Материалдар / Тарих жетегінде, тарих толқыныңда
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тарих жетегінде, тарих толқыныңда

Материал туралы қысқаша түсінік
,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Наурыз 2022
499
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Баяндама



Автор: Жанузакова Айдана

Сыныбы: ҚТ 21-09

Мектебі: Мұхтар Әуезов атындағы педогогикалық колледж

Ғылыми жетекшісі:

Тақырыбы: Алаштың үш Арысы

















2021-2022 оқу жылы









Алаштың бес Арысы

Алаш қозғалысы-жиырмасыншы ғасырдың алғашқы ширегінде Ресей империясының отарлың билік жүйесіне қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалыс болып табылады. Осы жиырмасыншы ғасырдың басында Ресейдің бейлігі, басқару жүйесі күрт күшейіп кетіп, Ресейден көшіп келушілердің өте көп болып кетуі. Олардың біздің құнарлы қазақ жерінде тұрып жатуы, біздің өз жерімізден айырылуға ақырындап алып келе бастады. Ендігі кезекте қазақ өз халқын, жерін, тілін сақтап қалу үшін күрес жүргізуге бел буды. Олар өте зардабы көп көтеріліс жолымен шешкісі келмеді. Себебі бұл жолмен шешше қазақтың үштен бірі қырылып қалып, жастар жастайынын кінәзір түрмеге жабылып, қазақ қыздарының өміріне балта шабылып, қалғанын сол жерде өлтіріп, енді қалғанын халықты жас-кәрі демей түрмеге жабу шеді. Міне осы себепті бұл күресті саяси жолмен шешуге тырысты. Осылайша бізде бірінші орыс төңкерісі жолында қазақ халхының қамын ойлаған қазақ зиялыларының жасаған әрекеттері кейін уақыт өте Алаш қозғалысының бастамасы болып, қазақтың бас көтеруіне себеп болды. Алаш қозғалысының арыстары: Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мағжан Жұмабаев, Жүсікбек Аймаутов, Міржақып Дулатов, Ахмед Байтұрсынов міне осы тұлғалар алаштың бес арысы болып табылады. Негізі осы жиырмасынышы ғасырдың басты тарихы өзекті мәселесі осы Алаш партиясының құрылуы, оның тарихи негіздері, саяси және әлеуметтік жағдай еді. Ендігі осы Алаш партиясының төрағасы-Әлихан Бөкейханов еді. Жиырмасыншы ғасырдың басындағы жерді дүр сілкіндірген мәселердің бәрін осы-Алаш партиясы бақылаған болатын. Сол ғасырда халықтың қамын ойлаған осы-Алаш партиясы. 21 шілдеде құрылған Алаш партиясының қалауын қалаған Әлихан Бөкейханов еді.

Ендігі осыдан 104 жыл бұрын-1917 жылы Орынбор қаласында 1 жалпықазақ сьезі өтіп, онда Торғай, Орал, Семей, Ақмола, Ферғана, Жетісу, Сырдария облыстары мен Бөкей Ордасынан келген қазақ интелленгенциясының келіп бас қосқан болатын. Міне осы жиында азаттықтың жолындағы Алаш партиясын құру шешім шығарған болатын.

Мінекей енді тарих ғылымының докторы Мәмбет Қойгелдінің айтуынша, Райымхан Мәрсенов, Бақытжанов Қаратов, Жахания Сейдалин қатарлы ұлт жанаршырлары бұда бұрын 1913 жылы жалпы қазақ сьезін шақырып осы ұлттық партия құру туралы ой тастаған. Бірақ бұған Әлихан Бөкейхан мен Ахмет Байтұрсынұлы тоқтау айтқан. Алаштың екі арысы бұл уақытта жалпықазақ сьезін шақырудың қате болғанын, патша үкіметінің бұл істі жай қойя салмайтының түсіндірген.

Патша өкіметі құлап, ел іші екіге жарылған кезде алашордағылар уақытты текке кетіріп алмайықшы деп, өздерін елге паш ету туралы ойлайды.

Осылайша, 1917 жылы шіде-тамыз айларының арасында жалпықазақ бірікті құрылтай шақырылып, Алаш партиясы тарих сахнасына қол созды. Алаш партиясын тарих сахнасына шығарған тұңғыш жалпықазақ сьезін қазақ зияларының мемлекет болу жолында жасаған маңызды қадамы деп айтуға болады. Ал енді біздің Алаштың бес арысына көшейік. Бірінші арысымыз Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан.

Әлия Нұрмұхамедұлы Бөкейхан-5 наурыз 1866жылы Қарқаралы уезінде, Семей облысында, Дала өлкесінде дүниеге келен. Діні сүннеттілік Ислам. Ал білім алған орны Омбы техникалық училищесі Орман шаруашылығы иституты орналасқан жері Санкт-Петерберг. Айтылып кеткендей Алаштың арасының бірі. Әлихан Бөкейхановтың әкесінің аты Нұрмұхаммед Мырзатайұлы Бөкейхан. Ал анасы Бегім Дулатқызы Бөкейхан, жұбайы-Елена Яковлевна Севостьянова. Ал ұрпағы балалары-Зейнеп, Өкітай болатын. Негізі Әлихан Бөкейхановтың ата тегі Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын төре тұқымы. Арғы атасы атақты Сұлтан Барақ. Қазақтың соңғы хандарының бірі Бөкей осы Сұлтан Барақтың баласы. Бөкейден Батыр, одан Мырзатай, одан Әлиханның әкесі Нұрмұхамед.

Әлиханды әкесі тоғыз жасында Қарқаралаға апарып, жергілікті молданың қолына оқуға береді. Бірақ зерделі бала молдадан оқығаннан гөрі осындағы мектепке жүргендердің сауаттылығын аңғарып, қаладағы үш кластың бастауыш мектепке өз еркімен ауысып алады. Оны бітіргенннен кейін 1879-1886 жылдары Қарқаралы қаласындағы қазақ балаларына арналған мектепке оқыды. 1886-1890 жылдар аралығында Омбыдағы техникалық училищеде оқып, оны техник мамандығы бітіріп шықты . Надан молдалар мен тойымсыз байлар

Әлихан Бөкейхан өзінің алғашқы мақалаларында қара халықты қатыгездікпен қанап жүрген надан молда, болыс пен старшынды, тойымсыз байдың сойылын соғып жүрген екіжүзді ақындар мен оқыған қазақтарды аяусыз сынға алды.

"Қырда кім болса да сол молла болады. Аз ғана оқу білетін қазақ, я қашқын ноғай, я сарт, я тәжік. Сол адамдар бек надан һәм нәрсені... білмейді һәм солар надан болған соң қазақтарға ауып, оларды мейлінше бұзады. Қай қазақ моллаға нанбайды, ашық күнді жауын қыламын деп тұрған соң... (Құдайындай иланады)... Бір сорлы қазақ бар ма екен... "жақсы" атанып жүрген қазақтар менен моллалардан көрмеген?.. Сол моллалар надандығыменен дінге қарсы өтірік айтады... ", - деп жазды Бөкейхан.

Басқа бір мақаласында қазақ қоғамының жағымсыз жақтарын ашық көрсетті.

"Қыр халқы бос жүреді. Бос отырған бастарына ауыр сын тумаған соң мехнат-жұмысқа иленбей, мал шаруасыменен күнелтіп жүрді. Мал бағу өз жөніменен жүре береді. Өлгенге шейін бір қазақ мал бағуды түзеуге ойлаған жоқ, қанша заманнан бері ата-бабаның жолыменен жүреді де отырады", - деді 23 жастағы Бөкейхан. Халық "Алаш" пратиясын қолдады

1916 жылы жер аудару мерзімі бітіп, Самарыдан Орынбор келген Әлихан бірден қаланың қоғамдық, саяси өміріне араласып кетеді. Қаланың қазақ тұрғындары атынан қалалық думаға сайланады. Ол Ақпан төнкерісінен үлкен үміт күтеді. Бірақ ол үміті ақталмайды. Уақытша үкімет, оның ішінде өзі мүшесі болып жүрген кадет партиясының көсемдері қазаққа автономия беруге қарсы болады.

Оның үстіне олармен жер мәселесі жөнінде де ымыраға келе алмайды да, ол бұл партиядан шығып, қазақтан сайланған тоғыз өкілді бастап барып, Томск қаласында Сібір автономистерінің құрылтайына қатысады. Осында болашақ Сібір республикасының құрамында Қазақ автономиясы құрылмақ болады. Құрылтайдан оралысымен Әлихан қазақ тарихындағы тұңғыш саяси ұйым Алаш партиясын ұйымдастыруға кіріседі. Артынша, 1917 жылдың желтоқсанында бүкіл қазақтардың құрылтайында Қазақ автономиясы жарияланып, Әлихан Бөкейхан сол алғашқы Қазақ автономиялы республикасының тұңғыш төрағасы болып сайланады.




"...Ахмет қазақ ұлтына жанын аямай қызмет қылды… халықтың арын іздеп, өзінің ойға алған ісі үшін бір басын бәйгеге тікті" деп жазған екен Сәкен Сейфуллин

XX ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы, ұлттық жазудың реформаторы.

Өмірбаяны

Түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы 1872 жылы 5 қыркүйектe қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы Сарытүбек ауылында дүниеге келген.

Атасы Шошақ немересі Ахмет өмірге келгенде ауыл ақсақалдарынан бата алып, азан шақырып атын қойған. Ал әкесінің інісі – Ерғазы кішкентай Ахметті Торғайдағы екі сыныптық орыс-қазақ мектебіне оқуға берген.

Тоғыз жасында орыс-қазақ мектебін бітіргеннен кейін Орынбордағы төрт жылдық мұғалімдер мектебіне оқуға түседі. 1895 жылы педагогикалық кеңестің шешімімен "бастауыш училищенің оқытушысы" деген атақты алып шығады.

1895 жылы жас Ахметтің оқытушылық қызметі басталады. 1909 жылға дейін ол Ақтөбе, Қостанай мен Қарқаралы уездеріндегі орыс-қазақ мектептерінде сабақ беріп, Қарқаралы қалалық училищесінде меңгеруші мен оқытушы қызметін қоса атқарып жүрді.

Омбыда екі жыл бойы Торғай облысы Халықтық училище директорының іс жүргізуші лауазымында жұмыс істеді.

Ахмет Байтұрсыновтың замандасы әрі қаламдасы Мұхтар Әуезов 1923 жылы Ахметке арнаған мақаласында, оның тегі жөнінде былай жазған:

"... Сүйегі-Арғын, оның ішінде Үмбетей болады. Бергі аталары Үмбетейден шыққан Шошақ, Түбек. Ақаң Шошақтың немересі. Өз әкесінің аты —Байтұрсын".

Саяси жолы

Ахметтің саяси жолы 33 жасында басталды. 1905 жылы Қоянды жәрмеңкесінде жазылған Қарқаралы петициясы авторларының бірі Ахмет Байтұрсынұлы болды. Осы құзырхатқа 14500 адам қол қойған.

Онда жергілікті басқару, сот, халыққа білім беру істеріне қазақ елінің мүддесіне сәйкес өзгерістер енгізу, ар-ождан бостандығы, дін ұстану еркіндігі, цензурасыз газет шығару, баспахана ашуға рұқсат беру, қазақ даласына орыс шаруаларын қоныс аударуды үзілді-кесілді тоқтату талап етілген болатын.

Сол кезеңнен бастап Байтұрсынұлы жандармдық бақылауға алынды. 1908 жылы саяси көзқарасы үшін Қарқаралы абақтысына қамалып, екі жылдан кейін Орынборға жер аударылады. Семей түрмесіне де жабылды.

Жалпы, 1915 жылға дейін әлеуметтік ахуалды баяндаған цензура көтермейтін мақалалар жариялағаны үшін Ахмет Байтұрсыновқа бірнеше рет айыппұл салынды. Абақтыға үш рет қамалды.

Байтұрсынұлы өмірінің Орынбордағы кезеңі оның қоғамдық-саяси қызметінің аса құнарлы шағы болды.

Ол осы қалада өзінің ең жақын сенімді достары – Әлихан Бөкейханов және Міржақып Дулатовпен бірігіп, сондай-ақ қалың қазақ зиялыларының қолдауына сүйеніп, тұңғыш жалпыұлттық "Қазақ" газетін шығарып тұрды. Алдымен Абай туралы көлемді мақала жариялады.

Ахмет Байтұрсынұлы "Қазақ" газетінің бірінші санындағы халыққа арнауын былай деп аяқтады:

"Аталы жұртымыздың, адуынды ұлтымыздың аруақты аты деп газетіміздің есімін "Қазақ" деп қойдық. Ұлт үшін деген күштің ұлғаюына күшін қосып, көмектесе қызмет ету қазақ баласына міндет. Қызмет етем десеңдер, азаматтықтың зор жолының бірі осы".

Жетістіктері

  • Ахмет Байтұрсынұлы Алаш партиясы бағдарламасын даярлаған шағын топтың құрамында болды;

  • Алаш Орда құрамын бекіткен 2-жалпықазақ съезі Оқу-ағарту комиссиясын құрып, оның төрағасы етіп Байтұрсынұлын бекіткен;

  • 1919 жылы наурызда Ахмет Байтұрсынұлы Алашорда үкіметі атынан Мәскеуге Кеңес үкіметімен келіссөзге аттанды;

  • Ахмет Байтұрсынұлы Халық Комиссарлар Кеңесі мен Қазақ әскери-революциялық комитеті төрағасының орынбасары болып тағайындалды;

  • Байтұрсыновтың ықпалымен Алашорда басшылары мен мүшелеріне Кеңес үкіметінің кешірімі жарияланды;

  • 1920 жылы Ленинге үкіметінің Қазақстанды басқару ісіндегі алғашқы қадамын қатал сынға алған хатын жолдады;

  • Қазревком мүшесі ретінде Қазақстан - Ресей шекарасын бекіту ісіне белсенді түрде араласты;

  • Бүкілресейлік ОАК-нің 1919 ж. 27 тамызда Қостанай уезін Челябинск облысына қосу туралы шешіміне қарсы Байтұрсынұлының жазған саяси наразылығы Қостанай уезін Қазақстан құрамына қайтаруға негіз болды;

  • Ахмет Байтұрсынұлы 1920 жылы тамызда құрылған Қазақ АКСР үкіметінің құрамына еніп, 1920–1921 жылы Қазақ АКСР Халық ағарту комиссары қызметін атқарды;

  • 1922 жылы Өлкелік халық комиссариаты жанындағы Академиялық орталықтың, 1922–1925 жылы Халық ағарту комиссариаты ғылыми-әдеби комиссиясының, Қазақ өлкесін зерттеу қоғамының төрағасы болып қызмет атқарды.

Алаш пен Ахмет

1917 жылы патшаның тақтан құлауын Ахмет Байтұрсынұлы зор қуанышпен қарсы алып, Әлихан Бөкейхановтың басшылығымен қазаққа бостандық, теңдік әперу үшін саяси күрес майданына араласты. Сол жылы Орынбор қаласында өткен І Жалпықазақ съезінде Ахмет Байтұрсынұлы пен Міржақып Дулатов "Тәуелсіз автономия" құру идеясын ұсынады.

Съездің қорытындысы бойынша "Алаш" ұлттық саяси партиясы құрылды. Ал Әлихан Бөкейханов қазақ халқының көсемі, партия басшысы болып сайланды. Алайда ұлттық автономия құрамыз деген бастама тығырыққа тірелді.

Алаш қозғалысы білімсіз кедей-кемшіктің қалың тобырына арқа сүйеген жүгенсіз коммунистік қозғалысқа қарсы тұруға ол заманда қауқарсыз еді. Осыны түсінген және халқымен бірге болуды ойлаған Ахаң 1919 жылдың наурызында Кеңестер өкіметі жағына өтті.

Ахаңдай ірі тарихи тұлғаның беделі уақытша болса да, большевиктерге де қажет болды. Шын мәнінде, Ахаңның және оның серіктерінің Кеңес өкіметі жағына кездейсоқ өтпегені белгілі.

Бұл туралы Ахаңның өзі "Жизнь национальностей" журналында 1919 жылы 3 тамызда жазған.

"Егер де бұрын бір топ адамдар патша чиновниктері атынан қырғыздарды (қазақтарды) жауапсыздықпен қамап, әр түрлі зорлық-зомбылықтарға жол берген болса, дәл осындай қылықты шет аймақтарда большевик-коммунистер деген атты жамылған осындай және басқадай адамдар тобы байқатты. Патша өкіметі кезінде, бұрын мұндай жағдаймен ымыраға келмеген мен және менің пікірлестерім, енді тағы да осындай істер Советтік Ресейде түгелдей орын алуда деп ойлап ымыраға келмей, кеңес өкіметін мойындауға қарсы болдық. Бірақ монархиялық билік бағытындағы Колчактың пайда болуы осы және басқа билік туралы ойлауға мәжбүр етті. Сонда біз қырғыз (қазақ-Т.О) халқының ежелгі арманы оңшыл ма әлде солшыл ма әйтеуір, жүзеге асар болар дегенге көзіміз жеткендіктен жергілікті большевиктердің іс-әрекеті біздерге ұнамды көріне қоймаса да, кеңес өкіметі жағына шыққанды жөн көрдік", - деп жазды Байтұрсынұлы.

Шығармашылығы

Байтұрсынұлы шығармашылық жұмысын өлең жазудан бастаған. Онда ол еңбекші халықтың ауыр халін, арман-тілегін, мұң-мұқтажын көрсетіп, жұртшылықты оқуға, білім-ғылымға, рухани биіктікке, адамгершілікке, мәдениетті көтеруге, еңбек етуге шақырады.

Патшалық Ресейдің қанаушылық-отаршылдық саясатын, шенді-шекпендінің алдында құлдық ұрған шенеуніктердің опасыздығын сынады.

Ақынның алғашқы өлеңдері "Қырық мысал" атты аударма жинағында 1909 ж. Санкт-Петербургте жарық көрді. Бұл кітабы арқылы қалың ұйқыда жатқан қараңғы елге жар салып, олардың ой-санасын оятуға бар жігер-қайратын, білімін жұмсайды.

Ақын әрбір аудармасының соңына өзінің негізгі ойын, айтайын деген түйінді мәселесін халқымыздың сол кездегі тұрмыс-тіршілігіне, мінезіне, психологиясына сәйкес қосып отырған.

Байтұрсынұлының екінші кітабы — "Маса" (1911). Бұл кітапқа енген өлеңдерінде ақын қараңғылық, надандық, шаруаға енжарлық, кәсіпке марғаулық сияқты кемшіліктерді сынады.

Ол Шоқан, Абай, Ыбырай қалыптастырған дәстүрлерді, гуманистік, демократиялық бағыттағы өрісті ойларды өзінше жалғастырушы ретінде көрінді. "Қазақ салты", "Қазақ, қалпы", "Досыма хат", "Жиған-терген", "Тілек батам", "Жауға түскен жан сөзі", "Бақ" және тағы басқа өлеңдерінің мазмұны осыны танытады.

Ахмет Байтұрсынұлы халық ауыз әдебиетінің үлгілерін жинап жарыққа шығаруға зор үлес қосты. Қазақтың "Ер Сайын" атты эпостық жырына алғы сөз бен түсініктемелер жазып, оны 1923 жылы Мәскеуде шығарды.

Бұдан бөлек, қазақ ауыз әдебиетінде молынан сақталған жоқтау-жырларын арнайы жүйелеп, 1926 жылы "23 жоқтау" деген атпен жеке кітап етіп жариялады.

Байтұрсынұлының қазақ әдебиеттану ғылымы мен әдебиет тарихы жөніндегі тұңғыш көлемді еңбегі — "Әдебиет танытқыш" (1926). Автор әдебиет тарихына, теориясы мен сынына, методологиясына тұңғыш рет тиянақты анықтама беріп, қазақ әдебиеттану ғылымының жүйесін жасады.

Халық тілінің бай қорынан мағынасы терең, ұғымдық аясы кең сөздерді термин етіп алып, соның негізінде қазақ әдебиетінің барлық жанрлық формаларын топтап, жіктеп берді.

Сондай-ақ Байтұрсынұлы қазақ тіліне А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов, Ф.Вольтер, С.Я.Надсон өлеңдерін аударды.

Қазақ тілі мен жаңа әліпби

Ахмет Байтұрсынұлы қазақ әліппесі мен қазақ тілі оқулықтарын жазып шыққан. Онымен қоса қазақ графикасын жасауға кіріседі.

Араб таңбаларын қазақ фонетикасына икемдейді, ол үшін қазақ дыбыстары жоқ таңбаларды алфавиттен шығарады, арабша таңбасы жоқ дыбыстарына таңба қосады, қазақ тілінің жуанды - жіңішкелі үндестік заңына сай жазуға ыңғайлы дәйекші белгі жасайды.

Сөйтіп, 24 таңбадан тұратын өзі "қазақ жазуы" деп, өзгелер "Байтұрсынов жазуы" деп атаған қазақтың ұлттық графикасын түзеді. Одан осы жазуды үйрететін әліппе жазды. Сөйтіп, оқу-ағарту идеясына сол кездегі интелегенция жаппай мойын бұрды.

1911-1912 жылдары Уфа мен Орынбор қалаларының баспаханаларында жарық көрген Ахмет Байтұрсынұлының әліппесі "Оқу құралы" деген атпен 7 рет қайта басылып, оқыту ісінде ұзақ әрі кең пайдаланылды. 1926 жылы ғалым "Әліп-бидің" жаңа түрін жазды.

Сол кезде оның атақты "Тіл – құрал" атты үш бөлімнен тұратын, үш шағын кітап болып жарияланған оқулықтар жазылды.

Ахметтің тағы бір зор еңбегі – терминдерді жасау. Бұдан бөлек, ғалым қазақ тілі грамматикасына қатысты категориялардың әрқайсысына қазақша атау ұсынды.

Осы күні қолданылып жүрген зат есім, сын есім, етістік, есімдік, одағай, үстеу, шылау, бастауыш, баяндауыш, жай сөйлем, құрмалас сөйлем, қаратпа сөз деген сияқты сан алуан лингвистикалық атаулардың баршасы – ғалымның жазып кеткен мұрасы.

"...Орынборға келгеннен кейін, ең алдымен, қазақ тілінің дыбыстық жүйесі мен грамматикалық құрылысын зерттеуге кірістім; одан кейін қазақ әліпбиі мен емлесін ретке салып, жеңілдету жолында жұмыс істедім, үшіншіден, қазақтың жазба тілін бөтен тілдерден келген қажетсіз сөздерден арылтуға, синтаксистік құрылысын өзге тілдердің жат әсерінен тазартуға әрекеттендім; төртіншіден, қазақ прозасын жасанды кітаби сипаттан арылтып, халықтық сөйлеу тәжірибесіне ыңғайластыру үшін ғылыми терминдерді қалыптастырумен айналыстым", - деп жазды Байтұрсынұлы.

Өмірінің соңғы жылдары

1929 жылы 2 маусымда Ахмет Байтұрсынұлы Алаш қозғалысының 43 қайраткерімен бірге Алматыда тұтқынға алынып, осы жылдың соңына қарай тергеу үшін Мәскеудегі Бутырка абақтысына жөнелтілді. Келесі жылы КСРО Халық комиссарлар кеңесі жанындағы ОГПУ "үштігінің" шешіміне сәйкес, ату жазасына кесілді.

Бірақ бұл шешім бірнеше рет өзгерді. 1931 жылы қаңтарда 10 жылға концлагерьге ауыстырылса, 1932 жылы қарашада 3 жылға Архангельскіге жер аударылсын деген үкім шығарылды.

1933 жылы мамырда денсаулығы нашарлап кетуіне байланысты қалған мерзімді Батыс Сібірде айдауда жүрген отбасымен (әйелі мен қызы) бірге өткізуге рұқсат беріледі. Ал 1934 жылы М.Горькийдің жұбайы Е.П.Пешкованың көмегімен Байтұрсынұлы отбасымен мерзімінен бұрын босатылып, Алматыға оралады.

Бұл жерде тұрақты жұмысқа қабылданбай, түрлі мекемелерде қысқа мерзімдік қызметтер атқарады. Орталық мұражайда кеңесші болып істеді.

Өкінішке қарай, Сталиннің 1925 жылғы 29 мамырдағы "Ақ жол" газеті туралы хаты Ахмет Байтұрсыновты және оның серіктерін "ұлтшылдар" және "шоқаевшылдар" ретінде қуғындауға теориялық негіз қалады. Қазақстандағы қуғын-сүргінді жергілікті басшы Ф.Голощекин жандандыра түсті.

Ақырында қуғын-сүргіннің жаңа толқынына ілігіп, 1937 жылы 8 желтоқсанда жазықсыз атылып кетті.

"…Өзге оқыған мырзалар шен іздеп жүргенде, қорлыққа шыдап, құлдыққа көніп, ұйқы басқан қалың қазақтың ұлт намысын жыртып, ұлттық арын жоқтаған патша заманында жалғыз-ақ Ахмет еді. Қазақтың ол уақыттағы кейбір оқығандары уез, губерния соттарына күш салып, тілмәш болып, кейбірі арын сатып ұлықтық іздеп жүргенде, Ахмет қазақ ұлтына жанын аямай қызмет қылды… халықтың арын іздеп, өзінің ойға алған ісі үшін бір басын бәйгеге тікті", - деп жазды Сәкен Сейфуллин.



Туған жері — Торғай уезінің, Сарықопа облысының бірінші ауылы(қaзipri Қостанай облысының Жанкелді ауданына қарасты "Қызбел" ауылы). Әкесі — Дулат аймағына аты шыққан шебер кісі болған, ер тұрман жасап, етікмәсі тіккен. Шешесі — Дәмеш ойын тойдың базары, әнші кісі болған. Әкесі балаларын жастайынан оқуға береді. Алғашқыда бала Міржақып ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Молдадан екі жыл оқығаннан кейін, 1897-1902 жылдары, ауыл мектебінде орысша оқытатын Мұқан мұғалімнен дәріс алады. Бұл мектеп Міржақыптың білімін толықтырумен қатар, азамат ретінде қалыптасуына да аса зор ықпал жасайды, Мұқан мұғалім ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин іргетасын қалаған оқу орнының, дәлірек айтқанда, Торғай қаласындағы уездік орыс-қазақ мектебінің түлегі болатын. Өз шәкірттеріне де ол осы рухта тәлім-тәрбие, терең білім береді.

Міржақып анасынан екі жасында, әкесінен он екі жасында айырылып, ағасы Асқардың қолында тәрбиеленеді. Асқар әкесі Дулаттың Міржақыптың оқып, білімді азамат болып, өсуін армандаған тілегіне сай, інісінің оқуын әрі жалғап, білім алуына ерекше көңіл бөледі. Ауылда туып, ауылда өскен, ауылда оқып, ауылда қызмет етіп, «ауыл мұғалімі» атанған зерделі жас ауыл тұрғындарының ауыр тұрмысын, теңдігі жоқ аянышты хәлін көріп, түңіле түршігіп, тебірене толқиды.

Бұл кезең патша өкіметінің отаршылдықты қазақ даласында күрт күшейтіп, қалың елге тізесін қатты батырып тұрған шағы болатын. Бұл жағдай сол кездегі қазақтың көзі ашық, оқыған, зиялы азаматтарына қозғау салды. Наразылық туды. Күресудің жолдары қарастырылып жатты. Оның негізгі жолы ретінде оқуға, білім алуға ұмтылыс күшейді. Бірте-бірте халық саяси құбылысқа айналып, ел ішінде отаршыл саясатқа қарсы ұлт-азаттық идеялары туындады. Патшалық Ресей де бірінші буржуазиялық-демократиялық дүмпудің қарсаңында болатын.

«Алаш» партиясының басшылары, сол жағында Ахмет Байтұрсынұлы, ортасында Әлихан Бөкейхан, оң жағында Міржақып Дулатұлы, 1917 жылғы сурет

Езілген еліне ес болуға, жоғын жоқтап, мұңын мұңдауға серт байлайды. Халық ісіне бар болмысымен бүтіндей беріліп, «Қалғанша жарты жаңқам мен сенікі, Пайдалан шаруаңа жараса, алаш!» деп бар даусымен жар салады.

Өз бетінше талпынып, білім жинап, орыс тілін жетік меңгерген Міржақып орыстың озық ойлы азаматтарының еңбектерімен танысуы арқасында замана тозаңын суырып, дүниені дүр сілкіндірер дауылды күндердің тақап келе жатқанын өзгелерден бұрын сезеді.

Міне, осындай күрделі кезеңде, 1904 жылы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!