400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 14 материал табылды

"Тарих әлеміне саяхат" интеллектуалдық тарихи ойын

Материал туралы қысқаша түсінік
"Тарих әлеміне саяхат" интеллектуалдық тарихи ойын
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Тарих әлеміне саяхат» интеллектуалдық-тарихи ойын

Мақсаты:оқушылардың тарих сабағынан алған білімдері бойынша қайталау арқылы жинақтап, одан әрі танымдылығын арттыру,туған халқына, Отанына, оның тарихи тағдырына деген құрмет сезімін қалыптастыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Жүргізуші сөзі:

Армысыздар, қадірменді оқушылар! — Армысыздар, жақсы ниетпен келген ұлағатты қонақтар! Отан, туған жер, атамекен, елім, ауылым деген жүрек тебірентіп шаттық сезімді оятатын қасиетті сөздер мен туған жердің тарихы, шежіресін білу – әрбір ұрпақтың азаматтық борышы.  Интеллектуалды тарихи танымдық ойынын бастауға рұқсат етіңіздер.
Сан ғасырлар тарихынан кешегі, туған жердің шежіресі өседі. Менің елім Қазақстан – Отаным, болашағы бізбен бірге өседі,- деп ХХІ ғасырдың талантты жастары –
екі топтың ойыншыларымен таныстырайық:

І топ – «Болашақ» тобы

ІІ топ – «Дарын» тобы

Алдарыңызда өз білімімен, ақыл — ойымен, эрудициясымен ерекшеленген әр топтың білімді оқушылары. Ойынымыздың алдында білім сайысының әділ эксперт мүшелерімен таныс болыңыздар. (таныстыру)

Сайыс барысы:

1 кезең «Жорға»  сұрақ-жауап

ІІ кезең. «Ұяшықтар»

ІІІ кезең. «Тарихи есімдер»

ІҮ кезең «Қара жәшік» топ басшыларының сайысы



І кезең. «Жорға»  сұрақ-жауап .Әр дұрыс жауап 10 ұпай

І топқа қойылатын  сұрақтар:
1. Ең қадірлі адам (Ана)
2. А. Байтұрсынұлының өмір сүрген жылдары (1873 — 1938)
3. А. Құнанбаевтың шын аты. (Ибрахим)
4. «Қазақ» газетінің редакторын ата. (А. Байтұрсынов).
5. . Қазақ хандығын құрған кім? (Керей, Жәнібек)
6. Соғыста ерлік көрсеткен адам (Батыр)
7. Жер көлемі жағынан Қазақстан нешінші орында? (9)
8. «Пайғамбар» сөзі қандай мағына береді?. (Алланың жердегі өкілі)


ІІ – топқа  берілетін сұрақтар:
1. ҚР — ның әнұранын ата. (Ш. Қалдаяқов, Нәжімеденов, Назарбаев)
2. Қожа Ахмет Яссауи кесенесі қай жерде? (Түркістан)
3. Еліміздің тәуелсіздік алған күн (1991 ж. 16 желтоқсан)
4. Абылай ханның лақап аты. (Сабалақ)
5. Мемлекеттік рәміздер қашан қабылданды? (1992 ж. 4 маусым)
6. «Жеті Жарғы» қай ханның тұсында жазылды? (Тәуке хан)
7. Мұсылманның қасиетті айы, күні, түні.
(Рамазан, Жұма, Қыдыр)
8. Парламент деген не, неше палатадан тұрады? (Заң шығарушы орган, 2 палата)


ІІ кезең. «Ұяшықтар» https://www.baamboozle.com/game/2782898 платформасы арқылы сұраққа жауап бересіздер.Әр-бір дұрыс жауап 15 балл. Назарларыңыз экранға аударыңыздар!



ІІІ кезең «Тарихи есімдер»  кезеңінің  тапсырмалары https://wordwall.net/ru/resource/86447522 арқылы орындайсыздар. Назарларыңызды экранға ауадарыңыздар!

Ұяшықта тарихи тұлғалардың бейнесі жасырылған: Әр топ өздеріне ұнаған ұяшықты таңдайды. Әр- бір дұрыс жауап 10 ұпай.

1)Ғалым және саяхатшы — 1835 жылы туылған, көптеген бейтаныс жерлерді зерттеуші. Абылай ханның шөбересі, ақсүйек тұқымынан шыққан, шын есімі-Мұхаммед-Қанапия. Алғаш  сауатын мұсылман молдасынан ашқан,кейіннен Омбы кадет корпусында білімін жалғастырған. Бұл кім? (Ш.Уәлиханов)

2) Қоғамтану  әлемінен 1866-1937 жылдары өмір сүрген ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, аса көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, аудармашы.  «Тағы соғыс», «Дума партиялары», «Дума мен қазақтар» атты мақалалардың авторы. Бұл кім? (Ә.Бөкейханов)

3) «Ұрпағым, біліп жүр, бар шығармашылық жолымды саған арнадым»!Жазба әдебиетінің негізін салушы, көрнекті ақын, жазушы, қоғам қайраткері. 1845 жылы Семей облысы, Шыңғыстау баурайында  ауқатты отбасында дүниеге келген. Оның шығармаларында ерекше орын алатын еңбегі – нақыл сөздері. Ол 45 бөлімнен тұрады. Басты тақырыптары:  адамның қасиеттері, болмысы. Бұл кім? (А.Құнанбаев)

4)Ол — желтоқсанның аққан жұлдызы, жас сұңқар – ең жоғарғы жаза – ату жазасына іліккендердің бірі 1966 жылы Жамбыл облысының Мойыңқұм ауданындағы Көктерек елді мекенінде дүниеге келген. Әкесі Ноғайбай бақташы, шешесі Дәметкен сауыншы болатын. (Қ.Рысқұлбеков)

 5)Ол орта жүздің ханы болды. Әйгілі Есім ханның 5-ші ұрпағы болып саналады. Оның шын аты – Әбілмансұр. 13 жасында ол әкесінен айрылып, жастайынан ұрыстарға белсенді қатысады. Жас кезінен ол  данышпандығымен ерекшеленіп, оған тірі кезінде «аруақ»(киелі) деген атақ берілді. Бұл кім? (Абылай хан)



 ІҮ кезең топ басшыларының сайысы: «Қара жәшік», ортаға әр топтың басшылары қара жәшіктегі затты анықтайды.

Әр  топ басшысына бір заттан жасырамын. Мұқият тындап қара жәшікте не жатыр екенін айтсыздар, 10 ұпай сіздердікі.

1.Сонымен, биологтер оны тірі организмдердің өмір сүретін орны десе, экономистер-өнеркәсіп факторы дейді. Ал тарихшылар оны мұрагерлік жолмен берілетін жеке меншік деп атайды. Кара жәшіктегі не? (жер)

2.Бұл нәрсе АҚШ-та 1887 жылы, Францияда-1791 жылы,  қабылданды. Ал Ұлыбританияда ол осы күнге дейін  қабылданған жоқ. Қазақстанда  тәуелсіздік алғаннан бері 2 рет қабылданды. Жәшікте не жатыр№ (Конституция)

3.Келісімшарттар нәтижесіне жетпегенде, сөздің орнына осы заттың дыбысы естілетін.  Сол заттың  көмегімен соғыстың басталуын жариялайтын. Жәшіктегі нәрсені атаңдар.  (кітаптың ішіндегі пышақ)

4. Тримерлі молекуладан куралган элементтін бірі. Онын молекуласындагы эрбір кеміртегі атомы кершілес атомдармен берік жалгасады, сондыктан ол катты болады. Ол ете катты болгандыктан, шыныны кесіп, тасты тесе алады. Ол кыздырганда булінбейді: суда да, кышкылда да, тіпті органикалык еріткіштерде - спирт пен бензинде де ерімейді. (Алмаз)

5. Бул затты адамдар кунделікті емірде колданып, пайдаланады. Олардын пайдалану жене колдану аясына карай неше турлері де болады.Казіргі танда онын суйык турлері де колданыста. Оларды теледидардан жарнамалап та жатады. Бул затты узак уакыт пайдаланбай журу мумкін емес. (Сабын)





Қорытынды. Марапаттау кезеңі





















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
12 ұстаз жүктеп алған
16.02.2025
217
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі