Тарих сабағынан ашық сабақ

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тарих сабағынан ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақстан тарихынан ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Мұғалімнің аты - жөні:

Кикумова А.З.

Сабақ тақырыбы:

Наурыз – ұлыстың ұлы күні

Пәні: қазақ тілі мен әдебиеті

Күні:

3 - тоқсан

Сабақ: жаңа сабақ

Сынып: 7 «А»

Тізім бойынша: 11

Қатысқаны:

Қатыспағандар:

Сабақтың оқу мақсаты

Т.А2. Кеңес беру, ұсыныс жасау, өтініш, талап ету, бұйрық берудің түрлі формалары мен жағдаяттарына сай ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын қолдана білу.

Т.Ж5. Тақырып бойынша сөздердің маңызды бөліктерін дұрыс жазу. Оқшау сөздерге қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану.

О6.Тақырып бойынша деректер қолдана отырып, мәтінде көтерілген мәселеге өз ойын дәлелдеп жеткізу.

Жетістік критерийлері

Оқушылардың барлығы мынаны істей алады: кеңес беру, ұсыныс жасау, өтініш, талап ету, бұйрық берудің түрлі формалары мен жағдаяттарына сай ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын қолдана біледі.

Оқушылардың көбі мынаны істей алады: тақырып бойынша сөздердің маңызды бөліктерін дұрыс жазады. Оқшау сөздерге қойылатын тыныс белгілерді орынды қолданады.

Оқушылардың кейбіреулері мынаны істей алады: тақырып бойынша деректер қолдана отырып, мәтінде көтерілген мәселеге өз ойын дәлелдеп жеткізеді.

Күтілетін нәтижелер

Қазақша ұлттық мерекеге қатысты жаңа сөздерді қатыстырып, сөйлемдер құрады, сыныптастарымен наурыз жайлы сөйлеседі, қазақша ақпарат береді.

Тілдік мақсат

Тақырыпты тірек сөздер, сұрақтар арқылы арқылы анықтау.

Дауыс ырғағы мен сөйлеу мәнері арқылы мәтіннің негізгі ойын анықтау.

Тыңдаған мәтіннің мазмұнын түсіну, ақпараттың өзектілігін анықтау.

Алдыңғы оқу

Наурыздың түркі халықтарының ұлттық мейрамы екенін біледі.

Негізгі сөздер мен фразалар:

Ұлыс, теңелу, дәм тату, шығыс, татуласу.

Талқылауға арналған сұрақ:

Наурыз мейрамын қашан тойлаймыз?

Адамдар қалай киінеді?

Әжелерің, аналарың Наурыз мейрамында қандай ас дайындайды?

Мейрамда қандай тілектер айтамыз?

Зырян қаласында наурыз мерекесі қалай тойланады?

Наурыз мейрамында қандай ойындар ойнатылады?

Грамматика

Оқшау сөздер.

Қолданылатын әдіс -тәсілдер

Түсіндіру, «Жүректен - жүрекке» тренингі, «Сұрақ – жауап», «Ассоциограмма», диалог, «Қосжазба күнделігі» тәсілі, жұптық, топтық жұмыстар, «Сәйкестендіру» әдісі.

АКТ- мен байланыс. Ресурстар.

Интерактивті тақта, компьютер, слайдтар, үлестірмелі материалдар, тапсырмаларға арналған критерийлер мен дескрипторлар жазылған кеспе қағаздар.

Пәнаралық байланыстар

Қазақстан тарихы, қазақ әдебиеті, музыка пәні.

Тәрбие элементі


Қазақ тіліндегі мәтіндердің көмегімен қазақтың салт – дәстүрін сыйлай білуге тәрбиелеу.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері

Жоспарланған мерзімдер

Жоспарланған шаралар

Ынтымақтастық оқу ортасын құру

1минут


- Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Қазір барлығымыз шеңберге тұрамыз. Сендермен

«Shape1 Жүректен жүрекке» тренингін өткіземіз. Жүректі ұстап, бір-бірлеріңе ұсына отырып, жақсы тілектер айтасыңдар. Оқушылар бір – біріне жақсы тілектер айтып, сәттілік тілейді.

Мақсаты: оқушылардың ауызша сөйлеу дағдыларын дамыту және мейірбандыққа тәрбиелеу.

Ширату

Топқа бөлу. 1минут



(Оқушылар үлестірілген суреттер бойынша топқа бөлінеді)

«Суреттер сөйлейді» әдісі.

Мақсаты: оқушылардың сурет бойынша сөйлем құрау дағдысын жетілдіру және топтағы өз орындарын жылдам табуға, шапшаңдыққа дағдыландыру.

Сабақтың басы



I.

-Балалар, қазір қай жыл мезгілі?

-Көктем айлары қай айлар?

-Көктемде қандай мейрамдар бар?

«Кезекшінің есебі»

«Сұрақ – жауап» әдісі.

Мақсаты: сұрақ - жауап арқылы ауызша сөйлеу дағдыларын дамыту.

Сабақтың мақсаттарын бірлесіп қою.

Жаппай жұмыс

Мақсат қою.





«Түсіну» . «Анықтау»

Мұғалім: - Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Наурыз - Ұлыстың ұлы күні».

Балалар, қазір біз, сендермен бүгінгі сабағымыздың мақсатын бірлесіп қоямыз.

Мұғалім:- Қалай ойлайсыңдар бүгін сабақта не істейміз?

Оқушылар: - Мәтінді тыңдап түсінеміз.

-Тірек сөздер, дауыс ырғағы мен сөйлеу мәнерін қолданып мәтіннің негізгі ойын анықтаймыз.

- Сұрақтар, сөйлемдер арқылы мәтінді мазмұндаймыз.

(Мақсатты суретпен көрсетіп, іліп қоямын).


Балалардың қойған мақсаты:

«Түсіну», «Анықтау».

Әдісті қолдану мақсатым: оқушыларды өзіндік ой – пікірін айта білуге дағдыландыру.

Қызығушылықты ояту


Оқушылардың жаңа сабаққа деген қызығушылығын ояту мақсатында Роза Рымбаеваның орындауындағы «Наурыз – думан» әнін (2 - тапсырма) тыңдату. Әнді оқушылармен бірге айтуға да болады.

Мақсаты: оқушылардың сабаққа, қазақ әніне деген қызығушылығын ояту.

Сабақтың ортасы. Мағынаны тану













II. Жаңа сабақ















1Shape2 . Сабақтың эпиграфымен танысу:

«Наурыз – жыл басы»

2. Сөздік жұмысы. Мұғалім интерактивті тақтадан тақырыпқа қатысты жаңа сөздермен таныстырады, аудармасын айтады. Оқушылар сөз тіркестерін құрастырады.

Мақсаты: оқушылардың сөздік қорларын байыту.

3. Мәтіналды жұмыс. Айтылым. 1 – тапсырма, сұрақтарға жауап беру.

Мақсаты: оқушыларды ойын дәлелдеп айтуға дағдыландыру.

4. «Ассоциограмма» құру: наурыз мейрамы.

Мақсаты: оқушылардың ойлау, есте сақтау дағдыларын дамыту.

«Жұлдызша» әдісі арқылы бағалау.

Тілдік бағдар


Оқшау сөздерді меңгертеді.


Топтық жұмыс






















5. Тыңдалым. Оқылым. Жазылым. 5 – тапсырма.

Мәтін.

Наурыз мейрамы - ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы.

22 - наурыз-Ұлыс күні жыл басы саналған. Халықтың мифологиялық түсінігі бойынша 21 наурыз түні даланы Қыдыр ата аралайды. Бұл күні қазақ елі үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Халық наурыз мерекесіне алдын - ала дайындалады. Халық таза, жаңа киімдерін киген. Ауылдағы ер адамдар бір - бірімен қос қолдасып,төс қағыстырады, әйелдер құшақтасып, бір - біріне жақсы тілектер айтады. Ренжіскен адамдар татуласады. Бірін - бірі мерекеге арнап дайындалған наурыз көже ішуге шақырады.Оған жеті түрлі тағам қосылады. Оған қойдың басы мен сүр ет салып пісірілуі - қыс тағамымен қоштасуды, құрамына ақтың қосылуы - жаз тағамымен қауышуды білдіреді. Дәстүр бойынша үйге қос шырақ жағылып, ыдыстар айранмен, сүтпен, бұлақ суымен толтырылады. Осы күні адамдар арам пиғыл, жаман ниеттен тазарады. Алаңда «Наурыз - думан» өткізіледі. Алтыбақан басында ән айтылып, би биленеді, күй тартылады. Дәстүрлі ұлттық ойындар (көкпар, аударыспақ, күрес, қыз қуу, алтыбақан т.б) ойналады. Таң ата көпшілік биік биік төбенің басына шығып, атқан таңды қарсы алады. Бүкіл ауыл - ел болып, әсіресе жастар тазаланған арықтарға су жібереді, ағаш отырғызып, гүл егу рәсімін жасайды. Адамдар : «табиғат – анамен бірге жаңа өмір, жаңа күн басталды!», - деп қуанады.


Критерий


Дескриптор

Ұпай

Мәтіннен 5 тірек сөзді анықтаса, тірек сөздермен 5 ыңғайлас, қарсылықты, түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем құрап айтса, 5 ақпаратты анықтаса

5 тірек сөзді анықтайды, 5 ыңғайлас, қарсылықты, түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем құрайды, 5 ақпаратты анықтайды.




15 ұпай

Тірек сөздер мен сөйлемдер, дауыс ырғағы мен сөйлеу мәнері арқылы мәтіннің негізгі ойын , ақпараттың өзектілігін анықтаса

Мәтіннің негізгі ойын, ақпараттың өзектілігін анықтайды.

2 ұпай






«5-5-5» әдісі. Әдісті қолданудағы мақсатым: оқушыларды өзіндік ой – пікірін айта білуге дағдыландыру.

Бағалау: критериалды бағалау.


Жұптық жұмыс

8 – тапсырма.

Жаңа сөздер мен оқшау сөздерді қатыстырып, «Қандай керемет мереке!» тақырыбында диалог құрап жазу.

Мақсаты: оқушылардың оқылым, жазылым, айтылым дағдыларын жетілдіру.

Бағалау: смайликтер арқылы бағалау.



Сергіту сәті.









6. Зерделі сұрақ. Топ арасындағы жарыс. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қой.

... жыл басы.

Наурызда күн мен түн .......

Қазақша күрес - ... жетілдіретін спорт.

Дастарқанға ауылдың үлкен ақсақалдары ......береді.

Бата, шапшаңдықты, теңеледі, Наурыз.

Бағалау: «қолпаштау» сөздері арқылы бағалау.



Бекіту. Жаппай жұмыс


«Қосжазба күнделігі» тәсілі бойынша мәтін мазмұнына сүйеніп, үш тұжырымға түсініктеме жазу.

Бүгін – ұлыстың ұлы күні.

Наурыз – көне мейрам.

Наурызда ұлттық тағамдар пісіріледі.

Бағалау: «мадақтау» сөздерімен бағалау.

Сабақтың соңы


III. Қорытынды жасау.

Наурыз жайында қандай ақын – жазушылардың шығармаларын білесіңдер?

  1. Қандай әндерді білесіңдер және оларды кімдер орындайды?

  2. Зырян қаласында наурыз мерекесі қалай тойланады?

«Сұрақ – жауап» әдісі.

Мақсаты: оқушылардың ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамытуға ықпал ету.

Бағалау: смайликтер арқылы бағалау

Қабілеті жоғары оқушыларға қойылатын міндетті жоспарлау

Дифференциация

Шығармашылық жұмыстар, жоба жұмыстары, эссе жазу, тест құрастыру.

Бағалау

IV.

Қалыптастырушы бағалау.

Оқушылардың аты – жөндері жазылған өзара бағалау парағы толтырылады. Топ басшысы әр оқушының есімінің тұсына өз бағасын қояды. Мұғалім топ басшысының бағалауымен келіспесе, бағалауға өзгеріс енгізеді.

Үйге тапсырма беру




V.

1 – топ : «Сыбаға» сөзіне байланысты қазақтың салт – дәстүрі туралы мәтін құрастыру. Жазылым. Айтылым.

2 - топ. «Наурыздағы мерекелік дастарқан» тақырыбына мәтін құрастыру. Жазылым. Айтылым.

Кері байланыс



VI.

«Шығу парағы» әдісі

Балалар сабақтың соңында үш сұраққа жазбаша жауап береді.

- Оқудың қай кезеңіндемін?

- Нәтижеге қалай жете аламын?

- Кемшіліктерді болдырмау үшін қандай жұмыстар істеймін?

Рефлексия

VII.

Күн - түсіндім.

Жартылай бұлтты күн - ойланудамын.

Бұлт - түсінбедім.

«Ауа райы» әдісі

Әдісті қолдану мақсатым: оқушылардың жаңа сабақ бойынша білім деңгейлерін анықтау, келесі сабақты жоспарлауда назарға алу.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
23.10.2025
235
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі