400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Тарих – ғасырлар куәсі» тарихи – танымдық кеш.

Материал туралы қысқаша түсінік
тарих пәні бойынша сыныптан тыс іс шараны ұйымдастырудағы жас мамамандарға көмекші құрал бола алады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Тарих – ғасырлар куәсі» тарихи – танымдық кеш.


«Сендердің білімдерің – ол сендердің еңбектеріңнің нәтижесі. Сендер өздігінен білім

алуға неғұрлым көбірек еңбектенсеңдер, соғұрлым көбірек білетін боласыңдар»

Н.Ә.Назарбаев

Мақсаты:

1. Қазақстан тарихы туралы оқушылардың алған білімін жинақтап, одан әрі танымдылығын арттыру.

2. Оқушылардың ойлау, сөйлеу дағдысын дамыту өз ойын мәдениетті түрде жеткізе білу

3. Туған халқына, Отанына, оның тарихи тағдырына деген құрмет сезімін қалыптастыру.

Патриоттық тәрбие беру.

Күтілетін нәтиже:

- алған білімдерін түрлі жағдаяттарда қолдана білу;

- сөйлеу мәдениетін көтері;

- аналитикалық, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту;

- танымдық қызметіне қызығушылық туғызу;


Мақсаты: Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында тарихи - танымдық сайыстар арқылы оқушылар белсенділігін арттыру, ұлттық тарихымызға, салт - дәстүрімізге шолу жасау, білімін шыңдау.

І. Кіріспе сөзі (мұғалімнің).

- Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар. Жалпы білім беретін пәндік цикл онкүндігі мен алда келе жатқан ҚР Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай ұйымдастырылып отырған «Тарих – ғасырлар куәсі» атты тарихи – танымдық кешімізге қош келдіңіздер! Бүгінгі кештің мақсаты ұлттық тарихымызға, салт - дәстүрімізге шолу жасау арқылы тәуелсіздігімізді, елдігімізді қастерлеу.

1-жүргізуші. Бұлтты көріп түнерген,

Қанаттылар талмаңдар.

Қазақ деген ұлы ел-

Ардан туған арман бар.

2-жүргізуші: Өткенім бар,өкініш жасыра алман,

Тарихым бар, жазылған ғасырлардан.

Қазақ деген ел барын әйгілейік,

Орындалсын аңсаған асыл арман!

1-жүргізуші: Тәуелсіздік алып келген оң өзгерістер де мол. Тәуелсіздіктің ең басты жетістігі- еркіндік. Еліміздің еркін өміріндегі бүгінгі табыстарының бәрі де тәуелсіздіктің нәтижесі. «Тарих – ғасырлар куәсі» атты тарихи - танымдық кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

2-жүргізуші:

Сайыста бақ сыналар,бап сыналар

Бас жүлдені өнерлі, тапқыр алар,

Кім өнерлі, кім тапқыр - шешу қиын

Қазылар алқасы болмаса нық сын алар -дегендей кез-келген сайыс бағалануы тиіс.Осының аражігін ажырататын қазылар алқасы болатынын білеміз. Олай болса әділқазылар алқасын таныстыруға рұқсат етіңіздер

_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


1-жүргізуші: «Тарих ғасырлар куәсі» атты интеллектуалды сайысқа қатысушылармен таныс болыңыздар.

№ 1 қатысушымыз ______Қибадулина Акниет____________________________________


___________________Қайырлы күн қымбатты көрермендер. Бүгінгі білім бәсекесінде

Төзімділігім «ту» болып, Ұлтжандылығым «Ұран болып, Әділдігім «Ән» болып, Жеңіс жалауына жетсем деймін.

2-жүргізуші: интеллектуалды сайыс ойында бағын сынайтын келесі № 2 қатысушымыз ____________Сағынбаев Бауыржан ________________________________

____________________Өткен шаққа алғыс айтып, осы шаққа сүйсіне қарап, келер шақты үмітпен күтетін менің бұл сайысқа қатысып отырғандағы ең басты мақсатым, білімімді одан әрі жетілдіру болмақ. Менің ұстанымым Абай атамыздың өлең жолдары:

Сенбе жұртқа тұрсадағы қанша мақтап,

Әуре етеді ішіне қулық сақтап,

Өзіңе сен өзіңді алып шығар,

Еңбегімен ақылың екі жақтап.

1-жүргізуші:: Келесі № 3 ойыншымыз ______Әкімжанов Нұрислам ____________

____________________Армысыздар, жиналған қауым. Менің бүгінгі ойынға келіп отырғандағы мақсатым, өз бағымды сынап, білімімді тексеру. Менің өмірлік ұстанымым тек «Алға».

2-жүргізуші: Келесі №4 қатысушымыз ізгілік жолын білімнен іздейтін ___Сағынтаева Гайша____


___________________Осы зияткерлік сайысқа қатысу себебім өзімнің білімім мен дүниетанымымның шын мәнідегі дәрежесін білу, ал өмірлік ұстанымым «еркін де қызықты» өмір сүру.

1-жүргізуші: Соңғы № 5 қатысушымыз _____________Елтай Алихан_______________________

Армысыздар ардақты Алаш елі.

Қараңғы қазақ көгіне, Өрмелеп шығып күн болам,

Қараңғылықтың кегіңе, Күн болмағанда кім болам? Бүгінгі ойын нағыз көшбасшыны анықтасын.


2-жүргізуші: Келесі кезекте ойынның шарттарымен таныстырып өтейік.

I — тур: Он сұрақ (әр қатысушыға сұрақ) 1минут 10 сұраққа жауап

II- тур: Елді қалыптастырушы Елбасы (бейне сұрақ)

III- тур: Тұлғаларды танып біл (қойылған сұрақтарға жауап беру)

I — тур: Командылар өздерін таныстыру

II- тур: Он сұрақ (көшбасшыларға сұрақ) 10 сұраққа жауап тез – тез жауап беру керек .Әр дұрыс жауап үшін 5 ұпай беріледі.


№ 1 қатысушы

1.Қазақ хандығының тұңғыш хандары (Жәнібек пен Керей)

2.Белгілі ғалым «Әлемнің екінші ұстазы » Әл – Фараби

3.Конституция нешінші жылы жарияланды?(30 тамыз 1995 жыл)

4.Қазақстан терриоториясының ауданы (1,6 млн.км шаршы)

5.Жеті рет өлшеп… (бір рет кес)

6.Бір адам құдық қазса… (мың адам су ішеді)

7.Жануарлар арасындағы ұзындыққа секіру чемпионы кім? (кенгуру)

8.Абылай хан жерлеген қала (Түркістан)

9. Тарих ғылымының атасы (Геродот)

10.Араб цифрларының отаны

№ 2 қатысушы

1.Ақмола Астана деп қай жылы аталды? (6 мамыр1998 жыл)

2.Тұңғыш Президенттің күні (1желтоқсан)

3. Ғылым патшасы (математика)

4.Ең ірі жәндік (кит)

5.Тұңғыш Қазақстан ғарішкері (Т.Аубакиров)

6.Отыз тістен шыққан сөз .....( отыз рулы елге жетеді)

7.Қандай астық дән суда өседі? (күріш)

8.Қазақстан аумағы бойынша дүние жүзінде нешінші орын алады? (9)

9.Еңбек ширатады… (өмір үйретеді)

10.Н.Назарбаев 1960 ж.еңбек жолын жұмысшы болып бастаған қала (Теміртау)

№ 3 қатысушы

№ 4 қатысушы

№ 5 қатысушы



III- тур: Елді қалыптастырушы Елбасы (бейне сұрақ)


IY — тур: Тұлғаларды танып біл (қойылған сұрақтарға жауап беру)

  1. Жалғыз Отан – адамның жүрегі ғой,

Ер жігіт туған жерін сүйеді ғой.

Ел үшін желтоқсанда құрбан болған (Қайрат)


2) Шағатайдың алты ай бойы басып ала алмаған Отырар қаласы туралы дастан жазған кім? (М.Шаханов)


3) Жүрегімнің түбінен терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла ( Абай)


4) Білімсіздер білімдіге жау болды,

Надандардың аңсағаны дау болды.

Бұл сөзімді білімдіге арнадым,

Білімсіздің тілін ұға алмадым. (Ж.Баласағұн )


5) Қара қазан сары бала қамы үшін

Ат үстінде алмас қылыш сермедік ( М.Өтемісұлы)


Қорытынды:


1-жүргізуші: «ХХІ ғасыр мәдениеттің, ғылым мен ақыл-ой бәсекесінің ғасыры болмақ,»- деп президентіміз Н.Ә.Назарбаев айтып өткендей бұл ғасырда өмір сүріп отырған барша ұрпақ ғылым саласында өзіндік жол салар дара ұрпақ болуы тиіс. Олай болса болашаққа нық қадам жасау бүгіннен басталады. «Ата-бабаларымыз бізге бірліктің, ынтымақтың, тұтастықтың ұлы үлгісін көрсетіп кетті. Қазақстанның арғы - бергі тарихының ең ғибратты тағылымы, міне осында.

Айнагүл:

- Достар, болашақтың іргесін қалайтын, Қазақстанның мерейін көтеретін азамат пен азаматша сендерсіңдер. ҚР Тұңғыш Президент күні құтты болсын! Еліміз тыныш, аспанымыз ашық, деніміз сау болсын! Сендерге әрдайым сәттілік тілейміз!

Қатысушыларға да сайысқа белсене ат салысқандарына үшін алғыс айтамыз! Келесі кездескенше, аман сауболыныздар!!!
















№ 1 қатысушымыз ______Қибадулина Акниет

  • Қайырлы күн қымбатты көрермендер. Бүгінгі білім бәсекесінде Төзімділігім «ту» болып, Ұлтжандылығым «Ұран болып, Әділдігім «Ән» болып, Жеңіс жалауына жетсем деймін.



№ 2 қатысушымыз ___Сағынбаев Бауыржан

  • Өткен шаққа алғыс айтып, осы шаққа сүйсіне қарап, келер шақты үмітпен күтетін менің бұл сайысқа қатысып отырғандағы ең басты мақсатым, білімімді одан әрі жетілдіру болмақ. Менің ұстанымым Абай атамыздың өлең жолдары:

Сенбе жұртқа тұрсадағы қанша мақтап,

Әуре етеді ішіне қулық сақтап,

Өзіңе сен өзіңді алып шығар,

Еңбегімен ақылың екі жақтап.



№ 3 ойыншымыз ___Әкімжанов Нұрислам

  • Армысыздар, жиналған қауым. Менің бүгінгі ойынға келіп отырғандағы мақсатым, өз бағымды сынап, білімімді тексеру. Менің өмірлік ұстанымым тек «Алға».


№4 қатысушымыз _ Сағынтаева Гайша_

  • Осы зияткерлік сайысқа қатысу себебім өзімнің білімім мен дүниетанымымның шын мәнідегі дәрежесін білу, ал өмірлік ұстанымым «еркін де қызықты» өмір сүру.


№5 қатысушымыз _Елтай Алихан___


Армысыздар ардақты Алаш елі.

Қараңғы қазақ көгіне, Өрмелеп шығып күн болам,

Қараңғылықтың кегіңе, Күн болмағанда кім болам? Бүгінгі ойын нағыз көшбасшыны анықтасын.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
1 қазан
1745
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі