400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тарих деген тұп тамырым ,қазығым

Материал туралы қысқаша түсінік
"Тарих деген тұп тамырым қазығым" атты апталықытың ашылуы жайлы сценарий
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тарих деген түп тамырым,қазығым

( атты тарих апталығының ашылу салтанаты)

Мақсаты: Оқушыларға өткен тарихы туралы мәлімет бере отырып, алған білімдерін өмірде қолдануға дағдыландыру.
Өткеннен күннен өнеге ала отырып, болашаққа бағдар жасай білуге, тарихын құрметтеп, қадір тұтуға тәрбиелеу.
Ақбота: Қайырлы күн құрметті ұстаздар мен оқушылар. Сүйінші, мектебімізде тарих апталығы басталып жатыр.
Бағнұр: Қойшы, Ақбота, соған да сүйінші сұрайсын ба, оның несі жақсы, тағы да ашық сабақ, қабырға газеттерін шығару басталады. Осы тарихтың бізге қажеті не, түсінбеймін, таусылмайтын жылдар мен оқиғалар, барлығын есте сақтау да қиын.
Ақбота: Қателесесің Бағнұр, мектебімізде оқылатын басқа пәндер сияқты тарих сабағының да маңызы өте зор. Әрине онда көптеген жылдар кездеседі, бірақ сабақты күнделікті оқып жүрсең еш қиындығы жоқ. Ал қуанған себебім апталық барысында біз сабақтан тыс көптеген іс-шаралар өтетін боламыз. Оны сен бүгінгі ашылу салтанаты барысында да байқайсың. Бүгінгі кеш тақырыбының «Тарих деген түп тамырым,қазығым» деп аталуының өзінде көп мағына жатыр. 
Бағнұр: Е-е, солай ма, ендеше тындап көрейін.
Ақбота:  Цицерон: Тарих – дәуірлердің куәгері, шындықтың шырайы, есте қалар өмір, өткен күннің іздері деген екен  
Бағнұр:
Тарих ол-уақытқа ұқсас толмайтұғын,
Қадайды қасыңа әкеп шалғай туын, 
Тарих ол-бір ғаламат алтын көпір,
Ұрпақты ұрпақтарға жалғайтұғын.
Бағнұр:

Тарихты білу бар қазақтың парызы ,олай болса ортаға 9"а" сынып оқушысы Амангелді Диасты тарих жайлы өз ойын ортаға салуға шақырамыз.

Тарих (көне грек. ἱστορία —сұрастыру, зерттеу) — адамзат баласының өткенін зерттейтін ғылым. Тарихтың негізгі ретінде - адам рухы қарастырылады, соған байланысты тарихтың қоғамдық мақсаты адамдарға тек өткенін ғана емес , рухани дүниесін қалыптастыру екенін айта кеткен жөн. Тарих - үздіксіз даму үстінде болатын ғылым. Өткенін білмей қазіргісі мен болашағын бағалау мүмкін емес, қоғамның дұрыс бағытта дамуы үшін азаматтардың тарихи сауаттылығы мен белсенділігі орасан зор маңызға ие.Әлемнің екінші Аристотелі ғұлама ғалым Әбу Насыр Әл-Фараби (870-950)"Тарихты білмей,-өткенді білу, қазіргі жағдайды ,келешекті болжау қиын" деген еді.Өткен тарихымызды білмей, оның түпсіз тереңіне бойламай,тарихи сана қалыптаспайды. Тарихи зерделеу арқылы тарихи сана, мәдениет, дәстүр, ұрпақтар сабақтастығы қалыптасады. Тарих болып жатқан оқиғаларды жан-жақты әрі тереңінен көре білу қасиетін дамытады және болашаққа дұрыс қадам жасауға жәрдемдеседі. Тарихтың қалыптасып дамуы.Сонау ежелгі дүниеде де тарихи әңгімелерді есіне сақтап, елге айтып отыратын адамдар болған.Қазақ халқы оларды шежіре айтушылар немесе шежірешілер деп атаған. «Шежіре» сөзі – есте сақтау, жадыдағы білім, рухани қазына дегенді білдіреді.Жазба тарихтың негізін салушы б.з.б. 484-425 жылдары өмір сүрген ежелгі грек тарихшысы, жиһанкезі Геродот болып есептеледі.Ол алғаш «Тарих» атты еңбек жазып, Батыс әлеміне «тарихтың атасы» деген атпен белгілі болды.Ал Шығыста тарихтың атасы деп Сыма Цяньді атайды.Ол б.з.б. 145-86 жылдар аралығында өмір сүріп, 130 тараудан тұратын «Тарихи жазбаларды» ( «Ши цзи») қалдырды.Бір ескертетін мәселе, өзге патшалықтар сияқты Қытайда да жылнамалар жазу дәстүрі ертеден бар еді.Сыма Цянь солардың бәрін жинақтап, жүйеледі.Б.з.б. 3 мыңжылдықтан бастап, өз заманына дейінгі тарихты жазып шықты.Көне замандардан бастап, ортағасырлық моңғол хандықтарына дейінгі тарихты жазып қалдырған тарихшылардың бірі Қадырғали Жалаири «Жами ат-тауарих» («Жылнамалар жинағы»,парсы тілінде) кітабын жазды.Бұл кітап Ұлы дала өркениетінің көшбасшылары Алаша хан, Уыз хан туралы аңыз-деректерден басталады.Тарихты жазудың құндылығын жекелеген елдерде патшалар мен хандар түсінді.Олар өз сарай маңында болған оқиғаларды жазатын арнайы адамдарды ұстап отырған.Мұндай адамдарды жылнамашылар деп атаған.Осылай жазбаша тарих дәстүрі қалыптаса бастады, ол тәрбие құралына, мектептерде оқылатын пәнге айналды. Тарихты оқып-білу не үшін қажет? Өз тарихымызды, өзге халықтар мен мемлекеттердің тарихын оқып үйрену біз үшін бұрынғы ата-бабаларымыз қандай болғанын, қазір қандай ел екенімізді біліп, жан-жақты саралау үшін қажет.Біз тарихымыз арқылы осы ұлан -ғайыр өлкеде өмір сүріп келе жатқан ата-бабаларымыздың батырлық ерліктерін , әдет-ғұрып дәстүрін, тыныс-тіршіліктерін тарихтан оқып білеміз. Өнеге алып, болашағымызды болжаймыз, қателіктерін қайталамауға тырысамыз.Өткен замандардағы дара тұлғалардың ерлік дәстүрін оқып-білген жас ұрпақтан ғана елім-жерім деген ерлер шығады.Тарих пен шежіре – ұлтжанды азаматтарды тәрбиелеп өсіреді.Сонымен бірге адамзат баласының бүкіл тарихына ой жүргізетін жол.Біздің мақсатымыз халқымыздың әлем тарихында алатын өзіндік орнын айқындап көрсету. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев "Бүгінгі күнді түсініп-түйсіну үшін де, болашақтың дидарын көзге елестетеу үшін де кешегі кезеңге көз жіберуіміз керек" деп өзінің кезекті бір халыққа Жолдауында атап өтті. Жас ұрпақтың бойына патриоттық рухты сіңіруде Елбасының"Мәңгілік ел" идеясы ұғымы басты назарда.

. "Мәңгілік ел" идеясын тереңнен түсіндіру үшін,Түркі тарихына үңілсек "Мәңгілік ел-түрік жұртының данагөйі, үш бірдей қағанның кеңесшісі болған Тоныкөк негізін қалаған идея..." осыдан13 ғасыр бұрын бастау алған десек, Әл-Фараби ежелгі грек философиясы мен шығыстың мұсылман ілімдерін байланыстыра отырып, түркі дүниесінің "Мәңгілік Ел" философиясының теориялық негіздемесін жасап берді. Ғалым "Мәңгілік Ел" теориясының негізгі ережелерін "Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы", "Мемлекет билеушісінің нақыл сөздері","Азаматтық саясат" шығармаларында баяндайды. Идея Түркі әлемінен, бүгінгі кезге дейінгі тарихты жас ұрпаққа үлгі өнеге етуде үлесі зор.Биылғы жылы қазақтың батыры, қолбасшы Жалаңтөс Баһадүрдің туғанына 440 жыл, қазақтың жазба әдебиетінің негізін салған Абай Құнанабаевтың туғанына 175 жыл.Әл-Фараби туғанына 1200 жыл толуы. Осы аталған шараларды атап өте отырып , жас ұрпақ санасына тарихтың тағылымды істерін сіңіру. Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру, адамгершілік рухта тәрбиелеу.

Ақбота: Уақыт қарқыны зымыран. Күні кеше өткен сияқты уақиғалар бүгінде тарих беттеріне айналып та үлгірді. Бұл жаңа мемлекет пен жаңа қоғамның дүниеге келуінің азапты толғаққа толы, сонымен бірге ғаламат сәті еді. Бірақ ең қиын белестерден аса білдік. Ең қиын жылдар дәл қазір артымызда қалды, сондықтан да мен еліміздің еңсесі биіктей беретініне сенемін.
Сабина:
Ертеде қазақтарды Алаш деген

Ұрандап "Алашым" деп ту көтерген.

Жәнібек,Керей хандар көшті бастап,

Белесті асу-асу жиі өткерген.

Еркежан:

Ақтарып тарихтың сан қойнауларын

Аралап батыр өткен жол бойларын.

Біліп жүргің танытып ізденісті

Тарихта баға жетпес қойнау барын.

Мөлдір:

Тарих білу-халқыңды танып білу,

Тарих білу-кеуде керіп анық жүру.

Тарих білу -нағыз қазақ болғандығың,

Тарих білу-біле білсең оңғандығың

Досымжан:

Тарих білу-өткенді білгеңдігің

Бабалар өткен жолмен жүргендігің

Еңбек қылмай жүре берсең тарихыңды

Бұл ісің елге қарсы үргендігің

Айғаным:

Қанмен тарар тарих ол бойымызға,

Сақталсын жадымызда,ойымызда

Білу керек тарихты бес саусақтай

Алаңдамай ешкімге жалтақтамай

Меруерт:

Сусында білімнен күннен-күнге

Тарихты білу деген үлкен жүлде.

Тарихты білу міндет екен бәрімізге

Керек десең жасымыз бен кәрімізге

Ақбота:
Иә, Бағнұр, сен дұрыс айтыпсың, тарихты білудің маңызы өте зор екен. Тіпті қазақтың ән мен жырының өзі тұнып тұрған тарих екен

Бағнұр:
Иә, қазақ халқының әні мен жырының өзі тұнып тұрған тарих! Тек оны терең ұғына білу керек.
Халқым менің! Саған қарап жұбанам,
Тарих беті қатпар-қатпар бұралаң.
Талай зардап қайғы-мұңның соңынан,
Егемендік алғаныма қуанам!

Ақбота:

Құрметті ұстаздар,оқушылар сіздерді

"Тарих деген түп тамырым,қазығым",Тамырымды білу менің парызым,-дей келе апталыққа бір кісідей ат салысуға шақырамыз! Сәтті өтуіне тілектесімізді білдіреміз!

Бағнұр:
Бейбіт өмір тілеймін мен халқыма,
Туған тілім шұбарланба, жарқыра!
Тарихымда таланттылар көбейсін,
Бас иемін ата-баба рухына!

 



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15 мамыр
725
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі