400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

«Тарих әлеміне саяхат» танымдық сайысы

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға сабақтан тыс іс шарада қолануға болатын сабақ жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Тарих әлеміне саяхат» танымдық сайысы

Тақырыбы: «Тарих әлеміне саяхат» танымдық сайысы
Мақсаты:
Білімділік: оқушылардың Қазақстан тарихынан алған білімдерін толықтыру, жан-жақты дамыту
Дамытушылық: оқушылардың логикалық ойлау, есте сақтау, топпен жұмыс істеу қабілеттері мен дағдыларын дамыту
Тәрбиелік: оқушылардың Қазақстан тарихына деген құрмет сезімдерін арттыру, азаматтық, патриоттық тәрбие беру
Сабақтың түрі: сайыс сабағы
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, карта, топпен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: тақырыптық слайд, суреттер, бейне материалдар, Қазақстан картасы
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
сайысқа Самғау және Бәйтерек атты 2 топ қатысып отырған топтарды орындарына отырғызу
Жүргізуші сөзі:
Құрметті ұстаздар, оқушылар! «Тарих әлеміне саяхат» тақырыбында өткелі отырған танымдық сайысына қош келдіңіздер!
ІІ. «Тарих әлеміне саяхат» танымдық сайысын жүргізу жоспары:
1. Сайыстың мақсаты мен міндеттерімен таныстыру
2. Сайысқа қатысушы топтар Самғау және Бәйтерек
3. Әділ қазылар тобымен таныстыру
4. Ойын шартымен таныстыру
Сайысымыз негізгі 4 турдан тұрады.

1-турымыз «Мен білемін» деп аталады 2- турымыз «Ұшқыр ой» деп аталады 3 - турымыз «Сырға толы карта» 4- турымыз «Тарихи тұлғаны ата» деп аталады

Сайысымызды бастамас бұрын әр топ өзінің атымен және ұранымен таныстырады, әділқазылар топтардың таныстыруын бағалайды.

1 турымыз «Мен білемін» деп аталады.

Әр дұрыс жауап 2 ұпаймен бағаланады.

1.Шу,Талас аңғарындағы ХҮ ғасырдың ортасында қалыптасқан мемлекет? (Қазақ хандығы)

2.ХҮІІІ ғ басындағы соғыс қасіретінен туған ән? (Елім-ай)

3.Қасиетті мұсылман санына байланысты заңның атауы? (Жеті жарғы)

4.Қ.Жұмаділов романында Дарабоз атанған батыр? (Қабанбай)

5.Жоңғарларға қарсы соғысқа қатысқан 15 жасар бозбала? (Абылай)

6.Керей мен Жәнібектің ақылшы ,кеңесшісі болған жырау? (Асан қайғы)

7.Абылайдың кеңесшісі,ақылшысы болған жырау? (Бұқар)

8.Исатайға күй арнаған күйші? (Құрманғазы)

9.Қазақты үшке бөлген сан? (100)

10.Қай хан тұсында қазақ хандығындағы халықтың саны 1 млн-ға жетті? (Қасым)

11.Бес ай қоршауда болған қала? (Отырар)

12.ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырларда қазақ елі қай мемлекетпен күресті? ( Жоңғар)

13.Қазақстанда сопылық ілімнің негізін салушы? (Қожа Ахмет Иасауи)

14.Үш есімді батыр кім? (Ерасыл, Қабанбай,Дарабоз)

15.Кіші жүзде болған ұлт-азаттық көтеріліс жетекшілері? (Исатай мен Махамбет)

16. 98 қазақ батыр атағын алған қай соғыс (1945 жылғы Ұлы Отан)

17.Қазақ тың әдет-ғұрып заңдарын ата: (Қасымханның қасқа жолы ,Есімханның ескі жолы, Жеті жарғы)

18.Аштық жылдары деп қай жылдарды айтамыз ? (1931-1933 жж)

19.Қазақтың ұлт-азаттық күрестерін ретімен ата? (Сырым,Исатай, Кенесары, Амангелді)

20.К.Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс болған жылдар? (1837-1847ж)

2 турымыз «Ұшқыр ой» деп аталады
Әрбір топқа кезекпен жалпылама Абылай хан және тәуелсіз Қазақстан тақырыбы бойынша сұрақтар қойылады. Дұрыс жауап 5 ұпай.
Сұрақтары:
1. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы Заң қашан қабылданды? (1991 жылы 16 желтоқсан)
2. Абылай ханның шын есімі? (Әбілмансұр)
3. "Қазақстан болашағы - қазақ елінде", "қазақ қазақпен қазақша сөйлессің" деген нақыл сөздердің авторы кім? (Н.Ә.Назарбаев)
4. Қазақстан Республикасы қандай елдермен шектеседі? (Қытай, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан)
5. Абылай ханға Сабалақ деп ат қойған кім? (Төле би)
6. Қазақстан қандай халықаралық ұйымдарға мүше? (БҰҰ, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, Ислам ұйымы)
7. 1729 жылы Аңырақай шайқасында Абылай жекпе-жекте өлтірген жоңғар батырының есімі? (Шарыш)
8. Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасының авторлары? (Ш.Уәлиханов, Ж.Мәлібеков)
9. Абылай хан жерленген кесене? (Қожа Ахмет Йассауи кесенесі)
10. Қазақстан Республикасының ұлттық валюта күні қашан? (15 қараша)
11. Абылай ханның билік құрған жылдары? (1771-1781)
12. Астана қаласының символы? (Бәйтерек)
13. Абылай ханның кеңесшісі болған "көмекей әулие( атанған жырау кім? (Бұхар жырау)
14. Тұңғыш Президент күні қашан? (1 желтоқсан)
15. Қазақстан Республикасының Конституциясы неше бөлімнен, баптан тұрады? (9 бөлім, 98 бап)
16. Қазақстан Республикасының қазіргі әнұраны қашан қабылданды? (2006 жылы) 17. Қазақстан Республикасы туының авторы? авторы (Ш.Ниязбеков)
18. Орта Азияның билеушісі Әмір Темірдің бұйрығымен салынған кесене (Қожа Ахмет Йассауи 19. 2001 жылы 29 тамызда полигон құрбандарын еске алу мақсатында Семейде "Полковничий" аралында “Өлімнен де күшті” монументі қойылды. Жоба авторы (Шоты-Аман Уәлиханов) 20.Қазақ газаетінің алғашқы редакторы (А.Байтұрсынов)

3 - турымыз «Сырға толы карта»
Әр топқа кезекпен Қазақстан қалалары бойынша сұрақтар қойылады. Қойылған сұрақ бойынша әр топ сұраққа жауап беріп қана қоймай, сонымен қатар қаланы картадан көрсетуі қажет. Толық дұрыс жауап 10 ұпай, егер картадан көрсете алмаса, 5 ұпай.
Сұрақтары:
1. Айша бибі кесенесі орналасқан қала? (Тараз)
2. 1961 жылы 12 сәуірде адамзат тарихында тұңғыш рет Ю.Гагарин "Восток" ғарыш кемесімен ғарышқа қай жерден аттанды? (Байқоңыр)
3. Алаш автоаномиясының астанасы болған қала? (Семей)
4. Қазақтар қай қаланы Қызылжар деп атайтын? (Петропавл)
5. Негізі 1640 жылы қаланған Гурев қаласының қазіргі аты? (Атырау)
6. Ғалымдар бұл қаланың атауын "бау-бақшалы қала", "жасыл қала" деп түсіндіреді? (Шымкент) )
7. Қазақ ақындары І.Жансүгіров, С.Сейфуллин жыр арнаған қай қала? (Көкшетау)
8. Мұғалжар тауының оңтүстік батысында орналасқан Ресейдің Орынбор облысымен шекаралас қала? (Ақтөбе)
9. Көлінің суы екі бөліктен тұрады ,Шығыс жағындағы ащы көк болса, батыс бөлігі тұщы түсі сұр болады. (Балқаш)
10. 1854 жылы негізі қаланған Верный бекінісі қазіргі таңда қай қала? (Алматы)
11. Қ.И.Сәтбаев 1942 жылы осы өңірде мыс кен орындарын ашқаны үшін мемлекеттік сыйлыққа ие болды? (Жезқазған)
12. 1964 жылдан 1991 жылға дейін украин ақыны Тарас Шевченконың құрметіне Шевченко деп аталған қала? (Ақтау)
13. 1924-1929 жылдары Қазақстанның астанасы болған қала? (Қызылорда)
14. 1833 жылы Аппақ Байжанов тас көмірін тапқан қала? (Қарағанды)
15. Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы Ы.Алтынсарин дүниеге келген өңір? (Қостанай)
16. 16-18 ғасырлардағы Қазақ хандығының астанасы? (Түркістан)
17. Қазақстанның түсті металлургия орталықтарының бірі болып саналатын қала? (Өскемен)
18. "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" кесенесі орналасқан өңір? (Аягөз)
19. Жасыбай көлі, Баянауыл тауы орналасқан өңір? (Павлодар)
20. 1999 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен "Бейбітшілік қаласы" атағын алған қала? (Астана)

4- турымыз «Тарихи тұлғаны ата» деп аталады
1
. Төле би Әлібекұлы қазақтың Тәуке, Болат, Әбілмәмбет, Жолбарыс, Абылай хандары тұсында мемлекет басқару ісіне араласқан аса ірі мемлекет және қоғам қайраткері, ойшыл дана, Әз Тәуке хан құрған «Билер кеңесінің» мүшесі, атақты шешен, Ұлы жүздің төбе биі, «Жеті жарғы» деп аталатын заңдар кодексін шығарушылардың бірі.
2. Абылай хан Қазақ Ордасының ханы, қазақ мемлекетінің тарихындағы аса көрнекті мемлекет қайраткері, арғы тегі –Жошы хан.. Аңырақай шайқасы болған жылдары жоңғар батыры Шарышты жекпе-жекте өлтірген.
3.
Қожа Ахмет Яссауи кесенесі — Түркістан қаласында XIV ғасырдың соңында тұрғызылған архитектуралық ғимарат. Кейін бұл кесене мұсылмандардың жаппай тәуеп ету орнына айналды.
4
. Қаныш Имантайұлы Сәтбаев Кеңес Одағының геологі, қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясын ұйымдастырушы және оның тұңғыш президенті, Қазақ КСР академиясының академигі, Кеңес Одағының және Қазақстанның металлогения мектебінің негізін қалаушы, қазақтан шыққан тұңғыш академик.
5
. Әлия Нұрмұхамбетқызы Молдағұлова
1943 ж. Снайперлер дайындау орталық әйелдер мектебін аяқтайды. 1943 ж. бастап 54-ші арнайы атқыштар бригадасы 4-батальонының снайпері болған. Жау әскерінің 30-дан аса сарбаздары мен офицерлерінің көзін жойған.
6. Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан XIX ғ. соңы мен XX ғ. басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға. Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттық және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы.
1989 жылы мамырдың 14 КСРО Жоғарғы сотының қаулысы бойынша әрекетінде қылмыс құрамы жоқ болғандықтан, ақталды.
7. Бауыржан Момышұлы Кеңес одағының батыры, жазушы, Екінші дүниежүзілік соғыстың даңқты жауынгері, әскери қолбасшы, стратег және тактик.
Москва үшін шайқаста 207 рет ұрысқа қатысты. Гвардия полковнигі . 1990 жылдың 12 желтоқсанында туғанына 80 жыл толуына орай Кеңес Одағының Батыры деген жоғары атақ берілді.
8. Тоқтар Оңғарбайұлы Әубәкіров қазақтан шыққан тұңғыш ғарышкер, ұшқыш, Кеңес Одағының Батыры , Қазақстан Республикасының Халық Қаһарманы, техника ғылымының докторы профессор .
9. Мұхтар Омарханұлы Әуезов - қазақтың ұлы жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Қазақстан ғылым академиясының академигі , филология ғылымдарының докторы, профессор Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген ғылым қайраткері "Абай" романының бірінші кітабы, 1947 жылы екінші кітабы жарық көрді.

Ойынды қорытындылау.
Әділқазылар алқасына сөз беру.
Топтарды марапаттау.
 




















«Тарих әлеміне саяхат»

танымдық сайысы




















































Ашық сабақ


Қорқыт. Асан қайғы.

Қазақ жыраулары.







Дайындаған тарих пәнінің мұғалімі:

Дюсенбаева Ш.М.










Бұланды орта мектебі

2017- 2018 оқу жылы

 

Сабақтың    тақырыбы: Қорқыт.Асан қайғы Қазақ   жыраулары.

Сабақтың   мақсаты:

Қазақ даласының қоғамдық саяси,әлеуметтік ой пікірлерінің көшбасшысы, әдебиет  өкілдері  туралы  мәліметтер  беріп  түсіндіру. Қазақ   халқының  шығармашылық  дәстүрлерін  бай  мұраларын таныстыру,олардың  тарихи  маңызын  көрсету.

Білімділік: Бүкіл түркі өркениетіне ортақ орағасырлық тұлғалардың бірегейі Қорқыт, Қазақстан   аумағында  ХІҮ – ХҮІІ ғасырлардағы қазақ ұлтының рухани мәдениетін, ақын жыраулардың келер ұрпаққа айтар өсиетін мұң –мұқтажын, қайғы –қасыретін аша білу.

Дамытушылық: ізденіс,өй – өрісін  дамыту

Тәрбиелілік: Өз  елінің  тарихын  білуге, құрметтеуге, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың  түрі: аралас   сабақ.

Сабақтың  әдісі: ауызша   баяндау, ХҮ – ХҮІІ ғасырлардағы ақын – жыраулардан постер құру, сұрақ -  жауап. Теспен жұмыс

Сабақтың   көрнекілігі: Қазақстан   картасы, оқулық, жыраулар портреттерінен слайд.

Сабақтың   жоспары:

1.Қорқыт ата.

2. Асан   қайғы.

3. ХҮ – ХҮІІ ғасырлардағы ақын – жыраулар Қазтуған Сүйінішұлы, Сыпыра жырау, Шалкиіз жырау, Доспанбет жырау, Бұқар жырау.

 

Слайдтты қарау

Тыңдалым

Оқушыларға сұрақтарды қою.

1.Қорқыт қай ғасырда, қай жерде өмір сүрген?

2.“Қорқыт”туралы жазба деректер қай ғасырларда пайда болған ?

3.Қорқыт туралы қандай ғалымдардың зертеу жұмыстары бар?

4.Қорқыт жырында қобызды қандай заттан ж/е қалай жаслған?

5.Қорқыт ажалдың тұзағына түспес үшін қандай айла жасайды?

6.Қорқыттан қалған қандай күйлер бар?

Слайд мазмұнына үңіліп, сұрақтарға жауап береді

Айтылым

1. Асан қайғы ғасырда, қай жерде өмір сүрген?

2 Асан неге “қайғы” атанған?

3.Асан қайғының қазақ сұлтандарына қай жерге қоныстануға үгіттейді.

4.Ш.Уалиханов Асан қайғыны қалай бағалаған?

5.Асан қайғының жер туралы айтқандарын талдау.

6.Жерұйық дегеніміз не?



Ой қозғау

Жырау мен жыршының айырмашылығы неде?

Айырмашылық белгілерді атайды.

Жазылым


Жыраулар толғаулары” тақырыбында постер дайындайды.

Оқулық мәтінін пайдалана отырып,

Жеке жұмыс

Оқылым

Тест тапсырмасын орындау


Бекіту ой толғау

Егер сендер XXI ғасыр жыраулары болғандарыңда не жайлы жырлар едіңдер

Ойларын ортаға салады


Рефлексия

Түстер арқылы тақырыпты түсінгенін анықтау

Қызыл: - тақырып қызықты

Сары : - тақырыпты толық түсінгім келеді.

Жасыл : -тақырыпты түсінген жоқпын

Оқушылар сабақтан алған әсерлері бойынша түстерді орналастырады.

Үй тапсырмасы

42-43 параграф оқу, ХҮ – ХҮІІ ғасырлардағы мәдениет өкілдері сызба құрастыру.

























Тест


1.Әбу  Насыр әл-Фараби дүниеге келген қала?

А) Испиджаб  Ә)Баласағұн  Б)Отырар


2.Шығыстың аса көрнекті ғалымы Әбу Насыр әл-Фараби қанша ғылыми салаларды қамтитын трактаттар жазып қалдырған?

А) жүзге тарта         Ә)жүз елуге тарта      Б)екі жүзге тарта


3.Махмұд Қашғаридің жазған еңбегі?

А) «Диуани лұғат ат-түрік»   Ә) «Диуани хикмет»  Б) «Құтағду білік»

«Диуани лұғат ат-түрік»  атты атақты шығарма


4.Махмұд Қашғари қай ғасырда өмір сүрген?

А) ХІ ғасыр   Ә)ХІІ ғасыр  Б) ІХ ғасыр


5.Жүсіп Баласағұнның дүниеге келген қаласы?

А) Испиджаб  Ә)Баласағұн  Б)Отырар


6.Жүсіп Баласағұнның атақты еңбегі?

А) «Диуани лұғат ат-түрік»   Ә) «Диуани хикмет»  Б) «Құтағду білік»


7.Қожа Ахмет Йасауи  өмірге келген қала?

А)Отырар   Ә)Сайрам    Б)Түркістан


8. Қожа Ахмет Йасауиден қалған мұра?

  А) «Диуани лұғат ат-түрік»   Ә) «Диуани хикмет»  Б) «Құтағду білік»


9. Қадырғали Жалайыридың еңбегі?

А) «Жылнамалар жинағы»   Ә) «Құтты білік»  Б) «Даналық кітабы»


10. ) «Жылнамалар жинағы»  атты шығарма қай жылы жазылып аяқталған.

А) 1502 ж   Ә) 1602 ж Б) 1702ж


 

 

 

 

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
15 ұстаз жүктеп алған
02.06.2019
5512
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі