Материалдар / "Тарих пәнін оқытуда заманауи әдіс-тәсілдерді қолдану" эссе
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Тарих пәнін оқытуда заманауи әдіс-тәсілдерді қолдану" эссе

Материал туралы қысқаша түсінік
Тарих – үнемі даму үстіндегі ғылым. Тарих алдымен адамзатты, әлемді тану, оның өткенін зерделеу болып табылады. Тарихтың көмегімен біз адамзаттың өткен өміріне кеңістік пен уақыт аралығындағы серуен құрамыз. Ата тарихымызды білу бәріміз үшін қасиетті парыз.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Ақпан 2019
2169
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тарих пәнін оқытуда заманауи әдіс-тәсілдерді қолдануКожабатчина Бакытжан Сагадаткызы

«Өз тарихын сыйламаған халық, өзін де сыйламайды». Н.Назарбаев Тарих – үнемі даму үстіндегі ғылым. Тарих алдымен адамзатты, әлемді тану, оның өткенін зерделеу болып табылады. Тарихтың көмегімен біз адамзаттың өткен өміріне кеңістік пен уақыт аралығындағы серуен құрамыз. Ата тарихымызды білу бәріміз үшін қасиетті парыз.Тарих – білім беру оқу ордаларында оқу пәні ретінде жалпы негізгі білім беретін барлық гуманитарлық және қоғамтанушылық курстардың негізін құрайды. Тарих ұлттық өзіндік сана – сезімді және адамгершілік – этикалық нормаларды қалыптастыра отырып, оқытудың дүниетанымдық негізін қалыптастырады. Тарихтың басқа пәндермен өзара байланысы талдау, жинақтау сияқты ортақ логикалық таным әдістерін қолдануға мүмкіндік береді.Қазіргі замандағы тарих пәнінің міндеті – ақыл – ой потенциалы жетілген, өткенді есте сақтай алатын адамды жасау ғана емес, өзінің ұлттық бастауын жақсы білетін, бұл дүниеде өзінің орнын таба алатын тұлғаны қалыптастыру. Кез келген ортада еркін пікір алмаса алатын, өз көзқарасын дәлелдеп, қорғай алатын белсенді азамат тәрбиелеу үшін оқыту үдерісінде жаңа тәсілдерді тиімді пайдалану арқылы іске асыруға болады. Оқытудың әдістерін таңдау көптеген факторлармен, білім берудің маңызды және сабақтың мақсаттарымен, оқушылардың мүмкіндігімен, пайдаланатын жүйенің ерекшелектерімен анықталады. Оқыту әдістері оқыту үдерісінде маңызды қызметтер атқарады. Оқытудың негізгі мақсаты - өз бетінше дами алатын оқушыны қалыптастыру, өз - бетінше танымдық әрекет етудің әдістерін меңгеру. Студент өз қабілетіне сай білімін дамытып отырады. Барлық технологиялардың мақсаты – пәнді оқытуда оқушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін ескеріп, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылықтарын қалыптастыру. Тарих сабағында пайдаланатын педагогикалық технологиялардың түрлеріне тоқталып өтетін болсақ, бұл – жобалау, пікір – сайыс, мәселелік оқыту, сын тұрғысынан ойлауды дамыту және т.б. Мен тарих сабағында жаңа технологияның тиімді әдістері арқылы оқушылардың іздену ынтасын арттыруды көздеймін.Тарих дегеніміз – оқиғаладың, есімдердің, құжаттар мен даталардың күнтізбесі емес, тарих – халықтардың қуанышы мен қайғысының, жарқын өмірге ұмтылған талпынысының, мәңгі жасампазыдығының жарқын бейнесі. Олай болса, тарих мұғалімі күнделікті өмірде оқушыларға қаншама қызықты мағұлматтар мен танымдық дүниелер сыйлап, тарих әлемінің құпия сырларына терең бойлатады. Тарих – тек өткен заман туралы білімдердің жиынтығы ғана емес.Ол сондай – ақ әр халықтың бүгінгі дүниедегі өзінің жағдайын айқын сезінуге және болып жатқан оқиғалар мен құбылыстарға қатынасын нақты анықтауға, олардың мәні мен бағытын жете түсінуге мүмкіндік беретін ойлау жүйесі. Тарих – ұлтты мақтан тқту мен патриотизмге тәрбиелейді. Сондықтан елдің саналы, белсенді азамат болу үшін Отан тарихын жақсы білу қажет. Жер шарында тарихы жоқ халық болмайды. Адамдар өмір сүрген жерде тарих та бар. Өткенді білсең осы заманды игеру оңайырыақ, ал болашықты бағдарлау одан да жеңіл.Қазіргі заманғы ғылыми техникалық үрдістің қарқыны білім беру жүйесінің алдына үлкен мақсаттар мен жаңа міндеттер жүктейді. Жас ұрпақты жан – жақты жетілген, ақыл – парасатты, ой – өрісі биік, бәсекеге қабілетті азамат етіп тәрбиелеу – қоғамымыздың ең өзекті мәселесі. Бұл әр мұғалімнің шығармпшылық ізденіс пен жаңаша еңбек етуін қажет етеді. Жаңа сапаға ие, шығармашыл, қабілетті адамдар тәрбиелеу үшін дамыта оқыту жүйесін қолданамын. Оқыту барысында студенттің ақыл – ойын, қиялын т.б танымдық үрдістерін дамытуды көздеймін. Сондықтан да, оқыту үрдісінде оқушы оқу әркетімен шұғылданып, теориялық ойлауға икемделеді, білімді өзі меңгеруге мүмкіндік алады. Сабақ барысында студенттің танымдық іс- әрекетін ұйымдастырып, шығармашылығын арттырамын.Әрбір студенттің пәнге деген қызығушылығын арттыру, ойлау, еңбек ету қабілетін дамыту, жанындағы досының жұмысына талдау жасап үйрену, мыңдаған фактілердің ішінен ең керектісін, ең қажеттісін бөліп алу, өз ойын еркін жеткізе білу, қорытынды жасау, өз жұмысына баға беру – оқытушының алдына қойған негізгі мақсаты. Бұл мақсатқа жету жолдарын қаншама педагог – ұстаздар, әдіскерлер, жаңашылдар зерттеп, қаншама көп әдістемелік кітаптар шығарып жатқаны белгілі.Бүгінгі ағыл – тегіл ақпарат ағымында, ғылым мен техника жаңалытарының күн санап өсіп отырған заманында, сана – сезімінің үнемі толығу, интелектуалды шыңдалу заманында белсенді азаматтық позиция тәрбиелеу үшін оқушылардың өзін және өзгені сыйлау, төзімділікке, жаауапкершілікке, өзбетінше ойлап, қортынды жасау үшін, тек кітаптағыны оқытып, таныстыру аз, бұл әдістер оқушыны қызықтырмайды, қайта бізді олардан алыстатады. Жаңа технологиялардың түрлерін тарих сабағында пайдалану – студенттердің еркін сөйлеуін, логикалық ойлауын, тіл байлығын жетілдіреді. Пікір – талас сұхбат, және т.б әдәс- тәсілдер араласқан сабақ барысында студенттерге әсерлі болып, білуге деген құштарлығы арта түседі және ізденуге шабыт береді. Тарих сабағында шығармашылық тапсырма ретінде мен студенттерден ұдайы тек ақпарат өндіруді көздемеймін, шығармашылықты талап ететін тапсырмаларды қарастырамын. Себебі, тапсырмалар белгісіздіктің кіші және үлкен элементтерінің және бірнеше дұрыс жауаптардан тұруы мүмкін. Шығармашылық тапсырма кез келген интербелсенді әдістің мазмұны мен негізін құрайды. Оның айналасында жариялылық пен ізденімпаздықтың негізі пайда болады. Шығармашылық тапсырмалар оқу барысына үлкен мағына беріп, студенттерді ынталандырады.Қазіргі білім беру ордаларында тарих пәнін оқытудың негізгі мәселелерінің бірі – оқушылардың білімді өз бетінше игеруі. Соған сәйкес мұғалімнің басты міндеті – білімнің жаңа мазмұнынан туындайтын сабақтың маңызды ерекшеліктерін анықтап, сабақтың үлгісін құру және сабақты жетілдірудің жолдарын тауып, оның сапасын арттыру. Ол үшін оқушылардың әрбіреуі тарихи оқиғаларға ғылыми тұрғыдан баға беріп, олардығ сабақтастық байланысын түсінуіне жағдай жасаймын. Сабақты лқушыны ынталандыратындай қызықты әрі сапалы өткізу үшін ең алдымен, тақырыпқа сай оның ұйымдастырылу нысанын дұрыс таңдап алуды жоспарлаймын. Тарих сабағында студенттердің ізденісін арттыру мақсатында педагогикалық әдебиеттерде білім берудің төмендегідей технологияларын ұсынамын: дамыта оқыту, модульдік дамыта оқыту, перспективтік оқыту, ірі блоктық оқыту, проблемалық оқыту және т.б. Студенттердің танымдық белсенділігі мен ізденушілік қасиеттерін қалыптастыру және дарыту мәселесіне педагогтардың, психологтардың көптеген еңбектері арналған. Мысалы: белгілі ғалым Сократ оқыту үрдісінде студенттердің ізденімпаздығын арнайы басқарып отырудың керектігі туралы айтқан. Кейіннен бұл қағидалар Я.А.Коменский, А.Дистерверг еңбектерінде дамытылды. Сонымен қатар М.Н.Скаткиннің, И.Есимовтың, И.Я.Лернердің, М.И.Шамованың зерттеулерінде бұл мәселеге айтарлықтай көңіл бөлінді. Оқу сапасын арттыру үшін пән мұғалімі студентке бойындағы танымдық, ізденушілік, дамытушылық қасиеттерді дәріптеп, жаңа технологияларды әр сабағында пайдалану керек. Осы мақсатта сабақтарымды студенттіңң логикалық ойлауын дамыту негізінде «Сыни тұрғыдан ойлау» жобасы стратегияларын қолданамын. Сыни тұрғыдан ойлау – ол американдық ғалымдардың идеялары негізінде құрылған жоба. Сыни ойлау дегеніміз – оқушының қоршаған ортаға, ақпарат әлеміне, өзінің іс- әрекетіне сын тұрғысынан қарауын жетілдіру деген сөз. «Сыни тұрғыдан ойлау» жобасының стратегияларын пайдалану жаңа оқу материалдарындағы оқиға мен құбылыстың студенттердіңң өздерінің байқап, талдауларына жағдай жасайды. Демек, білім даяр күйінде берілмей, студенттердің өздерінің ой еңбегін қажет ететін тапсырмаларды орындауы арқылы қол жеткізіуге болады. Сонымен қатар, студенттердің ізденушілігі ме дербес ойлауын дамыту, сабаққа деген ынтасын арттыру мақсатында тарих сабақтарын түрлендіріп өткізуді жоспарлаймын. Дәстүрден тыс сабақтарды, мысалы: жарыс, ойын, КТК, пікір – сайыс, сот сабақтарын өткіземін.Жоғарыда айтылған дәстүрлі емес сабақтарды өткізу негізінде студенттер іздену жұмыстарымен шұғылданған уақытта келесі іс - әрекет түрлерімен айналысады: Студенттің ізденуі арқылы тест құрау;Тақырып бойынша модель құрау;Эксперимент жүргізуі, талдауы;Тірек конспектімен жұмыс;Жаңа материалды сызба- нұсқа ретінде көрсетуі;Сөзжұмбақ жаза білуі;Өз бетімен оқулықтан тыс әдебиеттерде оқи және пайдалана білуі.Оқыту технологияларын сауатты қолдана білген әр оқытушының білім беру үрдісі нәтижелі және сапалы болатын сөзсіз. Ел болашағын өркендетер талабы таудай, қабілеті мол, өз бетімен жұмыс жасай алатын ізденімпаз студенттерді тәрбиелеуде қажырлы еңбек пен күш – қуатымызды аямайық дегім келеді. Бүгінгі жаһандану заманында өз тарихыңды жете меңгеріп, ұлттық болмыс пен құндылықтарды сақтап қалудың маңызы аса зор.
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!