Материалдар / Тарих-өлкетану факультативті курсын оқытудағы инновациялық әдіс-тәсілдер

Тарих-өлкетану факультативті курсын оқытудағы инновациялық әдіс-тәсілдер

Материал туралы қысқаша түсінік
тарих және география пәндері мұғалімдеріне арналған көмекші құрал
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қараша 2020
873
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы

«Сырым ауданы әкімдігінің білім беру бөлімі» ММ

















Әдістемелік құрал

Тақырыбы:

«Тарихи - өлкетану факультативті курсын оқытудағы

инновациялық әдіс-тәсілдер»















Құрастырушы: Ж.Г. Брекеев

Сырым аудандық білім беру бөлімінің тарих пәні әдіскері,

педагог-сарапшы









2020-2021 оқу жылы

Мұғалімнің тәжірибелік ой-мақсаты:

- Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту негізінде олардың танымдық қызығушылығын арттырып, Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу.

Тұжырымдаманың өзектілігі:

- Білім беру жүйесіндегі бүгінгі күндегі өзгерістер Отан тарихын оқу мен оқытуда оқытудың ғылыми және әдістемелік деңгейін көтеруді талап етеді. - -Туған жері мен елінің, халқының өткен өмірі мен бүгінгі тіршілігін «Тарихи өлкетану» факультативті курсы арқылы оқытып үйрету жеке тұлғаның дамуына септігін тігізіп Қазақстандық патриотизмді қалыптастырады. 

Негізгі тұжырымдама:

- Өзінің туған өлкесі жайлы білімді терең меңгерту және дамыту арқылы өлке тарихын оқып үйрену; Оқушыларда туған өлкеге деген қадір-құрметін оята отырып, сол арқылы туып өскен өлкеге, Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру;

- Оқушы өзіндік іс-әрекет жасай білуінің нақтылы міндеттерін анықтау, білу приоритетті мақсат етіп қою;

- Жаңа білім алу процесін жандандырып және түрлендіруге қабілетті танымдық қабілетін дамыту;

- Рухани дүниесі бай, интеллект деңгейі жоғары, білімді де білікті тұлғаны қалыптастыру.

Міндеті:

- Оқу біліктері мен дағдыларын жетілдіру;

- Оқу таным әрекетіне мотивация жасауды ұйымдастыру;

- Оқушылардың дербес ерекшеліктерін ескере отырып, оқу үрдісін ұйымдастырудың сапалы деңгейіне жету;

- Тұлғаның сапалық қасиеттерін дамыту;

- Өзіндік ізденіс, шығармашылыққа жетелеу;

- Практикалық және интеллектуалдық дағды мен шеберлікті  қалыптастыру және дамыту;

- Пәнге қызығушандықты арттыру арқылы білім сапасын көтеру

Күтілетін нәтиже:

- Өз Отанын сүйетін, оның тарихын, тілін, әдет-ғұрпын құрметтейтін тұлға тәрбиеленеді.

- Оқушылардың туған өлкеге деген қадір-құрметін оята отырып, сол арқылы туып-өскен өлкеге, Отанға деген сүйіспеншілік қалыптастырады.

- Отан тарихының құрамы ретінде өлке тарихын зерттеуді үйренеді

- Оқушыларда қоршаған ортаны бақылай алу білігі қалыптасады, олардың күнделікті қажетті істерге қатысу қабілеті дамиды.

- Отанымыздың тарихына жаңа беттер қосылады.

Жұмыс жоспары:

І. Алғы сөз

ІІ. Негізгі бөлім

ІІІ. Тарихи - өлкетану бағдарламасы

ІV. Бағдарламаның қысқаша мазмұны

V. Қорытынды

VІ. Авторлық жұмыс (сабақ үлгісі)

І. Алғы сөз

Білім қоғамды әлеуметтік-мәдени, ғылыми үрдіспен қамтамасыз ететін жоғары құндылық. Тек білім ғана қоғамды алға жетелеп, болашағымызды жарқын етеді. Кез келген елдің өсіп-өркендеуі, әлем елдері арасында өзіндік орнын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. Еліміздегі білім беру жүйесін әлемдік стандарттарға сәйкестендіру, өзара бірлік-байланыста интеграциялау қажеттілігі уақыт талабына айналды. Жаһандану үдерісі, дамыған елдердің үздік үлгісін бақылап-зерделеп, ұлттық ерекшеліктерімізге сай ұтымды, тиімды жақтарын тәжірибеге еңгізу білім кеңістігін дамытудың бір жолы саналады. . Заманауи әлемде елдің әлеуеті бірінші біліммен, қабілетімен өлшенеді. Алған білімін өмірде қолдану, қажетіне жарата білу, тәрбиелі де саналы жастар тәрбиелеу—мұғалімдер қауымының міндеті болып саналады.

Бүгінгі таңда Қазақстан тарихы ғылымы  жаңа сапалық са­тыға көтерілді. Оған серпіліс берген, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жариялаған тарихи құжаттары. Әрине, олардың ең бастысы «Қа­зақ­стан-2050» Стратегиясы. Жол­дауда Елбасы инновациялық зерттеулерді дамы­ту­дың жаңа саясатын паш етті, бүкіл­қазақ­стандық бірегейлікті халқы­мыз­дың та­ри­хи санасының өзегіне айналдыру­ды жаңа патриотизмнің алғышарты ре­тін­де айрықша атап өтіп,  «Біз ұлттың тарихи санасын қалыптастыру  жұмысын жалғастыруымыз керек» - деген болатын.

  Kөп ұлтты Қазақстан халқының болашағын қамтамасыз ету үшін жас ұрпақты жалпы ұлттық құндылықтарды құрметтеп, қастерлеуге бағдарланған патриоттық тәрбие беру өзекті мәселеге айналуда. Білім беру жүйесіндегі бүгінгі күндегі өзгерістер Отандық тарихтан білім беруде оқытудың ғылыми және әдістемелік деңгейін көтеруді талап етеді. Туған жері мен елінің, халқының өткен өмірі мен бүгінгі тіршілігін оқытып үйрету оқушыларды азаматттық пен ұлтжандылыққа, Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелейді, жеке тұлғаның дамуына септігін тигізеді.

       Қазақ тарихын зерттеуші ғалым Ш.Уәлиханов отансүйгіштік сезімнің қалыптасуы туралы «Менің патриоттық сезімім ірбіт сандығындай, мен ең алдымен, өз отбасымды, туған-туыстарымды қадірлеймін, одан соң ауыл-аймақ, ел жұртымды, руластарымды, одан соң халқымды қадірлеймін» - деген еді.

Мектеп оқушыларын қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу ұстаздар алдына үлкен міндеттер жүктейді. Тарих сабағында өлкетану материалдарын пайдалана және халықтық педагогика қағидаларын ұстана отырып, оқушыларды өз елі мен жерін сүюге баулу арқылы жүзеге асады.

Отансүйгіш ұрпақ тәрбиелеу үшін алдымен өлке тарихын сапалы әрі тиімді оқыту қажет. «Өзгені тану үшін, алдымен өзіңді тани біл!» деген жалпы адамзаттық қағиданы басшылыққа ала отырып мектепте өлке тарихын оқытуды «Тарихи-өлкетану» факультативті курсы арқылы бекітетін болсақ, оқушының тарихи санасының қалыптасуы мен патриоттық сана-сезімі анағұрлым арта түсер еді. Себебі, өлке тарихы отан тарихының құрамы ретінде «Тарихи - өлкетану» факультативті курсын енгізіп оқыту – Отан тарихын өлке тарихы арқылы танудың негізін қалайды.

Отанымыздың барлық өңірлерінің өлке тарихы жазылған дайын оқулық жоқ. Сондықтанда «Тарихи - өлкетану» факультативті курсы мұғалім мен оқушылардың ғылыми негізді ізденістері мен шығармашылығына негізделіп жасалынады. Бұл оқушылардың қызығушандығын арттырып, танымдық қабілеттерін дамытады, жиналған материалдарды тарих сабақтарында пайдалану өте маңызды. Сабақ барысында өлкетану материалдарына көп уақыт бөле алмайсың, сондықтан өлкетану бойынша жеке «Тарихи-өлкетану» факультативті курстар ұйымдастыру керек. 

Сабақтарымда өлке тарихы туралы көп айтамын. Өлке тарихын, оның танымал тұлғаларын жақсы білген оқушыда туған жерді, елді сүю, құрметтеу сияқты сезімдер тезірек қалыптасады. Өзінің туған жері мен ұлы адамдары үшін мақтанады. Өздері де сондай болсам екен дейді. Туған жеріме өз пайдамды тигізсем, өз үлесімді қоссам деп армандайды. 
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы : Жалпыға ортақ Еңбек қоғамына қарай 20 қадам» деген еңбегінде орта, техникалық және кәсіптік, жоғары оқу орындарында «Өлкетануды» міндетті оқу курсына енгізу туралы тапсырма берген болатын. Туған жерге деген құрмет отаншылдықтың негізі болып табылады. Сондықтан да өлке тарихынан мәліметтер беру және өлкетануды оқыту әдістемесіне енгізу арқылы жастарымызды отаншылдыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелей аламыз. Өйткені, өз отанын шын сүйген, өз елінің нағыз патриоты болған ұрпақтан жақсы нәтиже күтуге болады
Менің педагогикалық ұстанымым - «Жақсы ұстаз өзі білмейтін нәрсені де басқаға үйрете алуы керек». Өйткені, үйрету арқылы өз білмегенімізді де үйренуге болады,оқушыларға да өз тәжірибемнен үйретуге тырасамын. Өл
кетану жұмыстарымен мен 6 жылдан бері айналысамын. Жинақтаған материалдар негізінде бағдарлама құрастырып сіздерге ұсынып отырмын.




ІІ. Негізгі бөлім

Атқарылатын жұмыс түрлері:

1.Тарихи-өлкетану қоғамын құру.

2.Тарихи-өлкетану экскурсияларын ұйымдастыру. 
4.Тарихи-өлкетану ескерткіштерін зерттеу үшін жорықтар ұйымдастыру. 
5.Тарихи-өлкетану бұрышын, залын, бөлмесін ұйымдастыру.

6.Тарихи-өлкетану кешін дайындау және өткізу. 
8.Экспедиция қорытындысы бойынша есеп беру және тақырыптық көрме ұйымдастыру
9.Тарихи-өлкетану тақырыбына конференция, пікір-сайыс, талқылаулар ұйымдастыру. 
10.Тарихи-өлкетану жұмысыньң барысы туралы қабырға газетін шығару
11.Тарихи-өлкетану материалдарын жинақтау, талдау, баспа беттеріне жариялау.

12.Кездесулер, тарихи кештер өткізу, өлкетану жұмыстарын насихаттау.


Туған өлкенің тарихын зерттеу

Скругленный прямоугольник 71

Скругленный прямоугольник 72

Скругленный прямоугольник 70


Прямая со стрелкой 79 Прямая со стрелкой 83

Прямая со стрелкой 82

Блок-схема: документ 73


Скругленный прямоугольник 69

Скругленный прямоугольник 76


Прямая со стрелкой 81 Прямая со стрелкой 84


Прямая со стрелкой 83 Прямая со стрелкой 82



Скругленный прямоугольник 68 Скругленный прямоугольник 67










Овал 87 Овал 91 Овал 92




DrawObject1 DrawObject2 DrawObject3


Блок-схема: альтернативный процесс 85




DrawObject4 DrawObject5

DrawObject6

Овал 88 Овал 90

Овал 89






Тарихи өлкетануды оқытудың бағыттары




Прямоугольник с двумя скругленными противолежащими углами 95 Прямоугольник с двумя скругленными противолежащими углами 96





Прямоугольник с двумя скругленными противолежащими углами 94 DrawObject8 DrawObject7

Прямоугольник с двумя скругленными противолежащими углами 104




DrawObject9

DrawObject10

Овал 93 Прямоугольник с двумя скругленными противолежащими углами 97 Прямоугольник с двумя скругленными противолежащими углами 103




DrawObject12 DrawObject11



Прямоугольник с двумя скругленными противолежащими углами 102 Прямоугольник с двумя скругленными противолежащими углами 99 DrawObject13 DrawObject14

DrawObject15 DrawObject16

DrawObject17





Прямоугольник с двумя скругленными противолежащими углами 100 Прямоугольник с двумя скругленными противолежащими углами 101





Прямоугольник с двумя скругленными противолежащими углами 108












Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы

«Сырым ауданы әкімдігінің білім беру бөлімі» ММ













Тарихи - өлкетану факультативтік курсы


5- сыныпқа арналған




















Құрастырушы: Ж.Г. Брекеев

Сырым аудандық білім беру бөлімінің тарих пәні әдіскері,

тарих және география пәндері мұғалімі, педагог-сарапшы





2020-2021 оқу жылы

ІІІ. Тарихи - өлкетану курсының бағдарламасы


«Тарихи - өлкетану» факультативтік курс бағдарламасы

Сыныбы: 5-сынып

Тақырыбы:

Күтілетін нәтиже:

  1. Өз Отанын сүйетін, оның тарихын, тілін, әдет-ғұрпын құрметтейтін

тұлға тәрбиеленеді.

  1. Оқушылардың туған өлкеге деген қадір-құрметін оята отырып, сол арқылы туып-өскен өлкеге, Отанға деген сүйіспеншілік қалыптастырады.

  2. Оқушылар мүмкін болғанша зерттеу жұмыстарына қатысады.

  3. Оқушыларда қоршаған ортаны бақылай алу білігі қалыптасады, олардың күнделікті қажетті істерге қатысу қабілеті дамиды.

  4. Отанымыздың тарихына жаңа беттер қосылады.



«Тарихи - өлкетану» факультативтік курсының күнтізбелік жоспары Аптасына 1 сағаттан 34 сағат.

Тақырыптар

Оқыту түрі

Сағат

Күні

1

Курсқа кіріспе. «Тарихи - өлкетану» курсының мақсат-міндеттерімен таныстыру

Таныстырылым

1


2

Отан өлкеден басталады.

Менің Отаным - Қазақстан

Қазақстан тарихына қысқа шолу

1


3

«Менің әулетімнің тарихы»

Өзіндік жұмыс

1


4

«Тарихыңды таны - тұлғаңды құрметте» Аудан тарихы.

Дәріс, видео, деректер жинау

3


5

«Шежірелер сыр шерткенде»

Материалдар жинақтау

1


6

Салт-дәстүрімізді білеміз бе?

Материалдар жинақтау

1


7

Аудан мұражайына саяхат

Пысықтау сабағы

1


8.

«Ауылым - алтын бесігім»

Дәріс, материал жинақтау

2


9

«Атақты тұлғалар»

Ауданнан шыққан тұлғалар туралы материал жинақтау, таныстырылым жасау



2


10

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ