
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Тарих, география пәндер бірлестігінің әдістемелік тақырыбы
Тарих, география пәндер бірлестігінің әдістемелік тақырыбы:
«Сабақтарда жаңа технология элементтерін тиімді пайдалана отырып,тарихи-мәдени құндылықтарды өз бойына сіңірген тұлға қалыптастыру»
Мақсаты: Жаңа технологияның әдіс-тәсілдері арқылы сапалы біліммен, жан-жақты дамыған дүние танымы кең, шығармашылық ізденіспен жұмыс істейтін жеке тұлғаны қалыптастыру.
Міндеттері: -Оқушыларды тарих пәнінің негізгі туралы, оның қоғам өміріндегі рөлі мен мазмұны туралы тұтас түсінік қалыптастыру; - Тарих кезеңдердің қалыптасуы мен мемлекеттің өмір сүруі механизмдері туралы нақты білімдердің жинақталуын қамтамасыз ету; - Тарихи білімдердің қандай қоғамдық салаларда қолданылатынына түсініктеме беру; - Жаңа заман талабына сай ізденгіш,жауапкершілігі зор, талапты жеткіншек қалыптастыру. - Тарих пәні бойынша оқушыларды ҰБТ-ге сапалы дайындық жұмыстар жүргізу. ӘБ мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін көтеру; Сабақтарда жаңа технология элементтерін қолдану арқылы оқушыларды өз бетінше жұмыс істеу қабілетін дамыту, тарихи-мәдени құндылықтарды өз бойына сіңірген жеке тұлға қалыптастыру мақсатында жүргізіліп, өз Отанын сүйетін, сын тұрғысынан ойлана білетін оқушы тәрбиелеу міндеттеріне жетті.
Білім беру үрдісін жақсарту бағытындағы жұмыстар
р/с |
Жұмыс мазмұны |
Өтетін күні |
Өткізілу формасы |
Жауапты |
1. |
Қолданбалы курс, факультатив жұмыстарының жоспарын жасау |
қыркүйек |
Директор жанындағы отырыста қарау |
ӘБ жетекшісі |
2. |
Оқушыларды оқулықтармен қамту жағдайын анықтау, мәлімдеме беру |
ӘБ жетекшісі |
||
3. |
Жалпыға бірдей біліммен қамту айлығының өткізілуіне қатысу |
қыркүйек |
айлық |
Пән мұғалімдері |
4. |
Шығармашылық топ, конференция ,ғылыми жұмыстарына қатысу. |
үнемі |
Мектепішілік |
Пән мұғалімдері |
5. |
Әдістеме бірлестік жетекшілерінің әдістемелік қызметі бойынша есебін тыңдау |
желтоқсан |
Әдістемелік кеңесте |
ӘБ жетекшісі |
6. |
Мемлекеттік қорытынды аттестаттаудың емтихан материалдарын бекіту (9 және 11 сынып) |
сәуір |
анықтама |
ӘБ жетекшісі Пән мұғалімдері |
7 |
Электронды оқулықтарды белсенді тақтаны қолдану әдістемесі бойынша тәжірибе алмасу |
кезінде |
Ашық сабақтарға,семинарға қатысу |
Пән мұғалімдері |
Мұғалімдердің өз білімдерін жетілдіру жұмысын ұйымдастыру
р/с |
Жұмыс мазмұны |
Өтетін күні |
Өткізілу формасы |
Жауапты |
1. |
ӘБ отырыстарында, педкеңестерде, ата-аналар жиналыстарында баяндамалар жасау |
үнемі |
Баяндама, презентация |
Пән мұғалімдері |
2. |
Өз білімін жетілдіру жоспарын, жеке шығармашылық ізденіс тақырыбы бойынша жоспар жасау және жоспарға сай жұмыстану |
ақпан |
Есеп беру |
Пән мұғалімдері |
3. |
Өзара сабаққа қатынасу |
Айына 5 рет |
Қатынас дәптер толтыру |
Пән мұғалімдері |
4. |
Мерзімді білім жетілдіру курстарына қатысу |
мерзімінде |
Курсқа қатысу |
Пән мұғалімдері |
5 |
Қалалық деңгейдегі іс-шараларға қатысу |
үнемі |
|
Пән мұғалімдері. |
6 |
Семинар ОПКБЖИ мұғалімдерімен |
уақытында |
Пікір алмасу |
Пән мұғалімдері |
7 |
Педагогикалық газет-журналдарға жазылу. |
қыркүйек-мамыр |
|
Пән мұғалімдері |
Аттестациядан өтетін мұғалімдермен жұмыс
|
Жұмыс мазмұны |
Өтетін күні |
Өткізілу формасы |
Жауапты |
1 |
І. Дайындық кезең. |
Қыркүйек |
Құжаттарды зерттеу |
ӘБ жетекшісі |
2 |
ІІ. Шығармашылық кезең. 1. Сабақтарға қатысу 2. Пән бойынша сыныптан тыс шараларға қатысу 3.Оқу бағдарламасының орындалуы 4.Оқушылардың білім сапасы диагностикасы 5.Соңғы 3 жылдың пән бойынша білім деңгейі 6.Оқушылардың олимпиадаға,интеллектуалды марафондарға,конкурс,ғылыми жобаларға қатысу көрсеткіштері 7.Пән апталықтарға қатысуы 8.Оқушылардың,әріптестердің,ата-аналардың анкеталарының қорытындысы |
қыркүйек- наурыз |
1. Ашық сабақтар беру. 2.Сыныптан тыс тәрбие шараларын өткізу. 3..Жарыс 4..Интеллектуалды марафон, конференция т.б 8. шағын эссе |
ӘБ жетекшісі |
3 |
ІІІ. Қорытынды кезең. 1.Алынған нәтижелерді өңдеуден өткізу. 2. Аттестацияланушыға эксперттік мінездеме жазып, қорытындылау. 3.Аттестацияланушыны эксперттік қорытындымен таныстыру. |
Сәуір |
|
ӘБ жетекшісі |
Дарынды балалармен жұмыс
№ |
Жұмыс мазмұны |
Мерзімі |
Өткізілуформасы |
Жауапты |
1 |
Әр сынып бойынша дарынды балаларды анықтау. |
Қыркүйек |
сайыс, сабақ |
Пән мұғалімдері |
2 |
Балалардың шығармашылық қабілетін дамыту бағытындағы жұмыс жоспарды бекіту. |
Қыркүйек |
жоспар |
ӘБЖ |
3 |
Жоспардың орындалуын бақылау. |
Жыл бойы |
анықтама |
ӘБЖ |
4 |
Кіші, негізгі олимпиадаларға қатынасуын қамтамасыз ету. |
Жыл бойы |
мектепішілік қалалық,облыстық олимпиадалар |
Пән мұғалімдері |
5 |
Оқушылардың ғылыми жоба сайыстарына қатынасуына жағдай туғызу. |
Жыл бойы |
«ғылыми жоба» сайыстары |
Пән мұғалімдері |
6 |
Түрлі сайыстарды ұйымдастыру |
жыл бойы |
сайыс |
Пән мұғалімдері |
7 |
Жұмыс нәтижиелерін талдау. |
Мамыр |
анықтама |
Пән мұғалімдері |
Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс
р/с |
Жұмыс мазмұны |
Өтетін күні |
Өткізілу формасы |
Жауапты |
1. |
Өзара сабаққа қатысу |
Жыл бойы |
сабақ |
Пән мұғалімдері |
2. |
Оқушылардың білім, білік дағдыларын назарда ұстау, білім байқауларының, тоқсан қорытындысының нәтижелері бойынша жұмыстану |
үнемі |
сараптама |
Пән мұғалімдері |
3. |
Сынып жетекшісімен, ата-аналармен, мектеп психологымен байланыста болу |
үнемі |
әңгімелесу |
Пән мұғалімдері |
4 |
Қосымша сабақтар кестесін белгілеу,жұмысты жоспарлау,жүйелі жұмыстану |
аптаның бейсенбі күні |
сабақ, жеке, топтық жұмыс |
Пән мұғалімдері |
5 |
Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыстану есептерін тыңдау |
сәуір |
есеп беру |
Пән мұғалімдері |
Пән кабинеттерінің жабдықталуы
р/с |
Жұмыс мазмұны |
Өтетін күні |
Өткізілу формасы |
Жауапты |
1. |
Кабинеттің жұмыс жоспарын жасап, орындалуы туралы есеп беру |
Қыркүйек мамыр |
есеп беру |
Кабинет меңгерушілері |
2. |
Кабинеттің перспективалық жоспарын жасау |
қыркүйек |
жоспар жасау |
Кабинет меңг. |
3. |
Кабинеттің қауіпсіздік Ережесімен оқушыларды таныстыру, санитарлық-эпидемилогиялық талаптардың орындалуын қамтамасыз ету, бақылау |
қыркүйек |
бақылау |
Кабинет меңгерушілері, пән мұғалімдері |
4. |
Кабинет пен жиһаздар,оқу-әдістемелік құралдар мен әдебиеттер күтімін сақтау |
үнемі |
жинақтау |
Пән мұғалімдері, оқушылар |
5. |
Дидактикалық материалдар мен үлестірме карточкаларды толықтыру, сабақтардың электрондық нұсқаларын, тақырыптық слайдтар дайындау |
қыркүйек–мамыр |
жинақтау |
Кабинет меңгер. Пән мұғалімдері |
6. |
Гүлмен безендіру жұмысын жүргізу |
жыл бойы |
гүл отырғызу |
Кабинет меңгерушілері |
7 |
Кабинет сайысына қатысу |
мамыр |
сайыс |
Кабинет меңгерушілері |
Оқу-тәрбие жұмысы
№ |
Өтілетін іс-шаралардың мазмұны |
Өту мерзімі |
Жүзеге асуы |
Өткізуге жауаптылар |
1 |
Оқушылардың оқулықпен қамтылуын тексеру |
тамыз |
|
Әкімшілік |
2 |
Факультатив, бағдарлы курстардың жұмыс кестесін бекіту |
тамыз |
Кесте |
Мұғалім |
3 |
Жазба жұмыстарының кестесін құру |
тамыз |
Кесте |
Мұғалім |
4 |
Күнтізбелік-тақырыптық жоспарды бекіту |
тамыз |
|
Мұғалім |
5 |
Оқушылардың жұмыс дәптерлерін өзара тексеру |
Жоспар бойынша |
Анықтама |
Мұғалім |
6 |
Пән бойынша ғылыми жұмыстарды ұйымдастыру |
Қыркүйек- Мамыр |
Ғылыми жұмыс |
Мұғалім |
7 |
Сабақ жоспарын тексеру |
Жоспар бойынша |
Анықтама |
Оқу ісі меңгерушісі |
8 |
Пән олимпиадаларын өткізу |
Қазан, Ақпан |
Есеп |
Мұғалім |
9 |
9-11 сынып оқушылары үшін консультация ұйымдастыру |
Жоспар бойынша |
|
Мұғалім |
10 |
7-11 сынып оқушыларының сабақтастық үрдісін жүзеге асыру |
Қаңтар-Мамыр |
Есеп |
Мұғалім |
11 |
Пән бойынша сыныптан тыс жұмыстар ұйымдастыру |
Қыркүйек-Мамыр |
|
Мұғалім |
12 |
Аудан көлеміндегі барлық іс-шараларға қатысу |
Жыл бойы |
Есеп |
Мұғалім |
Әдістемелік жұмыс
№ |
Өтілетін іс-шаралардың мазмұны |
Өту мерзімі |
Жүзеге асуы |
Өткізуге жауаптылар |
1 |
ӘБ отырыстарын өткізу |
Жоспар бойынша |
ӘБ отырысы |
ӘБ жетекшісі |
2 |
Дидактикалық материалдар, оқу-әдістемелік материалдар және жаңа оқулықтарды апробациялау жұмысы |
Оқу жылы бойы |
Жоспар |
Мұғалім |
3 |
Күнтізбелік жоспарды тексеру |
Қараша |
Анықтама |
ӘБ жетекшісі |
4 |
Тәжірибе алмасу бағытындағы жұмыстар |
Жыл бойы |
|
ӘБ жетекшісі |
5 |
Бірлестік проблемелық тақырыптарын жазу |
Жыл бойы |
|
|
6 |
ӘБ жыл бойы атқарылған жұмысының есебі, талдау |
жыл бойы |
анықтама |
ӘБ жетекшісі |
7 |
ӘБ жетекшісі оқу жылына жоспары |
Мамыр-маусым |
Жоспар |
ӘБ жетекшісі |
8 |
Сабаққа, сыныптан тыс шараларға қатысу |
Жоспар бойынша |
Журнал |
ӘБ жетекшісі |
9 |
Білім жетілдіру курсынан өткен мұғалімнің шығармашылық есебі |
мамыр |
Хаттама |
Мұғалім |
10 |
Қазақстан және дүниежүзі тарихы пәндеріненжиынтық, тоқсандықбағалауды өткізу кестесін құру, бекіту. |
тоқсан сайын |
кессте |
Пән мұғалімдері |
11 |
Критериалды бағалауды енгізу тәртібі бойынша талдау, зерделеу. Білім сапасына аналитикалық талдау. |
әр тоқсан сайын |
есеп |
Пән мұғалімдері |
Қорытынды аттестацияға дайындық жұмыстары
№ |
Өтілетін іс-шаралардың мазмұны |
Өту мерзімі |
Өткізуге жауаптылар |
Жүзеге асуы |
1 |
Пән бойынша консультациялар ұйымдастыру |
Қазан |
Мұғалім |
График |
2 |
Дарынды оқушылармен жеке жұмыстар |
Жыл бойы |
Мұғалім |
|
3 |
Дайындау тестері арқылы оқушылардың мониторингі |
Ай бойы |
Мұғалім |
Материал |
4 |
Тақырыптық бақылау «Қорытынды аттестаттауға дайындық» |
Ақпан |
Оқу ісі меңгерушісі |
Анықтама |
5 |
Емтиханға дайындық стендісін жабдықтау |
Қаңтар |
Мұғалім |
|
Тақырыптық әдістемелік отырыстар
р/с |
Жұмыс мазмұны |
Өтетін күні |
Өткізілу формасы |
Жауапты |
1. |
Тақырыбы:«Жаңа оқу жылының нормативтік-әдістемелік құжаттарымен танысу» 1.Әдістемелік бірлестіктің өткен жылғы жұмысына талдау жасау 2. Әдістемелік нұсхау хатпен, нормативтік құжаттармен және оқу бағдарламасымен танысу. 5-7 сыныптарда қазақстан тарихы бойынша кіріктірілген өлкетану курсының енгізілуі. Бірлестіктің жылдық жоспарымен таныстыру. (музейге апару .өлке тарихын таныстыру ) 3. 2023-2024 оқу жылына арналған күнтізбелік жоспарларын қолданбалы курс, факультативтер бағдарламаларын тексеру, бекіту. 4.Жас мұғалімдерге тәлімгер тағайындау, әдістемелік тақырыптарын бекіту. 5. Қорытынды аттестаттау мен ОЖСБ-ға дайындық жоспарларын бекіту. 6. Дарынды оқушылармен жұмыс жоспарын құру, бекіту. 7. «Нольдік» бақылау жұмысының мазмұнын қарастыру, бекіту. 8. Мектепішілік олимпиада тапсырмаларын, құжаттарын бекіту. |
Тамыз |
ӘБ отырысы №1 |
ӘБ жетекшісі Пән мұғалімдері |
2. |
Тақырыбы:«Мұғалімнің ақпараттық және коммуникативтік креативтік құзырлығын қалыптастыру» 1. №1 отырыс қаулысының орындалуы 2.Оқу жылы басындағы негізгі пәндер бойынша білім тексеру жұмысының қорытындысы 3.Дарынды оқушылармен жұмыс.Мектепішілік олимпиада,аймақтық олимпиада қорытындысы. 9-сыныппен ОЖСБ –ға дайындық, 11-сыныпта сынама тестінің қорытындысын талдау. 4.«Зайырлылық және дінтану» факультативтік курсының берілу жағдайы 5. I тоқсанның қорытындысы 6. «Тарих,құқық ,география» апталығын жоспарлау, бекіту. |
Қараша |
ӘБ отырысы №2 |
ӘБ жетекшісі Пән мұғалімдері |
3. |
Тақырыбы:«Тарих сабақтарында модульдік технологияны практикалық қолдану» 1.№ 2 хаттама шешімінің орындалуы 2. 9-сыныппен ОЖСБ –ға дайындық, 11-сыныпта сынама тестінің қорытындысын талдау 3.Қалалық, облыстық пән олимпиадасының қорытындысы 4.Үлгерімі төмен оқушылармен жұмысты ұйымдастыру. 5.«Тарих,құқық , география » апталығының қорытындысы және берілу жағдайы 6.Мектепішілік кіші олимпиада өткізу. 7.Iжартыжылдық білім көрсеткіштері қорытындысы |
Қаңтар |
ӘБ отырысы №3 |
ӘБ жетекшісі Пән мұғалімдері |
4. |
Тақырыбы: «Қорытынды аттестаттауға психологиялық жағынан дайындық» 1.№ 3 хаттама шешімінің орындалуы 2. 9-сыныппен ОЖСБ –ға дайындық, 11-сыныпта сынама тестінің қорытындысын талдау 3.«Қорытынды аттестаттауға психологиялық жағынан дайындық» 4. «Жас ғалым» ғылыми жоба байқауының мектепішілің байқауының қорытындысы 5.Кіші олимпиада қорытындысы 6. Өзара сабаққа қатысу 7. Сабақтастық мәселесі 8. 3-оқу тоқсанның қорытындысына сараптама талдау |
Наурыз |
ӘБ отырысы №4 |
ӘБ жетекшісі Пән мұғалімдері Мектеп психологы |
5. |
Тақырыбы: «Жылдық қорытынды, талаптар мен міндеттер» 1.№ 4хаттама шешімінің орындалуы 2.II жартыжылдық білім кесімдерінің қорытындысы. 3.Қалалық кіші олимпиада қорытындысы 4.« Ғылыми жоба» байқауының қорытындысы 5.Дарынды оқушылармен жұмыстың қорытынды есебі 6.Гуманитарлық пәндер бойынша оқушының жылдық білім сапасы мен тест жұмыстарының нәтижесі 7. 9-11сынып оқушыларын мемлекеттік емтиханға дайындау. 8.ӘБ жұмысына сараптама талдау 9.Жаңа оқу жылына арналған жұмыс жоспарының жобасы |
Мамыр |
ӘБ отырысы №5 |
ӘБ жетекшісі |

