15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тарих сабағындағы тиімді әдіс -тәсілдер
Тарих сабағындағы тиімді әдіс -тәсілдер
Бүгінгі таңдағы мемлекетіміздің стратегиялық маңызды бағыттарының бірі-білім беру саласын жетілдіру.Бүгінгі жахандану заманындағы біздің басты нысанамыз өркениет деңгейіндегі тәуелсіз мемлекеттің рухани өсуі тұрғысынан тәуелсіз,озық білім үлгілерімен қаруланған жастарын тәрбиелеу.
Елдің ертеңгі иесіне тарихи-танымдық экономикалық сауатты білім беретін бірден бір пән-тарих пәні.ХХI ғасырдағы мектепте іскер,рухани дүниесі бай,бойына ата-бабаларымыздың ізгілігі,имандылығы сіңген,дүниетанымы,талап-талғамы,білім мен біліктілігі жоғары тұлғалардан тұруы тиіс екендігі баршамызға мәлім. Бүгінгі таңда өмір соны талап етіп отыр.
Тарих пәнінің әр сабағының мақсаты-оқушыларға адамзат қоғамының ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейінгі даму тарихын жүйелі білім негіздерін қалыптастыра отырып,дүниеге ғылыми көзқарасын дамыту,адамзат жинаған әлеуметтік,рухани тәжірибесін меңгерту.
Әр сабаққа нақтылы мақсат қойғанда ғана мектептегі тарих пәні өз құнын жоғалтпайды. Қазіргі уақытта сабақ берудің түрі және әдісі өте көп. Жаңа технология элементтерінің ішінен әр сабаққа тиімді түрін таңдап алуға болады.
Тиімді әдіс-тәсілдерді үйлесімді толық жүзеге асу үшін кешенді түрде қолдануға болады.
Мысалы:сөздік,көрнекілік,зерттеу әдісі,өз бетімен жұмыс,бақылау,өзін-өзі бақылау,тест,сұрақ-жауап. Бұған қоса картамен жұмыс,жоспар құру,әртүрлі сызба-нұсқалар түсіру қалған ойды толықтыру т.б тапсырмалар беру арқылы оқушы білімін жетілдіруге болады. Сонымен қатар оқушыларды сын тұрғысынан ойлауын дамыта отырып,оқушыны терең зерттеу үшін әр тақырыпқа немесе әр тарауға кесте толтыруға болады.
Мысалы: 1.Нені жақсы меңгердім.
2.Неден қиналамын.
3.Алдымдағы жоспар
4.Нені білгім келеді.
Бұдан оқушы өз бетінше білім алады,тарихи білімін жетілдіреді,шығармашыл тұлғаға айналады,өзіне және басқаға сын көзбен қарайды.
Оқушының тарихи-танымдық білімін жетілдірудің негізі-өз бетінше ізденуі,мұғалімнің әдістемелік көмек көрсетуі,оқушы кітап көмегімен шектеліп қалмай,әртүрлі баспалардан шығып жатқан түрлі дерек көздеріне сүйенуі керек
Осы жолда 7-11 сыныптар аралығы жұмыс істеп жүр. Оқушылардың танымдық-шығармашылық ойын дамыту ісіндегі тәсілдердің бірі материалдық проблемалықпен оқыту.
. Мысалы:оқиғаны суреттеу, салыстыру,сипаттау,шағын пікірталас,толықтыру,зерттеу және де тарихи айтыс туғыза алатындай проблемалық сұрақтар беруге болады.
Мысалы: Екінші дүние жүзілік соғысты болдырмауға болатын бе еді?
Шоқан мен Достаевскийдің соншама құлай беріліп дос болуының сыры неде?-деген сияқты.Сонымен қатар-тарих пәніне семинар.дебат түріндегі сабақтар беру үлкен орын алады.
Мысалы: 9 сыныпта-Тың және тыңайған жерді игеру тақырыбында-зардабы және пайдасы деп оқушылар өз пікірлерін ортаға салды және де-Шетел тарихы бойынша қырғи қабақ соғыс,халықаралық қатынастар тарихы тақырыбына -семинар сабақтарын өткіздім. Нәтижесінде оқушылар өз бетімен жұмыс істеуге,өз ойын еркін жеткізуге,әлем тарихына өз көзқарасын қалыптастырды.
II-бөлім. Мұражай және мектеп
"Дүниеде туған еліңнен артық ел де,жер де жоқ"-деп Ғ.Мүсірепов айтқандай баланы туған өлке тарихымен сусындату тарих пәнінің негізгі міндеті. Сондықтан да өлкетану материалдарын пайдалану жастарды аға ұрпақтың ерлік істерін үйреніп,азаматтық рухты бойына сіңіруге мүмкіндік туғызады.
Осыған орай-
-
Облыс,аудан,ауыл тарихы
-
Тарихи тұлғалар
-
Облыс,аудан ауыл шаруашылығы
-
Ауылдан шыққан еңбек және соғыс ардагерлері жайлы материалдарды пайдаланамын және де бұл жұмыстарды оқушылармен бірлесіп жинақтаймыз.
Мысалы:
9 сыныпта 1940-70 жылдардағы Мәдениеттің дамуы-тақырыбында-Е.Рахмадиев,Б.Төлегенова,Р.Рымбаева сияқты сазгер әншілерге арналып оқушылар реферат жұмысын қорғады.(III тоқсан қаңтар айы) осы 9 сыныпта Ұлы Отан соғысы тақырыбында ауыл ардагерлерінің еңбек жолдарын жеке-жеке баяндама ретінде жинақтап,өлке тарихына байланысты жүйелі жұмыс жасап жүрген- Сыздықова Айсұлу,Бекболат Нұрболат,Жангелдин Думан,Омарова Анар,Қарқынова Еркеназ,Қауымбекова Ақерке,Мұқашова Әмина,Мұқашова Аңсаған т.б оқушылар және де Шұбартау тарихы бойынша-Елеусізова Қашура апай-оның шәкірттері-Жанұзақ Қосымбаев,ғалым жазушы-Мұхтар Мағауин,ғылым кандидаттары-Оспанов Біліс,Әділбекова Дина,Тәттібеков Өкен- жазушылар Тілеуханов Төле,Несіпбек Айтов- әуесқой композитор,әнші,термеші-Қабыш Смайлов,күйші,әнші Мелс Қоқымбаев,Санақ Абеуов ағаларымыздың еңбектері-кабинет мұражайында сақтаулы. Оны оқушылар сабақ барысында пайдаланады.
Бұған қосымша биылғы Желтоқсан оқиғасына жиырма жыл толуына орай өткізілген "Желтоқсан ызғары жүректен кетпейді" атты конференция да бұл оқиғаны көзімен көріп куә болған ауыл азаматтары -Омаров Игілік,Абдрахманов Елкен,Ғайсина Ләззат,Әміреева Сымбат сияқты аға,апайларымыздың естеліктерін тыңдап;
11 сынып оқушылары- Исабаева Еркетай "Желтоқсан оқиғасының себебі"
Сейфулдин Рүстем-барысы.
Игілікова Сымбат-"қозғаушы күштер"
Смаханов Мақсат-"нәтижесі,тарихи маңызы" бойынша баяндамалар жасады.
Сыздықова Айсұлу желтоқсан оқиғасына байланысты өз ойын, жеке пікірін ортаға салып зерттеу жұмыстарын жасап,Қауымбекова Ақерке.Бекболат Нұрболат өз ойларын ортаға салды.
Осы шығармашылық жұмысты ғылыми зерттеу жумысына ұштастыру үшін тарих ғылымының теориялық тұжырымдамаларын білулері тиіс.Бұл бүгінгі күн талабы.
Мектеп көлемінде жүргізілген өлкетану жұмыстарының оқушы дүниетанымының қалыптасуына ықпалы зор. Осы мақсатта болашақта,сыныптан тыс уақыттарда-сабақтарды түрлендіру уақыт еншісінде.
Туған жер тарихынан аға ұрпақтың өнегелі істерінен хабардар,ұрпақ патриоттық,азаматтық рухта өсіп жетіледі. Ата-бабамыздың өнегелі өмірлік мәдени мұраларды жоғалтпай сақтап,бала тәрбиесіне пайдалана білудің алар орны ерекше.Ең бастысы мұражай оқушылардың туған өлкеге деген сүйіспеншілігін,өз тарихына деген қызығушылығын арттырады.
Елбасының Қазақстанды болашақта алдыңғы қатарлы 50 елдің қатарына қосу туралы жолдауына сүйенер болсақ,қазақстанды көркейтіп жарқын болашаққа бастайтын жас ұрпағымыз екені даусыз. Бұл орайда білім кеңістігінде қосымша білім беретін орталықтар байланысы үздіксіз болуы керек. Сонда ғана біз өз Отанын сүйетін,өз елінің,туған жерінің тарихын қастерлейтін,мақтаныш ететін, ұрпақты үлкен өмірге сенімділікпен аттандыра аламыз.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген