Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Тарих болашаққа сенім, жастарға үміт
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
“ Тарих болашаққа үміт, жастарға сенім ”
Мақсаты: Бүгінгі уақыт талабына сай,рухани бай,өздігінен шешім қабылдай алатын,білімімен қаруланған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу.
Өрелі жас ұрпақтың бойындағы қасиеттерді өздерінің тіл шешендігімен дамыту.
Жоспары:
1.“Қазақстан Республикам менің” әдеби өлең жырлар
2. Ән, би.
3. “ Болашаққа үміт-жастарға сенім”.
Барысы:
Жүргізуші:
Жұмыр жердің шығысында еркін кесілген байтақ өлке-менің елім Қазақстан!
Қазақстан Республикасының Әнұраны.
Әңұран орындалады.
Жүргізуші:
Армысыздар! Бүгінгі еңсесі биік егемен елдің жарқын болашағын жасау жолында еңбек етіп жүрген ұлағатты ұстаздар, құрметті қонақтар. Егемен еліміздің ертеңгі тізгінін ұстар жас ұрпақ. “ Тарих болашаққа үміт, жастарға сенім ” атты тарихи кешімізге хош келіпсіздер!
Бүгінгі жас ұрпақ-ертеңгі болашақ иелері. Ұрпақ үшін жасалатын игілік-келешек өміріміздің айқындар жолы.
“Қазақстан Республикам менің” әдеби өлең жырлар,оқушылар ортаға шығады.
Мұхтар Шаханов «Төрт жыл кешіккен шындық».
Әр дәуірдің еркіне сай нарқы өзгерген
алтынның,
Айналайын алтын әнім, жас өркені
халқымның.
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ
ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп
талпындың.
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі
салқынның,
Айналайын, айналайын, жас өркені
халқымның!
Ерте айтылды, сондықтан да келте айтылды бұл
әнің,
Уақытыңның талабына дөп келсе де
ұраның,
Уақытыңның әділетсіз соққысынан
құладың.
«Нашақор» деп, «маскүнем» деп айыпталдың,
ұланым.
Саған жапқан сол жаланы естіп үнсіз
тұрғанша,
Керең болып қалмады екен неге менің
құлағым.
Айналайын, айналайын, жас қайратым,
қыраным!
Темір қолдар қуатты еді алқымыңды
қаусырған,
Намысыңды жықпай өттің нәубет, дүлей
маусымнан.
Жасып қалған шақтарымды жігер алдым
бойыма,
Түрме торын жарып шыққан сенің қайсар
даусыңнан.
Жә, не деген нүктесі көп, бүкпесі көп өмір
ең...
Төрт жыл өтті шындық күліп шыққанынша
көгінен.
Оқ бойы озып тұрыпсың-ау сол аумалы
кезеңде-ақ,
Пышаққа сап бола алмайтын әкімдердің
көбінен.
Өсер ұлдың қай сәтте де бірлік болмақ
қалауы,
Лаула, лаула, Желтоқсанның мұзға жаққан
алауы!
Өздеріңдей ер намысты жас өркені бар
елдің,
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес
жалауы!
Біз қазақпыз-
Қастерлеген баба салтын
Аман бол,айналайын дана халқым
Күн туса,атқа қонам бір сен үшін
Міне жалын,міне қолым,міне айым
Бірлігімен ынтымағы халықтың
Көгімізде жарқырайды жарық күн
Ырыс,даулет,жайнай берсін жарық күн!
Жайнай берсін,жайнай берсін жарық күн!
Қазақстан-көк байрақты нұрлы елім,
Сен дегенде лүпілдейді жүрегім,
Өзің менің қуанышым,бақытым
Өзің сенің тынысым да тірегім
Ел боларлық шаттық,құйып көңілге
Жарқырайды Елтаңбаң да төрінде
Ірге тасың жатыр берік қаланып
Бетті бұрдың алға-жарқын өмірге!
-
Дән егіп жерге,Қазағым менің
Орманды дала,құрамы жердің
Қойнауың толы қазына байлық
Айналдым сенен асқар тау белім!
Бойымда қайрат,тұрғанда сенім
Құрбаның болсам,жолыңда сенің!
Құлпырып мәнгі жасай бер,жаса
Қазақстан Республикам менің!
Менің –Қазақстаным!
Болашаққа сәлемін жолдайтұғын
Қырандай қос қанатын сомдай тұғын
Бәйгелерде оздырып қос тұлпарын
Тұғырын сан алтыннан сомдайтұғын
Менің-Қазақстаным!
Бабалар намысымен
Байтақ елмін игілік,табысымын!
2030 мәресі әйгілейтін
Азияның айбарлы барысымын
Дихан
Әбілов
Қазақстан-Республикам
менің
Әйнегі-күн,шатыры-аспан,
Кең дала... Төсі толқыған егін.
Көлдері көкке күмістер шашқан,
Қазақстан-Республикам менің!
Кемуді білмес кемітті өмір,
Құрсағы құтты сахара демім.
Перзенті: болат,қорғасын,көмір,
Қазақстан-Республикам менің!
Өрісте малын әндетіп баққан,
Ертістің от қып толқынын жаққан,
Доп қып атқан,жұлдызды қаққан
Қазақстан-Республикам менің!
Айқаста жаудың алқымын сыққан,
Ажалға қимай намысты елін;
Төлеген,Мәншүк батырлар шыққан
Қазақстан-Республикам менің
Орманы пүліш,бұлағы күміс,
Бұлбұлы -жыршы,ұл-қызы керім.
Таулары заңғар,өзені ырыс,
Қазақстан-Республикам менің!
Абай туған,Сәкен туған
Құрметте достым,қазақтың жерін
Қамбаға жылда миллиард құйған,
Қазақстан-Республикам менің
Өлеңі-жыры фонтандай атқан,
Жеңістің кілтін достықтан тапқан.
Күнде бір
көктеп,жаңарып жатқан
Қазақстан-Республикам менің!
Елге айналған Отаным есімі ұлы,
Аштың әлем халқына есігіңді
Зорға жеткен ардақтап осы күнді,
Түзе халқым салтың мен бесігіңді.
Құлақ кесті құл емес қаазақ тіпті,
Сезінетін шақ туды азаттықты
Отаншылдық бір айбын көтерілсін
Толқынындай теңіздің ғажап күшті.
АзизаТігілген соң Ақорда шаңырағым
Тұғырыңа қонуда сан қыраның
Отан деген оранып от құшаққа
Кәусәрына шөлімді қандырамын
Сенен ғана өрбидікүш,жыр-әнім,
Қазақстан,о,менің құт тұрағым !
Жер шарына қазақтың халық атын
Тәуелсіздік туымен ұқтырамын.
Жүргізуші:
Қазақ елі-сонау Алтайдан Пиренейге дейінгі билік еткен Еділ батырдың елі,қазақ елі-асқан батырлығымен ақыл-парасаттылығымен Мысыр еліне билік жүргізген Бейбарыстың,үндіні билеген Бабырдың елі.Тоқсан екі баулы Қыпшақ тариханда Шыңғысхан шапқыншылығының өте ауыр із қалдырған,200 жылға созылған көптеген шайқастар қазақ халқы үшін ауыр зардаптар әкелгені мәлім.
«Отырар қамалы»
Отырарым-бабам,сенсің бас иетін,
Анам сенсің терең бүккен қасиетін.
Сенің даңқың- менің мәңгі мақтанышым,
Сенің қайғы-менің мәңгі қасіретім
Ұлы Отырар қамалы,
Қайсар рухың бағалы.
Шыңғысханның соны ойлап
Түнереді қабағы
Ұлы Отырар қамалы,
Ғұмыр кештің саналы.
Сенің тұлғаң ерліктің
Үлгісі болып қалады.
Отырарым,ана-бейнең жарқын екен,
Қайырхандай перзент тудың нарқы бөтен
Құл боп өмір өткізгенше бұл тірлікте
Еңкейместей ер боп өлген артық екен.
Нар қалпында ар-намыс төгілмеген
Алты ай бойы арпалыстың өлімменен
Азияда саған ұқсас бар ма қала
Шыңғысханнан жеңілсе де,жеңілмеген !
Жүргізуші: Тарихтың терең – терең қатпарларына көз жіберер болсақ, елдің есі мен санасында ұзақ уақыттан бері сақталып келе жатқан небір орасан оқиғаларға куә боламыз. Сол соқпақтардың бойында еліне елеулі еңбек сіңіріп, қаһармандық қызмет атқарған ірі – ірі тұлғалардың өмірі мен тарихта қалдырған іздері әлі күнге дейін сайрап жатыр. Заманымыздағы Тәуке хан сондай ардақты есімдердің ішінен ерекше орын алады.
Көрініс: «Жеті жарғы»
Автор: Әділ хан аз болды Назардайын
Автор : Әділ хан аз болды Назардайын
Алашқа Есім ханның жолы дайын.
Тәукедей данышпан хан құрған екен
Басында Күлтөбенің құрылтайын.
Тәуке хан: Уа, жұртым, алты алашқа аты шыққан қазақтың игі жақсылары!
Тәуке хан: Уа, жұртым, алты алашқа аты шыққан қазақтың игі жақсылары Бүгінде Күлтөбенің басына жайдан - жай жиылып отырған жоқпыз.
Бабаларымыз
Қасым ханның «Қасқа жолын», Есім ханның «Ескі жолын» жалғастыра отырып ел тыныштығын сақтайтын, тентекті түзейтін Жарғы қабылдап «Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманға» жетуіміз керек.
Бабадан мирасқа қалған жерді сақтау, нығайту үшін ең алдымен дау- жанжалдың негізі болған көшпелі елдің мал жаятын жайылымын, қоныстарын дұрыс жолға қою қажет. Олай болса бірінші жарғы жер дауы болсын.
Бұдан былай жайылымдар ру – ру болып пайдалануға беріліп және әр белгіленген аймақтың шеңберінде ғана көшіп – қонуға мүмкіндігі бар болсын. Белгіленген жер межесінің шеңбері рудағы түтін саны мен мөлшеріне қарай бөлініп, жерді пайдалану барысында дау туатын болса, ру басшылары, билер әділетті шығаруы қажет.
Ал енді Ұлы жүздің бас биі Төле би, сен не айтасың?
Төле би: Жыртық үйден жел гулесе – сол жаман.
Төле би: Жыртық үйден жел гулесе – сол жаман.
Өлім – бесік әлдилеген – сол жаман.
Ұрлық, қарлық, барымталап мал тауып,
Берекесін елдің алған – сол жаман.
Олай болса екінші жарғымыз ұрлық, қарлық, барымтаның жолын қиып, ел тыныштығын қорғайтын заңымыз болсын.
Тәуке хан: Ал енді Орта жүздің бас биі Қаз дауысты Қазыбек биге сөз берейік.
Тәуке хан: Ал енді Орта жүздің бас биі Қаз дауысты Қазыбек биге сөз берейік.
Қаз дауысты Қазыбек: Біз қазақ деген мал баққан елміз,
Қаз дауысты Қазыбек: Біз қазақ деген мал баққан елміз,
Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз.
Елімізден құт – береке қашпасын деп,
Жеріміздің шетін жау баспасын деп,
Найзаға үкі таққан елміз.
Ешбір дұшпан басынбаған елміз,
Басымыздан сөзді асырмаған елміз.
Келесі жарғымыз ұлт қауіпсіздігін қамтамасыз ету болсын.
Тәуке хан: Келесі сөзді Кіші жүздің бас биі Әйтеке биге берейік.
Әйтеке би: Қазақ ордасын нығайту үшін ең алдымен бет – бетімен ру – руға бөлініп, бір
–
Тәуке хан: Келесі сөзді Кіші жүздің бас биі Әйтеке биге берейік.
Әйтеке би: Қазақ ордасын нығайту үшін ең алдымен бет – бетімен ру – руға бөлініп, бір- бірімен қырқысып, ел берекесін алған рулар арасындағы дауды шешіп, елдің бірлігін сақтауымыз керек. Алты алаштың баласы бір – біріне жау болса ертеңі не болмақ. Келесі жарғымыз ру арасындағы дауды шешуге арналған заңымыз болсын.
Тәуке хан: Келесі сөзді қырғыз Көкім биге берейік.
Қырғыз Көкім би: «Аға өлсе – жеңге мұра,
Тәуке хан: Келесі сөзді қырғыз Көкім биге берейік.
Қырғыз Көкім би: «Аға өлсе – жеңге мұра, Іні өлсе – келін мұра» дегендей жетімдеріміз бен жесірлеріміз ел кезбесін келесі жарғымыздың бірі жесір дауы болсын.
Тәуке хан: Қарақалпақ Сасық би, жарғыға қосарың бар ма?
Тәуке хан: Қарақалпақ Сасық би, жарғыға қосарың бар ма?
Сасық би: Балаң жаман болса,
Сасық би: Балаң жаман болса,
Көрінгеннің мазағы емес пе!
Әйелің жаман болса,
Бұл жалғанның тозағы емес пе!
Туған балаң жақсы болса,
Тән мен жанның шырағы емес пе!
Алған жарың жақсы болса,
Жиғаның мен мейманыңның тұрағы емес пе! - деп Қаз дауысты Қазыбек би айтқандай, келесі жарғымыз үй іші мен бала тәрбиесі болсын.
Тәуке хан: Ал қатаған Жайма би, сөз кезегі саған да келді, не айтарың бар?
Қатаған Жайма би: Төрені қара өлтірсе, құнын оның кім бермек,
Тәуке хан: Ал қатаған Жайма би, сөз кезегі саған да келді, не айтарың бар? Қатаған Жайма би: Төрені қара өлтірсе, құнын оның кім бермек,
Азаматын өлтірсе, ақысын оның кім бермек?
Жерін жөнсіз иеленсе, есесін оның кім бермек?
Әйелі ерін сыйламаса, ері елін сыйламаса, елі әдет – ғұрпын сақтамаса ертеңгі күніміз не болмақ? Олай болса келесі жарғымыз құн дауы болсын.
Тәуке хан: Уа, жұртым, алты алаштың игі жақсылары! Ел тәуелсіздігі мен тыныштығын
Тәуке хан: Уа, жұртым, алты алаштың игі жақсылары! Ел тәуелсіздігі мен тыныштығын қамтамасыз етер «Жеті жарғымызды» қабылдадық. Айымыз оңымыздан туып, «Жеті Жарғымыз» темірқазығымыз болсын! Әумин.
Автор: Жер дауы баяндайтын – біріншісі,
Автор: Жер дауы баяндайтын – біріншісі
Ру, қоныс болыпты меншікті ісі.
Иеленген жеріне жанжал болса,
Біреуге басымдық қып озбыр кісі.
Үй іші мен баланы тәрбиелеу –
Болған екен заңының екіншісі.
Ұрлық, қарлық, барымта – үшінші заң,
Баян етер бәрін де білген кісі.
Төртінші боп саналған мынау заңы:
Бір халықпен басқа ру болса дауы.
Ұлтын жаудан қорғамақ – бесінші,
Алтыншы – құн, жетінші – жесір дауы.
Күй. «Жұмыр қылыш» Есдәулет Е
Би. Қазақ биі.
Ән. Желтоқсан желі. Айтмахан Н
“ Болашаққа үміт-жастарға сенім”.
1.
Республика! Ерікті ел – Қазақстан!
Келді ақыры көп күткен жаз алыстан.
Келді алыстан аңсатып, армандатып,
Торды бұзған мен де бір мәз арыстан.
Мен айғақпын, ұстамын ертегіге,
Мен басымды иемін бүгінге, ертеңіме.
2. Тәуелсіздік! Осы бір қасиетті сөзді естігенде қалайша
тебіренбейсің! Бодандықтың бұғауынан, қыспағынан құтылған қазақ
халқы еркіндік, азаттық ауасымен тыныстауда. Қанымызда бар ұлттық
қасиеттеріміз қалпына келуде.
Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздік, ең алдымен, қазақ
халқының бостандыққа ұмтылған асқақ арманы мен қайсар рухының
жемісі. Сондықтан да біз үшін тәуелсіздік күші – ең қадірлі
күш.
Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге
танылды. Бүгін Қазақстан әлем назарында, өзінің болашағынан үлкен
үміт күттіретін, жері, халқы бай ел.
3. 1991 жылы 1-желтоқсанда республикада бүкіл халықтық Президент
сайлауы болып өтті. Қазақ КССР-нің Президенті болып Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаев сайланды.
Республика тарихында халық саналы түрде өзінің тағдырын сеніп
тапсырып, өз басшысын сайлады.
Н.Ә.Назарбаев – сөз бастаған шешен, ел бастаған көсем, саңлақ
шыққан сарабдал саясаткер, әлемдік деңгейде өзіндік орны бар үлкен
тұлға, қажырлы мемлекет қайраткері. Алғырлығы мен көрегендігі,
ептілігі мен тектілігі, батылыдлығы мен өжеттілігі, мейірімділігі
мен қайырымдылығы, алымдылығы мен шалымдылығы қатар жүретін нағыз
марқасқа.
4. Баяғыда бір ойшыл:
«Саясаткер – сайлау мен сайлаудың арасында ғана көзге көрінетін
белсенді. Ал, шын мемлекет қайраткерінің тағдыры халқының
тағдырымен байланысты. Оның мұраты – халқының бүгіні мен ертеңі»
деген екен.
Қазіргі кезеңде жер жүзіндегі 200-ге тарта мемлекеттерді ішінде
Қазақстан әлем таныған алдыңғы қатарлы елдердің бел ортасында
келеді. Дүние жүзілік бірқатар ықпалды ұйымдарға мүше болып,
мемлекетіміздің мерейін асыруда.
5. 1997 жылы Елорда Ақмола
қаласына көшірілді. 1998 жылы «Астана» деген ат берілді. Стамбулда
өткен түркі тілдес халықтар Саммитінде Астана 2012 жылғы Түркі
әлеміің астанасы деп жарияланды.
6. Тәуелсіз еліміздің 32
жылындағы ғаламат қол жеткізілген Қазақстанның
тамаша табыстарын айғақтайтын аса жарқын да сенімді цифрларға назар
аударайық.
- Біздің еліміз әлемдегі аса дамыған 50 елдің қатарына
енді;
- Соңғы 4 жылда тұрғындардың ақшалай кірісі, бюджет саласы
қызметкерлерінің еңбекақысы, студенттердің стипендиясы 2 есе
өсті;
- Зейнетақы төлемдері мен баланы күтуге арналған жәрдемақы 2,6 есе
көбейді;
- Білім беру, ғылым мен денсаулық сақтау шығындары 2 есе
ұлғайды;
- Республика бойынша 4000 жаңа балабақшалар, 350 мектеп, 50 колледж
салынды.
Бірнеше аса маңызды бағдарламалар жүзеге асты: 2010-2014 жылдарға
арналған индустриялық даму бағдарламасы, 2020 жылға арналған
бизнестің жол картасы, «Мәдени мұра», «100 мектеп, 100 аурухана»,
«Дипломмен ауылға» бағдарламалары.
8. Осы шақта бізде ойымыз толып, бойымыз өсіп, санамыз жетіліп,
мектепті бітіргелі отырмыз. Сыныптың, мектептің қоғамдық
жұмыстарына белсене қатысамыз. Бос уақытымызда спортпен
шұғылданамыз. Сабақты жақсы оқимыз.
«Болашақпен»
байланыс.
Сұрақ. Біз өз балаларымыз бен немерелерімізді
сонау алыс болашақта, олар біздің жасымызға жеткен кезде қандай
күйде көргіміз келеді?
1. Біз 30 жыл өткеннен кейінгі Қазақстанды қалай
елестетеміз?
Біздің жас мемлекетіміз өсіп-өніп, кемелденеді, балаларымыз ер
жетеді. Олар жауапты да жігерлі, білім өресі биік, денсаулығы мықты
болады. Олар бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, нарықтық
экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады.
2. Олар бейбіт, жылдам өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі, әрі
сыйлы өз елінің патриоттары болады, түрлі мамандықтарды игереді.
Олардың Қазақстаны Евразияның орталығы болады. 2030 жылы Қазақстан
ауасы таза, мөлдір сулы, жасыл желекті елге айналады. Өздерін
Қазақстанның азаматы деп санайтын көптеген ұлттардың өкілдері
мекендейтін болады. Әрине, бұл – болашақты ой көзімен көру, оның
моделі, асқақ мұрат, армандар.
Жастар – қоғамның қозғаушы
күші, келешегі.
Оған мысалды көнекөз тарихтың
өзі талай мәрте дәлелдеді. Мәселен, Екінші дүниежүзілік соғыстан
соң екі қаласына атом бомбасы тасталып, өзі де сау-тамтығы қалмай
қираған жапон мемлекеті сол бетімен кетсе әлемдегі ең кедей
елдердің бірі болар еді. Ертеңін бағамдаған ел ақсақалдары жапон
мемлекетінің басшысына келі: «Мейлі, біз аштықты, суықты көрейік,
бәріне төземіз. Мына елдің еңсесін көтеру, экономикасын нығайту
үшін жастарды оқытуымыз керек», - дейді. Әркім өзінің асыл
дүниелерін, алтын, күмістерін ортаға үйіпті. Осы ақшаға шет елдің
ең іргелі мемлекетттеріндегі мықты оқу орындарында жастары оқып,
жапон мемлекетін тұс-тұстан көтерген екен.
Тұңғыш Президентіміз «Білім –келешектің кепілі» екенін ерте болжап,
1993 жылы 5-қарашада «Болашақ» халықаралық стипендиясын
тағайындады.
Тәуелсіздік, көк тудың желбірегенін көріп, кең тыныстайтын барлық
жастар үшін тым қымбат. Қыран бүркіт асқар таудың шыңынан кең
далаға қарай қанат қағып, қалықтап ұшқанда өзін қалай еркін
сезінсе, бүгінгі егеменді елді жастары да өздерін сондай еркін,
асқақ сезінеді.
Қорытынды.
«Осынау тарихи белестер Жаңа Қазақстандық Патриотизмді ұрпақ жадына сіңіруде айрықша рөлге ие. Біз 2015 жылды Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы деп жарияладық. Елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығы ең басты назарда. Ел Бірлігі — біздің барша табыстарымыздың кілті. Тұрақты дамудың Қазақстандық моделі бүгінде бүкіл әлемге үлгі.
Жүргізуші: Қазақстанның өз жолы, өзіндік болашағы бар, бұдан былайда
Тәуелсіз Қазақстанның тарихы жалғаса бермек!
Қазақстанның Тәуелсіздігі баянды болсын! Қарышта, жайна,
Қазақстан! Қазақстанның болашағы гүлдене берсін!
Ән.