жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тарих сабағында АКТ-ны қолдану
«
№ 1 Зеренді орта мектебі» КММ
Баяндама:
" Тарих сабағында АКТ-ны қолдану "
Дайындаған: Такетов Ауелбек Дуйсенбекович
Тарих және құқық пәні мұғалімі
2019-2020 оқу жылы
Тарих сабағында АКТ-ны қолдану
Тарих үнемі даму үстіндегі ғылым. «Тарих-бір ғаламат алтын көпір, ұрпақты ұрпақтарға жалғайтын» деп Жұбан Молдағалиев айтқандай, келешек ұрпақ өткен тарихымызды жақсы меңгерсе осы заманды игеру оңай, ал болашақты бағдарлау одан да жеңіл болады. Қазіргі таңда тарих пәнінен сапалы білім мен тәрбие беруде қолданатын тиімді әдіс-тәсілдер қатарына: суреттеп-спаттап әңгімелеу, түсіндіру, деректер мен өзіндік жұмыс ұйымдастыру, шапшаң, мәнерлеп оқыту, оқушының жауабы туралы пікір айту, мәтіндегі негізгі мәселені табу, берілген сұрақ бойынша басқа оқушының ойын жалғастыру, тарихты ауызша айтуға жаттықтыру, туған өлке тарихының материалын пайдалану, түрлі жазба жұмыстарын орындау т.б. Білімнің қайнар көзі және оқыту құралы мектеп оқулығы болып табылады. Сонымен қатар, оқушылардың тарих курстарын жақсы меңгеруіне электронды оқулықтардың да көмегі зор.
ҚР-ның «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық құндылықтар, жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық желілерге шығу» делінген.
Қазіргі кезде қоғамда болып жатқан түрлі өзгерістер білім беру саласында жаңа параметрлердің қалыптасуына ықпал етеді. Оқушылардың сапалы білім алуына және сабақты өзгеше өткізуге әсер ететін инновациялық факторлардың бірі-ақпараттық технологиялар болып табылады. Ақпараттық технология ұстаздың сабақ барысында білім берудің көптеген мүмкіндіктерін ашып қана қоймай, оқушылардың да педагогикалық үдеріске қарқынды әрі белсенді тартылуына жағдай жасайды.
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында: «Орта білім берудің мақсаты–жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» деп көрсетілген.
Аталған тұжырымдаманың міндеттерінің бірі:
• азаматтыққа, адамның құқықтары мен бостандықтарына құрметпен қарауға, елжандылыққа, өз Отанын сүюге тәрбиелеу;
• денсаулық сақтайтын және ақпараттық технологияларды енгізу;
Қоғамның қазіргі даму кезеңі жедел ақпараттандырылу процесімен сипатталады. Ақпараттық компьютерлік технологиялардың білім беру жүйесіне енуі жаңа тарихи – әлеуметтік жағдайлардың талабы болып отыр. Білім беру жүйесіндегі жаңа ақпараттық технология дегеніміз – оқу және оқу-әдістемелік материалдар жинағы, технологияның ролі мен орны туралы ғылыми білімнің жүйесін және ұстаздардың еңбектерін жүзеге асыру үшін оларды қолдану формалары мен әдістері деген анықтама беруге болады. Яғни, ақпараттық технология – білім беру мекемесі мамандарының жұмысын жүзеге асырушы әдістер мен формалар және оқушыларға білім беруші құрал. Қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалану өз білімін көтеру тиімділігін де арттырады. Тарихты оқытуда ақпараттық технологияны жаңа материалды баяндауда, баяндалған материалды бекітуде көп көмегі бар. Жалпы білім беру саласында ақпараттық технологияның тиімділігі:
оқушыларға тақырып бойынша толық ақпартты бере отырып, оқу сапасын арттырады;
оқытудың көркемділігін арттырады, яғни оқушыларға қиын да күрделі материалды көрнекі түрде қол жеткізеді;
оқытудың тиімділігін жоғарылатады және оқыту материалын түсіндіру мүмкіндігін арттырады;
оқушылардың ғылыми дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыра отырып, олардың білімге құштарлығын қанағаттандырады.
оқушыларды логикалық және ғылыми – шығармашылық ойлауға, кәсіби қабылдауларын, ізденушілігін дамытады;
өздігінен ізденіп, игерген материалдарын ұзақ есте сақтауларынан;
• өз білімдеріне сенушілік қалыптасып, эмоционалдық сезімдеріне әсер етеді;
іздену, зерттеу жұмыстарымен айналысуға үйретеді;
Ақпараттық технологияның теріс жақтары да бар екенін атап өткен жөн. Интернет желілерінде, ақпаратты сақтау құралдарында, электронды форматтарда бала тәрбиесіне кері әсер мәлімет түрлері өте көп кездеседі. Бұл жерде айта кететін бір жағдай, ұстаздар ақпарартты технологияларды сабақ барысында пайдаланып қана қоймай, оқушыларға оларды дұрыс әрі тиімді пайдалануды үйретеді.
Еліміздің бүгіні мен жарқын болашағы білімді, жігерлі,намысшыл, отаншыл, жалын жүректі, өз халқына адал, елжанды, патриоттық сезімдегі ұрпақ тәрбиеленуге байланысты. Ал патриоттық сезімді туғызудың басты шарты- Отан. Отан «елім» деп еңіреп өткен ерлерден, «алашым» деп аңырап өткен арыстардан, «бостандық» деп боздап өткен боздақтардан басталады. Отан Алаштың Абылайы мен Кенесары ханнан, сыртқы жаулардан елін қорғаған эпостағы Алпамыс, қара қыпшақ Қобыландыдан, тархтағы нар тұлға Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай, шешен тілмен қара тасты қақ жарған Төле, Қазыбек, Әйтеке биден, ел егемендігі үшін жанын қиған Әлихан, Мұстафа, Мағжан, Сәкеннен тізе берсе тарихта дәріптейтін тұлға көп, Отан солардан басталады басталады. Қазақтың ұлы тарихшысы, профессор Ермұхан Бекмаханов «Тарих рецептпен жасалмайды. Оқиғаларды бағалағанда біз нақты тарихи жағдайларға, қолдағы бар деректерге сүйенуіміз керек. Не нәрсенің де мәнін түсінуге бастайтын кілт- сол» деген. Тарихшының осы сөзінен-ақ тарих пәнінің басқаларға ұқсамайтын өзіндік ерекшелігін анық байқауға болады. Тарихи тұлғаларды дәріптеу мақсатында сабақ барысында «Суреттер сыр шертеді» тақырыбында ақпараттық технологияны пайдалану оқушының ізденуіне себеп болады. Экранда суреттер шығып тұрады. Ондағы көрсетілген тарихи тұлғалар туралы не білеміз? Оқушы тұлғаны танып, дәріптеп, ол туралы білетіндерін жазады немесе баяндайды. Тек қана тұлғалар тақырыбы емес кез-келген тақырыпқа технологияны ұтымды пайдалану ұстаздың шеберлігіне байланысты. "Оқытудың жаңа технологиясын пайдалану- сапалы білім негізі «Адам ұрпағымен мың жасайды» – дейді халқымыз. Ұрпақ жалғастығымен адамзат баласы мың емес миллиондаған жылдар жасап келеді. Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз-оқу. «Надан жұрттың күні –қараң, келешегі тұман» ,-деп Міржақып Дулатов айтқандай, егеменді еліміздің тірегі-білімді ұрпақ. Сусыз, құрғақ, таса көлеңке жерге дән ексең өнбейтіні сияқты, жас ұрпақтарымызды тәрбиелемесек өспейді, өнбейді. Өткенімізді білмесек, болашақты болжай алмаймыз. Туған елдің тарихын білу басты парызымыз. Оны жас ұрпақтың бойына сіңіріп, дарыта білу-біздің міндетіміз. Келер ұрпақ тұлға өмірін өнеге тұтып өссе, нұр үстіне нұр болар.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген