жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тарих пәнін сын тұрғыдан ойлау технологиясы арқылы оқыту
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
«К.Нұрбаев
атындағы Ақсуат орта мектебі»КММ
ЖОЛАЕВА К.А.
ТАРИХ ПӘНІН СЫНИ ТҰРҒЫДАН ОЙЛАУ
ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ
(әдістемелік көмекші құрал)
Семей – 2020ж.
Ж
алпы
редакциясын басқарған академик
педагогика ғылымдарының докторы Серғазы
Қалиұлы
Рецензент – педагогика ғылымдарының кандидаты,
доцент Құндақова А.Б.
Жолаева Кундыз Акашевна. «Тарих пәнін сыни тұрғыдан ойлау технологиясы арқылы оқыту». (Әдістемелік көмекші құрал) ШҚО. Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылы, «К.Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебі»КММ
.
Ұсынылып отырған әдістемелік көмекші құралда тарих пәні сабағында сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолдана отырып оқыту әдістемелері және осы бағыттағы жүргізілуі тиіс жұмыстардың маңыздылығы жайында ғылыми тұжырымдар қамтылған.
Әдістемелік көмекші құрал орта білім беретін мектептердегі тарих пәні мұғалімдеріне, әдіскерлерге, студенттерге, жалпы педагогика саласының ізденушілеріне арналған.
© ЖОЛАЕВА К.А.
КІРІСПЕ БӨЛІМ
Қазақтың кемеңгер ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы «Елді түзетуді бала оқыту ісін түзетуден бастау керек» деген болатын.
Қазіргі таңда жас ұрпаққа ХХІ ғасыр деңгейінде жан-жақты білім беру күн тәртібінде тұрған өзекті мәселе болып отыр. Яғни, жас ұрпақты тәрбиелеу мен білім беруде мұғалімдер қауымына ерекше жауапкершілік пен міндет жүктеліп отыр. Сондықтан да, қазіргі кезде Қазақстанда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру деңгейіне жетуге ат салысуда.
Қазіргі заман талабы – оқытудың жаңа технологияларын меңгеру. Оқытудың жаңа технологияларын меңгермейінше сауатты, жан - жақты маман болуы мүмкін емес.
Қазақтың дара тұлғасы Ж.Аймауытов: «Сабақ беру – үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны табатын өнер» деген болатын.
Қоғам барған сайын күрделене түсуде. Жаңа ғасырға сай өзгеше қабілет, қасиетке ие ұрпақ қалыптасып келеді. Ал осының барлығы тікелей білім-ғылым саласына байланысты. Сондықтан білім беруді жетілдіру, ақпараттандыру, білім алушылардың танымдық, шығармашылық қабілетін арттыру, оқу дағдысын жетілдіру мәселелері көтерілуде.
Педагогикалық инновация, жаңа педагогикалық технологияға негізделген сабақтың дәстүрлі емес типтері, жаңа ақпараттық технологияны пайдалану тірек - сигналдар технологиясы, проблеманы оқыту, интерактивті оқыту, интеграция, модульдік оқыту тағы басқа қайысын алсақ та жас жеткіншекті, жеке тұлғаны білімімен, біліктілікпен қаруландырудың түрлі құралдары болып табылады.
Бүгінгі таңда сабақ өткізудің инновациялық технологиялары көбеюде.
Инновациялық оқыту ерекшеліктері мыналарды қамтиды:
- Жеке тұлғаға бағдарланған технологияларды оңтайлы қолдану арқылы инновациялық білім берудің дамуы;
- Ғылыми мектеп негіздеріне сай кәсіби құзіретті мамандар даярлау жүйесін жасау;
- Кәсіби білім беру және инновациялық қызметті кіріктіру қабілеттілігі;
- Оқу орнының отандық және шетелдік өзекті ортамен ынтымақтастық инфрақұрылымын дамыту.
- Оқу орнында жалпы және кәсіби құзыреттілікті дамытуда бәсекелестік қалыптастыру;
- Жаңа мақсаттарға сәйкес ұйымдастыру құрылымын және басқару мен өзін – өзі басқару әдістерінм жасақтау.
Инновациялық оқытудың тиімділігі оқушылардың өз бетінше жүргізілетін жұмыс деңгейімен анықталады, өз бетінше тиімді жұмыс істеуіне қажетті тапсырманы үш түрге бөлуге болады.
1. теориялық білімді тәжірибеде қолдана білуге үйрететін тапсырмалар.
2. белгілі заттар мен құбылыстарға іс жүзінде әсер етуге дағдыландыратын тәжірибелік тапсырмалар.
3. теориялық білімді тәжірибеде шығармашылықпен қолдануға дағдыландыратын тапсырмалар.
Орыстың ұлы педагогі К.Ушинскийдің «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады» демекші, біз – ұстаздар қауымы үнемі жаңалыққа жанымыз құмар болып, қандай да болмасын жаңа инновациялық технологияларды өз пәндерімізге байланысты тиімді түрде қолдана білуіміз керек.
Міне, осы орайда мен тарих пәнін сыни тұрғыдан ойлау технологиясы арқылы оқыту әдістемелерін тұрақты қолданып келемін.
Жалпы, сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы - әлемнің түкпір - түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л.Стил, Куртис С.Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады.
Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Біздің елімізге Джордж Соростың ашық қоғам институты, “Сорос-Қазақстан” қоры арқылы келген бұл технология орыс және қазақ тілдерінде мектеп тәжірибелеріне ене бастады.
Сын тұрғысынан ойлау – оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. Оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама.
Бұл технологияның басты мақсаты – дамыта оқыту негізінде “Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазуды дамыту” бағдарламасын іске асыру, балаларға терең білім беру. Бұл бағдарлама Қазақстан қоры жанынан 1998 ж. қазан айынан бастап жүргізіліп келеді. Жаңа технология ретінде ең озық әдістерді дер кезінде игеру, іздену арқылы бала бойына дарыту, одан өнімді нәтиже шығара білу – әрбір ұстаздың басты міндеті. RWCT бағдарламасы – ағылшын тілінен аударғанда “Сын тұрғысынан ойлау үшін оқу мен жазу” дегенді білдіреді. Бұл бағдарлама оқытудың 60 түрлі стратегияларынан: әдістерінен тұрады. «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасы бойынша ол:
- шыңдалған ойлау, кез келген даму деңгейіне байланысты мәселелерге сыни көзбен қарау;
- күрделі мәселелерді шешуге, аса маңызды, жауапты шешімдер қабылдауға құштарлық;
- үйрету мен үйрену бірлігінен, үйренудің қызығушылығынан тұратын, үйренушінің сеніміне негізделген құрылым.
Аталмыш бағдарламаның ішкі құрылымында ерекшелік бар. Бұл құрылым 3 деңгейден тұратын оқыту мен үйретудің моделі. Білімнің болашақта пайдаға асуы, қажетке жарауын қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып, ішінен қажеттісін алуға үйретеді.
Енді осы кезеңдердің мақсат - міндеттеріне толығырақ тоқталып өтейік.
І Қызығушылықты ояту. Үйрену процесі – бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да, сабақ қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғату, ояту, ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін “Топтау”, “Түртіп алу”, “Ойлану”, “Жұпта талқылау”, “Болжау”, “Әлемді шарлау” т.б. деген аттары бар әдістер (стратегиялар) жинақталған. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты – үйренушінің белсенділігін арттыру.
Өйткені, үйрену - енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс - әрекет екені даусыз. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Яғни айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы ашылады, тазарады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте - бірте қадам жасала бастайды. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы біліммен ұштастырады. Ойлау мен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаның екінші кезеңі
Мағынаны тану (түсіне білу). Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауына көмектесетін оқыту стратегиялары бар. Соның бірі INSERT. Ол бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында V – “білемін”, – “мен үшін түсініксіз”, + – “мен үшін жаңа ақпарат”, ? – “мені таң қалдырады” белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады. INSERT – оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау, мәнін жете түсіну – күрделі жұмыс. Сондықтан да, оқушылар арасында оқуға жеңіл - желпі қарау салдарынан түсіне алмау, өмірмен ұштастыра алмау жиі кездеседі. Мағынаны түсінуді жоғарыдағыдай ұйымдастыру - аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір кепілі. Үйретушілер білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім арасында көпірлер құрастыруға, яғни байланыстар құруға дағдыландырады.
Тақырып туралы ой-толғаныс-бағдарламаның үшінші кезеңі. Күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарап, баға беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады. Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастыру, ой түйістіру, өз үйрену жолын, кестесін жасау мақсатында басқалардың әр түрлі кестесін біліп үйренеді. Бұл үйрену сатысы – ойды қайта түйіп, жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып табылады. Әр түрлі шығармашылықпен ой түйістіру болашақта қолданылатын мақсатты құрылымға жетелейді. Осы кезеңді тиімді етуге лайықталған “Бес жолды өлең”, “Венн диаграммасы”, “Еркін жазу”, “Семантикалық карта”, “Т кестесі” сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр-жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады.
Жоба 60-қа жуық стратегиялардан тұратындығын жоғарыда айтқан болатынмын. Солардың кейбірімен таныстыра кетпекпін.
Джиксо – ұжымдық оқыту әдісі. Мақсаты – жалпы мәселені алдымен жұпта, сосын ұжымда талқылау. Бұл жағдайда әрбір оқушы бір сәт өзін мұғалім ретінде сезінеді, оқуға деген жауапкершілігі артады.
Әдісті қолдану төмендегіше ұйымдастырылады. Алдымен ұжым 4 адамнан тұратын топтарға бөлінеді. Бұл “жанұя” топтар деп аталады. Содан кейін 1, 2, 3, 4-ке санау арқылы 1-лер бөлек, 2, 3, 4 өз алдына “жұмыс” тобын құрайды. Оқуға ұсынылатын материалдың тақырыбы талқыланған соң осы мәтінді түсіну қажет екендігі ескертіледі. 4 логикалық бөлікке бөлінген мәтіннің 1-бөлігін 1-лер, 2-бөлігін 2 санын алғандар, 3, 4 нөмірлі топтарға оқуға тапсырылады. Жұмысты бастамас бұрын оқушыларға “жұмыс тобында” мәтіннің тиісті бөлігін жақсы меңгеру қажеттілігін, өйткені сол бөлікті “жанұя топ” оқушыларына түсіндіруге жауапты екенін, мәтінді тұтас түсіну әр оқушының ыждағаттылығына байланысты екенін түсіндіру қажет.
Келесі кезекте ұжым мүшелері бастапқы топтарымен қайта табысып, өздерінің үйреніп келген бөліктеріндегі мазмұнды ортаға салады. Осылайша ұжым мүшелері бірін-бірі оқытуға, сол арқылы ойлауға үйренеді.
ДЖИКСО стратегиясы мазмұнды жоғары табыспен меңгеру, оқығанды есте сақтау үшін өте тиімді. Оқушының оқуға деген қызығушылығы артады, ұжымда жақсы қарым-қатынас қалыптасады, саналы тәртіп орнайды.
Еркін жазу.
Бұл әдісті сын тұрғысынан ойлау жобасындағы сабақтың үшінші ой толғаныс кезеңінде пайдалану тиімді. Мұғалім сабақ бойына қарастырылған жаңа ақпарат жайлы, одан алған әсерін, не үйренгенін, нені әлі де біле түсу керек екенін т.б. жайлы өз пікірін қағаз бетіне түсіруді тапсырады. Жазуға уақыт береді. Уақыт аяқталған кезде оқушылар өз жазғандарымен топ мүшелерін таныстырады. Ең жақсы деп танылған жұмысты ұжымда оқуға болады.
Оқушыларды алған білімдерін қорытуға, оған сын көзбен қарап, ойын түйіндеуге үйрететін бұл әдісті кез келген сабақта қолдануға болады.
Венн диаграммасы.
Бір-бірімен айқасқан екі шеңбердің екі жағына салыстыруға берілетін объектілердің сипаттамалары жазылады. Ал айқасқан жерге екеуіне ортақ сипаттар тізіледі. Салыстыруға арналған тапсырмаларды осы диаграммаға салып, оқушылар қызыға толтырады, яғни салыстыру сияқты күрделі ойлау операциясын меңгереді.
Ассоцациямен жұмыс.
Оқушылардың тарих пәнін өтуде сыни тұрғыдан ойлауын қалыптастыруға бағытталған оқыту – ол өз бетінше шығармашылық тұрғыдан олай алатын жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған оқыту. Бұл тіл үйренушінің шығармашылық қабілетін дамытып, алған білімін шынайы өмірде қолдана алуға мүмкіндік туғызады.
Оқыту үрдісінде сыни тұрғыдан ойлау әрекетін енгізу оқушылардың өз бетінше білім алуына, әріптестерімен, оқытушымен бірге ой бөлісуге, алған білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын күнделікті өмірде жаңа жағдаяттарда қолданып, әрекет етуге, өз ойын, пікірін айта алуға және басқалардың ойымен санасып бірігіп жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Топпен бірігіп жұмыс жасау тұлға бойында шыдамдылық, мейірімділік, ұжымдық жауапкершілік, бірігіп бір мәселені шешу секілді жағымды қасиеттерді дамытады.
Қазіргі оқыту үрдісінде бір мәселені талқылау, оған өз көзқарасын білдіру, әріптес ойымен пікір алмасу секілді жұмыс түрлеріне көп көңіл бөлінеді. Дегенмен, кей жағдайда оқытушы оқушыға сұрақтар беріп оның сөйлеуіне, мәселеге пікірін білдіруге түрткі болдым дегенімен, оқушы мүмкіндігін шектегенін байқамай қалады. Көп жағдайда оқытушы оқушы ойын басқарады, яғни бағыт бер немесе жеткешілік етуден гөрі ол басшылық қызметіне ауысады. Бұл психологтар көрсеткендей, оқушылардың өз бетінше ойлау мүмкіндіктерін шектейді. Мысалы, дөңгелек үстел, пікірталас мәселесін оқытушы өзі дайындап, жоспарды еріп, оқушыдан сөйлеу барысында тек оған сүйенуін талап етеді. Яғни, өз ойын айтуда тұлғаға еркіндік бермейді. Оқушы мәселені түсінбей, маңызды, өзіне қажетті ақпаратты ала алмай, мәселені шешуге шығармашылық тұрғыдан келе алмай, өзінше ой қорытып, тұжырымдау және қызықты пікірлер айта алу қабілетін ие бола алмайды.
Мәселені ашуда жаңа ой, құнды пікір білдіру маңызды. Және ол міндетті түрде қорытындыланып, көрініске ие болуы оқытудың тиімділігін арттырады.
Тұлғаның сыни ойлау іскерліктерінің қалыптасуына тиімді тәсіл ретінде бізге ғалымдар «Ассоцациямен » жұмыс, «Мind Map» тәсілін ұсынады.
Бұл тәсілдер оқушының берілген мәселе бойынша ой қорытып, тұжырымдап, оны көрініс түрінде беруге мүмкіндік береді. Әрине, мұғалімнің ендігі шығармашылық әрекеті – осы мәселелерді жинақтап, жасалған жұмыс барысында оқушылар тарапынан жасалған шығармашылық жұмысты тілдік қарым – қатынас деңгейіне жеткізу.
«Mind Map» тәсіліне қысқаша тоқтала кетер болсам, аталған тәсілді шетелдік ғалым Т.Бузан ұсынады.
Тәсілді басқаша ойды, әңгімені жазып алу техникасы деп атауға болады. Жазу өте жылдам өтеді және оның өзінше құндылықтары бар. Алдымен сөз, ой, мәселе туындайды. Одан кейін қағазда көрсетілуге тиісті ойлар туындайды және олар шектелмейді. Жұмысты жеке және топта жасауға болады. Көп ойды бір уақытта мида сақтау психофизиологиялық тұрғыдан мүмкін емес. Сол себептен ойды көрініс ретінде көрсету келесі ерекшеліктерімен айқындалады:
- негізгі ой анық көрініске ие бола алады;
- көптеген ұғым, элементтер жеңіл танылып, олардың өзара байланыстары көрінеді;
- ассоциациятивтік ойлау дамытылып, қайталау тез және тиімді түрде өтеді.
Қорыта айтқанда, «Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, білім, ар, мінез деген қасиеттерінен озады» деген ұлы ақын Абай сөзі барлық уақытта өз мәнін жойған емес. Озық ойлы, білімдар адамдар заманның, қоғамның дамуына, өзгеруіне өз үлесін қосады. Осындай қоғамдық әлеуметтік, мәдени өзгерістер, дамулар мектептің оқыту процесіне әсер етеді. Соңғы жылдары жеке адамды қалыптастыруды дамыту мен оған жан - жақты терең білім беру мақсатында оқытудың жаңа технологияларын ұсынылуда.
Инновациялық технологияның басты мақсаттарының бірі – жас ұрпақты оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру және осы заманға сай білімді, әрі білікті мамандар даярлау болып табылады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
«Оқу мен жазу арқылы сыни ойлау бағдарламасы – алған білімін өмірде қолдана алатын, өзін таныта, дамыта білетін жеке тұлғаны қалыптастыруға мүмкіндік тудыратын технология».
Сыни ойлау дегеніміз оқушының қоршаған ортаға, ақпарат әлеміне, өзінің іс әрекетіне сын тұрғысынан қарауын жетілдіру деген сөз.
Оқытушы оқушыны үнемі алға ілгірлету үшін мынандай қағиданы есте ұстап отыру керек.
Баланың бойындағы құмарлығын жойып алмай, оның үнемі алға жылжуға деген талап – тілектерін, сұраныс пен қажеттілігін ескеріп, шығармашылыққа баулыймын;
Білімді өз бетімен іздену арқылы ойлауға жағдай жасаймын;
Өзін - өзі дамытатын тұлға қалыптастыруға тырысамын.
Бұл әдістен оқушы өз жұмысы мен әрекетінің кемшілігін сынайды, қателігін табады, өзін - өзі бақылайды, бағалайды, өзін - өзі таныйды, өз бетінше еңбектенеді.
Оқытушы бұл әдісті қолдану арқылы үнемі оқушымен бірлесе ізденіп, шығармашылықпен айналысады.
Тарих сабағын оқытқанда «Сыни тұрғыдан ойлау» жобасының стратегияларын пайдалану жаңа оқу материалындағы оқиғамен құбылыстарды өздерінің байқап талдауларына жағдай жасайды. Оқушыларға білім даяр күйінде берілмей, оқушылардың өздерінің ой еңбегін қажет ететін тапсырмаларды орындау арқылы қол жеткізуге болады. Оқушылардың белсенділігі артып әр оқушы өз ойына жауап беруге дағдыланады.
Оқушылардың дербес ойлауын дамыту мақсатында тарих сабағында пікір сайыста кең қолдануға болады.
Оқушылар игерген білімін жадында сақтап қана қоймай, сонымен бірге шығармашылықпен жұмыс істеуге, кеңінен ойлауға қабілетті болады. Оқушылардың шығармашылық мүмкіндігін барынша дамытуға бағытталады. Бұның өзі білім сапасының деңгейін көтеруге жағдай жасайды. Оқушылардың танымдық қабілетін арттыруда аз уақыт жұмсап, нақты әдіс тәсілдерді дұрыс таңдай біліп олардың мүмкіндіктерін ерекшеліктерін білу арқылы жоғарғы нәтижелерге қол жеткізуге болады. Ол үшін оқушының қабілетін зерттеп айқындау керек. Оқытудың бұл әдісі оқушылардың өзіндік жұмысына мән беріп әртүрлі деңгейде әрекеттенуіне мүмкіндік береді.
Сыни тұрғысынан ойлау және оның бағдарламасы үш деңгейден тұрады.
Олар:
І. Оқушыларға жұмыс жасауға орта туғызу, қызығушылығын ояту.
Тарих сабағын Қазақ әдебиеті сабағымен байланыстыра отырып, ХІХ ғасырдағы қазақ ағартушыларының өлеңдерінен үзінді келтіріп, авторлары кім екен деп ой тастадым.
Бір Аллаға сыйынып,
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық!
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң, арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та, бар қалан!
Дарынды, еңбекқор,
Оқыды, зерттеді,
Өмірден ерте озды.
Есімі халық есінде
Сақталған ғалым кім?
ІІ. Мағыныны тану кезеңінде жаңа тақырып (кесте арқылы, топтастыру әдісі арқылы, сызба-нұсқа арқылы) түсіндіріледі.
Мағынаны тану бөлімінде Ұлы Отан Соғысы тақырыбын өткен кезде төмендегі сызба нұсқа пайдаланылады
Қазақстаннан 12 атқыштар
дивизиясы, 4 атты әскер
дивизиясы, 7 атқыштар
бригадасы, 2 артиллерия,
4 миномет, 3 авиаполк,
14 арнаулы батальон мен
|
рота құрылды
Майданға 13131 жүк көлік,
мыңға тарта жеңіл машина
1528 трактор, 110428
сәйгүлік, 16125
ат жіберді
Қазақстаннан 503 адам Кеңес Одағы бойынша
Кеңес Одағының Батыры соғыста 27 млн. адам опат
атағын алды. Оның ішінде болса, оның 13% қазақ
97 – сі қазақ
Insert әдісі бойынша «Ұлы Отан соғысы» тақырыбына арналған сабақты қорытындылағанда оқушылармен бірге төмендегі кестені толтырдым.
Білемін |
Білгім келеді |
Үйрендім |
Фашистік Германия 1941 ж. Кеңес Одағына соғыс ашты. Бұл соғыс 5 жылға созылды. Өзге ұлттық республикалар қатарында Қазақстан да жауға қарсы көтерілді. Бауыржан, Әлия, Мәншүк, Талғат сынды батыр ұл – қыздарымыз елін жаудан қорғады. 1945 – жылы 9 – мамырда жеңіске жеттік. |
Ұлы Отан соғысына қазақстандықтар қандай үлес қосты? Өз облысымыздағы, ауылымыздағы қаһарман батырлар, соғыс ардагерлері жайлы білгіміз келеді. Осы соғыста қазақ халқы қандай зардап шекті? |
|
ІІІ. Ой толғаныс кезеңінде өз пікірін, ойларын тұжырымдап, өзінің не үйренгенін тексеріп, сын көзбен қарап, жаңа әдіс – тәсілдер арқылы білімдерін кеңейтіп, тест құрастырып, проблемалы сұрақтарға жауап беруі арқылы қорытындылап оқушыларды бағалаймын.
Бекіту сұрақтары.
1943 ж. қысында госпитальдан емделіп шыққан жауынгер Қиыр Шығыстан майданға бара жатады. Әскери эшелон Орал стансасына біраз уақытқа тоқтайды. Эшелон ұзақ тұрғанымен командирі жауынгерге қаланы аралауға рұқсат бермейді. Сонда ақын Оралға деген махаббатын қағазға түсіреді.
Оралым, шықтың алдымнан,
Оралым, менің Оралым.
Қол созып қызыл вагоннан,
Үстіңнен өтіп барамын.
Оралым, сенің қойныңда,
Ойнақтап өткен жылдарым.
Жарқылдап Жайық бойында,
Достармен сайран құрғаным.
Сұрақ: Бұл кімнің өлеңі және қалай аталады?
Сұрақ: Соғыс жылдарында республикада елдің аса ірі ғылыми күштері шоғырландырылды. Ғалымдардың әрқайсысы жұмысын жалғастырып, өздері уақытша туған жерге байланысты тақырып табуға тырысты. Мәселен, академик А.С. Орлов қазақ тілін зерттеп, орыс-қазақ сөздігін құрастырды. Оның эвакуациядан қайтып оралғаннан кейін жарық көрген еңбегі қалай аталады?
Сұрақ: 1941 ж. 15 қаңтарда көшіріліп әкелінген Мәскеудің Ленин ордені «Мосфильм» киностудиялары бірігіп 2 жыл ішінде толық метражды қанша картина түсірді.
Ән жұмбақ. «Соғыстан қайтқан солдаттар»
Жаутаңдап қарап бала тұр,
Көз жасын сүртіп жаңа бір.
Хабарсыз ұлын сұрауға
Жолынды тосып ана жүр.
Қанша үйдің ұрлап адамын
Қанша үйде сөніп қалды оттар
Көрдің бе ұлын ананың
Соғыстан қайтқан солдаттар.
Сұрақ: Бұл әннің сөзін жазған жауынгер ақын кім?
Сұрақ: Әдебиет пен өнер соғысып жатқан халықтың қуатты идеялық қаруы болды. Қазақстанның қанша –жазушысы соғыс майдандарына шайқасты?
Сұрақ: Қ.И. Сәтпаевқа 1942 ж. Мемлекеттік сыйлық не үшін берілді?
Сұрақ: Ұлы Отан Соғысы жылдарында жарық көрген қандай тарихи роман?
Сұрақ: Ұлы Отан Соғысы жылдарындағы әдебиеттің, соның ішінде қазақ әдебиеттің атқарған қызметі.
Сұрақ: Зұлым жауға қарсы кеңес жауынгерлеріне рух берген ақсақал кім еді?
Сұрақ: Қазақтан шыққан партизан жазушылар кімдер?
Сұрақ: Ұлы Отан Соғысы тақырыбына жазылған өлең-жырларды атаңыздар.
Сұрақ: Ұлы Отан Соғысына балаларын аттандырып, артынан оларды жырға қосқан қарт ақындарды атаңыздар. (Ж.Жабаев «Алғадай», Н.Байғанин «Нарсұтбай»)
Сұрақ: Майдан газеттерінде қызмет еткен қазақтың жауынгер журналистері кімдер еді?
Сұрақ: Қазақстандықтардың майдан даласындағы ерліктерін жырлаған ақын-жазушыларды атаңыздар.
Сұрақ: Соғыс тақырыбына жазылған драмалық шығармаларды атаңыздар.
Сұрақ: Қазақстанда майдан далаларында өнер көрсететін неше концерт бригадасы құрылды?
Сұрақ: Соғыс жылдарында Қазақстанда түсірілген кинокартиналарды атаңыздар.
Сұрақ: Соғыс жылдарында алғы шепте ән салған Қазақстан Республикасы Халық Қаһарманы Орденінің иегері кім?
Сұрақ: Соғыс жылдарында Қазақстанда қандай оқу орындары ашылды?
Сұрақ: Партизан жазушыларды ата?
Осы әдіспен оқытудың нәтижесінде оқушылардың сабаққа деген ынтасы артып, жоғары үлгерім көрсеткішіне қол жеткіздім.
Жаңа ғасырға қадам басқан біздің еліміз үшін қоғам өміріндегі қазіргі өзгерістер, экономиканың, саясаттың, әлеуметтік-саяси саланың дамуы қоғамдағы негізгі фактор болып табылатын жеке тұлғаның жалпы даму деңгейіне байланысты болмақ. Ал ол қоғамдағы білім беру талаптарын түбегейлі өзгертуге алып келді. Қоғамдық өмірдегі өзгерістер оқытудың жаңа технологияларын қолдануды, жеке тұлғаның жан - жақты шығармашылық тұрғыдан дамуына жол ашуды көздеп отыр. Бұл міндеттерді жүзеге асырушылар білім беру жүйесінің күрделі мәселелерін шешуші кәсіби – педагогикалық шеберлігі жоғары ұстаздар болмақ.
Міне, осы орайда ҚР Білім және Ғылым Министрлігі әзірлеген «ҚР жоғары педагогикалық білім тұжырымдамасы» мен «ҚР жаңа тұрпатты педагогінің үздіксіз педагогикалық білімі тұжырымдамаларында» жаңа қоғамдағы мұғалім моделінің үлгілері көрсетіліп берілген. Болашақ педагогтерге қойылатын талаптар қазіргі қоғам қажеттілігінен туындайды. Жаңа қоғам мұғалімі тек кәсіби шеберлігі жоғары адам ғана емес, рухани дамыған, шығармашыл, мәдениетті, білім құндылығын түсінетін, педагогикалық технологияларды меңгерген, ғылым мен техника жетістіктері негізінде кәсіби даярланған болуы тиіс.
Қазіргі кезеңде білім берудің сапасын жақсарту, әдістемелік негізін өзгерту заман талабына сәйкес туындап отырған қажеттілік.Өйткені, мектептің әр күні көптеген ғылыми жаңалықтарға, терең әлеуметтік өзгерістерге толы. Бұрын оқу үрдісінде мұғалім басты роль атқарған болса, қазір оқушының белсенділік көрсететін кезі туды. Сабақ мұғалімнің емес, оқушының іс-әрекетімен бағаланады. Қазіргі заманда нені оқыту емес, қалай оқыту маңыздырақ болып отыр. Сабақ барысында оқушының ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында қолданылатын технологиялар баршылық. Солардың бірі сын тұрғысынан ойлау технологиясы. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының мүмкіндіктерін қолдану арқылы оқушыны субъект ретінде қалыптастыру және дамыту.
Бұл технология Кеңес өкіметі кезінде 1973жылдан, Қазақстанда 1997 жылдан бері таныла бастады. Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау, яғни, RWCT жобасы 29 мемлекетте қолданылады. Технологияның негізін қалаушылар американдық ғалымдар Чарльз Темпл, Джон Дьюи, Мередит. Кезінде жоба ретінде ұсынылып, көпшіліктің қолдауын тапқан бұл технологияда Выготский, Пиаже, Эльконин - Давыдовтардың, басқа да ғалымдардың еңбектерінің ең құнды жерлері көрініс тауып, идеялар тоғысып, біріктірілген іспетті.
Сыни ойлау- өзіндік ойлау.Сыни ойлау – сұрақ қоюдан және шешімін талап ететін проблемаларды айқындаудан басталады. Оқушы өзі сұрақ қойып, шешімін өзі айқындайды.Сыни ойлау- әлеуметтік ойлау, бірлесе оқыту идеясы.
Сыни тұрғыдан ойлау технологиясын қолдануымен жүргізілген сабақтың жоғары деңгейде өтуінің алғы шарты оның қағидаларында,яғни, стратегияларында. Стратегия дегеніміз - философия, әдістемелік ұстаным. Мұғалім мен оқушы кез келген стратегияның әдіс-тәсілін, қыр-сырын жетік түсіне білуі қажет. Сонда ғана жұмыс нәтижелі болмақ. Стратегиялар оқушыларды шығармашылықпен әрекет етуге, ізденімпаздыққа баулиды, еркін, терең, жан-жақты ойлауына, үздіксіз жұмыс жасауына жол ашады, стратегияның 80-нен аса түрі бар. Жұмыстың ыңғайына қарай стратегияларды өзгертіп те жіберуге болады.
«Сыни тұрғыдан ойлау дәлелдерді немесе сөйлемдер мен пайымдауларды бағалаудың тәртіпке келтірілген ойлау қызметі болып табылады, бұл ұстанымдарды дамытуды және шешім қабылдауды бағыттай алады» Эннис (1992). Сыни тұрғыдан ойлау бұл сана шекаралары, сондай-ақ ойлау мүмкіндіктерінің кешені. «Сыни ойшылдар: фактілер мен пікірлер арасындағы айырмашылықты көреді; егжей-тегжейлі қадағалау жасайды; болжалдарды ашып, олардың терминдерін анықтайды; және сенімді логикалық және салмақты дәлелдер негізінде логикалық пайымдау жасайды. Эллис Д, 1997
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі. Дәстүрлі сабақтан айырмашылығы төмендегідей:
Дәстүрлі сабақтар |
|
Мұғалімнің әдістері |
Оқушының іс-әрекеті |
Тақырыпты түсіндіреді |
Мазмұнын айтып береді |
Кейіпкерлер туралы айтып береді |
Кейіпкерге мінездеме береді |
Мәтіннің идеясын анықтайды |
Оқулық бойынша мұғалімнің түсіндіргенімен байланыстырып айтады |
Мәтіннің көркемдік ерекшелігін мысалдар арқылы түсіндіреді |
Мәтіндегі негізгі сөздерді тауып, айтып береді, дәптерлеріне жазады |
Тақырыпқа шығарма жазуды тапсырады |
Шығарма жазады |
Сабақты қорыту сұрақтары жалпы қойылады |
Жауап береді |
RWCT с а б а қ т а р ы |
|
Мұғалімнің әдістері |
Оқушының іс-әрекеті |
Топқа бөліп, ой қозғайды |
Ұжыммен жұмыс жасайды |
Тақырыпқа қызықтырып бағыттайды |
Мәтінмен өздері танысады |
Мәтіндегі ең құнды нәрсені анықтауды ұсынады |
Әр түрлі әдістер арқылы мәтінді зерттейді |
Кейіпкердің ерекшеліктерін тануға бағыттайды |
Жеке кейіпкерлерді талдайды, өздерін олардың орнына қойып, қарайды, салыстырады |
Мәтіннің тілдік ерекшелігі туралы сұрақ қояды |
Әр түрлі әдістер арқылы шығарманың негізгі мазмұнын анықтайды |
Өз ойларын жазуды ұсынады |
Ойларын қорытып, оны қағаз бетіне түсіреді |
Ойларын қорытуға бағыттайды |
Өз тұжырымдамасын жасайды |
Сабақта оқушыға білім дайын күйінде беріле салмау керек. Мұғалім шеберлігі арқылы баланың білімді игеруге қызығушылығын ояту қажет. Ал ол сұрақ әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы баланың алдына жан-жақты мақсат қойып, іске асыруына жол көрсетеді.
Технологияның басты мақсаты – дамыта оқыту негізінде “Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазуды дамыту” бағдарламасын іске асыру, балаларға терең білім беру.
Жаңа технология ретінде ең озық әдістерді дер кезінде игеру, іздену арқылы бала бойына дарыту, одан өнімді нәтиже шығара білу – әрбір ұстаздың басты міндеті.
САБАҚ ЖОСПАРЛАРЫ
Сабақтың тақырыбы: ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлардағы Жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресі
Сабақтың мақсаты:
Жоңғар мемлекетінің құрылуынан бастап олардың жүргізген басқыншылық саясаты, қазақ жеріне басып кірудегі мақсаты, «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама», «Ақырақай шайқасының» тарихын толығымен баяндау.
Алған білімдерін тереңдетіп, белсенділігін арттыру.
Отансүйгіш, елін, жерін сүйетін білімді азамат тәрбиелеу.»
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Көрнекілік: карта
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
Әнұран орындау, «Хабар»
Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
«Жоңғар», «Қалмақ» сөздері айтылғанда ойымызға не оралады?
Олар туралы не білеміз?
«Елім-ай» әнінің тарихын білеміз бе?
Жаңа сабақтың жоспары:
Жоңғарлардың шапқыншылыққа дайындығы
Жоңғар хандығының құрылуы және оның басқыншылық саясаты
Жоңғарлардың қазақ жеріне басып кіруі. Орбұлақ шайқасы.
Қарақұмдағы құрылтай
«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама».
Жоңғар шапқыншылығына қарсы Отан соғысы, оған бүкіл халықтың бірігуі
1727 жылғы Бұланты бойындағы шайқас
Аңырақай шайқасы
Сабақты бекіту:
7-8 және 10 сыныптарда жоңғар шапқыншылығы туралы оқығандарыңды естеріңе түсіріңдер.
Қазақ және Жоңғар хандықтары қарым-қатынасының шиеленісуіне не себеп болды?
Орбұлақ шайқасындағы қазақтар жеңісінің маңызы туралы әңгімеле
Қарақұмда өткен құрылтайда қандай мәселе шешілді?
Ордабасындағы жиынның тарихи маңызы неде?
Жоңғар шапқыншылығын жеңіспен аяқтаудағы Абылайдың рөлі қандай?
Бағалау: Өзін - өзі
Үйге тапсырма: §1
Сабақтың тақырыбы: Жоңғар шапқыншылығына қарсы күрестің көшбастаушылары
Сабақтың мақсаты: Жоңғар шапқыншылыққа қарсы күрестің көшбастаушылары: хандар, билер, батырлар, олардың өмірі мен ерлігі туралы айта отырып, патриотизмге, шыдамдылыққа аралас тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Көрнекілік: карта, суреттер
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
Әнұран орындау, «Хабар»
Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
Қазақ және Жоңғар хандықтары қарым-қатынасының шиеленісуіне не себеп болды?
Орбұлақ шайқасындағы қазақтар жеңісінің маңызы туралы әңгімеле
Ордабасындағы жиынның тарихи маңызы неде?
Жоңғар шапқыншылығын жеңіспен аяқтаудағы Абылайдың рөлі қандай?
Жаңа сабақтың жоспары:
Хандар
Тәуке хан (1680-1715/18 жж.).
Әбілқайыр хан (1693-1748 жж.)
Абылай хан (1711-1781 жж.)
Батырлар
Қанжығалы Бөгембай Ақшаұлы (1680-1778 жж.)
Қаракерей Қабанбай Қожағұлұлы (1691-1769 жж.)
Наурызбай Құтпанбетұлы (1706-1781 жж.)
3. Билер
Төле би Әлібекұлы (1663-1756 жж.)
Қазыбек би Келдібекұлы (1665-1765 жж.)
Әйтеке би Бәйбекұлы (1682-1766 жж.)
Сабақты бекіту:
Тәукенің хан ретінде қандай ерекше қызметін, ал адам ретінде қандай жақсы қасиеттерін танып білдіңдер?
Әбілхайыр хан қазақ тарихында қандай қызметімен белгілі? Оның Кіші жүзді Ресей империясына өз еркімен қос жөніндегі әрекетін ексе түсіріп, баға беріңдер.
Абылай ханның жастық шағындағы және азамат болғаннан кейінгі жеке басының қандай қасиеттері ұнады?
Абылай батыр, қолбасшы, мемлекет, қоғам қайраткері, мәмілегер екенін нақты мысалдармен дәлелдеңдер.
Тарихта Қабанбай мен Бөгенбайдың батырлығы ерекше аталады, осыны дәлелдейтін нақты мысалдар келтіріңдер.
Билер қазақ қоғамында қандай қызмет атқарған? Олардың шешендігіне, мәмілегерлігіне мысалдар келтіріңдер.
Бағалау:
Үйге тапсырма: §2.
Тақырыбы: Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы.
Мақсаты:
а) ХІІІ ғ. басында монғол империясының құрылуы, қоғамдық құрылысы, империяның басқыншылық саясатының зардаптары, жаулап алушыларға қарсы халықтар күресі жайлы жан-жақты түсінік беру.
ә) Елжандылыққа тәрбиелеу. Тәуелсіздікті құрметпен
сезінуге баулу.
б) Өзіндік жұмыстарды жүргіздіру дағдысын жетілдіру,
ой-өрістерін дамыту.
Көрнекілігі: Карта. Техникалық құрал (компютер, Интерактивті тақта,) оқулық, т.б.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру
-оқушылармен амандасу, түгендеу, зейінін сабаққ аудару
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. (Зымыран сұрақтар)
а) 1. Қожа Ахмет Иасауи қай қалада дүниеге келген. (Сайрам)
2. Дүние жүзіне белгілі ғалым Әл-Фараби қай жылдары өмір сүрген.
(870 -950)
3. Түрік тілін алғаш зерттеген ғалым кім. (Махмуд Қашқари)
4. Жазба әдебиетінің көрнекті өкілі, Қарахан мемлекеті кезінде өмір сүрген ақын кім. (Ахмет Игүнеки)
5. Қожа Ахмет Иасауидің қандай шығармаларын білесіңдер.
(«Диуани – и хикмет»)
6.Ахмет Иүгнекидің кітабы: («Ақиқат сыйы»)
7.Ахмет Яссауи кесенесі кімнің бұйрығымен салынды? (Әмір Темірдің)
8.Жүсіп Баласағұнның қандай еңбегін білесіңдер? (Құдатғу білік)
б)Тарау бойынша қорытындылау.
Ой қозғау стратегиясы бойынша сауалдар.
1.Қолөнердің қандай түрлерін білесіңдер? (Ұсталық,зергерлік,тас өңдеу, құмырашы көзешілік)
2 Зергерлер не жасаумен айналысады? (Сән-салтанатты,әсем зергерлік бұйымдарды жасаумен)
3.Егіншіліктің дамуына не әсер етті?(Қала санының өсуі және оның тұрғындарының сұраныстарына байланысты дамыды.)
4.Ортағасырлық дамыған қалаларды ата? (Отырар, Тараз, Талғар, Баба-ата, Құйрықтөбе)
5.Ислам дініне дейін Қазақстанда қандай діни нанымдар болды? (Қойға табыну салты, отқа табыну дәстүрі)
6.Мешіт дегеніміз не? (Мұсылман дінінің әдет-ғұрып,салт-дәстүрі орындалатын қасиетті ғимарат.
III. Жаңа сабақты меңгерту. (Жаңа сабақтың жоспары слайдттың көмегімен интерактивті тақтадан көрсетіледі)
Жоспары:
1.Монғол империясының құрылуы
2.Монғол империясының қоғамдық құрылысы.
3.Монғолдардың Қазақстанды жаулап алуы.
4.Жаулап алудың зардаптары.
5.Ұлыстардың құрылуы.
1. Кендітау аймағы. Онон жағасы. Болдоң жері
әкесі-бөржігін руынан Есукей батыр, анасы-қоңырат руынан-Ұлын-Еке
1206ж Монғол құрылтайы
(Онон –Керулен жағасы) 1155ж. Ақпан - Темучин
“Шыңғысхан”
1207-1208жж - үлкен баласы Жошы Енесей қырғыздары мен теріскей Сібір халықтарын басып алды.
1207-1209жж - Шыңғысхан танғұттар мемлекетін, Тұрфан кінәздіктерін, ұйғырларды бағындырды.
1211-1215жж- Қытай жерін басып алып, олардың дуалдарын құлатып өрт шығаратын соғыс техникаларын қолға түсірді.
1217ж- Шыңғыс хан Күшіліктің Жетісудағы иеліктерін басып алуға Жебе нояенды жіберді
1218ж- Монғолдар Жетісу жеріне енеді. Мұнан соң Шығыс Түркістан мен Жетісуды басып алғаннан кейін
Қазақстанның Оңтүстігі мен Орта Азияға жол ашылады. «Отырар опаты» болады.
1219ж- Шыңғысханның ұзын саны 150 мыңға жуық қолы Ертістен Сырдарияға қарай қаптайды
1219-1224жж- Қазақстан мен Орта Азияны монғолдар толық жаулап алады?
4)Жаулап алудың зардаптары
Жетісу аймағында шапқыншылыққа дейін 200-ден астам елді-мекендер болса, одан кейінгі ХІІІ-ХІV ғасырларда 20-жуық елді-мекендер қалған;
Баласағұн қаласының орны мүлдем жоғалып кеткен;
Егін шаруашылығының жүйесі бұзылды;
Халықтардың этникалық құрамы мүлде бұзылды;
Қазақ халқы қалыптасуының аяқталуы 200 жылға кешеуілдеді;
Мәдениеттің дамуына кедергі болды
5) Ұлыстардың құрылуы.
IV Жаңа сабақты бекіту сәті.
1.Шыңғыс хан туралы аңыз-деректер
а) Жеңісхан,Темучин туралы қандай аңыз деректерді жөнінде не білеміз?
ә).Империяның қоғамдық құрылысы қандай болды?
б) Шыңғыс хан әскерінің жетістікке жетуінің сыры неде деп ойлайсыңдар?
б). Жасақ (Яса) дегеніміз не?
2. Жылдар сөйлейді.
Рахметова Арайлым Мұхтар Шахановтың «Отырар» өлеңі оқытылады.
3. Жаулап алудың зардаптары.
4. Картамен жұмыс. Ұлыстардың құрылуы (картадан территориясын көрсету)
5. «Монғол шапқыншылығының қазақ жеріне тигізген зардаптары»атты кластерді толтыру.
6. Ұғымдардың мәнін табу.
7. Математикалық ойын.Шарты есеп шығарамыз,шыққан жауабы
нда қандай оқиға болды соны айтамыз.
1. (532·2)+142= 1206 2. 55+(200·5 ) =1155 3. (30· 40)+27= 1227
1206ж Монғол мемлекетінің құрылуы. Темучиннің Шыңғыс хан атануы 1155ж Темүжін 1155 жылы Монғолияның Кендітау аймағындағы Онон өзенінің жағасында, Болдоң деген жерде дүниеге келген.
1227ж Шыңғыс хан мен оның ұлы Жошының қайтыс болуы.
8. Сөйлемдерді толықтыру.
1. XIII ғасырда монғолдар ........, .............., ................., хандықтарымен
шекаралас жатты.
2. Шыңғыс ханның шын аты............. болатын.
3. “Жасақ” бойынша өкімет билігінің жоғарғы органы.............болды.
1217ж Шыңғыс хан Күшіліктің Жетісудағы иеліктерін басып алуға .................жіберді.
Шапқыншылық әсерінен ................ қаласы жойылып кетті
9. Тарихи диктант
Әл-Фараби, Айша, Торы, Әл Бируни, Жеңісхан, Гауһар-Шахназ, Жошы, Арыстан баб, Темүжін, Сүлеймен Бақырғани, Жебе, Жүсіп-Зылиқа, Шағатай, Әли , Жүсіп Баласағұн, Әл-Максиди, Ахмет, Төле, Хамиадани, Мөңке, Ибрахим, Үгідей
10. Сәйкестендіру кестесі.
Мұғалім сөзі:
Монғол жаулаушылары Қазақ жеріне енуі 2 бағытта жүрді:
Шапқыншылық, басқыншылық бағытта;
Шыңғыс хан ұрпақтары Қазақ хандығындағы хандар тарихының бастауы болды.
Монғолдардар Қазақ жерін жаулап алғаннан кейін, түркіленіп, Қазақ хандығының түп негізі болғаны сөзсіз. Бұл сабақтың жалғасы келесі сабақтарда жалғасын табады. Бүгінгі сабақтың басы осыменен аяқтай отырып, сабақты қорытындылау бөліміне көшеміз.
10. Сабақты пысықтау
1. Монғол мемлекетінің құрамында қандай тайпалар болды.
2. «Жасақ» (Яса) заңы неше бөлімнен тұрады
3. Шыңғысханның әкесі кімдердің қолынан қаза тапты.
1218 ж. қай қала монғолдарға соғыссыз берілді
6 ай берілмеген қала?
Монғол мемлекеті қанша түмен әкімшілікке билікке бөлінді.
7. Монғол мемлекетінің орталығы болған қала.
8. Шыңғысхан Қазақстан жерін неше ұлысқа бөлінді
Қорытынды сөз.
Дегенмен, балалар, монғол шапқыншылығының тұсында жасаған ата-бабаларымыздың ерлігін, Отан қорғау жолындағы қанкешті іс-әрекеттерін ұғынып, бағалау біздің парызымыз естен шығармағанымыз абзал.
V. Үйге тапсырма.
§22. оқу, Шыңғысханға мінездеме жазу. Материал жинау.
VI. Оқушыларды мадақтап бағалау.
Сабақтың тақырыбы: Кенесары Қасымұлы бастаған 1837-1847 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс
Сабақтың мақсаты:
1. Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілісі жайлы жан-жақты мағұлмат беру. Көтерілістің мақсатын,барысын, нәтижесі, тарихи маңызы жөнінде білі беру.
2.Патша үкіметіне қарсы бұған дейінгі білімдерін толықтыра отырып өзіндік ой қорытындыларын жаңа білімді меңгеруде пайдалану.
3,Бұл көтерілістің аса маңыздылығы қазақтың үш жүзін және бүкіл қазақ даласын қамтыған ірі көтерілістердің бірі болғандығын және қазақ халқының тәуелсіздікке бағытталған көтерілістерінің бірі екендігін ұғындыра отырып осындай қиындықтармен келген «Тәуелсіздікті»баянды етуге осы ұрпақтың әрқайсысы міндетті екенін ұғындыру
Сабақтың барысы:
1.Өткенді қайталау (тақтаға 10 сұрақ ашылады оқушылар жауап бергеннен кейін,төмендегі бағалау нормаларына қарап өзін-өзі бағалайды.)
Қазақстанда отаршылдық езгінің күшеюі(тақырыбы)
1.Жаңаелек шебі қашан құрылды?
2.Жоламан Тіленшіұлы бастаған көтеріліс қашан болды?
3.Жаңаелек шебін жасауда қазақтар қанша жерлерінен айырылды?
4.Патша үкіметі Ғұбайдулланы қайда,қандай қызметке тағайындады?
5.Қандай ережеге сай қазақтар тағыда 4 млн десятина жерінен айырылыды?
6.1825ж. жазалаушы экспедиция қай өзендердің бойындағы қазақтарды аяусыз қырып жойды?
7.Жаңаелек шебі құрылғанға дейін Елек өзені бойында қандай рулар көшіп-қонып жүрді?
8. Елек өзені бойында негізі қаланғанбекініс-қорғандарды ата.
9. Саржан Қасымұлының жасағы қашан патша үкіметінің әскеріне ашық шабуылға шықты?
10.Жаңаелек шекара шебінің құрылысы қашан аяқталды?
Дұрыс жауаптар:
1.1810ж
2.1822-1825жж
3.600 мың десятина
4.Көкшетау округі,аға сұлтан
5.1835ж8-наурыз «Орынбор губернисыныңқырғыз (қазақ) даласы мен шекарасында жаңа шекара шебін құру туралы»
6.Бұлдырты.Шиелі,Тамды
7.тама,табын
8.Изобильная,Боранды,Жаңаелек,Линев,Көмірлі,Вятлянская,Бердянская
9.1826ж31-қаңтар
10.1822ж
Бағалау
10,9- «5»
8,7,6-«4»
5,4- «3»
2,1- «2»
Үй тапсырмасы:
Кенесары Қасымұлы жайлы зерттеушілердің қазіргі таңдағы зерттеулері жайлы мағұлматтар біліп келу.
Тақырыбы: Тың жерлерді игеру Қазақстанның ауыл шаруашылығына жағымды әсер етті.
Мақсаты: 1. Соғыстан кейінгі жылдарда ауыл шаруашылығының артта қалу
себебін тауып, 1954 жылы ауыл шаруашылығын интенсивті
дамыту мақсатында қабылданған тың игеру саясатының мәнін,
мақсатын, маңызын ашу, екі жақты пікір білдіру арқылы тарихи
оқиғаға тиісті баға беру.
2. Оқушылардың өз ойын еркін айтуға. өз көзқарасын нақты
дәлелдер арқылы дәлелдеуге, жүйелі сұрақ қоя білуге
қалыптастыру.
3. Оқушыларды бірігіп ізденуге, нақтылыққа тәрбиелеу. Топпен
жұмыс жасауға, өзге адамдардың сөзін тыңдауға дағдыландыру.
Сабақтың түрі: алған білімді жүйелеу
Сабақтың әдісі: пікір - сайыс
Көрнекілігі: карта, кестелер
Сабақтың барысы:
«Ауыл шаруашылығының дамуы. Тың игеру және оның нәтижелері мен салдары» деген тақырып алдын-ала жан-жақты талданып, оқушыларға сол кездегі саясаттың мақсаты, мәні түсіндіріледі. Сынып оқушыларын екі топқа (жақтаушы, даттаушы) бөліп, тың игеру саясатының нәтижелері (бірінші топ) және салдары (екінші топ) туралы материалды жүйелеп, кейс құру тапсырмасы берілді. Пікір-сайысқа екі топтан үш оқушыдан алты оқушы қатысады, қалған оқушылар төрелік жасайды, сабақ соңында қорытынды пікір айтады.
І. Қызығушылықты ояту:
Соғыстан кейінгі алғашқы жылдар ауыл шаруашылығы үшін ауыр болды. КСРО-ның еуропалық бөлігін қамтыған қатты қуаңшылыққа байланысты елді астықпен, мал өнімдерімен қамтамасыз етуде Шығыс аудандарға. Соның ішінде Қазақстанға үміт артылды. Ол жылдары Қазақстанның егіншілік мәдениеті мейлінше төмен болды.
Ауыл шаруашылығының артта қалуының негізгі себептерінің бірі- оның материалдық – техникалық жағынан жеткілікті қамтамасыз етілмеуінде еді. Кеңес мемлекеті ауыр индустияны өркендетуге баса көңіл бөліп, ауыл шаруашылығына жеткілікті назар аудармады. Мұның салдары ауыл шаруашылығы мәселелерін интенсивті әдістермен шешуге – тың жерлерді кең ауқымда игеруге алып келді.
Тың және тыңайған жерлерді игеру туралы шешім 1954 жылдың көктемінде қабылданды. Мына кестеде тың және тыңайған жерлерді игеру саясатының жағымды, жағымсыз жақтары көрсетілген.
ІІ. Мағынаны тану.
Жақтаушы топ.
Критерий: «Тың жерлерді игеру Қазақстанды әлемдегі ірі астық өндіруші мемлекеттің біріне айналдырды».
1-аргумент: Тың жерлерді игеру нәтижесінде астық өнімі көбейді. Дәлел: Одақ бойынша 1954 жылы 13,5 млн га жер жыртылды. Қазақстанның бір өзінде 1954 жылдың тамыз айында 6,5 млн га жер жыртылып, тың игеру Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Көкшетау, Торғай, Павлодар облыстарында жүзеге асырылды. Бұл түстік облыстары еді. 1955 жылы жоспардағы 7,5 млн га- ның орнына тағы 9,4 млн га жер жыртылды. Қазақстан тың игерудің нәтижесінде
2-аргумент: Тың жерлерді игеру республика экономикасының дамуына белгісіз дәрежеде оңды әсер етті. Дәлел: Ауылмен салыстырғанда қала тұрғындарының саны өсті, 1959 жылы үлес салмағы 44% жетті. Қала тұрғындарының бұлай өсуіне өнеркәсіптің, көлік түрлерінің, ғылым мен мәдениеттің жедел қарқынмен дамуы тікелей себеп болды. Ауыл тұрғындарының белгілі бір бөлігінің қалаға ауысуы. Осы жылдары Қазақстан картасында 15 қала, 86 қала тәріздес поселке пайда болды. Тың астығын тасу үшін мыңдаған шақырым темір жолдар, тас жолдар салынды.
Даттаушы топ.
Критерий: «Қазақстанның жер үшін сыздаған жүрегін түсіну керек – ол әдеттегідей жеке меншік иесінің күйзелісі емес, нағыз патриоттың күйзелісі» жазушы И.Щеголихин
1-аргумент: Тың жерлерді игергу кезінде экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуы өте ауыр жағдайға душар етті. Дәлел: Топырақ эрозиясы күшейді. Жердің құнары (гумус қабаты) желге ұшты. Жайылым жерге егіс егіп тастағандықтан мал жайылатын жер өрісі тарылды. Осының салдарынан мал саны кеміді. Ақмола облысында 19 көлдің суы тартылды. Аққу - қаздар жойылды. Өлкенің ауа райы бұзылды. Экологиялық тепе-теңдікті бұзу өте ауыр жағдайға душар етті.
2-аргумент: Тың жерлерді игергу республиканың демографиялық ескерілмеді. Дәлел: Тың игеру кезінде республикаға көшіп келушілер саны қисапсыз көп болды. 1954 жылдан 1962 жылға дейін 2 млн жуық адам келді. 1954-55 жылдары Қазақстанға 0,5 млн адам қоныс аударды. Осының бәрі елдің байырғы тұрғындары –қазақ халқы мен басқа халық өкілдері арасында сан жағынан алшақтық туғызды. 1959 жылғы санақтың қорытындылары бойынша, қазақтар сан жағынан өз республикасы тұрғындарының үштен бірінен де аз немесе 30% ғана болды . ал 1879 жылы қазақстар Қазақстанды мекендеушілердің 85% тең еді.
ІІІ. Ой-толғаныс. Пікір - сайыстың қорытындысын алдымен төрешілер шығарады. Бақылап отырған оқушылар да өз пікірлерін білдіреді.
Сабақты бекіту кезінде оқушыларға тест сұрақтары беріледі, оқушылардан жауап алынады.
1.1950 жылдардағы ауыл шаруашылығы қандай жолмен дамыды?
а) қарқынды
ә) экстенсивті
б) нарықтық
в) қайта құру
2. Тың игеру қарсаңында Қазақстан компартиясы Орталық комитетінің Бірінші хатшысы болып кім сайланды?
а) Брежнев
ә) Қонаев
б) Пономарев
в) Жүнісбаев
3. Тың игеру байланысты 1954 жылы Қазақстанда қанша жер жыртылды?
а) 4,3 млн ға
ә) 6,5 млн ға
б) 7,6 млн ға
4. 1956 жылы Қазақстан тыңынан қанша астық жиналды?
а) 10 млн т
ә) 16 млн т
б) 18 млн т
в) 20 млн т
5. Тың және тыңайған жерді игерудің қандай келеңсіздіктері болды?
а) Жердің құнарлы қабаты желге ұшты
ә) Топырақ эрозиясы күшейді
6. Тың игеру Қазақстанның қай облыстарында жүзеге асты?
а) Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Көкшетау, Торғай, Павлодар
ә) Алматы, Талдықорған, Семей, Онтүстік Қазақстан
б) Қызылорда, Шымкент
7. Тың және тыңайған жерді игерудің екі жылға арналған жоспары қанша жылда орындалды?
а) 2 жылда
ә) 1 жылда
б) 3 жылда
в) 5 жылда
8. Тың игеру кезінде Қазақстанға қанша адам тұрақты тұру үшін көшіп келді?
а) 1 млн
ә) 1,5 млн
б) 2 млн
в) 3 млн
9. Халықаралық аукциондар мен жәрмеңкелерге қаракөл терісін өндіруден қатысқан Мойынқұмдық шопан?
а) Ш.Берсиев
ә) Ж.Қуанышбаев
б) Ким Ман Сан
в) С.Бүркітбаев
10. 1965 жылы республикада мал саны қанша болды?
а) 32 млн
ә) 34 млн
б) 39 млн
в) 42 млн
11. 1959 жылы республика тұрғындары арасындағы қазақ халқының үлес салмағы қандай болды?
а) 30%
ә) 42%
б) 56%
в) 85%
Оқушылардың білімін бағалап мұғалім өзі қорытынды жасайды.
Сабақтың тақырыбы: ХІХғасырдың 80-90 жылдарындағы әкімшілік-территориялық реформалар
Сабақтың мақсаты: XIX ғ. 80 - 90ж. ж патша үкіметінің Қазақстанда жүргізген әкімшілік реформаларының мәні мен мақсаты және өзгерістер барысы туралыбілімдерін тереңдету.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: XIX ғ. бойында Қазақстанда жүргізілген реформалардың бір - бірімен байланысын, ерекшеліктерін ашып көрсету.
Дамытушылық:Жүйелі ойлау мен талдай білу, оқушының жан-жақты іздене білуін қалыптастыру, бірлесіп және өздігінен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру, еркін сөйлеп, ойын жеткізе білуге үйрету, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Тәрбиелік: Оқушының бойына ұлтжандылық сезімін қалыптастыру, тарихи оқиғаларды объективті жағынан қарауға тәрбиелеу, Отанымыздың тарихын қастерлеп, бағалай білу, имандылыққа тәрбиелеу
АҚТ құралдары: MyTest - бағдарламасы, ЦБР - орталығымен онлайн байланыс, Activstudio құрылғылары. Radmin - компьютерлерді қашықтықтан басқару.
Әдісі: Сатылай кешенді талдау, тест түрлері (ашық, жабық, сәйкестендіру, хронологиялық), кесте толтыру, «фишбоун»-стратегиясы, картамен жұмыс, кейстерді модельдеу, алгоритмдік талдау, дәлел-дәйек, семантикалық карта, оқулықпен жұмыс, тезис конспект жасау.
Түрі:Жаңа сабақты меңгерту
Сабақ кезеңдері:
Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын тексеру
Жаңа сабақты меңгеруге дайындық
Жаңа сабақты меңгерту
Сабақты түсіну және қабылдау
Алған білімді қорыту және жүйелендіру
Үй тапсырмасын беру
Бағалау
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезең
Сынып бөлмесін әзірлеу (санитарлық-гигиеналық тазалықты орнату)
Оқушыларды орындарына отырғызу
Қоңырау соғылады
а) Оқушылармен амандасу
б) Оқушылардың сабаққа қатысын, дайындығын тексеру
в) Оқушылар назарын сабаққа аудару
г) Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.
Үй тапсырмасын тексеру
Дәптердегі үй тапсырмасын сұрау
1868-1870 жылдардағы шаруалар қозғалысына сатылай кешенді талдау- 2 оқушы
MyTest - бағдарламасы арқылы компьютерлік тапсырманы орындау.
Тапсырма деңгейі:
Жеңіл тапсырма
Ойлану тапсырмасы,
Күрделі тапсырма
Оқушылар тапсырманы компьютерлік желі арқылы орныдайды. Тапсырманы толық аяқтағаннан кейін компьютер жауаптың дұрыстығын анықтап бағасын шығарады.
MyTest
Тапсырманың орындалу нәтижесі мен бағасы әр баланың жұмыс үстелінде көрінеді. Бас компьютер арқылы мұғалім оқушылардың алған бағасын, жіберген қателіктерін, уақыт межесін көре отырып өзіндік бақылау жүргізеді.
Өткенді материалды қорытындылау
Ресей империясының 18-19 ғасырларда жүргізген отаршылық саясаты көшпелілер өмірінде өшпес із қалдырды.
Жаңа сабақты меңгеруге дайындық
- оқушылардың қызығушылығын ояту тапсырмалары.
Жалпылама сұрау
Қазақ хандығы мен Ресей империясы арасындағы байланыстың орнауының алғышарттарын атау.
интерактив тақтаның перде құрылғысын пайдалау арқылы негізгі фактілерді атау.
Ресей
- - - -
Қазақстан - - - -
Ресей империясының қазақ жерін отарлау неден басталды?
оқушылар хронологиялық тізбек бойынша Ресей империясының салған бекіністерін атайды. 1 оқушы – картограф-интербелсенді тақта алдында пазл картасын жинақтайды.
1640 |
Гурьев |
1735 |
Ор |
1847 |
Қапал, Ақтау, Алатау |
1716 |
Жәміш, Омбы |
1743 |
Орынбор |
1854 |
Верный |
1717 |
Темір |
1752 |
Петропавл |
1855 |
Сергиополь, Лепсі |
1718 |
Семей |
1761 |
Бұхтырма |
1859 |
Кастек |
1720 |
Коряков, Өскемен |
1845 |
Ырғыз, Торғай |
Қазақ хандығындағы дәстүрлі биліктің жойылу себептері
2 оқушы алдарындағы компьютерге «Фишбоун» стратегиясы арқылы тапсырманы орындайды.
Себебі
Мәселе- фактрлермен келтіруі.
Салдары анықтау
«Radmin»- компьютерлерді қашықтықтан басқару бағдарламасының көмегімен демонстациялық көрсетілім арқылы қорғайды.
Қорытындылау:
«Ой-түрткі салу»
Оқушылар топ ішінде өзара жұптасу арқылы келесі тапсырмалар тізбегін орындайды.
Тапсырма
Қазақстан жеріндегі ХІХ ғасырлардағы реформалардың
ерекшеліктерін анықтаңыздар
Оқушылар жұптасып ХІХ ғасырдағы әкімшілік басқару жүйесінің реформалау кезеңдерін анықтайды.
1 қатар -1822 ж
2 қатар - 1824 ж
3 қатар – 1867-1868жж
1-2 оқушы- «жылдар» , «есімдер» кейстерімен жұмыс істейді
3-4 оқушы- «ережелер» , «Орталықтар» кейстерімен жұмыс істейді
5-6 оқушы – «құрамына кірген аймақтар»,«басқару жүйесі» кейстерін ашады.
Тапсырманы алдарында тұрған компьютердің көмегімен орындап, бас компьютерге дұрыс жауап нұсқасын жібереді. Жауабын «Radmin»- компьютерлерді қашықтықтан басқару бағдарламасының көмегімен демонстациялық көрсетілім арқылы қорғайды.
Қорытындылау
Сабақтың тақырыбы: § 29 ХІХғ. 80-90 жж әкімшілік-территориялық реформалар
Жоспары:
1886-18891 жылғы әкімшілік реформаның жалғасуы
Басқару жүйесіндегі өзгерістер
Реформаның тарихи маңызы
Сабақты ауызша түсіндіру.
ХІХ ғасырдың 60-жылдарында қабылданған әкімшілік, сот, басқару реформалары бірден іске аса қойған жоқ. Қазақ шаруаларының көтерілістерінің салдарынан бұл «Ережелерді» заңдастыру 20 жылдан астам артық уақытқа созылды. Капиталистік қатынастардың ел өміріне енуіне байланысты бұл өзгерістерді құқықтық жағынан негіздеуді қажет етті.1886 жылы 2 маусымда «Түркістан өлкесін басқару туралы ереже», ал 1891 жылы 25 наурызда «Ақмола, Семей, Жетісу, Орал, Торғай облыстарын басқару туралы ереже» қабылданды. Бұлар енді уақытша ережелер емес, нақты заң ретінде қабылданды.
Сандық білім беру ресурсын (ЦОР) Онлайн режімінде қолдана отырып сабақты одан әрі теориялық негізде түсіндіру. http://e-history.kz/
Жаңадан қабылданған ережелерге сәйкес Қазақ жерінде екі генерал- губернаторлық құрылды.
1. Түркістан генерал-губернаторлығы, орталығы Ташкент қаласы болды. Ал оның құрамында Ферғана, Самарқан және Сырдария облыстары кірді. Облыстар уезге бөлініп, бұрынғы әкімшілік бөлініс жүйесі сақталды.
2. Дала генерал-губернаторлығы, орталығы Омбы қаласы болып бергіленді. Оның құрамына Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу облыстары енді. 1890 жылы ақпанда «Закаспий облысын басқару туралы уақытша ережесі» қабылданды. Бұл ереже бойынша Закаспий облысына Маңғыстау, Красноводск, Ашхабад, Теджен, Мерв уездері кірді.
Дәптермен жұмыс және оқулықпен жұмыс:
Оқушылар дәптерге тезистік конспек жасайды.
Алдарында тұрған компьютерден талдау жұмысын орындайды «
Флипчарт арқылы Activstudio құралын пайдалана отырып жасырын тұрған жауаптарды шығару.
Ережені алгаритмдік талдауға салу.
- ереже-
- қабылданған жыл-
- генрал-губернаторлық-
- орталығы-
-облыстар -
«Radmin»- компьютерлерді қашықтықтан басқару бағдарламасының көмегімен демонстациялық көрсетілім арқылы қорғайды
Сот құрылымындағы өзгерістер. 1867-1868 жылдардағы уақытша сыннан өткізу үшін іске асырыла бастаған әкімшілік-сот саласындағы өзгерістер 1886-1891 жылғы жарлықтарда заң жүзінде бекітілді.
1891 жылғы ереже бойынша сот істері өзгертулерге ұшырады. Ол бойынша:
А) Соттардың төтенше съезі деп аталып кеткен уездік және болыстық тұрғындарға қатысты мәселені шешетін сот жиыны тек әскери губернатордың рұқсатымен шақырылды
Б) Бітістіруші сот-облыстық, уездік билеушілердің мүддесін қорғады.
С)Төменгі сот буыны – халықтық сот болды. Халықтық сот – империялық сотқа қосалқы, өз бетінше мәселені шеше алмайтын тәуелді буын.Қазақстанда бұрынғы билер соты жойылды.
Реформаның салдары: ХІХ ғасырдың соңғы ширегінде патша үкіметінің әлеуметтік езгіге салу саясатын мынандай жағдайлардан көрінді. Қазақстандағы жер байлығын мемлекеттің меншігі деп жариялады, жайылымды жерді пайдалануды ережемен шектеді
Патша өкіметінің езу, қанау саясатына қарсы бағытталған ереуілдер болды. Оған басты себеп болған капиталистік қатынастар.
өндіріс орындарында жұмыс қолының 60-70 % құраған қазақтар әр түрлі ауыр еңбектерге тартылды
зауыт-фабрика ережелерімен таныс емес, дегенімен қара жұмысқа шыдамды қазақтар өз еңбегінің құнын білмеді.
Ер жұмыскерлерінің жетіспеуі әйелдер мен жасөспірімдердің еңбегін де кең пайдалануға мәжбүр етті. 16 жасқа дейінгі жасөспірімдердің жұмысшылар арасындағы үлесі 14 дейін көтерілді.
Жұмысшылардың таптық қарсылықтары өндіріс орнын тастап кету еді. ХІХ ғ соңында жұмыс орнын тастап кеткендерді 3 айға абақтыға қамау жазасын қолданды. Қарсылықтың тағы бір түрі – ереуілдерге шығу. Алғашқы бас көтерулер 1849- Көкшетауда, 1888- Өскеменде, 1893-1895-1899 жж- Батыс Сібі теміржолшылары мен Омбы теміржолшыларының ереуілдерімен жалғасты.
Бұл көтерілістерінің тарихи сипаты қазақ жеріндегі алғашқы жұмысшылар қозғалысы еді. Алғашқы өлке жұмыскерлеінің әлеуметтік күресі біртіндеп тәжірибе жинай бастады. ХХ ғасырдың басындағы саси оқиғаларды дайындауда осы қарсылықтардың сабағы ескерілді.
Сабақты бекіту
Сабақты бекіту кезеңінде дебат технологиясындағы « дәлелдер мен дәйектер» келтіру формасын пайдалау.
артықшылығы |
кемшілігі |
ұсыныс |
|||
дәйек |
дәлел |
дәйек |
дәлел |
||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Сандық білім беру ресурсы арқылы (ЦОР) Онлайн режімінде семантикалық тапсырмасын орындау.
Тест шешу
Бағалау
Сабақты қортындылау
ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында Қазақстан территорясы 7 облыстан құрылды. 1928 жылы ҚазақАКСР аумағы бекітіліп 13 облыстан тұратын болды. Бүгінгі күні Қазақстанның әкімшілік құрылымы 4 сатылы жүйеде құрылған, яғни орталық, облыс, аудан, ауылдар. Еліміз 5 аймаққа, 14 облысқа және Республикалық маңызы бар 2 ірі қалалдан тұрады.
Қазақ елінің тарихы тереңде. Жарқын болашақтың кепілі болатын жастар өз елінің тарихын терең түсініп, құрметтеп, асқақтатып, өзгеге танықса қазақ тарихы мәңгілік тарих болмақ. Біз үшін ортақ тағдыр – бұл біздің Мәңгілік Ел, лайықты әрі ұлы Қазақстан! Мәңгілік Ел – жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Бабаларымыздың арманы.Мәңгілік ел – тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы.
Үйге тапсырма беру
§ 29 ХІХғ. 80-90 жж әкімшілік-территориялық реформалар мазмұндау
ХІХ соңындағы қазақ жұмысшыларының ереуілдеріне сатылай кешенді талдау жасау.
Сабақ тақырыбы: Ғұн мемлекетінің қалыптасуы. Ғұндардың тұрмысы мен шаруашылығы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға Қазақстан жерінде мекендеген ғұн мемлекетінің қоныстану тарихын, мемлекет болып қалыптасуын меңгерту
Тәрбиелік: Оқушылардың топ болып жұмыс жасауға, жауапкершілікті сезіне білуге, нәтижеге жетуге ұмтылу үшін білім бәсекесіне түсуіне, тарихи фактілерді жаттауға, ой қорыта алуға, сонымен қатар тақырыпты меңгерте отырып, Отан сүйгіштікке, адамгершілікке, елжандылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: сабақта оқушылармен шығармашылық жұмыстар жүргізе отырып, қорытынды жасай білуге үйрету және ойларын дамыту.
Сабақтың түрі: Жарыс сабақ
Сабақтың әдіс тәсілдері: сұрақ - жауап, баяндау, ізденіс, өз бетінше жұмыс, талдау.
Көрнекілік құралдары: Интерактивті тақта, карта, тақта.
Сабақтың өту барысы: Ұйымдастыру кезеңі.Сынып оқушылары екі топқа бөлінеді.
Үй тапсырмасын сұрау: Қаңлы қоғамы, шаруашылығы және тұрмысы
Әр топқа сұрақтар беру арқылы оқушылардың білімдерін тексеру
1 топқа
1. Қаңлы мемлекеті қай ғасырда құрылды? (б. з. б. III ғасыр)
2. Қаңлы тайпаларында билік қандай жолдармен қалдырылды? (Әкеден балаға мұра ретінде)
3. Қаңлылардың астанасы қалай аталды? (Битянь)
4. Мүлік теңсіздігінің шығу себебі неде? (әлеуметтік жіктелу)
2 топқа
1. Қаңлылардың халқының саны қаншаға жетті? (600 мың адам не 420 мың үй)
2. Қаңлылар қандай елдермен байланыс жасады? (Қытай, Парфия, Рим, Кавказ)
3. Қаңлылар мен Үйсіндер арасындағы соғыс қай ғасырда болды? (б. з. б I ғас. орт)
4. Қаңлылар қандай күштерге сиынды? (Табиғат күштеріне және ата - баба рухына)
1 топқа
1. Қаңлылар туралы қандай деректер бар? Оларда қаңлылар туралы не айтылады?
2. Қаңлылар мекендеген жерлердің табиғи-климаттық жағдайын сипаттап беріңдер?
3. Қаңлылардың қоғамдық жағдайы туралы не білесіңдер?
4. Қаңлыларда егін шаруашылығы мен мал шаруашылығы қалай дамыған және өзіндік ерекшеліктері қандай?
5. Тағы басқа қандай кәсіппен айналысқан?
6. Шет елдермен сауда байланысы болғанын дәлелдейтін нәрселерді ата.
7. Мәдениеттің қандай түрлері жақсы дамыған?
2 топқа
1.Қаңлы мемлекетінің хронологиялық уақыты:
2.Қаңлылардың археологиялық мәдениеттері:
3.Қаңлы елі ішінде бөлінген иелік саны:
4. Қаңлылардың өмірі мен тұрмысын сипаттап жазған тарихшы:
5. Қаңлы елінің астанасы:
6. Шыршық өзенінің оң жағалауындағы қаңлы каналы:
7. Қаңлылардың негізгі атамекені:
Кім жылдам?
1 топқа
1 Сыма Цянь қай елдің тарихшысы?
2. Қаңлылардың археологиялық мәдениеттерінің бірі.
3. Жетіасар мәдениеті қандай өзен аңғарында орналасқан?
4. Қаңлы тайпасы негізінен қандай шаруашылықпен айналысқан?
5. Қаңлылардың 16 гектар жерді алып жатқан қала жұртын ата
2 топқа
1. Тұтқынға түскен адамды қалай атады?
2. Қаңлылар байланыс жасаған елдердің бірі.
3. Олар жинаған сырты қатты жеміс түрін ата
4. Қаңлылар табынған аспан денелерінің бірі
5. Ыдыстары неден жасалған?
Ортақ сұрақтар?
1. Қаңлылар туралы деректер
2. Қаңлылардың шаруашылығы
3. Қоғамдық құрылыс орналасуы
4. Археологиялық ескерткіштері
5. Металл өндірісі, сауда қатынастары
6. Қаңлылардың мәдениеті және діни ағымдары
Жаңа сабақ: Ғұндар тарихы. Ғұн мемлекетінің қалыптасуы.
«Ғұн» сөзі «Гун рун, хун ю» т. б. атауларымен белгілі
Ғұн атауы б. з. д III ғ Қытай деректерінде кездеседі.
Қазақстан жеріне б. з. д. Іғ - ң соңы мен I ғ - да келген.
Халқы 1, 5 млн адам, 24 руға бөлінген. Оларды Шаньюйдің туысқандары басқарды.
Түменбасыларын шаньюй тағайындаған. Олардың әрқайсысында мыңнан әскер болған. Ғұндардың мемлекеті әскери жүйе бойынша құрылған.
Ғұндардың билік жүйесі
Тәңірқұты (Шаньюй) рубасылар кеңесі
Түменбасылар (24)
Мыңбасылар
Жүзбасылар
Онбасылар
Халық жиыны 3 жылда
Ғұндардың даңқты қолбасшысы Атилла шамамен 400 - 453 жылдары өмір сүрген, қазақтар Атилланы - Еділ деп атаған. Атилланың сырт келбетін «бір көрген адам оның нағыз азиялық екенін бірден айтады, орта бойлы, мығым денелі, көзі өткір, сұсты болған. Қозғалысы шапшаң, сенімді. Ол - Еуропаны, Африканың солтүстік бөлігін, Батыс Азияны қамтыған, Рим империясын жеңіліске ұшыратты. 453 жылы Атилла қайтыс болып, империя ыдырай бастады.
Мына пікірлермен келісесің бе?
№ |
ПІКІРЛЕР |
ИӘ |
ЖОҚ |
1 |
Ғұн билеушісін «хан» деп атаған |
|
+ |
2 |
Ғұн мемлекеті 24 тайпадан құралды. |
+ |
|
3 |
Цинь патшалығы сақтардан қорғану үшін Ұлы Қытай қорғанын салды. |
|
+ |
4 |
Шаньюден кейінгі басты тұлға «түменбасы» болды. |
+ |
|
5 |
«Халықтардың ұлы қоныс аударуын бастаған» қаңлылар |
|
+ |
6 |
Ғұндардың негізгі өмір салты –көшпелі өмір болды. |
+ |
|
7 |
Халықтардың ұлы қоныс аударуы б.з.б II ғасырда басталып б.з. IV ғасырына дейін созылды. |
+ |
|
Кестені толтырыңдар. Ғұндар.
Ғұн тайпалық одағының қалыптасқан уақыты |
Мемлекеттің негізін қалаушы |
Шаруашылығы |
Б.з.б III ғ. |
Моде шаньюи |
Көшпелі мал шаруашылығы
|
Бекіту:
Ғұндардың негізін қалаған кім және билеушісін қалай атады?
Ғұн қанша руға бөлінді және оларды кім басқарды?
Ғұндардың екінші көші қай жылы басталды және тарихта бұл көш қалай аталды?
Еуропаны Рим үстемдігінен азат еткен кім?
Атилланы қазақтар неліктен Еділ деп атаған?
Солтүстік ғұндардың әміршісі кім болды? Оқушылардың білімін бағалау:
Үйге тапсырма: Тақырыпты оқып келу
Ерікті тапсырма: «Еділ батыр бабамыз» атты ой - толғау жазу
ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясы мен инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» – деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдарының, әрбір мұғалімінің күнделікті ізденісі арқылы, барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа практикаға, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды.
Заман талабына сай оқыту технологиясының тиімдісін пайдалану оқу үрдісінде жетістікке жетудің бірден бір кепілі. Өткен ғасырдың 90 жылдарында бүкіл әлемдегі философтар мен психологтар, педагогтар озық тәжірибелерге сүйене отырып, сан түрлі оқыту технологияларын жасады. Осы жаңа педагогикалық технологиялардың ішінде сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының орны ерекше.
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л.Стил, Куртис С.Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады.
Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету.
Олардың пікірінше оқу міндетті түрде оқушының қызығушылығын тудыратын белсенді болуы керек. Оқушының ойына түрткі туғыза отырып, оны білуге одан әрі құлшынысын туғызу болса ғана оқуға деген белсенділік артады.
Осыған орай сын тұрғысынан ойлау технологиясын егжей-тегжейлі қарастыра отырып, оны өз пәнімді оқытудағы мүмкіндіктерімді көрсетуді мақсат еттім. Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын пайдалану оқытудың әртүрлі формаларын қолдана отырып, оқушылардың бір-бірін тыңдай білуге, өз ойларын анық жеткізуге, өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіруді, ізденіске баулып, естіп, көріп, білгенін түйіндеп, пайдалана білуге түйретуді көздейді. Сын тұрғысын оқу – тәрбие үрдісінде басқару мен ұйымдастырудың тиімділігі оқушылардың өз алдына белсенді дамуына негізделеді. Яғни оқушылардың ауызша және жазбаша тілін, ойлау, есте сақтау, әрбір ақпаратқа, сонымен бірге өзінің және басқаның шығармашылығына сыни қарауына, шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталған.
Сыни ойлауды дамыту технологиясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы – білімнің дайын күйінде берілмеуі.
Тарих сабақтарында оқушылардың сыни ойлауын дамыту мен сындарлы көзқарасын қалыптастыруды басшылыққа аламын. 6 - сыныпта өткізілген бір сабағымды келтірейін.
Тақырыбы |
§ 10. Жаңа тас дәуірі. Неолит |
|||
Мақсаты |
- Тас дәуірінің соңғы кезеңі жаңа тас дәуірінің ерекшелігін, неолит төңкерісі, өндіргіш шаруашылыққа көшу, еңбек бөлінісінің пайда болуы туралы тарихи түсінік беру |
|||
Күтілетін нәтижелер |
- Қазақстандағы неолит төңкерісі туралы білу, жаңа тас дәуіріне сипаттама бере алу; - Еңбек бөлінісінің пайда болуын, өндіргіш шаруашылыққа көшудің адамзат өміріндегі тарихи маңызын анықтай алады; - Өз бетімен жұмыс жасауға уйренеді. |
|||
Қажетті құралдар |
Оқулық, электрондық оқулық, постер, маркерлер, бағалау парақтары, смайликтер, тапсырма парақтары |
|||
Сабақ кезеңдері |
Мұғалімнің іс-әрекеті |
|||
Ұйымдастыру кезеңі |
Психологиялық ахуал қалыптас-тыру Сыныпты топқа бөлу (үстел үстіндегі өздеріне арналған кәмпит-тер бойынша 3 топқа бөлінеді) |
Оқушының іс-әрекеті
Сабаққа дайындығын реттейді. |
Уақыты
1 мин |
Бағалау |
Білу |
«Жарнама» беті арқылы үй тап-сырмасын сұрау
Топтастыру. Алғашқы адам-дардың тірші-лігі бейнелен-ген сурет-тер арқылы оқушыларды топтастыру Мезолит дәуі-рінің төлқұжа-тын толтыру |
Оқушылар өз білімдерін «Жарнама» жолымен тексереді. |
5 мин |
|
Түсіну және қолдану |
Электронды оқулықты қа-рау. «JIGSAW» әдісі Тақырып бөлініп бері-леді. Оқыту және талқылау-ға тапсырма беру.
|
Бір үзігін таңдаған оқушы артында жазылған сөзді не датаны тікелей айтып емес, түсіндіре отырып оқушыларды дұрыс жауапқа жетелеуі тиіс. Суреттер арқылы топтасады. Суретті сөйлете білу. Сурет бойынша уй тапсырма-сын ашу. Төлқұжатты мезолит дәуірі туралы деректермен толтыру |
12 мин |
Сұрақты дұрыс түсін-діре білген оқушы әрі дұрыс жау-ап берген оқушы смайлик жинақтайды |
Талдау |
«Суретті сөйлет!» Электронды оқулықтағы деректермен оқулықтағы жаңа тақырыппен танысқаннан кейін берілген суреттер бойынша оқушылармен талдау жасау |
Оқушылар электронды оқулықта берілген мәліметті қарау. Сынып ішінде тақырыпты оқып, бір - бірлеріне түсіндіреді.
|
16 мин
|
Критериалды бағалау: Топтардың әр мүшесі бағалау парағын қолдана отырып, қорғаушы мен жұмысын бағалайды. Бір – біріне смайлик беру |
Жинақтау |
«Неолит төңкерісі» тақырыбына постер жасау - Қазақстан территориясында өмір сүрген алғашқы адамдардың жақсы, ынғайлы өмір сүруіне қандай мүмкін шешім ұсынар едіңіздер? |
Оқушылар берілген суреттерді жаңа тақырып бойынша талдап, өз пікірлерін білдіреді.
|
4 мин |
Ауызша түрдегі (формалды) мұғалімнің бағалауы
|
Рефлексия «Бес саусақ» |
«Бес саусақ»: Бас бармақ – Не үйрендім? Балан үйрек – Неге көңіл аудару керек? Ортан терек – Кімге көмек-тестім? Шылдыр шүмек – Алған әсерім, Көңіл-күйім? Кішкене бөбек – Неден қиналдым? |
Постер құрастырып, қорғау
Бұл тығырықтан шығу амалдарын, жолдарын жасап шығарады. |
4 мин |
Бағалау критерийлері бойынша бағалану
Ауызша мадақтау «Жарайсың!» т.б. |
Бағалау Үйге тапсырма |
Оқушыларды бағалау, кемшілік жіберген қателіктерін айту, қателіктерді түзетуге ұсыныс жасау § 3-4 оқып келу |
Оқушылар ақ парақтарға өз қолын сызып, әр саусаққа берілген сұраққа өз жауабын жазады. |
3 мин |
|
Сабақ құрылым жоспарында:
Қызығушылығын ояту
стратегиялары
Ой қозғау
Топқа бөлу
Топтастыру
Мағынаны ашу стратегиялары
ДЖИГСО
«Суретті сөйлет!»
Толғаныс стратегиялары
Постер құру
Қорғау
Рефлексия «Бес саусақ»
Бұл сабақта сын тұрғысынан ойлаудың жоғарыдағы әдістерін қолдандым. Ең негізгісі жаңа тақырыпты меңгеру кезінде «ДЖИГСО» әдісі арқылы алдымен жұпта, сосын ұжымда талқылап жаңа сабақты меңгерту. Бұл әдіс кезінде жаңа тақырыпты талқылап, тарихи ойлауын қалыптастыруға, бір-бірімен қарым – қатынас жасауға, ойлау қабілетін дамыту, ойын еркін жеткізуге үйретеді.
Тарих сабақтарында сын тұрғысынан ойлау оқушыны тәрбиелеп, білім біліктілігін арттырып қана қоймай, шәкірттерге еркін ойлауға мүмкіндік беріледі; ақыл ойы дамиды, шығармашылық деңгейі артып, топтық іс-әрекетке тәрбиеленеді, өзі жан-жақты жетіліп, өз ойын жеткізе алады.
Сын тұрғысынан ойлау стратегиясын тарих сабақтарында қолдана отырып, тұлға қалыптастырудың тиімді жақтары өте көп екендігіне көз жеткізуге болады. Нақтылай қорытынды жасасақ:
Оқушылар күні бұрын берілген тапсырма мен де сабақ үстінде берілген тапсырмалармен қосымша ізденеді, өз бетімен дайындалады.
Оқушы өз қиялының дамуына, пікір айтуына еркіндік беріледі.
Өз өміріне, қоршаған ортаға сын көзбен қарауға үйренеді
Өзгенің пікірін тыңдап, оған өз көзқарасын қоса білуге үйренеді.
Шыншылдық, әділдікке дағдыланады.
Өзгенің пікірімен санасуға үйренеді.
Әртүрлі шығармашылық жұмыстарға дағдыланады.
Өз пікірін қорғап дәлелдей алады.
Топпен жұмыс істеуге үйренеді.
Жан дүниесін тәрбиелейді.
Қазіргі кездегі мамандық атаулының барлығы бейімділікті, ептілікті, шапшаңдықты, ерекше ой қызметін, мол шығармашылық мүмкіндікті өзін қоршаған түрлі жағдайларға тез икемделіп қана қоймай оларды керекті бағытына шығармашылықпен бұра білу қабілеттілігін қажет етеді.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы – ойлау мен ұштастыра білім алуды бағыттайтын оқыту технологиясы.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Республикалық ғылыми әдістемелік журналы №7,2013
2. Омарова Р.С. «Мектеп оқушыларының қызығушылығын қалыптастыру теориясымен практикасы, 2013 ж.
3. Райысов У. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы. 2004ж.
4. М.С.Қожагелдиева, Н.Нұртазаева «Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқытудың тиімділігі»
5. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Үшінші басылым.
6. Білім беру мекемесіндегі мұғалім қызметінің ұйымдастырылу бағыттары. (Әдістемелік нұсқау) Валиева М.-Алматы: ОПҚБАЙ, 2012ж
7. А.Қ.Әлімов. Оқытуда интербелсенді әдістерді қолдану. Алматы, 2012ж
8. А.Қ.Әлімов. Интербелсенді әдістемені ЖОО-да қолдану мәселелері. Алматы, 2013ж
9. ҚР Білім туралы Заңы
10. Керімбекова А. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы арқылы үйрету// Білім – Образование.- 2009. - №4. – Б.47-48
11.Ташенова А. Сын тұрғысынан ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту/ /Білім – Образование.-2006.-№2. – Б.15-18
12.Мирсеитова С. «Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде»// Қарағанды, 2011.-Б.76
13. А.М. Оңғарбай Тарих сабағында сыни тұрғыдан оқыту технологиясы
14.Тұрлығұлов Т.Т. Тарих сабағын жетілдіру жолдары Алматы
МАЗМҰНЫ:
Кіріспе бөлім ..................................................................................... 3
Негізгі бөлім ....................................................................................... 9
Сабақ жоспарлары .............................................................................16
Қорытынды бөлім...............................................................................41
Пайдаланылған әдебиеттер................................................................46
Жолаева Кундыз Акашевна.
«Тарих пәнін сыни тұрғыдан ойлау технологиясы арқылы оқыту». (Әдістемелік көмекші құрал) ШҚО. Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылы «К.Нұрбаев атындағы Ақсуат орта мектебі»КММ

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген