жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғаудың маңызы неде?
Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні:
Сынып: |
Пән: Дүниетану №21 сабақ Ортақ тақырып: Өнер Бөлімше: Ежелгі мәдениеттер мен өркениеттер |
|||
Күні: |
Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: |
|||
Тақырып: |
Тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғаудың маңызы неде? |
|||
Оқыту мақсаты |
3.3.1.2 тарих пен мәдениет ескерткіштерін сақтау маңыздылығын түсіндіру. |
|||
Сабақтың мақсаттары (Күтілетін нәтижелер) |
Барлық оқушылар:
Көптеген оқушылар: өзінің кіші Отанындағы сәулет және мүсін ескерткіштерін атайды. Кейбір оқушылар:
|
|||
Тілдік мақсаты |
Оқушылар: - сұрақтың жауабын нақтылау үшін өмірден мысалдар келтіреді; оқулықтағы мәтіннен алынған ақпараттарды қолданады. Пәнге қатысты лексика мен терминология: Ес, ескерткіш, өткенге құрмет. Диалогке/жазылымға қажетті тіркестер Ескерткіштер еліміздің тарихына деген құрметке тәрбиелейді. Ескерткіштер бізді өткен күндермен байланыстырады. Талқыланатын мәселелер:
– Қалаңда (ауылыңда) қандай тарихи және мәдени ескерткіштер бар? Жазылым: тарихи және мәдени ескерткіштердің біріне сипаттама беру. |
|||
Алдыңғы білімдер |
Менің туған қалам (ауылым) |
|||
|
Сабақтың жоспары |
|||
Сабақ кезеңдері |
Жоспарланған іс-әрекет |
Ресурстар |
||
Ой қозғау |
(Ұ, Ж) Балалармен бірге сабақтың тақырыбын анықтаймыз: «Тарихи және мәдени ескерткіштерді не үшін сақтау керек?» Сабақтың мақсаттарын атаймыз:
ескерткіштерге ұқыптылықпен қараудың жадынамасын құрастыруды үйренеміз. Тарихи мәдени ескерткіштер – ұлттық тарихымызбен мәдениетіміздің құнды жәдігерлері болып табылады. Ескерткіштер әрбір елдің тарихы мен өткенінен сыр шертер халықтың ұлттық байлығы ғана емес сол елдің өткені мен бүгінін саралайтын, сол арқылы келешек ұрпаққа тәлім-тәрбие беруде маңызы зор. Қазіргі таңда Қазақстан аумағында 25 мыңнан астам тарихи -мәдени ескерткіш сақталынған. ... Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау, оларды зерттеу мен насихаттау мемлекеттік деңгейдегі шара болып табылады. Халық мұрасы –асыл қазына (Ұ) «Миға шабуыл» стратегиясы. 1. «Әлемнің жеті кереметі» туралы бейнежазба көрсету. -Қандай бейне сендерге таныс? -Бұлар қандай елде орналасқан?
|
АКТ
|
||
Жаңа сабақ
|
-Неге оларды «Әлемнің жеті кереметі» деп атайды? Әлемнің жеті кереметі - 1.Мысыр пирамидалары — ежелгі Мысыр перғауындарының өзіндік үлгідегі мазарлары, біздің заманымыздан бұрын 28 ғасырда салынған. 2.Бабылдың аспалы бағы, біздің заманымыздан бұрын 6 ғасырда Вавилония әмірі кіші әйеліне арнап жасаткан. Бақ ерекше тәсілмен аспалы текпішекті сәкі-алаңшалар үстіне салынған. 3.Эфестегі Артемида ғимараты, кезінде әлемдегі ең үлкен ғибадатхана болған. Біздің заманымыздан бұрын 4 ғасырда соғыс алапатынан қираған. 4.Олимпиадағы Зевстің мүсіні, біздің заманымыздан бұрын 5 ғасырда көне грек мүсіншісі Фидий алтын мен піл сүйегінен жасаған. 5.Галикарнастағы Мавсол патшаның табытханасы, біздің заманымыздан бұрын 4 ғасырда салынған. 6.Жер орта теңізінің Родос аралындағы күн кұдайы Гелиостың мүсіні, биіктігі 45 м. біздің заманымыздан бұрын 285 жылы жасалған, біздің заманымыздан бұрын 224 жылы жер сілкінісі кезінде қираған. 7.Александрия шамшырағы біздің заманымыздан бұрын 3 ғасырда жасалған, мұнарасының биіктігі 160 м. 2. «Қазақтың жеті кереметі» туралы бейнежазба көрсету. Қазақтың жеті кереметі. 1.Таңбалы тас суреттері (Тамғалыдағы) 2.Алтын адам 3. Қазақтың киіз үйі 4. Домбыра 5. Ясауи кесенесі 6. Маңғыстау жерасты мешіті 7. Астана – Бәйтерек «Серпілген сауал» әдісі Мұғалім: Иллюстрацияларды қарап шығыңдар және мына сұраққа жауап беріңдер? Тарихи және мәдени ескерткіштердің қандай түрлері болады? Оқулықтағы иллюстрацияларда мүсін, ғимарат, ескерткіш, ежелгі қаланың қираған орны, петроглифтер (тасқа қашалып салынған суреттер), мәңгілік алау бейнеленген. -Бұл ескерткіштерге қарап біз нені түсінеміз? - Оқушылардың жауаптары. Мұғалім: Алдарыңдағы Түркістан, Алматы, Орал, Семей қалаларындағы, Алматы облысындағы тарихи және мәдени ескерткіштер. Қай ескерткіш сендерге таныс, атап шығыңдар. Жауаптары:
1-топ. «Әлемнің жеті кереметі» туралы постер жасау, таныстыру. 2-топ. «Қазақтың жеті кереметі» туралы постер жасау таныстыру. 3-топ. Туған қаладағы ескерткіштер туралы мәлімет келтіреді. Сен тұратын жерде қандай тарихи немесе мәдени ескерткіш бар? • Ол туралы не білесің? Өз өлкеңдегі ескерткіштер туралы деректер жина. • Постер жаса және таныстыр.
|
Оқулық Оқулық
Электронды қосымша Топқа арналған тапсырмалары бар парақтар
Ескерткіш суреттері 3-топқа: туған қаланың (ауылдың) көрнекті жерлері иллюстрациялар |
|
(Т) Оқулықтағы тапсырмалар бойынша топпен жұмыс жасау. 1-топ «Жазушылар» тобы «Менің сүйікті ескерткішім» тақырыбында эссе жазыңдар. Кез келген ескерткішті таңда (ауылыңдағы, қалаңдағы, еліміздегі). Бұл ескерткіш саған несімен ұнайды, соған қатысты 7-8 сөйлем жаз. 2-топ «Суретшілер» тобы Баяғыда бір данышпан «Ескерткіш тұрғызған адам болашақты ойлайды» деп айтқан екен. Сендер данышпанның пікірімен келісесіңдер ме? Егерде келешекте әкім болсаңдар туған қалаға қандай ескерткіштер орнатар едіңдер? ( Суретін салады, қорғайды) 3-топ «Зерттеушілер» тобы «Жер бетіндегі тарихи және мәдени ескерткіштер сақталуы үшін мен не істей аламын?» тақырыбында әр түрлі материалдарды пайдаланып постер құрастырады. Бүгінгі күннің тарихи ескерткіштерін келер ұрпаққа жеткізу жолдарын ұсынады. Топтардың тапсырмаларды көрсетуі. Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану Бағалау критерийі Білім алушы • Ескерткіштерді сақтаудың маңыздылығын сипаттайды Қалыптастырушы бағалау Тапсырма 1.Суреттерді тарихи және мәдени ескерткіштер тобына жікте және түсіндір. 2. Ежелгі және заманауи мәдени ескерткіштер тобына жікте және түсіндір.
Дескриптор Білім алушы -тарихи және мәдени ескерткіштерді ажыратады; -тарихи және мәдени ескерткіштердің ерекшеліктерін сипаттайды; -тарихи ескерткіштерді қорғаудың себептерін атайды; -өз өлкесінің ескерткіштері туралы әңгімелейді. Белсенді оқушыларды ауызша «Жарайсың!», «Керемет!» «Тамаша!» сөздер арқылы мадақтап бағалау. ҚБ «Өнеге ал» қорытынды стратегиясы. Сабақта біліп-үйренгеніңнен болашақта сенің өміріңе өнеге болатындай қорытынды шығар. Мәдени мұралар – рухани және материалдық мәдениеттің бір бөлігі. Археологиялық, эстетикалық, этнографиялық, тарихи, ғылыми және көркемдік тарихи ескерткіштер жиынтығы. Тарихи ескерткіштер бүкіл халықтың , ұлттың рухани –мәдени, ақыл-ойы деңгейін көрсететін өлшем. |
1-топқа: эссе жазуға арналған парақтар 2 және 3-топтарға: Дәлелдерді және жадынамаларды жазуға арналған ватман парақтары маркер
ҚБ тапсырмалар жинағы |
Рефлексия |
Тарихи және мәдени ескерткіштерді не үшін сақтау керектігіне кем дегенде үш себеп жазыңдар. Оқушылардың жауаптары (Ұ) Оқушылар сабақ соңында «Тарихи ескерткіштерді сақтаудың қандай маңызы бар?» сұрағын талқылайды. Мұғалім: Тарихты ұмытпаңдар, ата-бабаларың туралы естеліктерді жоғалтпаңдар, ата- аналарыңды, Отанды жақсы көріңдер, құрметтеңдер. Сол кезде ғана сендерді ұмытпай, сендерге құрмет көрсететін саналы ұрпақты тәрбиелей аласыңдар.
ҚБ
«Үш жағымды сәт» стратегиясы.
Оқушыларға сабақтың барысында орын
алған үш жағымды сәтті, яғни, тапсырманы
орындауда болған үш жағдайды және
келесі сабақта олардың жұмыстарын
жақсарта түсуге керек болатын бір
әрекетті атау ұсынылады.
«Алма ағашы» әдісі |
Дәптер |
Үй тапсырмасы |
Таңдау бойынша тапсырманы орындаңдар: С.1. Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғауға қатысты өзіңнің 2-3 ұсыныстарыңды жаз. С.2. Ескерткіштерді сақтау үшін оларды вандализмнен қорғау керек. Вандализм дегеніміз – адамдардың ескерткіштерді қасақана қиратуы, бүлдіруі. Вандализмнің бір түрі – қабырғаларға граффити жағып, жазулар жазып, суреттер салып тастау.
|
Дәптер |
|
|
|

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген