400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тарих сабақтарында педагогикалық технологияларды тиімді қолдану арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру.

Материал туралы қысқаша түсінік
МҰҒАЛІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН
Материалдың қысқаша нұсқасы







Тарих сабақтарында тиімді педагогикалық технологияларды қолдану арқылы білім алушылардың қызығушылықтарын

арттыру.





Құттыбай Гульнар Ибрайқызы

,М.Әуезов атындағы №20 орта мектебі.

Маңғыстау облысы,Ақтау қаласы



ХХІ ғасыр – қатаң бәсеке ғасыры. Заман талабына сай оқыту мен тәрбиенің соңғы түрлерін жедел меңгеріп,кәсіби шеберлікті ұштап отыру ұстаздың басты парызы. Еліміздің білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда. Қазақстан Республикасының «Білім заңында» «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтармен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу,білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» делінген.Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының ұстаздарының негізгі мақсаты – қоғам дамуының қазіргі кезеңіне сай жастардың саналы ойлауын қалыптастыру, шығармашыл, өз мамандығын дұрыс таңдаған, ой – өрісі жоғары жеке тұлға дайындау.Қазіргі заман ағымына байланысты оқушылардың білімге қызығуын арттыру үшін мұғалімдерге жаңа талаптар қойылуда.Сол себепті оқытудың әр түрлі технологиялары жасалып, тәжірибеге енгізілуде. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше жан-жақты сауатты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік және көптеген адами қабілеттің қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Оқыту мен тәрбиелеуге тың әдіс-тәсілдер енгізілді. Нәтижесінде тұтас педагогикалық үрдістер өзгертіліп, білім берудің тиімді деп танылған жаңа технологиялары дүниеге келеді. Кез-келген оқыту технологиясы мұғалімнен терең теориялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік білімді, үлкен педагогикалық шеберлікті, шәкірттердің жан дүниесіне терең үңіліп, оны ұғына білуді талап етеді. Сондықтан оқушының рухани өсуіне жағдай туғыза алатын, жаңалықтарды қабылдауға даяр, өз әрекетіне өзгеріс енгізе алатын педагогтар ғана бүгінгі қоғамның мүддесі мен әр баланың үрдісінен шыға алады. Ойы жүйрік, ақылы жетік, бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім, жеке тұлғаны тек қана педагог қалыптастыра алады.Қазіргі кезеңде білім берудің сапасын жақсарту, әдістемелік негізін өзгерту заман талабына сәйкес туындап отырған қажеттілік. Өйткені, Білім жүйесінің әр күні көптеген ғылыми жаңалықтарға, терең әлеуметтік өзгерістерге толы. Бұрын оқу үрдісінде мұғалім басты роль атқарған болса, қазір оқушының белсенділік көрсететін кезі туды. Сабақ мұғалімнің емес, оқушының іс-әрекетімен бағаланады. Қазіргі заманда нені оқыту емес, қалай оқыту маңыздырақ болып отыр. Сабақ барысында оқушының ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында қолданылатын технологиялар баршылық. Оны қолдану аясыда өте тереңірек болғаны дұрыс.

Жалпы, тарих күрделі ғылым. Ол бүкіл тұтас ел тарихы. Бұл ғылымды әркімнің қабылдауы деңгейі әртүрлі. Білім алушылардың бірі тез қабылдаса, бірі ақырындап, тіпті енді біреуіне өте ауырға соғуы мүмкін.

Сол себептен, мен педагогикалық оқу үрдісіндегі технологиялардың басым бөлігін сабақ барысында қолдануды жөн көремін. Неге? Себебі, жоғырада айтылды, яғни білім алушының қабылдау деңгейінде.

I.Деңгейлік оқытудың ерекшелігі – оқушылардың сабақ барысында бірнеше деңгейде жұмыс жасай алатындығында. Деңгейлік тапсырмалар ауқымы өте кең. Оқулықтағы жаттығулар – өтілген ережелер бойынша қайталау, пысықтау, бекіту жұмыстарын арналған тілдік, грамматикалық жұмыстар жүйесі.Деңгейлік тапсырмалар құрамында мәтіндер , сөзжұмбақтар, қызықты грамматика, тесттік сұрақтар, іскерлік ойындар мен тренингтер жүйесін қамтиды. Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру арқылы сан түрлі жұмыс жүргізіледі. Оқушының алған білімін жүзеге асыралатыны тексеріледі. Өз бетімен жұмыс орындауға бейімділігі бақылауға алынады. Қорытындысында деңгейлік тапсырмалар арқылы жұмыс жасаудың тиімділігі байқалады. Оқушының белсенділігі мен іскерлігі артып, шығармашылыққа ұмтылады. Деңгейлік оқыту барысында біліктілікке жетеді.Бірінші деңгей тапсырмаларды білімнің мимималдық шегі, мемлекеттік стандарт талабына сәйкес бағдарлама мөлшерінен аспайтын, оқушының жас ерекшелігіне сай болады.

Екінші деңгей тапсырмалары түрленіп, күрделене түседі. Оқушы өз бетімен керегінше қызмет етеді. Оқу мотивтерді қанағаттанарлық дәрежеде. Ықыласы жоғары. Оқушының сөйлеуі, хабарды түсінуі, қабылдауы, жазба жұмыстарын орындау көрсеткіштері міндетті деңгейден әлде қайда жоғары болады.Үшінші деңгей дарынды, іздемпаз, қабілеті жоғары, талапты балаларға арналады. Оқушыларға мұғалім тек тақырыбын ғана береді, оқушының өз мақсатын қояды, әдістерін іздейді, нәтижеге жетеді. Жазба жұмыстарын орындайды.
Деңгейлеп оқытудың ерекшелігі:
1.Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып білім алуына жағдай жасап, мүмкіндік береді.
2.Деңгейлеп оқыту әртүрлі категориялардағы балаларға бірдей зейін аударып ,олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
3.Деңгейлеп -саралап оқыту құрылымында білім игерудің негізгі үш деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей (минималды базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей.
Базалық деңгей – мемлекеттік стандар бойынша анықталған ең төменгі шек. Сондықтан оны әрбір оқушы меңгеруі тиіс. Бұл деңгей оқушыға өзінің қызығушылығы мен қабілетін ескере отырып, уақытымен күшін дұрыс пайдалануына мүмкіндік береді.
4.Оқушының жеке тәжірибесіне негізделген оқыту технологиясы тиімді де нәтижелі болу үшін:жеке тұлға ерекшеліктеріне;психикалық даму ерекшеліктеріне (есте сақтау, қабілетінің ерекшелігіне, ойлау, қабылдау, зейін еркшелігіне, өзінің эмоциясын басқара білуіне);пән бойынша білімді игеру деңгейіне оқушының білімімен іс-әрекет тәсіліне назар аударып, көңіл бөлу керек.
Даралап-саралап оқытуда күтілетін нәтиже:
1. Алдына қойған мақсатына жете алатын оқушы тәрбиелеу.
2. Әр оқушы өз білім деңгейін, мүмкіндігі, іскерлігін біліп ғана қоймай оны дамытады.
3. Өз бетімен ізденіс дағдыларын шығармашылық қабілетті жетілдіретін, шығармашыл тұлға тәрбиелеу.



II. Сын тұрғысынан ойлау – оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. Оқушыны мұғаліммен, топтастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама.

Сыни ойлау- өзіндік ойлау. Сыни ойлау – сұрақ қоюдан және шешімін талап ететін проблемаларды айқындаудан басталады. Оқушы өзі сұрақ қойып, шешімін өзі айқындайды. Сыни ойлау- әлеуметтік ойлау, бірлесе оқыту идеясы. Мақсаты: Барлық жастағы оқушыларға кез – келген мазмұнға сын тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға, саналы шешім қабылдауға сабақтарға үйрету.

Сыни ойлау сабағының құрылымдық формуласы 3 кезеңнен тұрады:

I.Қызығушылығын ояту( «көпір жасау», ой қозғау) – Эвокация – қызу оқу жұмысымен шұғылдануға қызығушылықтың оянуы. Бұл кезеңде мұғалім бұрынғы білетін білімдерін жаңа материалмен ұштастыруға жағдай жасайды. Сабақтың мазмұнына сай алынған стратегиялар арқылы оқушылардың ойы шыңдалып, аршылады. Сабаққа белсенділігі, ынта – жігері артады. Бұл кезеңде мұғалім жаңа ақпаратты таныстырады.Тақырып бойынша жұмыс жасауға итермелейді.Таңдап алынған стратегияларға байланысты өз бетімен білім алуға көмектеседі.

II.Мағынаны таныту ( мағынаны ажырату) – Реализация– оқып жатқан тақырыптардың қажетін түсіну.
. Мағынаны тану кезеңі негізгі кезең сондықтан оқылып жатқан материалдың қажеттілігін түсіндіреді.

III. Ой-толғаныс ( рефлексия, жаңа білім құрастырылады)- Рефлексия – тұжырымға келу, қорытындылау, жаңа білімді бекіту. Бұл бағдарламаның қорытынды үшінші кезеңінде үйренгенін саралап, салмақтап ой елегінен өткізеді, білімді бекітеді. Оқушылар осы кезеңде өз шығармашылықтарын көрсете алады. Өзіне және сыныптастарына сын көзбен қарайды. Өздерін бағалайды. Оқып, білгендерін таразылайды.

СТО мен дәстүрлі сабақтарды салыстырсақ:

СТО сабақтарда

Дәстүрлі сабақтарда

 Оқушылар жекелей, жұппен, топпен жұмысты жақсы ұйымдастырады.

 Оқушы бірден жұмысқа кірісіп кетпейді.

 Өз беттерімен жұмыс істеу қабілеттері, белсенділіктері басым.

 Белсенділік орташа, мұғалімнің көмегін керек етеді.

 Шығармашылық қабілеттері артады, топтағы әр оқушының жауапкершілігі басым.

 Шығармашылығы бірқалыпты, ынта-ықыластарын білдіре қоймайды.

СТО – дамыту сабақтарының мақсаты біреу нақты сабаққа байланысты.  Міндеттері үш түрлі болады. Олар: мазмұнға байланысты, СТО -ды дамытуға байланысты, топпен жұмысқа байланысты. Сабақ құрылымы үш кезеңнен тұрғанымен, ондағы қолданылатын стратегиялар ауыса береді. Ал, кейбір стратегиялар кезеңге нақты арналған. Сол себептен, орынымен пайдаланған ұтымдырақ болады. Сабақ кезеңдері байланысты қолданылатын стратегияларға тоқталып өтейік:

№

Cабақ кезеңдері

Қолданылатын стратегиялар

1

Қызығушылығын ояту

Болжау кестесі, Тірек сөздер, Венн диаграммасы, Т кестесі, Бір айналым күнделік, Блум таксаномиясы, Миға шабуыл, Топтастыру

2

Мағынаны тану кезеңі

Т кестесі, Пікір – талас, Аквариум, İNSERT, RAFT, ДЖИК СО, Куббизм, Геометриялық фигуралар, Бір айналым сұхбат, Түртіп алу, Жұпта талқылау, Бағытталған оқу, Талдау картасы, Топтастыру

3

Ой толғаныс кезеңі

Эссе, Топтастыру, Пирамида, Құндылық сызығы, Т кестесі, Sinkuein немесе бес жолды өлең, RAFT, Түйін сөз, Семантикалық карта, Концептуалды таблица, Бір айналым сұхбат,





Мұғалімнің мақсаты

Сабақтың нәтижелілігі

    Оқушыға жаңа сабақты өз бетінше меңгерту

Қосымша әдебиеттермен жұмыс жасау

Топпен жұмыс жасауға үйрету

Қарым-қатынас үйренуі

Бір-бірін шынайы бағалауға тәрбиелеу

Басқаларды тыңдай білуі

Сабақтың тәрбиелік әсерін жеткізу

Белсенділігің артуы

Өз көзқарасын қалыптастыру

Өз ойын тұжырымдай білуі



 

Мақсаттар жүйесі

Оқушылардың когнитивтік іс-әрекеті

Білу

Оқушы меңгеретін және берілетін білім негіздері

Түсіну

Оқушы білімді қабылдайды, түсінеді, түсіндіреді

Қолдану

Алған білімді қолданады

Талдау

Білімді жай қабылдамайды, талдамайды, саралайды, салыстырады

Жинақтау

Алған білімнен жаңа өнім жасап шығарады

Бағалау (сыни өзіндік пікір)

Өз пікірін білдіреді, сынайды, жоққа шығарады, не мақұлдамайды

  

III.  Ғылыми-техникалық прогрестің  қарыштап дамуы мен қоғамның ақпараттануы оқу-тәрбие процесінде оқушының өзіндік таным  қызметін атқара білу әдіс-тәсілдерін меңгеруін,өзгермелі ситуация жағдайында шапшаң  бағдарлай білу, компьютер тәрізді таным құралдарын  пайдалана білуін талап етеді. Басты мақсат - өзіндік таным қызметін жасай алатын тұлғаны тәрбиелеу.
Біріккен  Ұлттар Ұйымының шешімімен «ХХІ  ғасыр –ақпараттандыру ғасыры» деп аталады.  Қазақстан Республикасында ғылыми техникалық прогрестің негізгі белгісі - қоғамды ақпараттандыру болатын жаңа кезең енді. Қоғамды ақпараттандыру экономиканың, ғылымның, мәдениеттің дамуының негізгі шарттарының бірі. Осы мәселені шешудегі басты роль мектепке жүктеледі. Қазіргі таңда әлеуметтік жағынан қорғанған адам ол технология ауысуына әне нарық талабына сай терең білімді,әрі жан-жақты адам.   Оқу әдістерін жетілдіру тікелей білім беру жүйесінде тұтастай  ақпарат технологиясын дамытуға үлесін қосты. Жалпы педагогика,әдістемелер және компьютердің түйісуінде жаңа бағыт оқытудың ақпараттық технологиялары дүниеге келді.Оқу арқылы ақпараттың 10%, тыңдау көрнекі құралдар арқылы 20% ұштастырылса,40-50% оқыту процесінде оқушы белсенділігін арттыратын мүмкіндіктер жасалса, білімнің 70% есте сақталады екен. Нағыз өмір шындығымен ұштастырылған ақпараттың бала ойында қалу дәрежесі 90 %. Олай болса мәліметті есте сақтау қолданылатын әдіс-тәсілге байланысты.Сол әдіс-тәсілдің бірі әр сабақта компьютерді пайдалану. Ақпараттық технологияларды пайдаланудың артықшылықтары мынадай:
1. Олар оқытудағы тақырып шеңберіндегі немесе белгілі бір уақыт аралығында айтылуға тиіс мәліметтер көлемін ұлғайтады.
2. Білімге бір-бірінен үлкен арақашықтықта орналасқан әр түрлі оқу орнында отырып қол           жеткізуге болады.
3. Оқытудың жүйесі көп деңгейлі жетілдіруі олардың  таралымдалуы мен оқу сапасын арттырады.

Қорытынды. Сөз соңында, құзыреттілік дегеніміз не? Құзыреттілік дегеніміз менің түсінігімде, жан-жақтылық. Яғни ұстаздыңда, оқушыныңда жан-жақты, заман талабына сай білімге ұмтылуы. Осы модульдерді тиімді пайдалану арқылы құзыретті мұғалім өз тәжірибесін жетілдіре түспек. Құзыретті мұғалімнің міндеті оқушының жеке тұлғалық ерекшелігіне мән беру. Құзырлы білім беруде ұстанатын факторы оқушының өздігінен білімнің мәнін меңгеруі және бағалай білуі. Бағдарлама нәтижесінде - тәуелсіз, ғылымға қызығушылығы оянған, білім алуға бейім, сенімді, жауапты, сын тұрғысынан ойлай алатын, өзгелермен еркін тіл табысатын, сандық технологияларда құзыреттілігін көрсететін оқушылар дайындалады. «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп Абай атамыз айтқандай, біздің міндетіміз – жеке тұлғаның өзіне,қоғамға қажетті қабілеттерін қалыптастыру, дамыту және өз бетімен білім алуына, өзін – өзі дамытуға қолайлы жағдай жасау.Сондықтан да әрбір оқытушы сапалы білім мен саналы тәрбие берудің тиімді жолдарын талмай ізденуі қажет. «Не ексең, соны орасың» дегендей, саналы ұрпақ қалыптастыру өз қолымызда.







Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. С.Әлкен. Жаңа технологиялар арқылы шығармашылыққа баулу.
    «Қазақстан тарихы» 2006 ж

  2. Р. Қ. Қарсыбаева. Сын тұрғысынан оқу мен жазуды дамыту технологиясының ерекшелігі..

  3. «ҚР Білім туралы» Заңы.

  4. Ғаламтор мәліметте





































2019-2020 оқу жылы



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
5 маусым
514
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі