Материалдар / Тарих апталығының өтілуі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тарих апталығының өтілуі

Материал туралы қысқаша түсінік
09 желтоқсан күні Ортақ мешітінің бас имамы Әбдуқаххар Хадиев «Діннің қоғамдық рөлі, Дін және қазіргі заман, төзімділік пен сана бостандығы » тақырыбында 9 сынып оқушыларымен кездесу өткізді .Ұлтты қалыптастыруда ең үлкен жетекші күш - дін, иман, адам болмысы және тіл екендігі, қай жерде қоғам болса, сол жерде сенім жүйесі болатынын түсіндірді. Дін туралы жалпы мағлұмат беріп, діннің құрылымы мен функцияларын, діни нанымдар, діннің мәдениетке, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптарға ықпалы туралы түсіндірді. Жеткшісі тарих пәні мұғалімі А. Мамуров.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Қараша 2022
385
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Бекітемін

мектеп директоры Х.Диметов





Ш.Ниязов атындағы жалпы орта мектебі тарих,құқық, география пәндер бірлестігінің 03.12.2021ж – 13.12.2021 ж аралығында өткізілетін Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздің –мәңгілік елдің тұғыры»

атты апталығының іс- жоспары.




Іс-шарлар


Сыныбы


Мерзімі


Орындаушы


1


Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздің –мәңгілік елдің тұғыры» тақырыбы бойынша апталықтың ашылуы.


10 б


03.12

Бірлестік жетекшісі

А. Пахирдинов


2


«Тәуелсіз елдің ұрпағымын" тақырыбында мәнерлеп оқу байқауы;


6 ә,а,б,в,


06.12.


Л.Ибрагимова


3

«Тәуелсіздік ел тірегі – Елбасы елдің жүрегі»

Елбасымыздың жарыққа шыққан шығармаларымен кітаптарын таныстыру. /Bookcrossing/


5 ә


07.12


Ш. Мамурова


4


Қазақстанның ішкі сулары, көлдері /ашық сабақ/



9 б


08.12.


Ғ.Усенов


5


«Тәуелсіздік-тұғырым» тақырыбы бойынша тарихи кеш ұйымдастыру.


7 в


08.12.


Л. Ибрагимова


6


Діннің қоғамдық рөлі, Дін және қазіргі заман, төзімділік пен сана бостандығы /кездесу/


9 а,б,в


09.12


А. Мамуров


7

«Нұрлы Отанымыз — тәуелсіз Қазақстан». Үйірме қатысушыларының шығармашылық жұмыстарының көрме композициясы,


9-11


09.12


Ш. Мамурова


8


«Желтоқсан ызғары» /дөңгелек стол/



8 а б в


10.12.


А. Мамуров


9


"Жаңарған Қазақстан" тақырыбында фото мен бейнеролик байқауы;


8-11


10.12


А. Пахирдинов


10

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздің –мәңгілік елдің тұғыры» тақырыбы бойынша апталықты қорытындылау


5-11


13.12


А. Пахирдинов


Әдістемелік бірлестік жетекшісі: А. Пахирдинов











Ш.Ниязов атындағы жалпы орта мектебі тарих,құқық, география

пәндер бірлестігінің 03.12.2021ж – 13.12.2021 ж аралығында

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған

«Тәуелсіздің –мәңгілік елдің тұғыры» атты апталығының

өткізілгені туралы мәлімет.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздің –мәңгілік елдің тұғыры» тақырыбы бойынша апталықтың ашылу салтанатын пән бірлестік жетекшісі тарих пәні мұғалімі А.Пахирдинов 10 Б сыныбымен АКТ залында өткізді.

«Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз және ол бәрінен қымбат! Біздің міндетіміз – кейінгі ұрпаққа кемел және қуатты Қазақстанды аманаттау», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Тәуелсіздік алғаннан кейін әлемдік қауымдастықтың беделді қатысушысы ретіндегі жас ел тарихының жаңа беттері басталды. Қоғамдағы бейбітшілік пен келісім мемлекеттік органдардың белсенді және үйлесімді жұмысына, азаматтардың шығармашылық қызметіне негізделген заманауи қазақстандық шындықтың басты өзегі болып табылады.

III мыңжылдықтың ұлттық мүдделері мен сын-қатерлеріне сәйкес келетін қазіргі заманғы типтегі Қазақстан мемлекеттілігі 1990-2000 ж. қалыптастыБұл аса маңызды кезеңнің тарихи маңызы дәл осы онжылдықтарда  заманауи  мемлекеттің  негізін қалаушы Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаев бастаған Қазақстанның тәуелсіздігі  жариялағаннан бастап нақты мемлекеттік егемендікке дейінгі өткерген қиын жолында.Тарихи аренаға жаңа тәуелсіз мемлекет,  толыққанды қатысушы, әлемдік саясаттың субъектісі, Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшесі ретінде енді.


06 желтоқсан күні 6 ә, а, б, в сыныптар арасында тарих пәні мұғалімі Л. Ибрагимова «Тәуелсіз елдің ұрпағымын» тақырыбында мәнерлеп оқу байқауын өткізді. Мақсаты: Жас ұрпақты Отанын сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай – қуатты ел екендігін мақтан етуге үйретіп, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, махаббат сезімін ояту.

Отанды құрметтеуге шақыру, патриоттық тәрбие беру. Ой- өрісін, дүниетанымын кеңейту, өлеңді қазақ тілінде жатқа айту арқылы тіл байлығын арттыру. Оқушылардың мәнерлеп оқу қабілеттерін анықтай отырып, жеңіске жеткен баланы қала көлемінде өткізілетін мәнерлеп оқу сайысына қатыстыру болатын. Жеңімпаздарды Мақтау қағазымен марапаттады.


07 желтоқсан күні 5 ә сыныбында тарих пәні мұғалімі Ш. Мамурова «Тәуелсіздік ел тірегі – Елбасы елдің жүрегі» Елбасымыздың жарыққа шыққан шығармаларымен кітаптарын таныстырды. /Bookcrossing/ . Жас ұрпаққа Елбасының сан қырлы талант иесі, құдіретті тұлға екенін танытты. Елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берген, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абыройын асқақтатып Елбасының кісілік келбетін оқушыларға меңгертіп барды. 1991-2021 жылдар аралығында Тарихы шежері кезеңдерімен таныстырды.

08 желтоқсан күні 9 Б сыныбында география пәні мұғалімі Ғ.Усенов Қазақстанның ішкі сулары, көлдері тақырыбында ашық сабақ өтті. Оқушылар Қазақстанның ішкі сулары туралы видеоролик көріп, ішкі суларын топтастырды, көрсеткіштерін талдап сипаттады. Қазақстанның ішкі суларын кескін картаға түсірді. Пəнге қатысты сөздік қор мен терминдермен жұмыс атқарды.

Өзен. Көл. Жер асты суы. Мұздықтар туралы сипаттама берді.




08 желтоқсан күні тарих пәні мұғалімі Л. Ибрагимова 7 В сыныбында АКТ залында «Тәуелсіздік-тұғырым» тақырыбы бойынша тарихи кеш ұйымдастырды. мақсаты: Желтоқсан көтерілісінің  сипатын насихаттай отырып, Желтоқсан құрбандарын мәңгі есте сақтау, тәуелсіздік бастауы ызғарлы Желтоқсан оқиғасы екенін жете түсіндіру, жас ұрпақ бойында еліне, жеріне, ұлтына деген  патриоттық сезімін қалыптастыру. Желтоқсан оқиғасының арқасында талай жылдар бойы армандаған егемендікке қол жеткізгенімізді, осы тәуелсіздікке жету жолында  талай боздақтарымыздың жалған айыппен шейіт болғандарын оқушыларға жете түсіндіру, оқушылардың  дүниетанымын кеңейту.

   Отанды сүюге, құрметтеуге, желтоқсандықтарға әрдайым құрмет көрсетуге, адамгершілікке, әділеттілікке, ел мен жердің қадір- қасиетін ұғынуға тәрбиелеу.

09 желтоқсан күні Ортақ мешітінің бас имамы Әбдуқаххар Хадиев «Діннің қоғамдық рөлі, Дін және қазіргі заман, төзімділік пен сана бостандығы » тақырыбында 9 сынып оқушыларымен кездесу өткізді .Ұлтты қалыптастыруда ең үлкен жетекші күш - дін, иман, адам болмысы және тіл екендігі, қай жерде қоғам болса, сол жерде сенім жүйесі болатынын түсіндірді. Дін туралы жалпы мағлұмат беріп, діннің құрылымы мен функцияларын, діни нанымдар, діннің мәдениетке, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптарға ықпалы туралы түсіндірді. Жеткшісі тарих пәні мұғалімі А. Мамуров.


09 желтоқсан күні тарих пәні мұғалімі Ш. Мамурова 9-11 сыныптармен «Нұрлы Отанымыз — тәуелсіз Қазақстан» тақырыбында үйірме қатысушыларының шығармашылық жұмыстарының көрме композициясын ұйымдастырды.


10 желтоқсан күні тарих пәні мұғалімі А. Мамуров 8 сыныптар арасында «Желтоқсан ызғары» /дөңгелек стол/ өткізді. Бұл сабақта оқушылар ойларын жүйелі жеткізе білді, терминдермен, даталармен жұмыс істеу қабілеттері дамиды. Топтық жұмыс жасау арқылы ынтымақтастық ахуалы қалыптастырды. Қорытындыда  пікірталас өткізіп,

- 1986ж.Желтоқсан оқиғасына сенің көзқарасың қандай?

- Осы көтеріліске сен қатысар ма едің?

- Болашақ Қазақстанды қалай елестетесің?

Оқушылар өз ойларын жеткізді


10 желтоқсан күні 9 сынып оқушылармен Оқушылар сарайына саяхат ұйымдастырылды "Жаңарған Қазақстан" тақырыбында фото мен бейнеролик байқауы өткілді. Бұл байқауға 8-11 сынып оқушылары қатысып, Елорда, Елбасы- ел тірегі, Қазақстан қалалары сондай ақ 1991 -2021 жылдар аралығында тарих шежірелер кезеңдері туралы бейнебаяндар жасады. Мерейлі 30 жылдыққа атап 30 бейнебаян шығарылды. Үздік шыққан 9 сынып оқушылары Сарман Диана мен Артикбаева Умида, 11 сынып оқушысы Пахритдинова Нафиса Мақтау қағазымен марапатталды. Жетекшісі А. Пахирдинов .


Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздің –мәңгілік елдің тұғыры» тақырыбы бойынша апталықты қорытындылауын бірлестік жетекші А. Пахирдинов АКТ залында марапаттау рәсімін ұйымдастырды.

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздің –мәңгілік елдің тұғыры» атты апталығындағы өткізілегн барлық іс шаралар мектептің Facebook парақшасына қойылды.


Әдістемелік бірлестік жетекшісі: А.Пахирдинов

Дәлелдемелер







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!