400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 12 материал табылды

«Тарих пен тіл тамырлас» сынып сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
«Тарих пен тіл тамырлас»
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні:

04.12.2023

Класы, жетекші:

6 А / Арыстанова А. С.

Сабақтың тақырыбы:

«Тарих пен тіл тамырлас»

Мақсаты:

ұлттық тарихты ұлықтау, тілдің тереңдігін таныту, мемлекеттілік пен елдікті қалыптастырудағы қос ұғымның маңыздылығын жас ұрпақтың санасына сіңіру. 

Күтілетін нәтижелер:

Мемлекеттік тілді білуге деген қызығушылықты ояту, халықтың мәдени мұрасын зерделеу арқылы патриотизмді қалыптастыру.

Құндылықтар:

Талап құндылығы: Білуге, жаңаны тануға құштар болу.

Сабақ барысы:

Сабақ

кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

( 10 мин)






















Негізгі бөлім

(25мин)







Кіріспе:

- Сәлеметсіз бе, қымбатты оқушылар біздің бүгінгі сынып сағатымыз " Тарих пен тіл тамырлас " тақырыбына арналған.

- Елбасымыз Н. Ә Назарбаевтың «Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде» деген сөзінде түсінген адамға көп мағына жатыр. Тілдің көмегімен өнер – білімді, ғылымды игереміз, өткен – кеткенімізді саралап, сабақ аламыз. Біз өз тілімізді құрметтей отырып, дініміз бен салт дәстүрімізге, тарихымызға көптеп үңілетін болсақ және оны өзіміз танып қана қоймай, сол асыл қазынамызды әлемге танытсақ келешек ұрпақ үшін көп жұмыс атқарған болып саналамыз. Өйткені өз тілін, дінін, тарихын жақсы білмеген адам басқа тілдің қадірін білу мүмкін емес. Ғасырлар бойы қазақ халқы кең даласын ақ білектің күші, ақ найзаның ұшымен қолына алып жаудан қорғаған. Қазақ жерінің ұлан қайсар батырлары бостандық үшін жанын берген. «Қазақ хандығының құрылуы - Қазақстан тарихындағы сындарлы кезең болып табылды» деген Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. 

- Қазақстанның мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Қазақстан – көп ұлт өкілдері мекендейтін мемлекет. Мұндай мемлекет үшін мемлекеттік тіл қажет. Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев өз жолдауында «Ұлттық тіл – қазақ ұлтының рухани, мәдени байлығын ұрпақтан ұрпаққа жеткізуші қасиетті құрал» деп көрсеткен болатын. Халықтың тәуелсіздігінің ең басты белгісі – оның ана тілі, ұлттық мәдениеті жоқ ел өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадір-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан кез келген мемлекет өзінің салт-дәстүрін, ана тілін айрықша қорғайды. Ал біздің Қазақстан Республикасында қазақ тіліне мемлекеттік статус берілген. Қазақстан тәуелсіз ел болып қалсын десек, онда ең алдымен ана тілімізді дамытуға күш салғанымыз жөн. Ана тілін дамыту, қорғау дегеніміз – біз өз ана тілімізде таза сөйлеуіміз және оны жақсы біліп, туған анамыздай сүюіміз керек деген сөз.


- Еуразияның қақ ортасында орналасып, талай халықтың көнедегі және қазіргі кездегі тарихына куә болған, тарихы солармен тағдырлас қазақ даласы, Қазақ жері , Қазақ ұлты қандай қиыншылықтарды бастан өткізбеді десеңізші.

Ұлы боп көк тәңірдің саналатын

Орындап сол тәңірдің аманатын

Мәңгілік ел болуды мұрат етіп,

Бумын құрған Түріктің қағанатын


Жауларын айбарымен алжастырған

Бумын ісін істемес жалғастырған

Тоз тоз болған халықтың басын қосып

Ұлы Түрік қағанатын заңдастырған


Армандап Түрік елін бай болсын деп

Төрт түлігі әмәнда сай болсын деп

Халқының киімі көк, қарыны тоқ,

Елі бейбіт, көңілі жай болсын деп


Сол үшін ұзақ түндер ұйқтамаған,

Қара бастың қамын еш құнттамаған

Батыр бабам Күлтегін, Тоныкөктер

Жорықтарда тамшы су ұрттамаған


Түрік жұрты осылай өсіп – өнген,

Ынтымағы жарасып жауды жеңген.

Билік- таққа таласқан аға –бауыр,

Ақыры Қағанатты екі бөлген.


Кезінде жарты әлемді билеп тұрған,

Бірлігіне басқалар құлдық ұрған.

Ыдырап Ұлы түрік қағанаты,

Ру –тайпа өзінше хандық құрған.


Түріктің бір бұтағы қазақ еді,

Қайсар мінез өр еді, ғажап еді.

Жәнібек,Керей хандар басын қосып,

Өмірге келген еді Қазақ елі.



Оқушылар сұрақтарға жауап береді.
































Оқушылар өлен оқиды.





Қорытынды

5 мин



Қорытынды:

Жалпы ұлттық құндылықты біз жастардың бойына сіңіре білуіміз керек. Президент дәстүрлі жолдауында «Мәңгілік ел» қағидасына айрықша көңіл бөлуі тегін емес. «Нұрлы жол» болашаққа бастар жол.

Тіл құдіреті ауыз толтырарлықтай өте күшті. Тіл киелі, қасиетті дейміз.Сондықтан ана тілімізді қадірлеп сүюіміз керек. Байқауымызды Б.Момышұлының мынадай сөзімен аяқтағым келеді:

«Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту-бүкіл ата-бабаларымызды , тарихымызды ұмыту»





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
29 қаңтар
400
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі