Тарих
сабағында сауаттылықтарын дамыту
Кузембаев
Аян Сансызбаевич
«Павлодар
қаласы №19 жалпы орта білім беру мектебі»
мемлекеттік мекемесі,
Павлодар
облысы, Павлодар қаласы,
тарих
пәні мұғалімі
Жаңашылдығы:
-
Педагогикалық, ғылыми, мерзімдік
басылымдар арқылы Блум таксономиясы
мен CLIL әдісі қазіргі білім беру жүйесінде
қолдану тиімді екені анықталды;
-бұрын
негізінен Назарбаев Зияткерлік
мектептерінің зерттеу объектісі болып
келген CLIL әдісі жалпы білім беретін
мектепте тәжірибелік тұрғыдан қарастырылып
отыр;
-жобаның
оқушылардың функционалдық сауаттылығын
қалыптастыруға бағытталып, білім
сапасын көтеруге әсері анықталды.
Жобаны
жүзеге асыруда қолданылатын құралдар,
стратегиялар, ақпараттық және білім
технологиялары: Жоба
мақсаттардың бірі – білім беру процесінің
барлық қатысушыларының үздік білім
беру ресурстары мен технологияларына
тең қол жеткізуін қамтамасыз ету, жалпы
білім беретін мектептерде Қазақстан
Республикасының зияткерлік, рухани
дамыған азаматын қалыптастыру, тез
өзгеретін əлемде оның табысты болуын
қамтамасыз ететін білім алудағы
қажеттілігін қанағаттандыру болып
табылады. Жобаны жүзеге асыру барысында
дәрістерді дәстүрлі түрде жүргізумен
қатар оқу үрдісін түрліше, жан-жақты
дамыту міндетті болып табылады. Мысалы,
көрнекілік түрінде ақпараттық
технологияны пайдалану, интернет
желісінен ақпарат көздері мен материалдар
алу, оқытуда компьютер мүмкіндіктерін,
электрондық оқулықтарды пайдалану,
сабақты интерактивті тақтамен жүргізу,
түрліше тренингтер, ойындар, пікірталастар,
кіші ғылыми кеңестер, дөңгелек үстел,
кітапханалық сабақтар ұйымдастыру,
облыстық кітапхананың қорын интернет
желісі арқылы тапсырыс бере отырып
пайдалану сияқты оқу-әдістемелік
іс-шаралар жобаны іске асырудың
тиімділігін арттырады. Оқушылардың
білімдеріне бақылау жасауда қажетті
білім дағдысын тексеру мақсатында
формативті бағалау парақтары (сабақтың
мақсатына байланысты ойлау дағдыларының
деңгейі анықталады, бағалау критерийлері
мен дескрипторлар беріледі), сынақ,
тест тапсырмаларын шешеді және кіріс,
шығыс сауалнамалары мен кері байланыстар
жүргізіледі.
ІІ-бөлім.
Жобаны жоспарлау.
2.1.
Жобаға қысқаша сипаттама.
Жоспары:
1.Технологиялар
туралы ондағы шығармашылық мәселесі
жайлы ғылыми зерттеулермен танысу.
2.
Жаңа технологияны пайдалану барысында
шығармашылыққа баулуға байланысты
диагностиканы дайындау, зерттеу
жұмыстарын жүргізу.
3.
Зерттеу кезеңдері бойынша оқыту тәрбие
үрдісінде жұмыс жасай отырып, сынақтан
өткізу.
4.
Зерттеу жұмысының нәтижелерін сабақта
және сабақтан тыс уақытта шығармашылық
жұмыстарды ұйымдастыра отырып,
бағдарламасын жасау.
Жобаны
зерделеу кезінде ғылыми-теориялық,
педагогикалық және методикалық
әдебиеттермен танысу барысында жоба
моделі құрастырылды. (сурет 1).
Әдіс-тәсілдерді меңгере отырып, тәжірибе
барысында қолдану, кері байланыс тудыру
арқылы оқушылардың
тарих сабағынан функционалдық
сауаттылықтары дамыйды.
|
интервью
|
|
сауалнама
|
ғылыми
зерттеуді талдау және жинақтау
|
салыстыру
|
фактілік
материалды зерделеу
|
жүйелендіру,
бақылау, маниторинг жүргізу
|
Әдебиеттер
Оқушылардың
функционалдық сауаттылығын дамыту
жөніндегі 2012 - 2016 жылдарға арналған
ұлттық іс-қимыл жоспарын бекіту туралы:
Қаулыс (№ 832). - Астана: Қазақстан
Республикасы Үкіметі 25 маусым 2012ж.