№25
орта мектеп
«Тарих
қадамдары»
7
сыныптар арасында өткізілген зияткерлік
ойыны
Өткізген:тарих
пәнінің мұғалімі:Тулебаева А.Х.
«Тарих
қадамдары»
(зияткерлік
ойыны)
Мерзімі:
Сыныбы:7
А,Ә,Б
Мақсаты:
7 сынып оқушыларын жарыстыра отырып,
Қазақстан тарихынан өткен материялдарын
қайталату,тарих пәніне деген қызығушылығын
арттыру,оқушылардың дүниетанымын
кеңейту,еркін сөйлеуге ,еркін
ойлауға,өздігінен және топпен жұмыс
жасата отырып,бәсекеге қабілетті
білімді, мәдениетті азамат етіп
қалыптастыру.
Көрнекілік:
Халық қаһарман портреттері, компьютермен
слайдтар дайындау, аудио және видео
жабдықтар.
Барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. «Тарих рецептімен
жасалмайды. Оқиғаларды бағалағанда біз
нақты тарихи жағдайларға, қолдағы бар
мәліметтерге сүйенуіміз керек. Не
нәрсенің де мәнін түсінуге бастайтын
кілт-сол»-деп Ермұхан Бекмаханов ағамыз
атқандай, сіздер «Тарих қадамдары» атты
интеллектуалды білім сайысына хош
келдіңіздер! Бұл білім сайысына 7 сынып
оқушылары қатысқалы отыр. Олар өздерінің
білімдерін ортаға салмақшы.
Ойынның
бағдарламасымен таныстырып өтейік.
1.
Топты таныстыру /Әр сыныптан 6 оқушы/
2.
«Тарих әлемі» QR-код
бойынша сұрақ қою. /Әр топқа 10 сұрақ/
3.
Тарихи көрініс
4.
Қарсыластың сұрағы (қарсыластар
бір-біріне бес сұрақтан қояды)
5.
Суреттер сөйлейді (суретте халық
қаһармандарды тану, постер құрау )
Мұғалім
сөзі:
Тарих
ол-уақытқа ұқсас толмайтұғын,
Қадайды
қасыңа әкеп шалғай туын,
Тарих
ол-бір ғаламат алтын көпір,
Ұрпақты
ұрпақтарға жалғайтұғын.
1
кезең. Топтар
өздерін таныстырады. 3 мин уақыт беріледі
7
А сынып
7
Ә сынып
7
Б сынып
Ақтарып
тарихтың сан қойнауларын,
Аралап
батыр өткен жол бойларын.
Біліп
жүргің танытып ізденісті
Тарихта
баға жетпес қойнау барын.
2
кезең . «Тарих
әлемі» QR-код
бойынша сұрақ қою. /Әр топқа 10 сұрақ/
Тест
сұрақтары
1.«Сібір
қазақтарының жарғысы» бойынша аға
сұлтанды сайлау мерзімі?
А)
өмірлік С) 5 жыл
В)
3 жыл Д) 4 жыл
2.
Аңырақай шайқасы қай жылы болды?
А)
1718 ж С) 1731 ж
В)
1732 ж Д) 1729 ж
3.1731
ж 10 қазанда Кіші жүздің неше старшинасы
Ресейдің қол астына кіруге ант берді?
А)
15 С) 29
В)
31 Д) 19
4.Жоңар
мемлекеті тарих сахнасынан қай жылы
кетті?
А)
1745 ж С) 1731 ж
В)
1758 ж Д) 1729 ж
5.Бөкей
ордасы Қазақстанның қай жерінде
орналасты?
А)
Орталық Қазақстан С)
Маңғыстау
В)
Жетісу Д) Еділ
мен Жайық аралығында
6.1867-1868
ж реформа бойынша қазақ даласы неше
генерал-губернаторлыққа бөлінді?
А)
3 С) 5 В) 2 Д) 4
7.1870
ж Маңғыстаудағы Адай рулары көтерісшілерін
жеңіліске ұшыратқан округ приставының
басшысы
А)
Веревкин С) Рукин
В)
Мартынов Д)
Морозов
8.1867-1868
ж жылдардағы реформа кезінде қазақтың
қай ғалымы өз жобаларын ұсынды?
А)
Ш.Уәлиханов С)
М.Бабажанов
В)
Ы.Алтынсарин Д)
А.Құнанбаев
9.ХІХ
ғ шертпе күйдің негізін қалаған
күйшілердің бірі
А)
Дәулеткерей С)
Құрманғазы
В)
Дина Д)
Ықылас
10.Қазақ
жеріндегі Ресей резиденциясы Қапал
бекінісі қай жылы салынды?
А)
1847 ж В) 1842ж С) 1849 ж Д) 1852 ж
Ертеде
қазақтарды алаш деген
Ұрандап
«Алашым» деп ту көтерген.
Жәнібек,
Керей хандар көшті бастап,
Белесті
асу-асу жиі өткерген.
3
кезең.
Тарихи көрініс. Әр сынып тарихқа
байланысты көрініс көрсетеді. 5 мин
артық емес
Оқушылар
7 сыныпта өткен тақырыптар бойынша
кез-келген тақырыпта
4
кезең.
Қарсыластың сұрағы (қарсыластар
бір-біріне бес сұрақтан қояды)
Қарсыластар
бір-біріне сұрақ қояды.
5.
Суреттер сөйлейді
(портретте халық қаһармандарды тану,
постер құрау )
Оқушылар
кездейсоқ таңдау арқылы постер
құрастырады. Қорғайды.
Рефлексия:
Іс-шара
көңілдеріңізден
шықтыма Жарыстан қандай пайда алдыңыздар?
Қандай пікірде қалдыңыздар? Қай бөлімнен
қиналдыңыздар? Ойын соңындағы әділқазылар
алқасына сөз беріледі. Олар
жеңімпаз топты анықтап, дипломмен және
сыйлықпен марапаттайды.