жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тарих — бұл ұлы адамдардың өмірбаяны.
№ 3 Сабақ жоспары
-
Топ
Сабақтың өткізілетін күні
Пән аты: Стандарттау, сертификаттау және метрология негіздері
Оқытушы: Қуандық Жансая Камалқызы
Сабақтың тақырыбы: Сертификаттау, сертификаттаудың түрлері. Өнімнің сәйкестігін
растау
Оқыту әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Сертификаттау, сертификаттаудың түрлерін
түсіндіре отырып, оқушылардың білімдерін
тереңдету, бір жүйеге келтіру
2.Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, тапқырлыққа тәрбиелеу
3.Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін арттыру, пәнге деген
қызығушылығымен ұштастыру
Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар: Оқулық, кеспе қағаздары
Сабақтың құрылымы мен мазмұны.
I.Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу
Түгелдеу
Оқушылардың сабаққа дайындылығын тексеру
II .Оқушылардың өткен тақырып бойынша білімін тексеру:
Экономикалық талдаудың тарихы мен даму келешегі
Тексеру әдісі: Сұрақ-жауап.
III.Жаңа материалды түсіндіру.
Түсіндіру әдісі: Лекция материалын баяндау
Материалды түсіндіру жоспары.
Сертификаттау деген сөз латын тілінен «дұрыс істелінген» деп аударылады. Өнім «дұрыс істелгеніне көз жеткізу үшін ол өнім қандай талаптарға сай болуы керектігін және өнімнің сол талаптарға сай екендігін қалай дәлелдеуге болатынын білу керек. Халықаралық тәжірибеде бұларды дәлелдеу үшін сертификаттау процедурасы қолданылады.
Өнімнің өмірлік циклы тізбегінде шығарушы «бірінші жақ» болып табылады. Ол, әрине, жақсы, тұтынушыны қанағаттандыратын өнім шығардым деп есептейді.
Бұл тізбекте «екінші жақ» болып тұтынушы табылады. Ол сапалы тауар алғысы келеді. Тұтынушы қалай бағалағанынан тауардың тағдыры тәуелді болып табылады.
«Үшінші жақ», яғни арбитр болып шығарушы мен тұтынушының екеуінен де тәуелсіз орган немесе тұлға табылады.
Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» Заңында мынандай анықтама берілген. Сертификаттау – сәйкестікті растау жөніндегі орган өнімнің, көрсетілетін қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын рәсім.
Өнімдерді (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сертификаттау осы өнімдердің (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) нормативтік құжаттарда тағайындалған талаптарға сәйкестігін растау мақсатында жүргізілетін іс- шаралардың жиынтығы болып табылады.
Сертификаттау объектілері: өнімдер; көрсетілетін қызметтер; процестер; жұмыстар; сапа менеджментінің жүйелері.
Сертификаттау жөнінде жүргізілген жұмыстардың нәтижесі сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік туралы декларация б.т.
Сәйкестік сертификаты - өнімнің, көрсетілетін қызметтің техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға, стандарттардың немесе өзге де құжаттардың ережелеріне сәйкестігін куәландыратын құжат.
Сәйкестік туралы декларация - дайындаушы (орындаушы) айналысқа шығарылатын өнімнің, көрсетілетін қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын құжат.
Сәйкестік туралы декларация да, сәйкестік сертификаты да бірдей заңды күшке ие болады.
Сәйкестігі сәйкестік сертификатымен немесе сәйкестік туралы декларациямен расталатын өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің (жұмыстардың) тізілімдері Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі.
Міндетті түрде сертификаттауға жататын өнімдерді, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сәйкестік сертификатысыз және (немесе) сәйкестік Белгісісіз немесе сәйкестік туралы декларациясыз босатуға тиым салынады.
Міндетті түрде сертификаттауға жататын өнімдерді, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, егер олар Қазақстан Республикасында сертификаттаудан өтпеген болса жарнамалауға тиым салынады.
Сертификаттау жөніндегі заңнаманы бұзған тұлғалар ҚР заңдарына сәйкес жауапқа тартылады.
Сертификаттаудың негізгі мақсаттары:
өнімнің, процестердің, жұмыстардың, көрсетілетін қызттердің адамның өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіздігін, азаматтардың мүлкінің және қоршаған ортаның сақталуын қамтамасыз ету;
өнімнің, көрсетілетін қызметтердің сапасы тұрғысынан тұтынушылардың мүддесін қорғау;
саудада техникалық кедергілерді жою, өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің ішкі және сыртқы рыноктағы бәсекелестігін қамтамасыз ету;
жеке және заңды тұлғалардың Қазақстанның тауарлар нарығындағы іс- әрекеттері үшін, сондай-ақ халықаралық экономикалық, ғылыми- техникалық ынтымақтастыққа және халықаралық саудаға қатысуына қажетті жағдайлар тудыру.
Бұдан басқа сертификаттаудың мақсаттарына мыналарды жатқызуға болады:
тұтынушылардың сапалы өнімдерді (көрсетілетін қызметтерді, жұмыстарды) таңдап алуына жәрдемдесу;
тұтынушыларды әділетсіз өндірушіден (сатушыдан, орындушыдан) қорғау;
шығарушы (орындаушы) ұсынған өнімнің (көрсетілетін қызметтің, жұмыстың) сапалық көрсеткіштерін куәландыру.
2 Сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде негізін қалаушы нормативтік (құқықтық, әдістемелік және техникалық) құжаттар қолданылуы тиіс.
Сертификаттау жөніндегі заңнама Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» Заңынан және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерінен құралады.
Қазақстан экономикасында өтіп жатқан өзгерістерді ескере отырып 1999 жылы ҚР «Стандарттау және сертификаттау туралы» Заңының орнына халықаралық заңнамамен үйлестірілген ҚР «Сертификаттау туралы» Заңы қабылданған болатын. Соңынан 10 маусым 2003 жылы бұл Заңға өзгертулер енгізілген және толықтырылған. 9 қараша 2004 жылы ҚР «Техникалық реттеу туралы» Заңы қабылданып, ҚР «Стандарттау және сертификаттау туралы» Заңының күші жойылды.
ҚР «Техникалық реттеу туралы» Заңында техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті орган және оның сертификаттау саласындағы қызмет бағыттары белгіленген. Заң Қазақстан Республикасында өнімді, сапа менеджменті жүйелерін, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сертификаттаудың құқықтық негіздерін тағайындайды, сертификаттау саласындағы қатынастарды реттейді, сертификаттауға қатысушылардың құқықтарын, міндеттерін және жауапкершілігін айқындайды.
Заңның баптарын ары қарай дамыту мақсатында заңнамалық актілер, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыстары, мемлекеттік басқару органдарының нормативтік актілері шығарылады.
Мысалы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыстарымен міндетті түрде сертификаталуға жататын өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің номенклатурасы белгіленген және сәйкестігін сәйкестік туралы декларациямен куәландыруға болатын өнімдердің тізімі айқындалған.
Техникалық реттеу және метрология жөніндегі Комитетпен Қазақстан Республикасынды сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізу тәртібін реттеуші нормативтік құжаттар (мемлекеттік стандарттар, ережелер, ұсынымдар, әдістемелік нұсқаулар және т.б.) әзірленген.
Қазіргі күнге Қазақстан Республикасында міндетті және ерікті сертификаттауға қатысты жүзден артық нормативтік құжаттар жұмыс істейді.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сертификаттау жүйесінің нормативтік базасы төмендегі құжаттардан (мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық, басқа елдердің ұлттық) құралады:
стандарттар, санитарлық ережелер мен нормалар, құрылыстық нормалар мен ережелер, бекітуден өткен рецептуралар жинақтары, анықтамалық ақпараттық материалдар және т.б. оларға сәйкестікке өнімді сертификаттау жүргізілетін нормативтік құжаттар;
өнімді сынау әдістеріне нормативтік құжаттар;
сапа менеджменті жүйелеріне нормативтік құжаттар;
ҚР Мемлекеттік сертификаттау жүйесінің салааралық комплексінің нормативтік құжаттары.
Сертификаттау жөніндегі ҚР Мемлекеттік стандарттары үшінші салааралық стандарттар тобына жатады (ҚР СТ 3. ) және сертификаттау объектілері мен процедураларына бірыңғай нормалар мен талаптарды тағайындайды.
ҚР Мемлекеттік сертификаттау жүйесі құжаттарының комплексінің негізін қалаушы стандарты ҚР СТ 3.0 – 2001 «ҚР Мемлекеттік сертификаттау жүйесі. Негізгі ережелер» болып табылады. Бұл стандарт ҚР Мемлекеттік сертификаттау жүйесінің мақсаттарын, принциптерін, құрылымын және бірыңғай ережелерін айқындайды.
Нақты біртекті өнімдер мен көрсетілетін қызметтер топтарына таралатын ұйымдық- әдістемелік құжаттар ережелер түрінде орындалған. Мысалы, ҚР Мемлекеттік сертификаттау жүйесінде астық және оны ұқсату өнімдерін; кондитер өнімдерін; балалар ойыншықтарын; автокөлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және олрды жөндеу жөніндегі көрсетілетін қызметті сертификаттау ережелері және т.б. жұмыс істейді.
Сертификаттау жүйесінің өзіндік, сертификаттау жұмыстарын жүргізу ережелері және басқару рәсімдері болады.
Сертификаттау жүйелері үлттық (мемлекеттік), мемлекетаралық, өңірлік және халықаралық деңгейде қалыптастырылады.
Мемлекеттік сертификаттау жүйесі:
сертификаттау саласында бірыңғай саясатты жүргізуді қамтамасыз етеді;
сертификаттаудың негізгі ережелері мен рәсімдерін;
сертификаттау жөніндегі органдарға, сынақ зертханаларына (орталықтарына) талаптарды және оларды аккредиттеу рәсімдерін;
сертификаттау жөніндегі сарапшы- аудиторларды дайындау және аттестаттау рәсімдерін;
мемлекеттік сертификаттау жүйесінің Мемлекеттік тізілімін жүргізу; аудит және инспекциялық бақылау ережелерін;
және басқаларды тағайындайды,
Сертификаттау жөніндегі жұмыстарды қаржыландыру республикалық бюджеттің қаржыларынан және келісім-шарттар негізінде табылған қаржылардын құралады.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесі мемлектеттік басқару органдарының, Қазақстан Республикасы территориясында орналасқан меншіктің барлық түрлеріндегі кәсіпорындар мен ұйымдардың, сондай - ақ басқа елдердің фирмалары мен ұйымдарының қатысуы үшін ашық болып табылады. Аталған кәсіпорындар, фирмалар мен ұйымдар ҚР МСЖ ережелерін мойындауы және орындауы міндетті болып табылады.
ҚР МСЖ-сі шығарушылар, тұтынушылар, қоғамдық ұйымдар. сертификаттау жөніндегі органдар, сынақ зертханалары (орталықтары) үшін, сондай- ақ басқа да мүдделі заңды және жеке тұлғалар үшін ақпаратқа еркін қол жеткізуін қамтамасыз етеді.
Сертификаттауға қатысушылар мыналар болып табылады:
техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті орган;
акктериттеуден өткен өнімдерді, процестерді, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сертификаттау жәніндегі органдар
аккредиттеуден өткен сынақ зертханалары (орталықтары);
аккредиттеуден өткен аккредиттеу саласында консалтин қызметін көрсету жөніндегі ұйымдар;
сертификаттау жөніндегі сарапшы- аудиторлар.
Өнімдерді, көрсетілетін қызметтерді, жұмыстарды, сапа менеджментінің жүйелерін сертификаттау жөніндегі жұмыстарды Қазақстан Республикасының әртүрлі өңірлерінде орналасқан 100 ден артық сертификаттау жөніндегі органдар және 300 жуық сынақ зертханалары (орталықтары) жүзеге асырады.
Сәйкестікті куәландыру және аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды басқаруды техникалық реттеу және метрология жөніндегі Комитет (ары қарай – Мемстандарт) – Қазақстан Республикасы үкіметімен тағайындалатын техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
Мемстандарт өзінің лауазымы және құқықтары шегінде стандарттау жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және басқарады.
Өнімдерді, процестерді, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сертификаттау жәніндегі органдар кез келген меншік түрлеріндегі, заңды тұлға болып табылатын және Мемлекеттік сертификаттау жүйесінің нормативтік құжаттарында тағайындалған талаптарға сәйкес келетін ұйымдардың негізінде құрылады.
Әрекеттің белгілі сферасында сәйкестікті куәландыру жұмыстарын атқару құқығына ие болам деуші ұйым міндетті түрде аккредиттеу рәсімінен өтуі тиіс.
Өнімнің (көрсетілетін қызметтердың) нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігін куәландыруға қатысушы сынақ зертханалары (орталықтары) аккредиттеу облысы шегінде сертификациялық сынақтар жүргізеді.
Сынақ зертханасы (орталығы) заңды статусы бар дербес ұйым болуы мүмкін немесе сертификаттауды куәландыру жөніндегі органның немесе басқа да заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі болуы мүмкін.
Сынақ зертханаларының (орталықтарының) негізгі функциясы сертификациялық сынақтарды жүргізу болып табылады. Сертификациялық сынақтар жүргізгенде стандартталған әдістемелер қолданылуы керек және олар (әдістемелер) сынақ нәтижелерінің дұрыс және нақты болуын қамтамасыз ету керек.
Аккредиттеу саласында консалтин қызметін көрсету жөніндегі ұйымдар – сертификаттау жөніндегі органдарды және сынақ зертханаларын (орталықтарын) аккредиттеуге дайындау жөніндегі жұмыстарды атқарушы заңды тұлғалар болып табылады. Бұл ұйымдар Мемстандартпен бекітілген тәртіп боынша аккредиттеуден өткен болулары керек.
Сарапшы – аудиторлар. Сәйкестікті куәландыру жөніндегі сарапшы- аудиторлар – бекітілген тәртіп бойынша балгілі әрекеттер саласында өнімдері, көрсетілетін қызметтерді, процестерді, жұмыстарды, сапа менеджменті жүйелерін сертификаттау немесе сынақ зертханаларын (орталықтарын) және сертификаттау жөніндегі органдарды аккредиттеу жұмыстарын жүргізу құқығына аттестацияланған маман болып табылады.
Сарапшы аудитор сынақтардың толық және дұрыс жүргізілуін, олардың нәтижелерінің объективный және достоверный болуын қамтамасыз етеді.
Сертификаттау жүйесінің қызметін тұтынушы сертификаттауға қатысушы – өнімдерді, процестерді, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сертификаттауға өтінуші және олардың сапасы мен қауіпсіздігіне жауап беруші жеке және заңды тұлғалар (шығарушылар, сатушылар, орындаушылар) - өтінушілер болып табылады.
Сертификаттауға қатысушыларға тұтынушылар да жатады. Сертификттау жөніндегі іс- әрекеттер тұтынушы үшін маңызды болып табылады, өйткені олар:
өнімнің (жұмыстардың, процестердің) сапасы мен қауіпсіздіген жоғарылатуға;
тауарлар мен көрсетілетін қызметтер жөнінде ақиқат және толық ақпарат таратуға;
сапасыз тауарлардан (жұмыстардан, көрсетілген қызметтерден) адамдардың өміріне, денсаулығына және мүлкіне келтірілген шығындарды қайтарып беруге бағытталады.
Сертификаттау түрлері.
Қазақстан Республикасы территориясында өнімдердің (процестердің, көрсетілетін қызметтерлің, жұмыстардың) сәйкестігін растау ерікті және міндетті түрде жүргізілуі мүмкін.
Өз еркімен сәйкестікті растау ерікті сертификаттау түрінде жүзеге асырылады. Ерікті сертификаттау өтінушінің (шығарушы, сатушы, орындауышының) инициативасы бойынша жүргізіледі. Мақсаты - өнімнің (процестің, көрсетілетін қызметтің, жұмыстың) өтінуші ұсынған стандарттың немесе басқа нормативтік құжаттың талаптарына, сондай-ақ өтінушінің арнаулы талаптарына сәйкестігін куәландыру. Ерікті сертификаттау міндетті сертификаттауды алмастыра алмайды. Басқаша айтқанда, егер өнім міндетті сертификаттауға жататын болса, оны ерікті сертификаттаудан өткізуге болмайды.
Сәйкестікті міндетті растау төмендегі түрде жүзеге асырылады:
шығарушы кәсіпорын сәйкестік туралы декларация қабылдау арқылы;
міндетті сертификаттау жүргізу арқылы.
Міндетті сертификаттау – сәйкестікті растау жөніндегі органдрдың қатысуымен өнімнің, көрсетілетін қызметтің техниклық реттеу саласындағы нормтивтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкестікті растау нысаны.
Міндетті сертификаттау міндетті сертификаттауға жататын өнімдер (процестер, көрсетілетін қызметтер, жұмыстар) тізіміне кірген өнімдер (процестер, көрсетілетін қызметтер, жұмыстар) үшін жүргізіледі.
Техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерге техникалық регламенттер, стандарттар немесе өнімнің, процестің, көрсетілетін қызметтің адам өмірі, денсаулығы, мүлкі үшін және қоршаған орта үшін қауіпсіздігін қамтамасыз ететін басқа да нормативтік құжаттар жатады.
Міндетті сертификаттауға жататын өнімдер мен көрсетілетін қызметтер тізімі, сондай-ақ сәйкестігі туралы декларациямен растауға болатын өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің тізімін Мемстандарт мемлекеттік басқару органдарының ұсынысы бойынша әзірлейді. Тізімдер Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітіледі.
Қазіргі кезде мұндай тізілімдер мыңнан астам өнімдер және онға тақау көрсетілетін қызметтерді ауқымдайды.
Заңға сәйкес тізілімдерге енгізілген өнімдерді тек қана сәйкестік сертификаты немесе сәйкестік туралы декларациясы болған жағдайда сатуға болады.
Міндетті және ерікті сертификаттаудың салыстырмалы сипаттамалары 1 кестеде келтірілген.
Қазақстанда қазіргі кезде көбінесе міндетті сертификаттау орын алады. Себебі – тауарлар рыногындағы бәсекелестіктің деңгейі төмен. Бәсекелестік арта түскен жағдайда ерікті сертификаттаудың ролі артады. Шетел мемлекеттерінде ерікті сертификаттаудан өткен өнімдер жақсы сатылады, бәсекелестікті көтереді. Біз де соған жетеміз кезінде.
1 кесте - Міндетті және ерікті сертификаттаудың салыстырмалы сипаттамалары
Сертифи-каттау түрі |
Жүргізу мақсаттары |
Жүргізу негізі |
Объектілер |
Сәйкестікті тексеру мәні |
Норматив-тік базасы |
Міндетті |
Өнімнің (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) қауіпсіздігін және экологияға зиянсыздығын қамтамасыз ету |
Қазақстан Респуб-ликасы-ның заңнама-лық актілері |
Міндетті түрде сертификатту-ға жататын өнімдердің Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген Тізіміне енгізілген өнімдер, көрсетілетін қызметтер |
Нормативтік және де басқа құжаттарда қарастырыл-ған міндетті талаптарға сәйкестікті тексеру |
Өнімнің (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) сапасы және қауіпсіздігі-не міндетті талаптар қоятын нормативтік және басқа құжаттар |
Ерікті |
Кәсіпорынның өнімінің (жұ-мысының, көр-сетілетін қыз-меттінің) бәсеке-сестігін қамтамасыз ету. Қауіпсіздік талаптарына ғана емес, сапаны қамтамасыз ететін талаптар-ға сәйкес келетін өнімге (жұмыс-қа, көрсетілетін қызметке) жарнама беру |
Заңды және жеке тұлғалар-дың инициа-тивасы бойынша жасалған келісім-шарт |
Кез келген объектілер |
Өтінуші белгілеген кез келген талаптарға сәйкестікті тексеру (міндетті сертификаттау-ға жататын өнімдер бойынша міндетті талаптарды толықтыру-шы талаптарға сәйкестікті тексеру) |
Өтінуші ұсынған нормативтік және басқа да құжаттар |
IV.Жаңа материалды бекіту: (қойылған сұрақтар мен тапсырмалар)
Бақылау сұрақтары:
«Сертификаттау» дегенді қалай түсінесіз?
Сертификаттау объектілеріне қандай объектілер жатады?
Сертификаттау жөнінде жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде қандай құжаттар берілуі мүмкін?
Сертификаттаудың негізгі мақсаттары неде?
Сәйкестікті растаудың заңнамалық негізі қандай?
Мемлекеттік сертификаттау жүйесіне кіретін стандарттарды атаңыз.
Мемлекеттік сертификаттау жүйесі қандай негізгі мәселелерді тағайындайды?
Сертификаттауға қатысушыларды атаңыз.
V.Қорытындылау (білім бағалау).
Оқушылардың сабаққа қатысуына қарай бағалау
Үй тапсырмасы: Оқулықтан Н-1 5-8 б
Пән бірлестігі төрағасы: Мирзаметов.Ж
Оқытушы: Қуандық Ж.К.
№ 2 Сабақ жоспары
-
Топ
ЭБА – 171
Сабақтың өткізілетін күні
Пән аты: Экономикалық талдау және қаржылық есептілікті
талдау
Оқытушы: Қуандық Жансая Камалқызы
Сабақтың тақырыбы: Экономикалық талдаудың мазмұны
Оқыту әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Экономикалық талдаудың мазмұнын түсіндіре отырып,
оқушылардың білімдерін тереңдету, бір жүйеге келтіру
2.Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, тапқырлыққа тәрбиелеу
3.Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін арттыру, пәнге деген
қызығушылығымен ұштастыру
Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар: Оқулық, кеспе қағаздары, экономикалық талдау жүйесіндегі кәсіпорын қызметін талдау сызбасы
Сабақтың құрылымы мен мазмұны.
I.Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу
Түгелдеу
Оқушылардың сабаққа дайындылығын тексеру
II .Оқушылардың өткен тақырып бойынша білімін тексеру:
Экономикалық талдаудың тарихы мен даму келешегі
Тексеру әдісі: Сұрақ-жауап.
III.Жаңа материалды түсіндіру.
Түсіндіру әдісі: Лекция материалын баяндау
Материалды түсіндіру жоспары.
Талдау (грек
тілінен алынғанда analisis)- құрамдас
бөлшектерді, талданатын жүйелер
элементтерін және оларда болатын өзгеріс
тенденциясын анықтауға болатын құбылыстар
мен үрдістердің ғылыми зерттеу әдісін
(танымын) айтады. Ғылыми зерттеу әдісі
ретіндегі талдау қандай да бомасын
бүтін бір бөлшектің құрамдас бөлігін
ойда бөлшектеуден, олардың жеке жақтарын,
қасиетін, байланысын анықтау болып
табылады. Осындай бөлшектеу қаралатын
үрдістің ішкі мазмұны мен табиғатын,
олардың әртүрлі факторларға тәуелдігін
қарауға мүмкіндік береді. Талдау
зерттелетін объектілердің бұрын
бөлшектелген элементтерін біріктірілуін
білдіретін «синтез» ұғымымен диалектикалық
бірлікте болады.
Экономикалық талдау - экономикалық
құбылыстар мен үрдістерді құрамдас
бөлшектерге бөлуге негізделген және
байланыстардың барлық көптүрлілігін
және тәуелділігін оқуға негізделген
мазмұнын пайымдаудың ғылыми әдісі болып
табылады. Талдау- макро- және микродеңгейлерде
жүзеге асырылатын басқару қызметі.
Сәйкес, макроэкономикалық және
микроэкономикалық талдау болып бөлінеді.
Макродеңгейдегі экономикалық талдау
ұлттық әлемдік экономика деңгейінде
экономикалық құбылыстарды зерттейді,
ол экономика саласында мемлекеттік
және биліктің орындаушы органдарының
шешімдерін және әрекеттерін ғылыми
позиция негізінде шешуге негізделген.
Экономикалық талдау тақырыбы кәсіпорындардың, бірлестіктердің, ассоциялардың, шаруашылық үрдістері, экономикалық ақпарат жүйесі арқылы көрінетін объективті және субъективті факторлардың әсерінен құралатын әлеуметтік-экономикалық тиімділігі және олардың қызметінің түпкі қаржылық қорытындысы болып табылады.
Экономикалық талдаудың мәні, мазмұны және тақырыбы негізінен төмендегі міндеттермен анықталады және тұрады:
•
кәсіпорын қызметінде
жоспарлаудың ғылыми-экономикалық
негіздемесін жоғарлату;
•
еңбек, материалдық және қаржы ресурстарының
экономикалық тиімділігін анықтау;
•
өндірістік үрдістің барлық кезеңдерінде
кәсіпорын қызметінің тиімділігін іздеу
және қорды көтеруді анықтау;
•
кәсіпорын қызметіне әсер
етуші объективті және субъективті
факторларды анықтау;
•
жоспарлар және басқару шешімдерін
орындауды бақылау;
•
кәсіпорынның ағымдағы және
келешектегі қаржылық жағдайын анықтау.
Экономикалық талдаудың негізгі
мақсаты - кәсіпорын қызметінің тиімділігін
арттыруды анықтау болып табылады.
Экономикалық талдау қолданбалы ғылым
болып келеді, бірақ оның нақты пайдасы
өндірістік үрдістің барлық кезеңдерінде
пайдаланылмаған қорларды анықтауды
жүргізген кезде ғана іске асады.
IV.Жаңа материалды бекіту: (қойылған сұрақтар мен тапсырмалар)
Бақылау сұрақтары:
Экономикалық талдаудың зерттеу міндеттері қандай?
Экономикалық талдаудың мазмұны мен мақсаты?
Экономикалық талдаудың теориялық танымы?
Жалпытеориялық экономикалық талдау.
V.Қорытындылау (білім бағалау).
Оқушылардың сабаққа қатысуына қарай бағалау
Үй тапсырмасы: Оқулықтан Н-1 9-14 б
Пән бірлестігі төрағасы: Мирзаметов.Ж
Оқытушы: Қуандық Ж.К.
№ 3 Сабақ жоспары
-
Топ
ЭБА – 171
Сабақтың өткізілетін күні
Пән аты: Экономикалық талдау және қаржылық есептілікті
талдау
Оқытушы: Қуандық Жансая Камалқызы
Сабақтың тақырыбы: Экономикалық талдаудың міндеттері.
Оқыту әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Экономикалық талдаудың міндеттерін түсіндіре отырып,
оқушылардың білімдерін тереңдету, бір жүйеге келтіру
2.Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, тапқырлыққа тәрбиелеу
3.Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін арттыру, пәнге деген
қызығушылығымен ұштастыру
Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар: Оқулық, кеспе қағаздары, экономикалық талдау жүйесіндегі кәсіпорын қызметін талдау сызбасы
Сабақтың құрылымы мен мазмұны.
I.Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу
Түгелдеу
Оқушылардың сабаққа дайындылығын тексеру
II .Оқушылардың өткен тақырып бойынша білімін тексеру:
Экономикалық талдаудың мазмұны
Тексеру әдісі: Сұрақ-жауап.
III.Жаңа материалды түсіндіру.
Түсіндіру әдісі: Лекция материалын баяндау
Материалды түсіндіру жоспары.
Талдау (грек тілінен алынғанда analisis)- құрамдас бөлшектерді, талданатын жүйелер элементтерін және оларда болатын өзгеріс тенденциясын анықтауға болатын құбылыстар мен үрдістердің ғылыми зерттеу әдісін (танымын) айтады. Ғылыми зерттеу әдісі ретіндегі талдау қандай да бомасын бүтін бір бөлшектің құрамдас бөлігін ойда бөлшектеуден, олардың жеке жақтарын, қасиетін, байланысын анықтау болып табылады. Осындай бөлшектеу қаралатын үрдістің ішкі мазмұны мен табиғатын, олардың әртүрлі факторларға тәуелдігін қарауға мүмкіндік береді. Талдау зерттелетін объектілердің бұрын бөлшектелген элементтерін біріктірілуін білдіретін «синтез» ұғымымен диалектикалық бірлікте болады.
Экономикалық талдау - экономикалық құбылыстар мен үрдістерді құрамдас бөлшектерге бөлуге негізделген және байланыстардың барлық көптүрлілігін және тәуелділігін оқуға негізделген мазмұнын пайымдаудың ғылыми әдісі болып табылады. Талдау- макро- және микродеңгейлерде жүзеге асырылатын басқару қызметі. Сәйкес, макроэкономикалық және микроэкономикалық талдау болып бөлінеді. Макродеңгейдегі экономикалық талдау ұлттық әлемдік экономика деңгейінде экономикалық құбылыстарды зерттейді, ол экономика саласында мемлекеттік және биліктің орындаушы органдарының шешімдерін және әрекеттерін ғылыми позиция негізінде шешуге негізделген.
Экономикалық талдау тақырыбы кәсіпорындардың, бірлестіктердің, ассоциялардың, шаруашылық үрдістері, экономикалық ақпарат жүйесі арқылы көрінетін объективті және субъективті факторлардың әсерінен құралатын әлеуметтік-экономикалық тиімділігі және олардың қызметінің түпкі қаржылық қорытындысы болып табылады.
Экономикалық талдаудың мәні, мазмұны және тақырыбы негізінен төмендегі міндеттермен анықталады және тұрады:
• кәсіпорын қызметінде жоспарлаудың ғылыми-экономикалық негіздемесін жоғарлату;
• еңбек, материалдық және қаржы ресурстарының экономикалық тиімділігін анықтау;
• өндірістік үрдістің барлық кезеңдерінде кәсіпорын қызметінің тиімділігін іздеу және қорды көтеруді анықтау;
• кәсіпорын қызметіне әсер етуші объективті және субъективті факторларды анықтау;
• жоспарлар және басқару шешімдерін орындауды бақылау;
• кәсіпорынның ағымдағы және келешектегі қаржылық жағдайын анықтау.
Экономикалық талдаудың негізгі мақсаты - кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыруды анықтау болып табылады. Экономикалық талдау қолданбалы ғылым болып келеді, бірақ оның нақты пайдасы өндірістік үрдістің барлық кезеңдерінде пайдаланылмаған қорларды анықтауды жүргізген кезде ғана іске асады. Кәсіпорын экономикасын дамыту қарқынын жоғарлату шаруашылық қорының барлығы жұмылдырылғанына, үнемділік режімінің басты қағидасы болып келетін - аз шығындармен, жоғары нәтижеге жету туралы негізгі қағидалар сақталуына байланысты.
Экономикалық талдау мемлекеттілілік, ғылымилық, объективтілік, жүйелілік, кешенділік, жеделділік, пәрменділік, бұқарашылдық принциптеріне негізделген.
Мемлекеттілік принципі экономикалық құбылыстарды бағалаудың мемлекеттік амалдарының негізінде жасалады. Осылайша, меншік нышанына қарамай, құрылымдық бөлімшелердің және кәсіпорындардың қызметін талдау барысында мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, халықаралық саясатын және одан пайда болатын халық шаруашылығының сәйкес даму кезеңіндегі міндеттерді ескеру қажет.
Ғылымилық принципі кәсіпорын қызметінің экономикалық талдаудың жеке әдісі материалистік диалектика және саяси үнемділікке негізделуі тиіс, яғни, экономикалық талдау ғылыми сипатта болып, экономикалық заң талаптарын жан-жақты есепке алып жүргізілуі тиіс. Ғылымилық принципі кәсіпорын қызметін талдау теориясын жетілдіру, қазіргі заманғы экономикалық- математикалық әдістерді және ЭЕМ-ді кеңінен қолдану жолы арқылы жүзеге асырылады.
Объективтілік принципі экономикалық талдау барысындағы нақты экономикалық құбылыстар және үрдістерді, олардың себеп-салдарлық өзара қатынасын зерттеу шынайы және объективті ақпараттар жағдайында жүргізілуі тиіс, ал зерттеу қорытындысында алынған шешімдер нақты аналитикалық есептеулерге негізделуі тиіс. Талдау объективті, нақты және дәл болуы тиіс. Пайдаланылатын ақпараттар кәсіпорынның мүліктік жағдайын және оның қызмет корытындысы дәл көрсетуі және құжат түрінде негізделуге тиіс, өйткені оның шынайылылығы экономикалық талдаудың қорытындысына әсер етеді.
Жүйелілік принципі экономикалық талдау барысында кәсіпорын қызметі оңаша тұрғыдан емес, өзара байланыс тұрғысынан қаралуы тиіс, бұл жағдайда шаруашылық үрдістері динамикалық оқылуы тиіс.
Кешенділік принципі экономикалық талдау барысында талданылатын кәсіпорынның барлық кезеңдерін, құбылыстапрын, көрсеткіштерін олардың өзара байланыстылығымен жүйелі түрде оңашаландыру қажет.
Жеделділік принципі экономикалық талдаудың тез және нақты жүзеге асырылуын, талдау қорытындысы негізінде басқару шешімдерін қабылдауды көздейді. Сонымен қатар, осы шешімдер кәсіпорын қызметі үрдісінде нақты және уақытылы жүзеге асырылуы тиіс. Талдаудың жеделділігі сапалық және сандық көрсеткіштерді жоспарланған көрсеткіштерден ауытқудың себептерін уақытылы анықтау және ескертуден, теріс факторлардың көзін жою жолдарынан тұрады. Осылайша, талдаудың уақыттылығы оны жоспарды орындауды бақылаудың жеделділігіне мүмкіншілік береді. Экономикалық талдаудан қажетті тиімділік алу үшін оның қорытындысы орындаушымен жедел түрде кәсіпорын басшылығына жеткізілуі тиіс.
Пәрменділік принципі өндірістік қызмет барысына және оның қорытындысына белсенді әсер етуге, яғни, жетіспеушіліктерді, санаудағы қателіктерді, салақтықты уақытылы анықтауға мүмкіндік береді. Осы принцип экономикалық талдау материалдарын кәсіпорынды басқаруға пайдалануға, нақты іс-шараларды дайындауға, жоспарлық мәліметтерді негіздеуге, түзетуге және анықтауға мүмкіндік береді.
Экономикалық талдау жүзеге асырылатын соңғы принцип - бұқарашылдық принципі. Бұл экономикалық талдау барысында озық тәжірибелерді неғұрлым анықтауға және қолда бар шараушылық ішілік қорларды пайдалануға мүмкіндік беретін кәсіпорын жұмысшыларының кең шеңберін аналитикалық жұмысқа жұмылдыруды білдіреді.
IV.Жаңа материалды бекіту: (қойылған сұрақтар мен тапсырмалар)
Бақылау сұрақтары:
Экономикалық талдаудың зерттеу міндеттері қандай?
Экономикалық талдаудың теориялық танымы?
Жалпытеориялық экономикалық талдау.
Талдау ұғымын қалай түсінесіз?
Экономикалық талдаудың бүгінде кәсіпорындар экономикасында алатын орны?
Экономикалық талдау қандай принциптерге сүйенеді?
V.Қорытындылау (білім бағалау).
Оқушылардың сабаққа қатысуына қарай бағалау
Үй тапсырмасы: Н-1 15-18 б
Пән бірлестігі төрағасы: Мирзаметов.Ж
Оқытушы: Қуандық Ж.К.
№ 4 Сабақ жоспары
-
Топ
ЭБА – 171
Сабақтың өткізілетін күні
Пән аты: Экономикалық талдау және қаржылық есептілікті
талдау
Оқытушы: Қуандық Жансая Камалқызы
Сабақтың тақырыбы: Экономикалық талдау және басқа ғылымдар.
Оқыту әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Экономикалық талдаудың міндеттерін түсіндіре отырып,
оқушылардың білімдерін тереңдету, бір жүйеге келтіру
2.Тәрбиелік: Оқушыларды адамгершілікке, тапқырлыққа тәрбиелеу
3.Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін арттыру, пәнге деген
қызығушылығымен ұштастыру
Сабақта қолданылатын көрнекі құралдар: Оқулық, кеспе қағаздары, экономикалық талдау жүйесіндегі кәсіпорын қызметін талдау сызбасы
Сабақтың құрылымы мен мазмұны.
I.Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу
Түгелдеу
Оқушылардың сабаққа дайындылығын тексеру
II .Оқушылардың өткен тақырып бойынша білімін тексеру:
Экономикалық талдаудың міндеттері.
Тексеру әдісі: Сұрақ-жауап.
III.Жаңа материалды түсіндіру.
Түсіндіру әдісі: Лекция материалын баяндау
Материалды түсіндіру жоспары.
Экономикалық талдау бірқатар экономикалық және экономикалық емес тығыз байланысты.
Бірінші кезекте талдаумен байланысты ғылымның ішінде экономикалық теорияны байланысты көруге болады. Ол экономикалық заңдарды олардың әрекет ету механизімі зеріттеп, барлық экономика дамуының теориялық негізін құрайды.
Талдамалық зеріттеулерді жүргізудің барысында осы заңдардың әрекетін есепке алу қажет.
Сонымен қатар экономикалық талдау, өндірісті ұйымдастыру және жоспарлаумен тығыз байланысты. Талдау кезінде жоспарлы материалдар кең түрде қолданылады. Сондықтан талдау жүргізуші экономиканы мемлекеттік реттеу негіздерін және талданып отырған кәсіпорынның өндірісті жоспарлау әдістемесін жақсы білуі қажет. Талдаудың бухгалтерлік есептен байланыстылығы 2-ні жақты сипатта болады.
1.жағынан бухгалтерлік есеп мәліметтері, шаруашылық қызыметті талдау кезінде, деректердің басты қайнар көзі болып табылады.
2.жағынан талдауға пайдаланған талаптар, өз кезенінде бухгалтерлік есепке де қойылады.
Сондай – ақ талдау мен статистикалық байланыстар арасындағы белгілі – бір байланыстарда орын алады. Сонымен қатар экономикалық талдау кәсіпорындарда қаржыландыру және несиелеумен тығыз байланысты.
Ұлттық экономиканың сәйкес салаларын, қаржыландыру мен несиелеу тәртіптілік қаржылық және несиелеу органдарынан мекемелерімен байланыстылығын белгілейтін шаруашылық.
Қызметті жоғары дәрежеде талдауға мүмкіндік жоқ. Бұл ғылымда белгілі – бір дәрежеде бірлік бірі өзара байланысты. Талдаудың негізгі объектілеріне жататындар.
Кәсіпорының өндірістік құрылымы өндірілген өндірістің үлгісі, өндіріс кезеңін ұйымдастыру.
Өндірісті басқару процесін ұйымдастыру.
Шаруашылық статистикасын таңдау өнімді өндіруді жоспарлау және өнімді сатуды әзірлеу.
Өндірісті қал-у капиталды пайдалану және кәсіпорынның табысын қорландыру.
Өндірістің материалдық техникалық, базамен қамтамасыз етілу.
Шикізаттардың материалдық жеткізілуі босалқы қорды қолдау және оларды ұтымды пайдалану
Өндірістің техникалық жағдайымен қажетті инфрақұрылымды құрылыс,
Өндірістік шығындарды қалыптастыру өнімнің өзіндік құнын кав-сы өн-ң баға сая-ты,
Өндірістің қаржы ресурстары: Қаржылық шаруашылық қызыметі,кә-ті тәу-к баға.
Кәсіпорын жаңару қызметі өнімнің сапасы және экономикалық проблемалар.
Кадрларды іріктеу, оларды жұмысқа қабылдау еңбекті ұйымдастыру, еңбекке ақы төлеу жүйесі, және еңбек өнімділігін арттыруды ынталандыру.
Шаруашылық қызметтер талдауының жіктелуі
Олар сәйкесінше салалық кезеңдік, кеңістік белгілерінен, периоттық жүргізу, басқару объектілері.
Зерттеу әдістері, объекті жалпы қамту прогламалардың мазмұндары, тұтынушыларды талдаудан тұрады.
Шаруашылық қызметтің талдауының жіктелуі оны дұрыс түсіну үшін оның мазмұны мен тапсырмалары үлкен мағынаға ие. Экономикалық әдебиеттерде шаруашылық қызметтерді талдау әр түрлі мағынасы бойынша жіктелінеді. Солар баойынша, қоғамдық еңбекті болуы негізінде анықталады, талдау салалық болып бөлінеді. әр түрлі экономикалық салалар (өндірістік, ауыл шаруашылық,көлік сауда ж.т.б) яғни оларға арнайы тәсілдер қолданылады, және сала аралық. Бұл ұлттық экономиканың шаруашылықтың қызметін талдаудың теориялық және методологиялық болып табылады. Яғни шаруашылық қызметтің талдауының теориясы.
Салалық шаруашылық қызметін талдаудың объекті қажеттелігі өндірістегі салалардың әртүрлі болуымен түсіндіріледі қоғамдық өндірістерідің саласы өзінің еңбектің әрқилығын ерекшеліктеріне ие, өзінің мамандануы яғни экономикалық қарым қатынастар нәтижесінде болады. Әр түрлі салалардың мамандануы әр экономикалық ерекшелігімен шарттарын жасау қажеттілігімен негізделеді.
Салалық барлық қоғамдық өндіріс салалары Бір*бірімен тығыз байланысты оларда ортақ нәрсе көп жеке салалардың бір-бірімен байланысы, олардың арасындағы ішінара байланыстың болуы саларалық талдауын Шаруашылық қаржылық талдау жасау қажеттелігін тудырады. Шаруашылықты қызметтің талдаудың теориясы бұл- ғылымның жалпы методологиялық ерекшеліктерін ашып көрсетеді. Шаруашылық қызметті талдаудың әр түрлі экономикалық саласын алдыңғы тәжербиелермен толықтырады. Экономикалық анализдің мазмұнын жалпы және салаларды қоса толықтырады. Экономикалық талдау бойынша жалпы теориялық білімін білу, салааралық талдауда ұқыпты квалификациялық практикалық қолданудың біріңғай әдісін жасау қажетті шарттардың бірі болып табылады.
Кезеңдік белгісі бойынша шаруашылық қызметті талдау алдағы кезең мен келешектегі ретраспективті тарихи. Алдағы кезеңді талдау шарашылық операциялардың іс-жүзіне асырғанша жүргізіледі. Басақарушылық шешіммен жоспарлы тапсырма саларалық болжамжы жоспарлау және жоспарды орындау күтімділік бағасы, ескерту қажеттілігіне негізделеді.
Келешектегі талдау шаруашылық акт аяқталғанан кейін жүргізіледі. Ол жоспарды орындауды қадағалау пайдаланбаған резевтер қорын қорытындылау кәсіпоарын шешімдеріне қанағатты баға беру негізінде қолданылады.
Ретроспективті талдау оперативті және қорытынды деп бөлінеді. Оперативті талдау шаруашылық операциялары аяқталғанан немесе ситуациялық аз уақыт ішінде өзгеруіне негізделеді.
Қорытынды есеп беру кезеңінде жүргізіледі.
Оның құндылығы кәсіпорынның кезең ішінде есеп қорытындысын ауқымды және жан жақты зерттеуді қолда бар мүмкіндікті пайдалану кәсіпорындағы толық баға беруді қамтамасыз етеді.
Кеңістік белгілері бойынша ішкі шаруашылық немесе шараушылық аралық талдауды қарасытрады.
Ішкі шаруашылық талдау тек қана зерттелетін кәсіпорын мен рның өлшемдері мен қызметтерін қарасытрады. Шаруашылық аралық талдауда екі немесе одан көп кәсіпорындардың шешім қызметтері салыстырылады. Алдағы тәжербие мен кемшіліктер кәсіпорын қызметінің тиімділігіне дұрыс бағалау айқындауға мүмкіндік береді.
Мазмұндық программаны талдау кешенді және тақырыптық болып келеді. Кешенді талдау кәсіпорын қызметін жан-жақты қарасытырады. Сол уақыттығы қызықты мәліметтердің мысалы материалдық ресурстарды қолдану кәсіпоарнының өндірістік қуатты өнімінің өзіндік құнын төмендеті немесе тағы басқа. Осы айтылған шаруашылық қызметін талдау формалары ұйымдастыру ен жүргізу әдістері өз бетінше біріңғай.
IV.Жаңа материалды бекіту: (қойылған сұрақтар мен тапсырмалар)
Бақылау сұрақтары:
Экономикалық талдаудың зерттеу міндеттері қандай?
Экономикалық талдаудың статистикамен байланысы?
Жалпытеориялық экономикалық талдау.
V.Қорытындылау (білім бағалау).
Оқушылардың сабаққа қатысуына қарай бағалау
Үй тапсырмасы: Н-1 19-23 б
Пән бірлестігі төрағасы: Мирзаметов.Ж
Оқытушы: Қуандық Ж.К.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген