Материалдар / Тарих пәнінен қашықтан оқытуда қолданылатын тиімді технологиялар»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Тарих пәнінен қашықтан оқытуда қолданылатын тиімді технологиялар»

Материал туралы қысқаша түсінік
Әдістемелік көмек беру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Наурыз 2023
269
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

БАЯНДАМА ТАҚЫРЫБЫ: «Тарих пәнінен қашықтан оқытуда қолданылатын тиімді технологиялар»

Еламанова Раушан Рамазановна

Шардара ауданы

«Қоссейіт» жалпы орта мектебінің

тарих пәнінің мұғалімі

Аннотация


Жазған шығармашылық жұмыста қашықтық оқу заман талабы екені жайлы жазылған. Тарих пәнін қашықтан оқытуда ұстаз мықты стратегияларды дұрыс қолдана білу және  онлайн оқытуда тиімді әдісін дұрыс қолдану–оқушының ойлау көпірін, үй тапсырмасын қалай шешетіндігін және табысты сабақ болып жалғасуын ұстаздың сабақты алдын-ала жоспарлауымен, идеясымен байланыстырады. Тарих пәнін қашықтан оқыту дегеніміз — мұғалім мен оқушы арасында қандай да қашықтықта интернет ресурстарының сүйемелдеуімен өтілетін оқытудың формасы, яғни интернет желілерінің көмегімен белгілі бір ара қашықтықта оқыту.





Аннотация

В творческой работе написано, что дистанционное обучение-это требование времени. В дистанционном преподавании истории учитель должен уметь правильно применять сильные стратегии и эффективно использовать метод онлайн-обучения-мостик мышления ученика, как он решает домашнее задание и продолжает быть успешным уроком. Дистанционное обучение истории-это форма обучения, которая проходит между учителем и учеником на некотором расстоянии в сопровождении интернет-ресурсов, то есть обучение на определенном расстоянии с помощью интернет-сетей.

Annotation

In his creative work, he wrote that distance learning is a requirement of the time. In distance learning, the teacher's ability to correctly use strong strategies and use effective methods of online learning connects the student's bridge of thought, how he solves homework and continues to be a successful lesson with the teacher's idea, planning the lesson in advance. Distance learning of history is a form of learning that takes place between a teacher and a student at some distance, accompanied by internet resources, that is, at a certain distance, using internet networks.



Қашықтан оқыту заман талабы. Қазіргі білім беру жүйесінде тарих  пәнін оқытудың түрлі жаңаша әдістері жасалу үстінде. Бұл бағытта ерекше әдіс-тәсілдерін іздеу және соны қолдану қазіргі таңда маңызды болып табылады. Тарих пәнін қашықтан оқытудың түрліше жаңаша әдістеріне талдау жасадым. Түрлі әдістермен оқушыға тарих пәнінен қандай тапсырмалар жіберуге болатындығы туралы зерттеу тапсырмаларын құрастырып көрдім. Білім беру саласында ең соңғы ақпарат көздерімен жұмыс жасадым.

Тарих сабақтарын қашықтық оқытуда әдістер көп әдіс-тәсілдерді пайдалану мақсатында мәселеге ойшыл және жауапты көтеру немесе мәселенің алдын алу үшін оқушыларды жауап беруден, реакциясын қашықтықтан қалай көруге болады,немесе өзара әрекеттесуден бұрын өздері көрген және естігенін пайдаланып жүрген әдістер нәтиже беретініне сенем.

Тарих пәнін қашықтан оқытуда ұстаз мықты стратегияларды дұрыс қолдана білу және  онлайн оқытуда тиімді әдісін дұрыс қолдану–оқушының ойлау көпірін, үй тапсырмасын қалай шешетіндігін және табысты сабақ болып жалғасуын ұстаздың сабақты алдын-ала жоспарлауымен, идеясымен байланыстырады. Тарих пәнін қашықтан оқыту дегеніміз — мұғалім мен оқушы арасында қандай да қашықтықта интернет ресурстарының сүйемелдеуімен өтілетін оқытудың формасы, яғни интернет желілерінің көмегімен белгілі бір ара қашықтықта оқыту. Тарих пәнін қашықтан оқыту мен ұйымдастырудың үш түрлі формасы бар: онлайн (синхрондық) және оффлайн (асинхрондық), және кең таралған үшінші түрі вебинар. Тарих пәнін онлайн режимдегі оқыту дегеніміз – интернет ресурстарының көмегімен ағымдағы уақытта белгілі бір қашықтықта мұғалім экранын көру арқылы оқытуды ұйымдастыру формасы. Тарих пәнін оффлайн режимдегі оқыту дегеніміз – интернет ресурстарының көмегімен (электрондық пошта) мұғалім мен оқушы арасындағы ақпарат алмасуды қамтасыз етуге мүмкіндік беретін оқытудың формасы. Тарих - мектептегі оқу пәні ретінде жалпы негізгі білім беретін барлық гуманитарлық және қоғамтанушылық курстардың негізін құрайды. Тарих ұлттық өзіндік сана - сезімді және адамгершілік этикалық нормаларды қалыптастыра отырып, оқытудың дүниетанымдық негізін қалыптастырады. Тарихтың басқа пәндермен өзара байланысы талдау, жинақтау сияқты ортақ логикалық таным - әдістерін қолдануға мүмкіндік береді. Мысалы, гуманитарлық циклдағы пәндермен байланысы картамен, мәтінмен жұмыс істеу, оқиғалармен құбылыстардың ерекшеліктерін айқындау сияқты ортақ әдіс - тәсілдері негізінде іске асады. Тарихқа деген қызығушылығын арттыру үшін сапалы білім берудің тиімді жолдарын таңдау, тарихи және мәдени мұралармен таныстыру, қосымша элементтерді пайдалану мен тарихи деректерді оқып білім алып шығармашылықпен айналысуына жағдай жасау сияқты жаңа педагогикалық технологиялармен инновациялық бағыттарды, әдістер мен тәсілдерді енгізу.

Бүгінгі таңда сабақ өткізудің түрлері өте көп.
Шәкірттердің сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытуға арналған оқытудың әдіс-тәсілдері білім алушыларға құбылыстардың себептерін толық ұғынуға, ережелер мен заңдылықтардың сырларын терең түсінуге, олардың ғылыми білімдегі орнын аңғаруға қолайлы жағдаяттар жасайды. Мұндай  әдістер,  әсіресе, табиғатынан тұйық , өз ойын тәптіштеп  түсіндіруге  шалағай, өздеріне сенімсіздеу, талданған мәселелерден,  баяндалған тақырып мазмұнынан  тиісті байлам, түйін жасауда жасқаншақтық байқататын  оқушыларға пайдасы  ұшан теңіз екеніне көзіміз жетті. Сабақ барысында шәкірттердің сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін жетілдіруге, дамытуға арналған оқыту технологиясы оларға еркін ойлауға, байқалған, баяндалған мазмұнынан тәуелсіз пайымдамалар жасауға мүмкіндік береді, шығармашылық белсенділігі жоғарылайды, ұжымдық ойласу, ұжымдық тұжырымдар жасауға белсене атсалысады, ұжымдық қорытындыда  өз үлесі бар екенін сезіп, қуаттана марқаяды, келесі мәселелер түйінін шешуге еркін араласады, өз ойын жасқанбай айтуға үйренеді. Тақырыптың негізігі өзегін, бағытын, мән-мағынасын түсінеді, тіл байлығын жетілдіреді, өз ойын қысқа, мазмұнды, мағыналы, дәлелді баяндауға дағдыланады, пәнге қызығушылығы артады, ғылым негіздерін игеру әдістерін меңгереді , сөйтіп өзін келесе мәселені талдауға дайындайды.
Сын тұрғысынан ойлау - сынау емес, шыңдалған ойлау. Оқушының бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Жұмыс жасау барысында мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді. Біздің міндетіміз- оқушыға оны бойында жасынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету.
Оқушы бұрын тек тындаушы болса, енді ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші болады, ал мұғалім осы әрекетке бағыттауда, оқуды ұйымдастыруда жетекші рөл атқарады.
Бұл стратегия сабақ жүйесінде іштей үш кезеңге бөлінеді:
Қызығушылықты ояту:
Бұл кезеңде оқушыларды сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындай отырып, қызығушылықтарын арттырудың әртүрлі әдіс амалдары қарастырылады. Сондай-ақ оқушыларды қалай қызықтыру керек деген сұраққа жауап деп қарауға болады;
-   шын мәніндегі мәселені ұсыну және оқыту мақсатын бірлесіп дайындау;
-   оқушының бұрынғы тәжірибесімен байланыс орнату;
-   жаңа идеяны түсінуге дайындау;
Бұл кезеңде  «Ассоциация» , «Топтау», «Түртіп алу», «Болжау», «Әлемді шарлау», «броундық қозғалыс», «стикердегі диалог»  әдістерін пайдалануға болады.
Мағынаны тани білу-жаңа білімді игеру кезеңі:
Бұл кезеңде оқушы жаңа ақпаратпен танысады. Тақырыпты мұғалім түсіндіріп оқып бермейді. Оқушының білімін қалыптастыру деңгейінде, оны зерттеу, талдау, жауап табу үшін жеткілікті материал болу керек, ол үшін:
-материалды меңгеру;
-белгілі және жаңа білімді бөлу;
-сұрақ қою;
-барлық мүмкін байланыстарды өткізу; «Өзара оқыту әдісі», «Кең ауқымды лекция» әдісі, «Инсерт» әдісі, «Білемін, білгім келеді, үйренемін», т.б. әдіс-тәсілдерді қолдану оқушының өздігінен білім алу, шығармашының іс-әрекеттерінің оянуы, бір сөзбен айтқанда , өзіндік еңбек ету кезеңіне айналдырады.
3.Ойтолғаныс:
Жаңа алынған білімді айқындайтын және ұштайтын деңгейде оқушыда шешім қабылдай алатын мүмкіндік болу керек:
-оқығанын өзіндік ойлау тұрғысынан көрсете білу;
-өз сұрақтарын қою және оған жауаптар табу;
-болжау жасай білу және олардың дұрыстығын тестілеу;
-жаңадан пайда болған жағдайларды тез түсінуге осы білімді қолдану;
Толғануды тиімді етуге лайықталған:
«Бес жолды өлең», «Вен диаграммасы», «Кейіпкерге хат», «Кубизм»,

«Т кестесі» т.б. әдіс-тәсілдер әр сабақтың ерекшелігіне ауыр-жеңілдігіне қарай лайықты қолданылады.

Бұл әдістің тиімділігі сабақтан тысқары қалатын оқушы болмайды.
 «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» — деген бүгінгі тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі біз тәрбиелеп отырған жас ұрпақтың меңгерген біліміне, алған тәжірибесіне байланысты екеніне еш күмәнім жоқ. Оқушылардың танымдық көзқарасын байыту ақыл-ой қабілетін жетілдіру, өзіндік ойлау және өмірлік ұстанымын қалыптастыру мұғалімнің шеберлігіне, шығармашылық қабілетіне байланысты. Ұлы ойшыл Уильям Уорд « Жай мұғалім – хабарлайды. Жақсы мұғалім -түсіндіреді. Керемет мұғалім –көрсетеді. Ұлы мұғалім – шабыттандырады» деген екен. Сондықтан ХХІ ғасыр мұғалімі жан-жақты болуы заңды деп ойлаймын. Оқыта отырып тәрбиелеу-қазіргі заман мұғалімінен талап етілетін басты мәселе. Сондықтан атақты педагог К.Д.Ушинскийдің «Оқыту- тәрбиелеудің қуатты органы, бұл органды пайдалана білмеген тәрбиеші шәкірттерге әсер етудің ең басты және қажетті құралынан айрылады» деген сөзін үнемі жадымызда сақтасақ деймін. 





Әдебиеттер тізімі:

1. Білім беру ұйымдарына электрондық оқыту жүйесін енгізу жағдайында педагогтардың біліктілігін арттыруды  ұйымдастыру әдістемесі / Ахметова Г.К., Караев Ж.А., Мухамбетжанова С.Т. // Алматы:АҚ «ҰБАО «Өрлеу», 2013.

2. Қазақстан және ТМД елдеріндегі   білім беруді ақпараттандырудың IV Халықаралық форумының ғылыми мақалалар жинағы

3. Журнал «Мектеп» № 11(6 бет)





















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!