400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Тарихи және мәдени ескерткіштер

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабаққа көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:


Қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті - дала өркениетінің мұрасы


Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Байдолда Марат

Сынып: 10

Қатысқандар :

Қатыспағандар :

Сабақтың тақырыбы

Тарихи және мәдени ескерткіштер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.4.1.5 -дала өркениетінің белгілі тарихи және мәдени ескерткіштерін зерттеу;

10.4.1.6 -типологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, тарихи және мәдени ескерткіштерді классификациялау


Сабақтың мақсаты

Барлығы: Дала өркениетінің белгілі тарихи мәдени ескерткіштерін талдайды

Көпшілігі : Тарихи-мәдени ескерткіштердің маңыздылығын ажыратып, баға береді

Кейбірі : Тарихи, мәдени ескерткіштерді классификациялайды

Бағалау критерийі

Тарихи-мәдени ескерткіштерді талдай отырып, оның қоғамдық маңыздылығығна баға береді

Ойлау дағдылары

Талдау

Тілдік мақсаттар


Оқылым: оқулықпен жұмыс жасайды

Тыңдалым: сұрақтарға жауап беріп , пікірлерін білдіреді

Жазылым: «Түртіп алу» стратегиясын қолданады.

Термин сөздер

Сакральдды, киелі орындар, табиғи-ландшафты орындар, тарихи ескерткіштер

Тарихи концепт

Себеп пен салдар

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақта, презентациялар, бейнеролик

Пәнаралық байланыс

Дүниежүзі тарихы, әдебиет

Сабақ барысы

Сабақтың

жоспарланған

кезеңдері


Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы


Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу. Ынтымақтастық атмосферасын орнату.

«Өзіңізге тілегенді басқа адамға тілеңіз!» әдісі. Оқушылар бір-біріне тілек тілейді.

Үй тапсырмасы

Өткен тақырыпты проблемалық сұрақтар негізінде интерактивті тақтаны қолдана отырып пысықтайды

Интерактивті тақта.

Сабақтың ортасы


Жаңа сабақ

Табиғи-ландшафтылы нысандар тобы

Әулие-Ақмешіт тауы (Ұлытау) , Хан Тәңірі шыңы, Мұзтау (Белуха,Алтай), Шарын шатқалы, Шымкент маңындағы Қазығұрт тауы, Абай ауданындағы Қоңыр әулие үңгірлері,Отпан тау(Маңғыстау),Бектау ата(Балқаштан солтүстікке қарай)

2) Екінші топқа ежелгі дүниенің археологиялық ескерткіштері,қоныстар, жерлеу орындары кіреді.
Олардың ішінде: Ботай қонысы, Беғазы археологиялық кешені,Тамғалы жартас суреттері, Есік, Боралдай, Шілікті, Берел қорғандары, түркілік кезеңдегі Мерке және Жайсан ескерткіштері т.б. барлығы он екі нысан бар.

Бұл топқа ежелгі және ортағасырлық Шірік Рабат, Тараз, Жент, Сығанақ,Отырар, Созақ,Сауран,Сарайшық,Сайрам қалашықтары да кіреді.

3)Қасиетті діни қажылық орындары
діни және киелі орындар: кесенелер,мазарлар, жерлеу орындары,мешіттер,шіркеулер құрайды. Олардың ішінде
Түкістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Арыстан бап,Үкаш ата, Қарахан,Айша бибі кесенелері ,толып жатқан жерлеу орындары мен Маңғыстаудағы жерасты мешіттері бар.


4)Тарихи тұлғалар мен саяси оқиғаларға байланысты жерлер.
Қобыланды батыр, Абылай хан, Әбілқайыр хан, Есім хан, М.Өтемісұлы, Ф.М.Достоевский, Т.Шевченко, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатов және Орбұлақ шайқасы, Алжир, Семей полигонына байланысты нысандар құрайды.



Тапсырма.

«Сакральды» сөзіне кластер.

«Сакральді» сөзі тар мағынасында «құдайға, дінге қатысты», «ғұрыптық», «діни ғұрыппен байланысты» дегенді білдіреді.

«Сакральді Қазақстан» жобасында рухани қасиетті орындар мен сакральді нысандар ретінде мифологиямен, дәстүрлі дін мен наным – сенімге байланысты нысандар ғана емес, сондай –ақ бірегей табиғи ландшафтылар, мәдени мұра мен зайырлы сәулет өнерінің ескерткіштері, ауызша тарихнамамен, халқымыздың жадында сақталған құндылыққа ие тарихи және саяси оқиғалармен байланысты нысандар да түсіндіріледі.



Тапсырма.

Сакральды орындарды нысан бойынша кестеге түсіреді


1

2

3

4






Тапсырма. Сакральды орындардың маңыздылығын кесте бойынша талдау


Дескриптор:

-Сакральды орындардың экономикалық сипатын анықтайды.

- Сакральды орындардың саяси сипатын анықтайды

- Сакральды орындардың әлеуметтік сипатын анықтайды

- Сакральды орындардың технологиялық сипатын анықтайды

ҚБ: «Ғажайып түс» әдісі

Жасыл түс - жаңа идеялар байқадым

Сары түс - мәліметтерге көңілім толды

Қызыл түс –айтылған ой-пікірлер ерекше әсер етті


Тапсырма.

«Сөздер банкасы»

Жылдам есте сақтау масатында экранда терминдер көрініс береді. Терминдердің арасынан сакральды терминіне қатыстыларын анықтайды.


Дескриптор

  • Қысқа уақытта көрініс берген терминдер арасынан сакральды ұғымына қатыстыларды жазады


ҚБ: «Екі жұлдыз, бір тілек»



Бағалау. «Өзін-өзі бағалау» әдісі.

Кері байланыс: «Ойды аяқта»

Тапсырма.


Оқулық, АКТ



















































































Сабақтың соңы



Қорытындылау.

Тапсырма.

«Ғажайып алаң»

Ұяшықты таңдау арқылы бекіту сұрақтарына жауап береді.

Дескриптор:

-Сұрақтарға жауап беру арқылы қорытындылау

Бағалау: «Бас бармақ» әдісі.

Кері байланыс. «Білім гүлі»
























Саралау- Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау- сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?


Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Сабақ кезінде өмір қауіпсіздігі ережелерін қатаң ұстану

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе

оқу мақсаттары

шынайы,қолжетімді

болды ма ? Барлық

оқушылар оқу

мақсатына қол жеткізді

ма?Егер оқушылар оқу

мақсатына жетпеген болса

, неліктен деп ойлайсыз?

Сабақта саралау дұрыс

жүргізілді ме? Сабақ

кезеңдерінде уақытты

тиімді пайдаландыңыз

ба? Сабақ жоспарынан

ауытқулар болды ма және

неліктен?

Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы болған екі нәрсе

1.

2.

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не ықпал етер еді?

1.

2.

Сабақ барысында бүкіл сынып немесе жекелеген оқушылар туралы нені байқадым,анықтадым, нендей мәселеге назар аударуым қажет?

1.

2.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
12 желтоқсан
180
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі