15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғаудың маңызы не?
Қысқа мерзімді жоспар
Сабақ: |
Мектеп: Бозтал орта мектебі |
||||||
Күні: 07.02 |
Мұғалім: Қолғанат Ақгүл |
||||||
Сынып: 3 |
Қатысқан оқушылар саны: |
Қатыспағандар:
|
|||||
Бөлім: |
Сабақтың тақырыбы: Тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғаудың маңызы не? |
||||||
Оқу мақсат: |
3.3.1.2 Тарихи ескерткіштер мен салт –дәстүрді сақтаудың маңызы мен мағынасын түсіндіру |
||||||
Сабақ мақсаттары: |
Барлық оқушылар орындай алады: Қазақстанның жеті кереметін біледі; Көпшілігі орындай алады: Өз сөздерінде мәтіндегі ақпаратты пайдаланады. Кейбір оқушылар орындай алады: Қорытынды ойды таба алады. |
||||||
Ойлау дағдылары |
Айтылым |
||||||
Бағалау критерийлері |
Оқушылар: - Әлемнің жеті кереметін сипаттайды; - Қазақстанның жеті кереметі тізімін жасайды және өз таңдауын негіздейді; - Тарихи ескерткіштерді сақтау қажеттілігіне 3 дәлел келтіреді; |
||||||
Құндылықтарды игерту: |
Табиғатқа үйлесімділік – адам мен табиғат арасындағы өзара байланысты түсіну. Патриотизмді дамыту еліміздің мәдени құндылықтарын сақтаудың маңызын түсіну арқылы жүзеге асады. |
||||||
Пәнаралық байланыс: |
Көркем еңбек: әлемнің және Қазақстанның жеті кереметін сипаттау және постер жасау. |
||||||
Тілдік мақсаттар: |
Оқушылар:
Терминология:
Талқылауға арналған сұрақтар: -Неліктен ескерткіштерді сақтау маңызды? Жазуға берілетін тапсырма: - «Қазақстанның жеті кереметінің» тізімін жасау. |
||||||
Осыған дейін меңгерілген білім |
3 сыныптың «Уақыт» тарауынан мәдени ескерткіштерді қорғаудың маңыздылығы туралы түсінік қалыптасқан. Қазақстанның бейресми рәміздерін сипаттай алады |
||||||
Жоспар |
|||||||
Жоспарланатын уақыт |
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер |
Дереккөздер |
|||||
Сабақ басы
10 мин
|
Мәдени мұраларды сақтау туралы видео көрсетіледі: «Көне қалалар ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізімін толықтырды»Ұзақтығы: 2 мин 25 сек
«Не?» «Кім?» «Қашан?» «Қай жерде?» деген 2 «жіңішке» сұрақ және «Қалай?» «Неліктен?» «Қандай мақсатпен?» деген 2 «жуан» сұрақ қою арқылы бейнефильмнен көргендері талқыланады. Топтар бір-біріне қойылған сұрақтарға жауап береді.
- Қазақстанның жеті кереметін біледі; - ескерткіштер мен мәдени мұраларды сақтаудың маңызын дәлелдейді |
Сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=mcvV6WV8XlQ
(дид. материалға қараңыз)
Слайд №3
|
|||||
Сабақ ортасы
25мин
|
Мұғалім оқушыларға «Әлемнің жеті кереметі» слайды немесе бейнероликті көрсетіп, сол жайында ақпарат береді. Төмендегі сұрақтар бойынша пікір-талас ұйымдастырады: -Бұл суреттердің қайсысы сендерге таныс? -Бұлар қандай елде орналасқан? -Неге оларды «Әлемнің жеті кереметі» деп атайды? Ұжымдық талдаудан кейін алдын – ала дайындалған оқушылар «Әлемнің жеті кереметі» туралы хабарламалар жасайды. Басқа оқушылардың толықтыруларына болады. Бағалау критерийлері: - Әлемнің жеті кереметін сипаттайды;
Оқушыларға Юнесконың тізіміне енген тарихи – мәдени ескерткіштер туралы ақпарат беріледі
Әлемдік мұра - ЮНЕСКО тарапынан бекітілетін, адамзат үшін ерекше мәдени, тарихи немесе экологиялық маңызы бар деп танылатын табиғи немесе адам қолымен жасалған нысандар. 2018 жылғы жағдайына сәйкес әлемнің 167 мемлекеті бойынша Әлемдік мұра тізімінде — 1092 нысан. Соның ішінде 845 мәдени, 209 — табиғи және 38 — аралас нысан бар. Бүгінгі таңда еліміздің 5 тарихи нысаны ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мәдени мұрасына қосылды. Олар Түркістандағы «Қожа Ахмет Яссауи» кесенесі, Алматы облысындағы «Тамғалы тас» шатқалы, Жібек жолының ескерткіштері: «Тянь-Шань дәлізі», Сарыарқа мен Солтүстік Қазақстанның өзен-көлдері. Бұл тізім жыл сайын жаңа нысандармен толығып отырады.
Оқушыларға «Қазақстанның жеті кереметінің» тізімін жасау ұсынылады. Әр топ ақылдасып, өздері білетін «Қазақстанның жеті кереметі» туралы таныстырылым жасайды және қорғайды. Қолдау ретінде тақырып бойынша слайд немесе видео көрсетіңіз. Бағалау критерийлері: - Қазақстанның жеті кереметі тізімін жасайды және өз таңдауын негіздейді.
«Әлемнің мәдени ескерткіштері» туралы жазылған домино ойыны ұсынылады. Ол үшін алдын-ала домино жинағы дайындалып, әр топқа таратылады. Доминоны суреті мен атауына сай дұрыс жинаулары керек. Фишканы бәрінен көп жинаған және тарихи, мәдени ескерткіштерді дұрыс атаған топ жеңіске жетеді. Бағалау критерийлері: - әлемнің мәдени ескерткіштерін атайды.
Оқушыларға таратпа парақтар таратылады. Берілген сұрақ бойынша пікірлер жазу ұсынылады: «Тарихи ескерткіштерді сақтаудың қандай маңызы бар?» Өз сөздеріне 3 дәлел келтірулері тиіс. Бағалау критерийлері: - Тарихи ескерткіштерді сақтау қажеттілігіне 3 дәлел келтіреді. |
Бейнеролик: Әлемнің жеті кереметі https://www.youtube.com/watch?v=P8MZLcckqMA
Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз Слайд № Әдістемелік нұсқаулыққа Қараңыз
А3 парағы, түрлі түсті қарындаштар, маркерлер, фломастерлер, т.б. Презентация «Қазақстанның 7 кереметі» https://infourok.ru/prezentaciya_azastanny_7_keremet-193318.htm Әдістемелік нұсқаулыққа қараңыз Ойын фишкалары «Домино» ойынына арналған фишкалар. (дид. материалға қараңыз)
(дид. материалға қараңыз) Таратпа парақ
|
|||||
Сабақ соңы 5 мин
Үй тапсырмасы |
Рефлексия (жеке): «Жетістік баспалдағы» Оқушылар парақтан баспалдақтың тиісті тұсын белгілейді (толтырып болған соң талқылауға болады).
Мазмұндау |
Карточка |
|||||
Қосымша ақпарат |
|||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? |
Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? |
Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен
байланыс |
|||||
|
|
|
|||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырылды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз.
|
||||||
Жалпы баға Сабақ талаптарға сай өтті. Оқушылар сөздік қорын молайтты. Жұпта бір-біріне қолдау көрсетіп, қарым-қатынас жасады. Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1. 2.. Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1. Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |
|||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген