Тарих пен тіл тамырлас

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тарих пен тіл тамырлас

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды ана тілімізді құрметтеуге тәрбиелеу, тіл – біздің тіршілігіміз, бабаларымыздан қалған асыл мұра екенін түсіндіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Күні

04.12.2023

Класы, жетекші

7Б Самалбаева Н.А

Сабақтың тақырыбы

Тарих пен тіл тамырлас

Мақсаты

Оқушыларды ана тілімізді құрметтеуге тәрбиелеу, тіл – біздің тіршілігіміз, бабаларымыздан қалған асыл мұра екенін түсіндіру.

Күтілетін нәтижелер



Топ ішінде жұмыс істеу барысында қажет мәліметті алады;

Өмірмен байланыстыра алады.

Патриоттық тәрбие қалыптасады

Керекті жабдықтар

Интерактивті тақта,флипчарт, фломастерлер,стикерлер,қанатты сөздер,слайд

Қолданылатын әдіс-тәсілдер:

Топтық жұмыс: жаңа білімді меңгерту, ой бөлісу.

Құндылықтар

«Жеткіншектің Жетіжарғысы» жобасы

Қазақстан мүддесіне қызмет етуге ұмтылу

Сабақ барысы:

Сабақ

кезеңдері

Мұғалім әрекеті

 Оқушы әрекеті

Кіріспе (5мин)



















Тұсаукесер

(10мин.)


1.Оқушылармен амандасу.

- Сәлематсыздар ма, оқушылар?

Оқушылардың сабаққа дайындығын білдерді

Әнұран шырқалады

Бейнеролик көрсетіледі

Мұғалім сөзі

Ана тілге деген сүйіспеншілік бала кезден басталады. Ана тіліміз арқылы ғана біз халқымызды, Отанымызды танып білеміз. Ел – жұртымыздың, туған жеріміздің ерекшелігін, қасиетін ана тіліміз арқылы қабылдап, соған деген махаббатымызды ана тіліміз арқылы жеткіземіз. Біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Қазақ тілі – дүниежүзіндегі ең бай, беделді де, бейнелі тілдердің бірі.
Тіл – ұлттың ұлттық сипатын ерекшелейтіні белгілі. Тілі жоқ халықтың ұлты да жоқ болатыны дау тудырмайтын ақиқат. Қазіргі таңдағы қазақ қоғамындағы ұлттық бірліктің дамуын қамтамасыз ететін рухани байлық пен материалдық өндірісті бейнелейтін негізгі құрал – мемлекеттік тіл екенін сезіну тіл зерттеу мәселесіне бұрынғыдан басқаша қарауымызды қажет етеді. Олай дейтін себебіміз мемлекеттік тілімізді бекемдей түсу жолында жауапкершілік пен тиянақты істер өте қажет.

Ой қозғау.

Оқушыларға сұрақтар қойылады.

1.Тіл мерекесі қай күні аталып өтіледі? (22-қыркүйек)

2. Әдеби тіл түрлерін атаңыз? (ауызша-жазбаша)

3.ҚР Конституциясы қай жылы қабылданды? (1992)

4.Тіл саясаты туралы  тұжырымдаманы қай жылы қабылдады? (1996)

5. ҚР Тіл туралы Заңы қай жылы қабылданды? (1992)

6. Тіл туралы Заң қанша баптан, қанша тараудан тұрады? (6-тарау,  27баптан)

7. Сүйемін туған тілді- аннам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім.

Өлеңнің авторы кім?   (С. Торайғыров.)

8. Қазақтілі  қай тілдер тобына жатады? (түркітілдес)

9.Абайдың бес асыл ісін ата?

Оқушылардан тіл туралы нақыл сөздер сұралады

Мұғаліммен амандасады.


Стикерлерді таңдау арқылы 3 топқа бөлінеді.



















Оқушылар мұғалімнің қойған сұрағына қол көтеру арқылы жауап береді.





Презентация тамашалап, қойылған сұрақтарға жауап берулері қажет.

Оқушылар сабақтың мақсатын төмендегіше анықтайды.



Оқушылар білген нақыл сөздерін айтады




Негізгі бөлім

(15мин)





Топтарға тапсырма беріледі

1-топ «Тіл тарихы» туралы постер қорғайды

2-топ Берілген жұмбақтан мақал мәтелді табады

3-топ «Қазақстанның болашағы қазақ тілінде» деген тақырыпта эссе жұмысын жазады.





Әр топ біріге отырып,берілген тапсырманы өзара талқылап, топ алдында баяндайды(диалог немесе көрініс көрсетуге болады.)


Топта өзара талқылап,ауызша баяндайды.

Қорытынды

(10мин.)




Қорытындылау.

«Ғибрат алдым бүгіннен» бөлімінде топтарға аяқталмаған өлең жолдары беріледі, топтар аяқтап өлеңді құрастырып шығулары қажет.

І Керей мен Жәнібек хандар................................ бастады

Артына еріп халқы оларды.....................................қостады

Жетісудың батысына тігіп ту

Кең аймақты аталарым аманатқа ..........................тастады .

ІІ Тылсымына көз жіберсек ..................................тарихтың

Бастан кешкен азабы көп ..................................халықтың

Қолы жеткен қазағымның биігі

Тәуелсіздік – нұрын шашқан ............................. .жарық күн.

ІІІ Шұбарлама, замандастар ............................ .тіліңді

Бұрмалама, бұзып ислам ........................... . дініңді

Ере берме, ақпаратқа ағымға

Азаматы бол қазақтың .......................... . білімді



Рефлексия.Оқушылар матаға жазылған тілектерін «Тілек ағашына» оқып іледі.Оқушыларды мадақтап,жазған арман тілектерін орындалуын тілейміз.

Ана тілі бүгінде барлық Қазақстан халықтарының мәртебесі, мақтанышы. Тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болды. Енді осы ана тіліміздің өрісін кеңейту, қолданыс аясын барынша ұлғайту біздің міндетіміз.

Қазақ халқының тарихында «Қара қылды қақ жарған», еліміздің ынтымағы үшін күрескен кемеңкер үш бидің орны ерекше.Үш бидің ел тыныштығы, оның бақытты келешегі, тәуелсіздігі үшін қауіп-қатерді елемей, бастарын бәйгеге тіккен осы шынайы отаншыл сезімі, ынтымақ- бірлігі басқалаларға да ықпал етіп, қазақ халқын бір мақсатқа жұмылдыра түскен. Бүгінгі бақытты өміріміз осындай бабалар арқасы екенін түсінуіміз қажет.
Ендігі сөз кезегі бүгінгі тәрбие сағатының қонақтары аталарымызға береміз.

Сау болыңыздар!


Әр топ постерді қорғайды.



Тақырып бойынша алған білімдерін қорытындылайды.


















.





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.12.2023
559
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі