Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тарихи әдеби кеш. "Ата баба арманы-Тәуелсіздік" 8,9,10 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Тарихи кештің мазмұнымен құрылымы жоғары. Оқушылар бойына патриоттық тәрбиені қалыптастыру мақсатында жоспарланған кештің мәні мақсатына сай құрылған. ҚР Тәуелсіздігі мерекесіне, Желтоқсан оқиғасы негізінде жазылған сценарийде сахналық көріністер көрсетіліп, слайдтар патриоттық әндер шырқалды. Материал орта мектеп, колледж ұстаздарына өз көмегін тигізеді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Тәуелсіздік тұғырың, Егемендік елдігің!»

Мақсаты: Оқушылар бойына Отанды сүюге, қорғауға Тәуелсіздіктің мәні мен мағынасын жете түсінуге бағыт беру, патриоттық тәрбие қалыптастыру.

1 жүр

Атыңнан айналайын егемен ел,

Тәуелсіз күнің бүгін кенеле бер,

Мейрамың құтты болсын, тәуелсіздік!

Ғасырдың тойы болшы келе берер.

Тәуелсіздік.

Тәуелсізбін мен бүгін,

Келді, міне азаттығым, теңдігім.

Бостандықта байлығым мен ендігім,

Шешіл енді шемен болған шерлі үнім!

І жүргізуші: Армысыздар қадірлі қонақтар, ата-аналар, ұстаздар мен еліміөдің білімді болашағы оқушылар!

Егеменді еліміздің Тәуелсіздігін алғанына 26 жыл толған мерейлі мерекесіне арналған «Тәуелсіздік тұғырың, Егемендік елдігің» атты әдеби тарихи кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер.

ІІ жүргізуші:

Шарықта, шарла көкті көк байрағым,

Арманым, Азаттығым, көпке айғағым.

Мен сенің салтанатты сағатыңа

Өлеңмен алтын шашақ шоқ байладым.

Ал самға, әлем кезіп, Әнұраным

Қалықта Елтаңбасы- шаңырағым.

Хор: «Әнұран» Слайд №1


І жүр Қазақстан біздің сүйікті Отанымыз. Көрсең көзің тоймас асқар шыңды таулары, шалқар көлдері, жайыла аққан өзендері жасыл ормандары бар.Осының бәрі Алтаймен Атырау, Ақжайық пен Алатаудың аясында құлаш жайыпжайнай түрленіп жасанып жасарып жатыр.

Сахнаға Санат пен Дәулет шығады (көрініс)

-Дәулет -Ең бірінші Тәуелсіздік десе менің есіме Сол Тәуелсіздікті аңсаған аттың жалында жаудың жолында әділдіктік төрінде болған ата бабаларым келеді Санат.

( Төле би ,Қазыбек би, Әйтеке бидің ел жер туралы айтқандары )

Дәулет - «Қаншама қазақ қамы үшін

Қарусыз шықтық алаңға

Алыстан әскер алдырып,

Қырып салдау табанда

Сөйлесем даусым жетпейді

Кез болдық мынау заманға

Шовинизм еді гой

Басты себеп жанжалы»

Санат- «Тоқта тоқта Дәулет бұл Желтоқсан оқиғасының құрбаны болған Қайрат Рысқұлбековтың өлеңінен үзінді ғой»

Дәулет -Иә дұрыс айтасың Тәуелсіздік десе менің есіме Желтоқсан оқиғасы түседі. Сол көтеріліске қаншама қазақ жастары әділдік үшін жауапқа тартылды жазықсыз жапа шекті.

Слайд Желтоқсан

(Көрініс 10 сынып шырақ пен) Тақпақтар Желтоқсан11 сынып оқушылары

Хор «Желтоқсан желі»

Дәулет -

Желтоқсан құрбандарын 1 минут үнсіздікте еске алайық. Рахмет.

Дәулет

- келесі кезекте «Тәуелсіздік» ұғымымен қатар менің есіме Елбасымыз Н.Ә Назарбаев келеді. (Президент туралы тақпақтар)

Муз номер Ән 2 сынып оқушысы Смағұл Әмина

Дәулет

- Астана төрі елімнің

Тұғыры туған жерімнің

Жетелер алға арманды

Астана үміт қаласы

Бас болған елдің данасы

Мақтана оған қарайды

Қазақтың барлық баласы

Санат- Мен түсіндім түсіндім Дәулет сенің келесі теңеуің Астана

Дәулет - Иә дұрыс айтасың Астана биылғы ЭКСПО Тәуелсіздіктің нағыз белгісі болды емес пе. Елбасымыздың бастауымен 1997 жылдан бастап еліміздің бас қаласы болып келе жатқан Астана қаласыда Тәуелсіздіктің жемісі емеспе?

(Тақпақтар Астана ЭКСПО туралы)

Муз номер

3 а сынып оқушысы Бақыт Аружан

Хор «Мәңгілік ел»

Санат – Жарайды Дәулет сен айта берсең біз бүгін бұл залдан шықпаймыз. Сен енді менің соңғы сұрағыма жауап берші

Дәулет -Иә құлағым сенде

- Сен біздің еліміздің басқа Тәуелсіз елдерден елдерден ең басты ерекшелігі неде екендігін айта аласыңба?

-Иә ол біздің көп ұлтты мемлекет екендігіміз. Біздің Тәуелсіз елімізде 130 астам ұлт өкілдері тату тәтті өмір сүруде.

Тілім бөлек болған мен тілегім бір

Ұлы достық мәпелеген жүрегім гүл

Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ

Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр

Ұйғыр ұлты ортаға шығып

Қош келдіңіз білім сүйер халайық

Жарқын жүзбен Сіздерді қарсы алайық

Құттықтаймын ұйғыр халқы атынан

Мерекеңіз құтты болсын ағайын

Орыс ұлты ортаға шығады

Армысыздар туған жерім Отаным

Орыс дейтін ұлтыңыз мен боламын

Өмір сүріп Қазақстан. Елінде

Достық пенен бейбітшілік ұраным

Грек ұлты ортаға шығады

Грек ұлтым, Қазақстан -Отаным

Қазақстан елінде мен тұрамын

Құтты болсын Тәуелсіздік күні деп

Өзіңізге арналады жыр әнім

Қазақ ұлтты ортаға шығады

Қазақпыз біз туын биік көтерген

Туын әсем қыран бүркіт көмкерген

Құтты болсын мерекеміз бүгінгі

Жарқын далам құлпыра бер күнбе-күн

Тәуелсіздік туралы тақпақтар (Аида8 Дилмира Томирис Мейіржан)

Хор «Жанымда қазақ» ұлдар


Дәулет

Қаз өз тәуелсіздігін алғалы міне биыл 26 жыл Бүгін қазақтай елді әлем таниды. Экономикасы өскен, ел іргесі берік ел. "Қазақстан-2050" бағдарламасын іске асыра отырып «Мәңгілік елге» айналмақ.

Үлгі бізге аталардың ерлігі

Ұлағатты өнегесі еңбегі

«Тәуелсіздік туын ұстап жоғары

Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі»

2жүр

Құрметті ұстаздар оқушылар Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік тұғырың, Егемендік елдігің атты» кешіміз осымен аяқталды

Келесі кезекте құттықтау сөз мектеп директоры Ибраимов Қайрат Абзалиұлына беріледі.







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.02.2018
925
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12