Материалдар / «Тарих. Тұлға. Елбасы»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Тарих. Тұлға. Елбасы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру; Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ер жүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу; Шәкірт жүрегінде Елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
939
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ашық тәрбие сағаты «Тарих. Тұлға. Елбасы»

Мақсаты:

1. Қазақ  халқының тұңғыш  президенті Нұрсұлтан  Әбішұлы Назарбаевтың  өмір  жолы, туып-өскен, оқып  білім  алған, қызмет еткен жерлері  туралы  мағлұмат  беру;

2. Елбасының  өмір жолынан үлгі ала  отырып Отанын, халқын сүюге, ер жүректілікке, азаматтыққа, патриоттық  сезімге тәрбиелеу;

3. Шәкірт  жүрегінде  Елбасына  деген  сүйіспеншілік  сезімін ояту, құрметтеу.

Көрнекілігі: Слайдтар  көрсету, үнтаспа, шарлар, суреттер, буклет «Нұрсұлтан Назарбаев-тұңғыш президент»

Біздің Елбасымыз-Н.Ә.Назарбаев 

1-жүргізуші: Армысыздар, бармысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар!

2-жүргізуші. Қайырлы күн тәуелсіз елдің қадірменді азаматтары, ұлдары мен  қыздары бүгінгі Тұңғыш Президент күніне арналған «Тарих. Тұлға. Елбасы» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.

1-жүргізуші: Сабыржан сен қалай ойлайсын, осы Қазақстан Республикасы осындай дәрежеге жетіп , көк туымыздың астында бейбіт, молшылық, татулықта өмір сүріп жатқанымыз кімнің арқасында?

2-жүргізуші: Әрине Қазақстанның атын сонау шет мемлекеттер танып, астанамыз көркейіп жатқаны Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың арқасы. Ақниет сен қалай ойлайсың Қазақстан тәуелсіздігіне міне 26 жыл болады, біздің мемлекетіміз қаншалықты дамыды?

1-жүргізуші. Иә мемлекетіміз тәуелсіз ел боп жарияланғалы бері әрине дамыды, экономикасы да, білім беру саласы да, медицина саласы да, өндірісі де, шет елдермен байланысы да. Барлығы, елбасымыздың саясатының негізінде емес пе?

2-жүргізуші. Иа дұрыс айтасың, бірақ сол тәуелсіздікке де оңай жете қоймадық қой. Қаншама бабаларымыз, аталарымыз, Қайрат пен Ерболдай ағаларамыз, Ләззаттай әпкелеріміз тәуелсіздік жолында құрбан болды. Ендеше 1986 жылы 16 желтоқсан күніне арналған Мұхтар

Шахановтың Лаула, лаула, Желтоқсанның мұзға жаққан алауы»


1-оқушы Жасұлан

Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсақ деп талпындың.
Кеудеңде әлі сызы жатыр сол кездегі салқынның,
Айналайын, жас қайратым, жас өркені халқымның!

Темір қолдар қуатты еді алқымыңды қаусырған,
Намысыңды жықпай өттің нәубет, дүлей маусымнан.
Жалғыз қалған шақтарымда жігер алдым бойыма
Түрме торын жарып шыққан сенің қайсар даусыңнан.
Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула, лаула, желтоқсанның мұзға жаққан алауы.
Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!

1-жүргізуші: Тәуелсіздіктің қайта оралғаны — біз­дің ата-бабаларымыздың сан ғасырлық азаттық күресінің заңды өтеуі. Жаратқан Иенің жасаған әділдігі. Ата-бабаларымыздың осыншама байтақ жерді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап қалғанының арқасы.деп  Н.Ә.Назарбаев айтқандай тәуелсіздік қазақ елінің аңсаған арманы қол жеткен мұраты.

2-жүргізуші: 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз республика болып жарияланды. 1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстан Елбасы – Президент сайлауы болды. Тұңғыш Президент болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.

1-жүргізуші: Ата Заңымыз бойынша мемлекет басқарушысы – Президент. Латын тілінен аударғанда «президент» сөзі «алдында отырған» деген мағынаны білдіреді. 2005 жылы 4 желтоқсанда бүкіл халықтық сайлау қорытындысында Н.Ә. Назарбаев қайта Президент болып сайланды.

2-оқушы Нұрай

Туған жердің жайқалған алқабы егін,

Биік сенің мәртебең, дарқан елім.

Пейіліндей қазақтың байтақ далам,

Сен не деген кең едің, шалқар едің.

Ашық аспан жайнаған жұлдыздары,

Тұр асқақтап Алатау шың-құздары.

Анасындай туған ел қамқор болып,

Тербетеді құшақтап ұл-қыздарын

Әсем сазы басталған таза ағыстан,

Айдынынан аққулар, қаздар ұшқан.

Қадамы нық ӘЛЕМДЕ , аты айқын

Егеменді ел бүгін ҚАЗАҚСТАН.


3-оқушы Сабыржан

Қазақстан дейтін менің бар елім, Жатыр алып жарты дүние әлемін! Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далада атам қолға ту алған. Бұл далаға жылап келіп, уанғам, Бұл даланы көріп алғаш қуанғам, Бұл далада өскен жанда жоқ арман!

4-оқушы Айсұлу

Кең байтақ қой Қазақстан картасы, Астанамен айшықталған ортасы. Бүгін бізге таңдай қағар күллі әлем, Бұның бәрі Елбасының арқасы.

1-жүргізуші:

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған. Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті. Үлкендердің мал бағуына, бау-бақша өсіруіне көмек көрсету керек болды, шөпшек теріп, отын жарды. Өзі еске алғандай, өсірген аз-маз өнімдерін сатып, үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған. Мектепті жақсы оқып, жақсы білім алды. Ата-анасын қатты құрмет тұтты.

2-жүргізуші:

Ол ерте есейді, орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттанды.Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург –жұмысшы мамандығын меңгерді. Бұл шойын құюшы, домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды, ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді

Аяжан. Өз шығармашылығынан Тәуелсіз елім - тірегім

Әрбір істі өз орнымен құраған, Халық едік бар әлемге ұнаған. Қазағынның мәртебесін өсіріп, Еңбек етіп, жан салып жүр Нұрағам.

Риза қылып қазақ деген халықты, Дұрыс ұстап болашаққа бағытты. Даласындай кең пейілді ел-жұртын, Бүгінгі күн бар әлемге танытты.

Тұманбай Молдағалиев «Есіл  ер»

5-оқушы:  Бағлан

Сөйлесіп бір жүрген қай сөзінде де халықты биік  қоясың, Халықпен  бір  ашығасың да, халықпен бірге  тоясың. Жастықтың жалын шақтарыменен бірге  айтып арман әндері, Қазақстанның бақтарыменен бірге жапырақ  жаясың.

6-оқушы: Сания  

Халықтың мұңы мұңдайтынын да, халықтың жыры жырлар  жыр,

Көкірегіңде көнермей әлі өткен де  кеткен жылдар жыр, Соңына  ердік сол ғана бізді жеткізеді  деп бақытқа, Бақытқа  баста  байтақ  еліңді, бақытсыздықтан құр қалдыр.

7-оқушы: Әлия Мұхағали Мақатаев «Отанды сүй»

Оңай сөз ғой «Отанды сүйем» деген, Не тындырдың, «басымды иемменен» Оңай сөз ғой, құрбым-ау, оңай сөз ғой, «Отан үшін өлемін, күйем» деген.

Өлім деген ерліктің қорегі ме? Өлмей-ақ қой, бос сөздің керегі не? Егер Отан сыңсыған орман болса, Жапырақ боп жармасқын терегіне.

Самалы бол Отанның салқындаған, Сандуғаш бол, сайратсын алтын далаң Семсері бол Отанның қынабында Сертке ұстап, селт етпей жалтылдаған

8-оқушы:  Алмасхан

Нұрсұлтан бар деп нұрыңа сенің шомылғандай боп  жүрем мен, Бейнеңді көрсем беймезгіл кезде қабағымды ашам түнерген. Сүйеміз сені, санамыз, сөніп қалмай тұрғанда сүйеміз, Алланың бізге бір өзі сеніп өкілісің сен  жіберген.


Жесірге  пана, қашанда қамқор  боп жүрсің жетімге, Ананың тілі, баланың тілі сөйлей білесің не тілде. Қалам тербесек жүрек берді есеп  басынан өткен жылдарға, Саған  сенбесек, кімге сенеміз осынау жердің бетінде…

Оқушы Монологы. «Менің Президентім».  9-оқушы: Айгерім. Біз отбасымызбен күнделікті теледидар көруді әдетке айналдырғанбыз. Телеэкраннан Н.Ә.Назарбаевтың бейнесі көрінгеннен – ақ әжемнің жаңылмай қайталайтын бір тілегі бар: «Алла тағала, осындай ұл берген саған рахмет. Тек ел шеті бұзылмасын», — деуден жаңылмайды. Бұрынырақ әжемнің бұл сөзіне мән бермейтінмін, енді тарих пәнінен тереңдей оқыған сайын, әжемнің сөзінде көп мағына жатқанын түсініп келемін. Расында да көп ұлтты республиканың тынышын кетірмей ұстау, ондағы әр ұлттың өкілдерінің тілін табу, көрші мемлекеттермен тату-тәтті қатынас орнату үлкен жүректі, асқан ақылды, парасатты адамның ғана қолынан келетіні сөзсіз. Олай болса, Нұрсұлтан Әбішұлы әрбір қазақстандық үшін ұлы тұлға. Қазір мен де әжеммен бірге Алладан Нұрсұлтан Әбіш ұлына денсаулық тілеймін.

Тұңғыш қазақ Президенті - Нұрағам

Ахмет Балғынбекұлы

Ата - бабам мың сынаққа шыдаған,
Тәңірден тек Тәуелсіздік сұраған.
Азаттықтың ақ таңы үшін тер төккен,
Тұңғыш қазақ Президенті - Нұрағам.

Сүйеу болған аналарға жылаған,
Тіреу болған балаларға құлаған.
Елдің жерін, арқалаған нар тұлға.
Тұңғыш қазақ Президенті - Нұрағам.

Сыртқа кетіп қалмасын деп сыбаға,
Шекараға қазық қағып, құраған.
Шетте жүрген қандастардың панасы,
Тұңғыш қазақ Президенті - Нұрағам.

Астанам бар, азатпын деп қуанам,
Топқа түссем көк байрақты ту алам
Тұңғыш қазақ мемлекетті құраушы 
Елін сүйген, елі сүйген - Нұрағам!
Оқушы Монологы «Менің Президентім». 10-оқушы: Шұғыла Қазақ халқы ерекше қонақжай халық екені белгілі. Меніңше, біздің Президентіміздің бойында да осы қасиет бар. Соңғы он жылда Қазақстанға кімдер ат басын тіремеді десеңші? Белгілі саясаткер, мемлекет қайраткерлері мен басшылары, ғалымдар мен өнер қайраткерлері. Әр елден келген қонақтарға ұялмай көрсететін жаңа қала Астанамызды Президенттің ақыл-ойының жемісі дер едім. Астана күннен күнге бой түзеп жасарып, жаңарып келе жатқан жас қала. Сарыарқаның төсіндегі шағын ғана қаладан, әлем таныған әсем Астана жасаған Елбасының ақыл-ойына кім басын имес? 11- оқушы. Ертарғын
Қасиетті Қазақстаным, мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, Жерім, Отаным, бақ-дәулетім,
Болашағым, өнер- білім, өркенім.
12- оқушы. Жания
Қазақстаным, қастерлі мәңгі дастаным,
Парақтап сені киеңді түсіне бастадым.
Сен менің арым, бағым, барымсың,
Халқыма әр күн бейбіт болсын аспаның!
13- оқушы.  Оразхан
Желтоқсаннан бастау алған теңдігі,
Қазағымның өркендеді елдігі.
Құрбан болған Тәуелсіздік жолында,
Ағалардың ұмытылмас ерлігі.
14- оқушы Ақниет Қалқаман Сарин « ТӘУЕЛСІЗДІК!»

Еркіндігім.
Қасиеттім.
Қастерлім.
Өзің барда өзегімде жоқ шер мұң!
Кеше сенің келбетіңді арман ғып,
Боданына бұғауландық басқа елдің.
Бабалардың басын тігіп бәйгеге,
Аналардың жанарына жас бердің!

Уа, Еркіндік,қош келдің!

Өзегімді өртке ораған қоғамда,
Өз үйіме өзім өгей болам ба?!
Алшаң басып жүре алмаса алты алаш
Азаттығым! Қадірің де жоқ онда!
…Саған жету қиын болса қаншалық,
Сақтап тұру қиынырақ одан да!
Алла берген азаттықтың әр сәті-
Аманат қой
Маған,
Саған
Оған да!

Саясатқа сермей алмай семсерді,
Езгі күнге тері қылдым еңсемді!
Желтоқсанда жалын атып жастығым,
Құрсау болған темір қоғам теңселді!
Есте даңқы қыршындардың қалды ма,
Сексен алты ерлігім бе-ей, ең соңғы!?
Уа, еркіндік,
Құның немен өлшеңді!?

Уа, еркіндік!
Құның немен өлшенді?!
Сені көксеп
Боздақтарым өлсе өлді!
Сенсің менің ең ғажайып өлеңім,
Ең шуақты,
Ең шырайлы,
Ең шерлі!
Әр таңыңды сүйіншілеп тұрайын-
Құдай берген ғұмырымда өлшеулі!

1-жүргізуші:

Бүгінгі күн бізге ОҢАЙЛЫҚПЕН КЕЛГЕН ЖОҚ. Тәуелсіз ел атану үшін, қаншама аға-апаларымыз, ата-бабаларымыз тер төкті. Соның арқасында бүгінде біз, Тәуелсіз, дербес, әлем таныған Қазақстан атанып отырмыз. Қазақ деген атымызды алғанға дейін қазақ халқының басынан не өтпеді, не көрмеді.

2-жүргізуші.

1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жариялады.

Топтық би: «Алға Қазақстан»

15- оқушы. Тұрар
Бірде шырқап, бірде төмен құлаған,
Өмір жолы болған қиын бұралаң.
Қазағымды жарқын жолға бастады
Елбасы боп сайланды да Нұр ағам.
16- оқушы. Нұрдаулет
Естімейік енді елдің жылағанын,
Қайта құлап, бостандық сұрағанын.
Абылайдың жолымен алға басқан,
Құт болсын «нұрлы жолы » Нұр ағаның.

17- оқушы. Рамазан
Биіктей бер, Нұр аға,
Қыран қанат талмасын.
Қадірлемей тұра ма,
Халық сіздей тұлғасын.


Гүлдене бер, Отаным,
Көтерген туын Нұр ағам!
Көбейткен достың қатарын,
Нұр аға – біздің ұлы адам.

18- оқушы. Фархад
Ел басқарған Нұрсұлтандай ағам бар,
Көк алқапты жасыл жайлау далам бар.
Ел бірлігін, ел тірлігін тілеген,
Ақ ниетті халық деген данам бар.



1-жүргізуші:  Ән: Нұрай мен Аяжан орындауында

19-оқушы: Ханшайым «Елбасына арнау»

Асқақтай бер Нұр аға алып таудай. Көш басшысын елімнің арыстандай, Қүрметтемей тұра ма мына халқым. Өзіңіздей асқар тау, алып жандай,

Халқымызға жолдаған. Биылғы жолдау Нұрлы-жол, Дүние жүзі қолдаған. Мәртебеңіз сіздің ол.

Ел басқарған Нұрсұлтандай атам бар, Жасыл жайлау, көк алқапты далам бар. Ел басқарған Нұрсұлтандай атамды, Сыйлай тұғын халық деген данам бар.

Өзіңіздей патшам барға қуанамын. Туған жерді әлпештеп аялаған, Қазақ жері мәңгілік жайнасын деп. Бар білімін елі үшін аямаған.

Дақ түсірме ата- баба арына. Үлгі бізге батырлардың ерлігі, Тәуелсіздік туын ұста жоғары. Тәуелсіздік оңайлықпен келмеді.

Тәуелсіздік туы міне желбіреді. Қазақпенен басқа ұлт өкілдері, Бір шаңырақ астына жиналғаны Елбасы Нұр ағаның зор еңбегі

Ең бастысы білім дейді Нұр аға, Елбасының сөзі ұрандай жастарға. Үміт артқан біз жалынды жастармыз, Қазақ елін жетелейтін тек алға!

Қазақстаным, кең далам. Бүгінде бас иеді бар ғалам, Нұр ағаның арқасында бүгінде Қазақстан танылған бар әлемге.

1жүргізуші:   Елбасымыз саған мәңгі разымыз, Үлкен-кіші, ағайындар – бәріміз. «Ұлтым,елім» деп қайғырған ұлы жан, Сіз біздердің піріміз де, әніміз.                                 

2 -жүргізуші: Халқым айтқан жер көтерер ел даңқын, Елім айтқан ел көтерер жер даңқын. Президентім, елбасы, аман болғай, Мәңгі жаса, жас қазағым, өр халқым!

Барлығы: «Осы тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз»

 Хор «Елім менің»  (сөзі: Н.Назарбаев, әні: Б.Тілеуханов)

Мұғалімнің сөзі:
Тәуелсіз ел болу, тұңғыш президенттің сайлануы, осы тұлғаның арқасында Қазақстанның бүкіл әлемге танылуы, шашылып кеткен қандас бауырларымыздың тарихи Отанына шоғырлана бастауы, Астана қаласының сәулеттене түсуі – бәрі, бәрі тәуелсіздігіміздің әр күні емес, әр сағаты жаңалыққа, игі істерге ұласып жатқанының айқын дәлелі.
Қазақ елінің жарқын болашағы, халықтарының бірлігі және бейбіт өмірі президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолында

Викториналық сұрақтарға жауап берсек.
Викториналық сұрақтар:
1. Қ. Р - ның президентті кім? (Н. Ә. Назарбаев)
2. Н. Ә. Назарбаев қайда туған? (Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылы)
3. Н. Ә. Назарбаев қашан туған? (6 шілде, 1940 жылы туған)
4. Біздің елбасы қалай оқыды? (4 пен 5 - ке)
5. Н. Ә. Назарбаев қандай мамандық таңдады? (Металлургия)
6. Н. Ә. Назарбаевтың бойында қандай қабілет бар? (адал, ашық, ақжарқын, мақсатқа жете білетін адам)
7. Н. Ә. Назарбаев қашан президент болып сайланды? (1 желтоқсан 1991 жылы.)
8. Астананың бұрынғы аттары қандай? (Целиноград, Ақмола.)
9. Қандай мемлекеттік мерекелерді білесіңдер? (1 мамыр, 4 маусым, 30 тамыз, 1 желтоқсан алғашқы президент күні, 16 маусым.)
10. Неліктен 1 желтоқсан мереке күні болды? (өйткені бұл күн президент сайлау күні болды. 11.   ЭКСПО бізді неге үйретеді? Өнертапқыштыққа ,бәсекелестік
12.    Қазақстан ЭКСПО - ға қатысуды қай жылы, қай күні жеңіп алды? 
2012 ж 22 караша 13.    ЭКСПО қандай жаңалық әкеледі деп ойлайсың? Күн көзінен энергия өндіру 14.    Болашақ энергиясы туралы не ойлайсың? Бүкіл әлем халқына қызмет етеді 15.    Болшақ энергия қуаты қайдан алынбақ? Күн көзінен
16. Қай елде Елбасымызға ескерткіш орнатылды? Түркия астанасы Анкарада











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!