400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тарих әлеміне саяхат

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы : “ Тарих әлеміне саяхат ” Мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін пысықтау , көпшілік алдында сөйлеуге, өз ойын ашық айта білуге баулу.Оқушыларды шығармашылық қабілеттерін арттыру. Барысы: Жүргізуші : - Қош келдіңіздер, құрметті ұстаздар,оқушылар! Сіздердің назарларыңызға 6 сынып оқушыларының “ Тарих әлеміне саяхат ” атты сайыс сабағын ұсынамыз. Сайыс 6 кезеңнен тұрады. Оқушылар оқу бағдарламасына сай дайындалған сынақ сұрақтарына жауап береді.Сайыста тарих пәнінен сұрақтар мен тапсырмалар және жұмбақтар беріледі.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Тақырыбы : “ Тарих әлеміне саяхат ”

Мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін пысықтау , көпшілік алдында сөйлеуге, өз ойын ашық айта білуге баулу.Оқушыларды шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Барысы:

Жүргізуші :

- Қош келдіңіздер, құрметті ұстаздар,оқушылар! Сіздердің назарларыңызға 6 сынып оқушыларының Тарих әлеміне саяхат атты сайыс сабағын ұсынамыз.

Сайыс 6 кезеңнен тұрады. Оқушылар оқу бағдарламасына сай дайындалған сынақ сұрақтарына жауап береді.Сайыста тарих пәнінен сұрақтар мен тапсырмалар және жұмбақтар беріледі.

Сайыс кезеңдері:

1.Таныстыру

2.Сәйкестендіру

3.Тұлғаларды танисыңба?

4. Жасырын ұяшықтар

5. Жұмбақтар

6.Суреттер сөйлейді

І бөлім: Таныстыру

Әр топ өздерін таныстырады топ атымен ұрандарын айтады.

І топ “Сақтар”

Біз сақтармыз сақтармыз,

Сақтардан біз қалғанбыз.

Сақтар жүрген жерлерді,

Атамекен қылғанбыз.

ІІ топ “Болашақ”

Болашақ тобы алға,

Биіктерге самға

Достығымыз барда

Жүреміз тек алда. 

ІІІ топ “Алаш”

Алыстан «Алаш» десе - аттанамын,
Қазақпын - «Қазақ» десе мақтанамын.
Болғанда әкем - қазақ, шешем - қазақ,
Мен неге қазақтықтан сақтанамын!

ІІ бөлім:

Сәйкестендіру”

деп аталатын 2-ші айналым сайысын бастайық .

1


Қай жылы Темучин Моңғол мемлекетінің ұлы ханы болып сайланды?

1206

2


Феодалдың тұрағы, сыртқы жаулардан қорғанатын бекініс

замок

3


Үндістанда қай жануарды киелі деп санаған?

сиыр

4

610 жылы ең алғаш ислам дінін жариялаған пайғамбар?

Мұхаммед

5


756-940 жж өмір сүрген қағанат?

Қарлұқ

6

Батый хан қай жылдары ел биледі?

1227-1225

7

Өлең, жыр, дастандарды ауызша айтып, немесе жазып шығаратын өнер иесі,сөз шебері

ақын

8



Көшпелі қазақ қоғамындағы әскери өнерді, соғыс қимылдарын жетік меңгерген, жаугершілікте ел қорғаған әскерилер тобы,өкілі


батырлар


ІІІ бөлім: Жасырын ұяшық .

Оқушылар 12 сұрақтан тұратын жасырын ұяшықтардың кез келгенін санды таңдайды және сұрақтарға жауап беріледі.Әр бір сұраққа 5 ұпай беріледі.

Сұрақтар:

  1. Түрік қағанатын құрған қаған ?(Бумын)

  2. Білге қаған ескерткіші қай елде орналасқан ? (Моңғолияда)

  3. Орта ғасырлардың қайта өрлеу дәуірін қалай атады? (ренессанс)

4.Атлах шайқайсы болған жыл?(751ж)

5 Түрік қағанаты,Батыс Түрік қағанатының астанасы болған қала? (Суяб)

6.Еуропа қоғамында 1347ж халықтың үштен бірі қаза тапқан індет қалай аталады. (қара індет)

7.Неондертальдық баланың сүйегі қай жылы,қай жерден табылды.?(Өзбекістан Тесіктас)

8.Түрік қағанатының өмір сүрген жылдары? (552-603)

9.Батыс Түрік қоғамында “таттар” деп кімдерді атаған? (соғыста қолға түскен құлдарды)

10.Түркі тілдес халықтарда ана мен балаға шапағатын тигізеді деп кімге сиынған? (Ұмай анаға)

11.Рим батыс және шығыс болып қай жылы екіге бөлінді? (395)

12.Екінші ұстаз атағын алған ғалым? (Әл-Фараби)

IY бөлім Суреттер сөйлейді

Оқушылар суреттер туралы мәлімет айтады

1.Шерқала тауы

2.Бекет ата мешіті

3.Бозжыра тауы

Сергіту сәті: 6 сынып оқшысының орындауында Маңғыстау туралы әнді қабыл алыңыздар

V бөлім Тұлғаларды танисың ба?

1.Герадот

2.Сыма Цянь

3.Абылай хан

ҮI бөлім Жұмбақтар .

1.Байқоңыр бар бізде мақтанамыз

Көп жылдар ұшалмадық ғарышқа біз

Ғарышқа тұңғыш ұшқан қазақ ұлын

Білмеген ұят болар,болмас негіз. /Т.Әубәкіров/


2.Кең байтақ жеріміз бар құшақ жетпес

Облыстың санын айтшы елімдегі

Егерде білмей қалсаң дымың ,кетпейді./14/


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
28.05.2025
167
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12