

  5. Тас дәуірінің ескерткіші- Жағабұлақ Қазақстанның қай өңірінен табылды? (Батыс Қазақстан)

  6. Тарихта тас дәуірін алмастырған дәуір? (Қола)

  7. Қола дәуірінде Қазақстан жерін мекендеген тайпалар? (Андроновтық тайпалар)

  8. Андронов мәдениетінің тайпалары қандай өрнек пайдаланды? (Геометриялық)

  9. Сақтарда мінуге және жүк артуға пайдаланылған жануар? (Түйе)

  10. Қаңлылардың астанасы жазбаша деректерде қалай аталады? (Битянь)

  11. Еуропаны «дүр сілкіндірген» ғұндардың атақты патшасы? (Атилла)

  12. Адамзаттың өткенін заттай тарихи мұралар арқылы зерттейтін ғылым? (Археология)

  13. Епті адам қайдан табылды? (Кениядан)

  14. Аса ұзаққа созылған алғашқы тарихи кезең? (Тас дәуірі)

  15. Үйсіндер жайлы деректерді қай ежелгі тарихшы қалдырды? (Сыма-Цянь)

  16. Қандай оқиғадан кейін Бумын Түрік қағанатының билеушісі болды? (Ұйғыр қағанатын жеңген соң)

  17. Тат”сөзінің мағынасы?( Құл)

  18. Х ғасырда Қимақтарда тараған дін? (Ислам)

  19. XVIII ғ. Басында Жібек жолындағы сауданың бәсеңдеп, қалалардың әлеуметтік экономикалық жағынан күйреуіне алып келген оқиға? (Монғол шапқыншылығы)

  20. Қыпшақтар даласы”атанған аймақ? (Алтайдан Еділге дейін)

  21. Жібек сауда жолына «Ұлы» сөзінің қосылу себебі? (Шығыс пен Батысты байланыстырды)

  22. «Палеолит» және «Неолит» атаулары неге байланысты шықты? (Тас құралдарына)

  23. Ежелгі тас дәуіріндегі қарудың кең тараған түрі?( Қол шапқы)

  24. Неолит дәуіріндегі керамика бұйымдарына қандай өрнектер тән болды? (Геометриялық)

  25. Дән үккіштер қай кезеңде жасалды? (Неолитте)

  26. Сақтар туралы алғашқы жазба деректер қай тарихшының еңбегінде бар? (Геродоттың)

  27. Еуропа елдеріне жорықта ғұндарды кім басқарды? (Еділ)

  28. Қазақстанда ең алғашқы пайда болған тайпалық одақтар қалай аталды? (Сақтар)

  29. Ежелгі Қазақстан даласының батысында өмір сүрген тайпа? (Сарматтар)

  30. Алғашқы адамдар қай құрлықта өмір сүрді? (Африка)



Жүргізуші:

ІІ кезең: «Өлең - сөздің патшасы». Абай Құнанбайұлының шығармаларынан үзінді.

Балалар, биыл қазақтың ұлы ақыны - Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы екенін бәріңіз білесіздер. Қаламызда да, мектебімізде де мерейтой аясында айтулы бірнеше іс-шаралар өтуде. Ұлы ақынымыз - ағартушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер,т.б. Абай атамыздың өлеңдерін жаттап өспеген ұрпақ кемде-кем шығар. Дегенімен атамыздың біз біле бермейтін жұмбақтары бар екен. Олай болса сол жұмбақтар қазір экранда көрсетіледі. Жауабын қағаз бетіне жазып, әділқазылар алқасына тапсырасыздар. Дұрыс жауап 0-10 ұпай аралығында бағаланады.


  1. Алла мықты жаратқан сегіз батыр,

Баяғыдан соғысып әлі жатыр.

Кезек-кезек жығысып, жатып-тұрып,

Кім шығады белгісіз түбінде ақыр?

(қыс пен жаз, күн мен түн, жұп пен тақ, жақсылық пен жамандық)


  1. Қара жер азамзатқа болған мекен,

Қазына іші толған әртүрлі екен.

Ішінде жүз мың түрлі асылы бар,

Солардың ер артығы немене екен? (темір)


Жүргізуші:

ІІІ кезең: «Қазақстанға саяхат». Экранда көрсетілген Қазақстан туралы тапсырмаларды орындау. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.

(экранда көрсетілген карта бойынша облыс орталықтарынан сұрақтар, әр дұрыс жауап 1 ұпай)

Батыс Қазақстан облысы:

  1. Осы өңірден шыққан атақты хандар мен батырларды білесің? (Жәңгір хан, Исатай Тайманұлы, Сырым Датұлы, Махамбет Өтемісұлы,т.б.)

  2. Қандай мемлекетпен шектеседі? (Ресей)

Атырау облысы:

  1. Қандай өзен атауларын білесің? (Жайық,Жем,Ойыл,Қайнар)

  2. Қандай ақын-жазушыларды білесің? (Фариза Оңғарсынова, Жұмекен Нәжімеденов, Зейнолла Қабдолов, т.б.)

Маңғыстау облысы:

  1. Маңғыстау облысы неше мемлекетпен шектеседі,ата? (Түркіменстан,Өзбекстан)

  2. Халықаралық теңіз сауда порты бар қаласы? (Ақтау)

Ақтөбе облысы:

  1. Қандай мемлекеттермен шектеседі? (Ресей, Өзбекстан)

  2. Облысқа қарасты қандай қалаларды білесің? (Ақтөбе, Шалқар,Жем, Темір,Алға,Ембі)

Қызылорда облысы:

  1. Қызылордада елімізге кең таралған қандай дәнді- дақыл(Зерновые) өседі? (Күріш)

  2. Қандай мемлекетпен шектеседі? (Өзбекстан)

Түркістан облысы:

  1. Дүние жүзіне Аристотель сынды ғұлама ғалым ретінде танылған қазақ ойшылы? (Әл-Фараби)

  2.  Облысқа қарасты қандай қалаларды, аудандарды білесің? (Шымкент, Түркістан, Сарыағаш, Жетісай,Арыс,Кентау,Сайрам,Шардара)

Жамбыл облысы:

  1. Жамбыл облысының тумасы, суретші, Қазақстанның Мемлекеттік туының авторы? (Шәкен Ниязбеков)

  2. Осы өңірден шыққан қандай танымал спортшыларды білесің? (Жақсылық Үшкемпіров, Бақтияр Артаев,Ермахан Ыбрайымов,Серік Қонақбаев,Ислам Байрамуков, Болат Жұмаділов,Болат Ниязымбетов,Марат Мәзімбаев,т.б.)

Алматы облысы:

  1. Елбасымыз – Н.Ә.Назарбаев қай жылы, қай жерде дүниеге келген?

(1940 ж. шілденің 6 Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында дүниеге келген)

  1. 1996 жылы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің бес жылдығына орай Алматы қаласында салынған сәулет және мүсін өнері ескерткіші қалай аталады? (Тәуелсіздік монументі) 

Шығыс Қазақстан облысы:

  1. Ш.Қ-ның өзен көлдерін білесің? (Ертіс, Зайсан,Марқакөл,Алакөл,Аягөз,т.б.)

  2. Ш.Қ-нан шыққан танымал тұлғаларды атаңыз? (А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердіұлы, М.Әуезов,Р.Рымбаева,т.б.)

Павлодар облысы:

  1. Павлодар облысының басты су артериясы болып қандай өзен табылады? (Ертіс)

  2. Облыста қандай қалалар бар? (Павлодар, Екібастұз, Ақсу)

Солтүстік Қазақстан облысы:

  1. СҚ Қандай пайдалы қазба байлықтар (полезные ископаемые) бар? (алмаз,қалайы,уран,күміс,вольфрам,т.б.)

  2. Осы өңірден шыққан қандай ақын-жазушыларды білеміз? (Мағжан Жұмабаев,Сәбит Мұқанов, Ғ.Мүсірепов,

Қостанай облысы:

  1. Жетісу қазақтарының Ұмай анаға табынатынын жазған ғалым? Қостанай облысының тумасы, шығыстанушы, тарихшы, этнограф,ағартушы? (Шоқан Уалиханов)

  2. 1934 жылы ұйымдастырылған қорық(заповедник)  қалай аталады және Қостанай облысының қай ауданында орналасқан? (Наурызым қорығы. Наурызым ауданында орналасқан)

Қарағанды облысы:

  1. Қарағанды облысынан шыққан қандай тұлғаларды білесің? (С.Сейфуллин,Қасым Аманжолов,Тәттімбет, Қайрат Байбосынов, Ақселеу Сейдімбек, т.б.)

  2. Қазба байлықтарын ата? (көмір бассейні,күміс,кадмий,кварц,мыс,таллий,асбест,т.б.)

Ақмола облысы:

  1. Елорданың ең көрнекті ғимараттарының бірі. салмағы 1000 тоннадан жоғары бес жүзге жуық қададан тұрады. Есіл өзенінің сол жағалауында бой көтерген, биіктігі 97 м ( Бәйтерек)

  2. Ақмола облысының әкімшілік орталығы? (Көкшетау)


Жүргізуші:

ІV кезең: «Астанам - мақтанышым!». Нұр-Сұлтан қаласы жөнінде тапсырмалар беріледі. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.

Балалар бұл кезеңде сендерге Бас қаламыздың көрікті ғимараттарының суреті мозайка түрінде беріледі. Құрастырып, қандай ғимарат екендігін табуларыңыз керек. Берілетін уақыт 1 минут.




Жүргізуші:

V кезең: «Туған жерім - тұғырым!». Арқалық қаласы, тарихы жөнінде тапсырмалар. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.

Балалар, қаламызды қаншалықты білетінімізді тексеріп көрейік? Олай болса, экранда қаламыздың көшелерінің суреттері көрсетіледі. Суреттерді анықтап, жауабын жазып, әділқазыларға тапсырамыз.

Сонымен қатар қосымша 2 сұрақтан қойылады.

  1. Абай көшесі

  1. Амангелді көшесі

  1. А.Байтұрсынов көшесі

  1. Горбачева көшесі

  1. Е.Әуелбеков көшесі

  1. Ғ.Қайырбеков көшесі

  1. Қозыбаев көшесі

  1. Демченко көшесі

  1. Маясова көшесі

  1. Ш.Жәнібек көшесі


Қосымша сұрақтар:

1) Жасөспірімдер театры кімнің атында? (Өзбекәлі Жәнібек)

2) Амангелді Имановтың ескерткіші қай ғимараттың алдында орналасқан? (Әкімшілік)

3) Арқалықта қандай пайдалы қазба шығады? (Руда)

4) Кинотеатр кімнің атында? (Әнуар Боранбаев)

5) Кейкі батырдың ескерткіші қай жерде орналасқан? (№4 ом)

6) Арқалық қаласының алғашқы атауы? (Қызылқозы)

7) Мәдениет сарайының атауы? (Горняк)

8) Бақытжан Байқадамов ескерткіші қандай ғимараттың қасында орналасқан? (ҚББО)

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!