Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тарих пәнінен функционалдық сауаттылыққа арналған тапсырмалар

Материал туралы қысқаша түсінік
Тарих пәнінен функционалдық сауаттылыққа арналған тапсырмалар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қарағанды облысы білім басқармасы

Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы

Қарқаралы ауданы білім бөлімі ММ



КЕЛІСІЛДІ БЕКІТЕМІН

Қарағанды облысы білім Қарағанды облысында білім

басқармасының Қарқаралы ауданы беруді дамытудың

білім бөлімі әдістемелік кабинет оқу-әдістемелік орталығының

меңгерушісі меңгерушісі

________К.Ж.Муслимов ________Б.Х.Абдикерова

«___»_____2025 жыл «___» ______2025 жыл







Тарих пәніне арналған

функционалдық сауаттылыққа бағытталған тапсырмалар жинағынан әдістемелік ұсыным









Қарқаралы 2025



Мазмұны

І.Кіріспе 4 бет

ІІ.Негізгі бөлім

Тарих пәнінен оқушыларды функционалдық сауттылыққа бағытталған тапсырмалар 5-20 бет

ІІІ.Қортынды 21 бет

ІҮ.Пайдаланған әдебиеттер 22 бет

































Кіріспе

Тарих – өткеннің ізі, бүгіннің тірегі, болашақтың бағдары. Әрбір тарихи оқиға мен тұлға бізге үлкен сабақ береді. Сондықтан тарихты білу – өз тамырыңды тану деген сөз. Тарих – халқымыздың өткен жолы, ерлікке толы шежіресі және болашаққа бастар бағыт-бағдары. Әрбір тарихи оқиға мен тұлға – біз үшін үлкен өнеге мен тағылым.Ұсынылып отырған қызықты тест тапсырмалары оқушылардың білімін тексеруге, ойлау қабілетін дамытуға және пәнге деген қызығушылығын арттыруға арналған. Тапсырмалар түрлі форматта берілген: суретті сұрақтар, сәйкестендіру, логикалық ойлау, шығармашылық тапсырмалар. оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып құрастырылды. Жинақта білімді тексеруге ғана емес, ойлау қабілетін дамытуға, салыстыру, талдау, қорытынды жасау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған тапсырмалар берілген.

Тапсырмалар әртүрлі форматта ұсынылады:

жабық және ашық тест сұрақтары;

суретті тапсырмалар;

сәйкестендіру және хронологиялық ретке келтіру;

шығармашылық тапсырмалар.

Бұл жұмыс түрлері оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, белсенділігін күшейтуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, өздігінен жұмыс істеу дағдыларын дамытып, білім сапасын арттыруға ықпал етеді.

Мақсаты:

Білім сапасын арттыру.

Оқушылардың тарих пәніне қызығушылығын дамыту.

Шығармашылық қабілетін жетілдіру.

Міндеттері:

Қызықты тапсырмалар дайындау.

Топтық жұмыстар ұйымдастыру.

Көрнекі құралдар пайдалану.

Тест және ойын элементтерін енгізу.

1.«Кім жылдам?» (Сәйкестендіру)

Тапсырма: Тұлға мен оқиғаны сәйкестендір.

Тұлға Оқиға

1.Абылай хан а) Қазақ хандығының құрылуы

2.Керей мен Жәнібек ә) Жоңғарларға қарсы күрес

3.Тәуке хан б) «Жеті жарғы» заңдары

4.Әбілқайыр хан в) Ресейге бодан болу

Тапсырма: Берілген жылдарды тарихи оқиғамен сәйкестендір.

1465–1466 жж. а) Қазақстан тәуелсіздік алды

1723 ж. ә) Қазақ АКСР-і одақтас республика болды

1991 ж. б) Қазақ хандығы құрылды

1936 ж. в) «Ақтабан шұбырынды» басталды

2. «Суретті сөйлет» (Шығармашылық)

Тапсырма: Оқушыларға тарихи сурет (мысалы, хан ордасы немесе батырлар) көрсетіледі.

Сұрақтар:

Бұл қай кезең?

Қандай оқиға болып жатыр?

Кейіпкерлер кімдер?

Сен сол заманда өмір сүрсең не істер едің?

3. «Артық сөзді тап»

Сақтар, Ғұндар, Үйсіндер, Алтын Орда

Кенесары, Абылай, Бауыржан, Қабанбай

Астана, Алматы, Түркістан, Париж

4. «Тарихи жұмбақ»

Үш жүзді басқардым,

Заң жүйесін жасадым.

(Жауабы: Тәуке хан)

Жоңғарға қарсы шықтым,

Қол бастап елді қорғадым.

(Жауабы: Қабанбай батыр)

5. «Сөз құрастыр»

Берілген әріптерден тарихи сөз құрастыр:

А Х Н → __

А С Қ Қ Т А Р → __

Б А Т Ы Р → __

Сұрақтар:
1) Киіз үй қандай өмір салтымен байланысты?
A) Отырықшы
B) Көшпелі
C) Қалалық
2) Пирамидалар қай елге жатады?
A) Англия
B) Месопотамия
C) Ежелгі Мысыр
3) Тарихи кезеңдерді дұрыс ретімен қой:
Тас дәуірі, Қола дәуірі, Ерте темір дәуірі, Орта ғасырлар
4) Ортағасырлық қалада адамдар немен айналысады деп ойлайсың?
A) Сауда
B) Аңшылық
C) Тек мал бағу




Суретті тесттер 5-7 сыныптар

1. Бұл адамдар қай дәуірде өмір сүрді?



A) Темір дәуірі

B) Тас дәуірі

C) Қола дәуірі

D) Орта ғасыр

2. Бұл жауынгерлер қай тайпа?

A) Ғұндар

B) Сақтар

C) Үйсіндер

D) Қаңлылар

3. Суреттегі ескерткіш қалай аталады?

A) Күлтегін

B) Алтын адам

C) Бәйтерек

D) Тамғалы тас

3. Суретте кім бейнеленген? (Сурет: Абылай хан)





A) Қасым хан

B) Абылай хан

C) Керей хан

D) Жәнібек хан

6. Суреттегі ғимарат қай қалада орналасқан? (Сурет: Бәйтерек монументі)





A) Алматы

B) Шымкент

C) Астана

4. Бұл кесене кімге арналған? (Сурет: Қожа Ахмет Ясауи кесенесі)



A) Абай

B) Әл-Фараби

C) Қожа Ахмет Ясауи

D) Тәуке хан

5. Суреттегі оқиға қалай аталады? (Сурет: 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы)

A) Алаш қозғалысы

B) Желтоқсан оқиғасы

C) Тың игеру

D) Ұлы Отан соғысы























Сәйкестігін анықта:

Мемлекеттер:

А) Түрік қағанаты

Б) Батыс түрік қағанаты

В) Түргеш қағанаты

Г) Қарлұқ қағанаты

Д) Қарахан мемлекеті

Е) Екінші Түрік қағанаты

Ж) Оғыз мемлекеті

З) Қыпшақ хандығы

И) Наймандар мен керейіттер ұлыстары

Мерзімі:

1. 942-1212 жж

2. 552-603 жж

3. 681-744 жж

4. 603-704 жж 5.ІХ ғ. соңы – ХІ ғ. басы

6. 704-756 жж

7. ХІ ғ. басы- 1219 жж

8. 756-940 жж

9. ХІІ ғ.соңы –ХІІІ ғ.басы




Сәйкестігін анықта:

Оқиға:

А) Түркі қағанатының негізін салған

Б) Түрік қағанаты билікке ие болған

В) Түргеш қағанатын құрған

Г) Екінші Түрік қағанатын қалпына келтірген

Д) Қарахан мемлекетінің негізін салған

Билеушілер:

1. Үш – Елік қаған

2. Білге қаған

3. Мұқан қаған кезінде

4. Сатуқ Богра хан

5. Бұмын қаған















Сәйкестігін анықта:

Тарихи оқиғалар:

А) Ұлы Жібек жолы өмір сүрген

Б) “түркі” сөзі алғаш рет кездескен

В) Түрік қағанаты құрылған

Г) түркілерге византиялық елші Земарх келген

Д) Орта Азия мен Қазақстанның оңтүстігін арабтардың жаулап алуы басталған

Е) Атлах шайқасы болған

Ж) ислам Қарахандықтардың мемлекеттік діні болып жарияланған

Мерзім:

1. 567 ж.

2.б. з. д. ІІ ғ. – б. з. ХV ғ. басы

3. 705 ж.

4. 542 ж.

5. 751 ж.

6. 552 ж.

7. 960 ж.

Сәйкестігін анықта:

Мемлекеттер:

А) Батыс- Түрік қағанаты

Б) Түргеш қағанаты

В) Қарлұқ қағанаты

Г) Қарахан мемлекеті

Д) Үйсін мемлекеті

Е) Қаңлы мемлекеті

Ж) Қыпшақ мемлекеті

З) Оғыз мемлекеті

Астанасы:

1. Янгикент

2. Сығанақ

3. Битянь

4. Суяб

5. Чегучен

6. Баласағұн




Сәйкестігін анықта:

Мемлекеттер:

А) Түрік қағанаты

Б) Батыс түрік қағанаты

В) Кимек қағанаты

Г) Қарлұқ қағанаты

Д) Оғыз қағанаты

Жерлері:

1. Шығыс Түркістаннан Амудария және солтүстік Кавказ далаларына дейін

2. Орхоннан Дунайға дейін

3. Солтүстік, Шығыс және Орталық Қазақстан

4. Сырдарияның төменгі ағысынан Еділге дейін 5. Жетісу

Сәйкестігін анықта:

Тайпалар:

А) ғұндар

Б) түргештер

В) қарлұқтар

Г) үйсіндер

Д) монғол

Билеушілер:

1. Шаньюй

2. Хан

3. Жабғы

4. Қаған

5. Гуньмо









Сәйкестігін анықта:

Түсініктер:

А) Дешті Қыпшақ

Б) ел

В) икта

Г) қаған

Д) тамға

Е) ұран

Ж) шад

З) шаньюй

И) жабғы

Мағынасы:

1. Қыпшақ қоныстанан аумақ

2. Әскери ұран

3. Рулық белгі – рәміз, мөр

4. Халық, мемлекет

5. Салық салуға құқығы

6. Түркілер мемлекетіндегі бірінші адам

7. Оғыз билеушісінің лауазымы

8. Ғұн билеушісінің лауазымы

9. Кимек тайпасы көсемінің лауазымы



Сәйкестігін анықта:

Шығармалар:

А) Қорқыт ата туралы кітап

Б) “Құтты-білік”

В) “Диуан-лұғат ат –түрік”

Г) Диуан – и – Хикмет (“Даналық кітабы”)

Д) “Ғылымдар жіктемесі туралы сөз”

Е) Қаланың рақымшыл тұрғындары туралы трактат

Авторлар:

1. Яссауи

2. М. Қашқари

3. әл-Фараби

4. Ж. Баласағұн

5. Қорқыт

Сәйкестігін анықта:

Мемлекеттер:

А) Ақ орда

Б) Моғолстан

В) Әбілқайыр хандығы

Г) Ноғай ордасы

Жерлер мен астаналары:

1. Жайық пен Еділ аралығы

2. Оңтүстік-шығыс Қазақстан

3. Сарайшық

4. Сығанақ

5. Жайықтан Балқашқа және Сырдария сағаларынан Ертіске дейін

6. Жетісудан басқа бүгінгі Қазақстанның барлық аумағы

Сәйкестігін анықта:

Қазақ хандығының құрамына енді:

А) Шу мен Талас өзендерінің аңғары

Б) Сырдария сағалары, Қаратау ауданы, солтүстік Арал маңы, орталық Қазақстанның бір бөлігі

В) Жетісудың оңтүстік-шығыс бөлігі

Г) Арал маңы мен Жайықтың солтүстік жағалаулары

Д) Түркістан мен Ташкент қалалары

Мерзімі:

1. XV II ғ. басы

2. XVI ғ. 70-жж.

3. XVI ғ. 60-жж

4. XV ғ. соңы

5. 1465-1466 жж.






Cәйкестігін анықта:

Шығармалар:

А) Тарих-и-Рашиди

Б) Жами-ат Тауарих

В) «Жеті жарғы» заңдар жинағы

Г) Қожа Ахмет Ясауи кесенесін тұрғызуды ұйымдастырған

Д) Тарих-и-Әбілхаири

Билеушілер мен мәдениет қайраткерлері:

1. Мұхаммед Хайдар

2. Усман Кухистани

3. Әмір Темір

4. Қадырғали Жалаири

5. Тәуке хан



Сәйкестігін анықта

Оқиғалар:

А) Қазақ хандығы құрылған

Б) Қасым хан билік ет еткен

В) Хақназар (Ақназар хан) билік еткен

Г) Тәуекел хан билік еткен

Д) Құлмұхамед елшілік Мәскеуге келген

Е) Есім хан билік еткен

Ж) Тәуке хан билік еткен

З) Жоңғар хандығы құрылан

И) Ақтабан шұбырынды болған



Мерзім:

1. 1594 ж.

2. 1465-1466 жж.

3. 1598-1628 жж.

4. 1512-1521 жж.

5. 1680-1718 жж.

6. 1538-1580 жж.

7. 1635 ж.

8. 1586-1598 жж.

9. 1723-1727 жж.




Сәйкестігін анықта:

Жырау:

А) Сыпыра жырау

Б) Асан-Қайғы, Қазтуған

В) Шалкиіз жырау

Г) Доспамбет жырау

Кезең:

1. XIV ғ.

2. XVI ғ.

3. XV ғ.

4. XV-XVI ғ.ғ.

Сәйкестігін анықта:

Жүздер:


А) Орта жүз


Б) Ұлы жүз


В) Кіші жүз


Рулық-тайпалық бірлестіктері мен жерлері:

1. Адай, байбақты, табын

2. Батыс Қазақстан

3. Дулат, үйсін, суан

4. Орталық және Солтүстік-шығыс Қазақстан

5. Арғын, найман, қыпшақ

6. Оңтүстік-шығыс Қазақстан және Жетісу














Сәйкестігін анықта:

Оқиғалар:

А) Бұланты өзенінің жағасында Қалмақ қырылған деп аталған шайқас болған

Б) Аңырақай шайқасы болған

В) Кіші жүздің Ресей бодандығын қабылдаған

Г ) Орта жүздің бір бөлігінің Ресей бодандығын қабылдаған

Д) И.К.Кириллов басшылығымен Орынбор экспедициясы ұйымдастырылған

Е) Жоңғар хандығы күйреген

Ж) Семей, Омбы, Өскемен бекіністері салынған

Жылдар:

1. 1731 ж.

2. 1729 ж.

3. 1734 ж.

4. 1726 ж.

5. 1755-1758 ж.ж.

6. 1732 ж.

7. 1716-1720 ж.ж.

Сәйкестігін анықта:

Құжаттар:


А) Орынбор қырғыздары туралы Жарғы


Б) Игельстром реформасы


В) 1756 ж. патша Заңы


Г) М.М.Сперанскийдің «Сібір қырғыздары туралы Жарғысы»



Реформалар:

1. Кіші жүзде хан билігін жоюға әрекет жасалды

2. Кіші жүзде хан билігі жойылды

3. Қазақтарға Жайықтың оң жағалауына мал жайылуына тиым салды

4. Хандық билік әкімшілік-саяси басқару жүйесімен ауыстырылды.

5. Орта жүз және Ұлы жүз жерінің бір бөлігі Батыс-Сібір генерал-губернаторлығы құрамына енді

6. Орта жүзде хандық билік жойылды




Cәйкестігін анықта:

Оқиғалар:

А) Бөкей хандығы құрылған

Б) Кіші жүзде хандық билік жойылған

В) Орта жүзде хандық билік жойылған

Г) Пугачев басшылығымен болған шаруалар соғысы болған

Д) отарлаушы әскелердің Шымкент, Түркістан, Әулиеата бекіністерін басып алған

Жылдар:

1. 1801 ж.

2. 1824 ж.

3. 1863-1864 жж.

4. 1822 ж.

5. 1773-1775 жж.

Сәйкестігін анықта:

Әкімшілік бірліктер бойынша:

А) Түркістан генерал-губернаторлығына

Б) Орынбор генерал-губернаторлығына

В) Батыс-Сібір генерал-губернаторлығына

Г) Астрахань губерниясына

Д) Кавказ әскери округына енген

Жерлер:

1. Жетісу облысы

2. Сырдария облысы

3. Семей облысы

4. Ақмола облысы

5. Торғай облысы

6. Ора\л облысы

7. Маңғыстау облысы

8. Бөкей хандығы

Сәйкестігін анықта:

А) патша чиновниктерінен тағайындалған

Б) жергілікті өкілдерден сайланған

В) губернияны басқарған

Г) облысты басқарған

Д) уезді басқарған

Е) болысты басқарған

Ж) ауылды басқарған

Билік органдары

1. Үйез бастығы

2. Старшындар

3. Генерал-губернатор

4. Әскери губернатр

5. Болыс басқарушысы






Сәйкестігін анықта:

Мерзімі:


А) 1783-1797 жж.


Б) 1836-1837 жж.


В) 1837-1847 жж.


Г) 1855-1858 жж.


Д) 1858 ж


Е) 1856-1857 жж.

Басшылары, қорытындылары және маңызы:

1. Жанқожа Нұрмұхамедов бастаған Сыр бойы қазақтарының көтерілісі

2. Қоқан билеушілеріне қарсы көтеріліс жеңіліске ұшырады

3. Көтеріліс жеңіліске ұшырады

4. Ең бұқаралық, азаттық қозғалыс

5. Кенесары Қасымов

6. Исатай Тайманов

7. Хандық кеңестің құрылуы

8. Сырым Датұлы

9. Қазақтардың отарлау саясатына ұйымдасқан түрде қарсылық білдірулеріне негіз қалады

10. Хандық билік дәстүрлерін шайқалтты

11. Көтеріліске үш жүз қазақтарынан басқа өзге ұлт өкілдері де қатысты

12. Қазақстанның жер тұтастығы мен тәуелсіздігін қалпына келтіру сәтсіздікке ұшырады

13. Батыс Қазақстандағы Есет Көтібаров бастаған қазақ шаруалараның ұлттық езгіге қарсы бас көтеруі

14. Хиуа және орыс отарлауына қарсы қүрес

Сәйкестігін анықта:

Оқу орындары:

А) қазақтың тұңғыш ақсүйек мектебі

Б) Неплюев кадет котпусы

В) Омбы кадет корпусы

Г) алғашқы әйелдер училищесі

Ұйымдастырылған жер және жыл:

1. Орынбор қаласы

2. 1846 ж.

3. Бөкей ордасы

4. 1841 ж.

5. 1825 ж.

6. Ырғыз қаласы

7. 1887 ж.

Сәйкестігін анықта:

Шығармалар:

А) Бөкей мен Маулена повесі

Б) Бөкей ордасындағы көтерілісті сипаттаған жырлар

В) «Сары-Арқа»,

« Балбырауын» күйлері

Г) «Набор» күйі

Д) «Қырғыз хрестоматиясы»

Е) Пушкин, Лермонтов, Крылов шығармалары

Ж) «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі»

ХІХғ.-ХХғ. бас кезіндегі мәдениет қайраткерлері:

1. Дина Нұрпейісова

2. Ыбырай Алтынсарин

3. В.И.Даль

4. Махамбет Өтемісов

5. Құрманғазы

6. Абай

7. Шәкәрім Құдайбердиев

Сәйкестігін анықта:

Қазақстандағы

1916 ж. ұлт-азаттық көтерілістердің


А) себептері


Б) сылтауы


В) нәтижелері



1. Бұқара халықты қара жұмысқа алу барысындағы чиновниктердің озбырлығы

2. Қоныстандыру саясатының кең өріс алу

3. Қазақтардың жерлерін еш бақылаусыз тартып алу

4. Үкімет көтерілісті түпкілікті түрде басып жанши алмады

5. Көтеріліс қазақ халқының ұлттық сана-сезімі мен саяси белсенділігіннің өсуіне ықпал етті

6. 1916 ж. 25 маусымдағы патша Жарлығы

7. Бірінші дүние жүзілік соғыс

8. 1916 ж. көтеріліс Ақпан революциясының бастамасы болды

Сәйкестігін анықта:

Жерлер:

А) Торғай даласы

Б) Орал облысы мен Бөкей ордасы

В) Ақмола даласы

Г) Жетісуда

Д) Сырдария облысында

1916 ж. көтерілістің басшылары:

1. Т.Бокин, С.Ниязбеков

2. Т.Рысқұлов

3. Ә.Майкөтов, С.Сейфуллин

4. Ә.Жангелдин, А.Иманов

5. С.Мендешев, Ә.Әйтиев

Сәйкестігін анықта:

Іс әрекеттері:

А) Уақытша үкіметтің комиссарлары

Б) “Қазақ жастарының революцияшыл одағын” құрған

В) “Жаңарған Ресейдің азат азаматтары-қазақтарға” деген үндеуін жолдаған

Г) “Алаш” партиясының басшылары

Д) “Үш жүз” партиясының басшысы

1917 жылғы басшылар:

1. А.Бөкейханов

2. М.Тынышбаев

3. М.Шоқай

4. Т.Рысқұлов

5. Қ.Тоғысов

6. М.Жұмабаев

7. С.Торайғыов

Cәйкестігін анықта:

Бағдарлама:


А) большевиктер


Б) алашордашылар


В) кадеттер


Г) Үш жүз

Саяси идеялары мен тактикалық принциптер:

1. Дінді мемлекеттен бөлуге қарсы

2. Дінді мемлекеттен бөлу үшін

3. РСФСР құрамында ұлттық-аумақтық автономияның құрылуы

4. Ұлттық автономия құруға қарсы

5. Кеңестік, ұлттық республикалар федерациясының құрылуы

6. Мемлекеттік биліктің Кеңестер қолына тез арада өтуі

7. Ұлттардың өз тағдырын өзі шешу құқығы

8. Жерге жеке меншіктің сақталуы

9. Тартып алынған жерлерді қайтару

10. Барлық сословиелік, діни шектеулердің жойылуы













Қорытынды

Тарих пәнінен берілген қызықты тапсырмалар оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, білімін тереңдетуге бағытталған. Шығармашылық және ойын түріндегі тапсырмалар арқылы оқушылар тарихи оқиғаларды талдап, салыстырып, өз ойларын еркін жеткізе алады. Сонымен қатар, бұл тапсырмалар оқушылардың есте сақтау қабілетін, сыни ойлауын және зерттеушілік дағдыларын дамытады. Тарихи тұлғалардың өмірі мен ел тағдырындағы маңызды оқиғаларды білу – жас ұрпақтың патриоттық сезімін қалыптастырады.Ойлау жылдамдығы мен икемділігі артады. Балалардың ой-өрісін жандандыру үшін қызықты материалды түрлі бағытта қолдануға болады. Ойын оқытуда қуатты ынталандыру болып табылады.Ойын арқылы танымдық қызығушылық белсендіріледі, білім сапасын жақсы меңгеруге мұмкіндік береді.Қорытындылай келе, тарихты ойын элементтері арқылы оқыту – білім сапасын арттырып, сабақтың тиімділігін күшейтеді.













Әдебиеттер тізімі:





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.04.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12