жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Тарихи кеш «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы»
«Тәуелсіздік – елімнің ерлік
жолы»
(тарихи
кеш)
Мақсаты: Тәуелсіздік ұғымын түсіндіру. Тәуелсіздік жолында құрбан болған
қазақ халқының ерлігімен таныстыру.
Туған жерді, елін сүйетін, ұлтжанды, намысшыл, адамгершілігі мол азамат
етіп тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: плакаттар, қанатты сөздер,компьютер, экран /слайд-шоу
І-жүргізуші: Құрметті қонақтар, ұстаздар,оқушылар!
Тәуелсіздік мерекесіде келіп жетті. Баршаңызды сол тарихы тереңде
жатқан айтулы мерекемен құттықтаймыз! Мектебімізде тәуелсіздік
күніне арналған өнер фестивальы өтуде . Алдарыңызда 10 сынып
оқушылары. «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» атты тарихи кешімізді
бастауға рұқсат
етіңіздер.
ІІ-жүргізуші:
Біз -
қазақпыз!
Есігі ашық, төрі
кең,
Жылап өттік жылдар өмір
өрінен,
Жетер енді, желпінейік,
қарайық
Мына өмірге иегердің
көзімен,
Жағасына жауының жетіп
қолы,
Тартып алған Тәуелсіздік күшпен
оны.
Тәуелсіздік - елімнің ерлік
жолы
Олжа емес салбырап түскен
көктен.
Қуаныш араласа
қасіретпен,
Ерлік жолда қаншама ғасыр
өткен.
Еркіндігін ерлігін сақтау
үшін,
Талай ердің бұл жолда басы
өткен.
І-жүргізуші
Біз - қазақ елінің тәуелсіз мемлекет атанып,
көк туы желбіреген жұлдызды сәтін өз көзімізбен көру пешенесіне
жазылған ұрпақпыз.
Қай халықтың да ең ұлы мұраты, ең ізгі арманы
- елболу, тәуелсіздік туын биік ұстау, азат -ғұмыр кешу. Ата -
бабаларымыздың сан ғасырлар бойы аңсаған арманы орындалған күн -
қасиетті Тәуелсіздік
күні.
Жалғанның жартысындай қазақ
елі
Алғандай көздің жауын сұлу
жері
Ақ пейіл, дарқан көңіл халқымыз
бар
Болғанда бірі батыр, бірі
сері,
Өз бабам азаттықты аңсап
өткен
Ел үшін талай саңлақ шейіт
кеткен.
Солардың құдіретті ой -
арманы
Таңы боп тәуелсіздік бізге
жеткен.
Пародия: «Қайсар рухты - Қайрат» Гүлнұр Тәжікованың
пессасы желісінде алынған
І-жүргізуші:
Жас арудың жанарында –
Желтоқсан
Қанды ғасыр табанында – Желтоқсан
Қаралы өмір қайыстырған халқымның
Қара тұман қабағында – Желтоқсан
Ән «16-желтоқсан»
ІІ-жүргізуші:
Мен қазақпын,биікпін байтақ елмін
Қайта тудым,өмірге қайта келдім
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске
Айта бергім келеді,айта бергім.
Көркем сөз: Сұлтанмахмут Торайғыров «Мен қазақпын»
І-жүргізуші:
- Қазақстан! Туды алтын дәуірің,
Алғандайсың жұлдыздардың жарығын
Алтын заңың құтты болсын қымбаттым
Туған күнің құтты болсын алыбым!
Армандарды жақындатқан тым алыс
Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс
Егемендік ел бақыты ертеңі
О, халайық құтты болсын қуаныш.
Ән: «Қазақстан бақыты» әні мен сөзі:Руслан Мамытовтікі
ІІ-жүргізуші:
Міне, біздің Қазақстанымыз өзінің тәуелсіздігін алды. Қазақстанның тәуелсіздік алғанына биылғы жылы 22 жыл толғалы отыр. Басы аяғы 22 жылда еліміз ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктер биігінен көрінді.
Көрініс: «Егемендік деген не?»
(Атасы мен немересі) Ақырын басып қарт шығады. Орындыққа келіп дем алып отырады. Осы кезде жүгіріп немересі келеді.) Немересі: - Ата, не ойлап отырсыз? Атасы: - Ә, балам, атаң не ойлайды дейсің! Сенің болашағыңды ойлаймын, еліміздің болашағы жайлы, өткен өмір жайлы ойлаймын.
Немересі: - Ата, өткен өмір деген не? Атасы: - Ә, балам, «Өткен өмір» сонау ежелгі ата-бабаларымыздың ерте кезден белгілі өткен өмір жолы, тарихы емес пе?
Немересі: - Ал, ол қандай болған? Атасы: - Ендеше, тыңда балам, атаң бір сөйлесін. Болмаса да оқыған тарихшы атам, Жинады ескілерден тарих хатын. Мақсатым, кейінгі ұрпақ ұмытпаса, Айтылған аталардың аманатын. Сондықтан балам, сен де өз тарихыңды білуге тиістісің, сонау ерте кезде біздің ата-бабаларымыз Қазақ руларының басын қасып, халық болып қалыптасуынан басталады бұл тарих. Ал, балам, тарихты тыңдайық.
Буклетпен жұмыс:
-
1465-1466 жылдары Қазақ хандығы құрылды, оның негізін салушылар:
Керей мен Жәнібек.
-
1916ж. Ұлт –азаттық көтерілісі болды.
-
1920 ж. 20 тамызда Қырғыз (Қазақ ) Автаномиясы Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы декрет жарияланды. Астанасы Орынбор қаласы болды
-
1931-1933 ж. Өркениетті қоғам құру шаралары бүкіл елді тығырыққа тіреді. Аштықтан, түрлі індеттерден халықтың 40 % қырылды.
-
1937-1938ж Лаңкестік жаппай сипат алды. Бұл жылдарда кеңес үкіметін орнату мен нығайтуға қатысқан көрнекті қайраткерлер жазаға тартылды.
-
1941-1945ж. Ұлы Отан соғысы жылдары. Қиын да ұзақ 4 жыл. 1418 күнде 20 млн адам қаза тапты.
-
1986ж Желтоқсанда отты оқиға болды.
-
1991 жыл 16 желтоқсан – ҚР Тәуелсіздік туралы Заңының қабылдануы.
-
1992 жыл 4 маусым - ҚР мемлекеттік рәміздері бекітілді..
-
1993 жыл 15 қараша - Ұлттық валюта - Теңгенің айналысқа енгізілуі.
-
1994 жыл – Халықаралық жанұялар жылы.
-
1995 жыл 28 қаңтар - ҚР - ның жаңа Конституциясы қабылданды.
-
1996 жыл - Сенат пен Мәжілістен тұратын Парламент тұрақты жұмыс істейді.
-
1997 жыл -- «Қазақстан - 2030» бағдарламасы бекітілді.
-
1998 жыл 10 маусым - Астананың халықаралық тұсаукесері..
-
1999 жыл - Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы.
-
2000 жыл - Мәдениетті қолдау жылы.
-
2001 жыл - Тәуелсіздіктің 10 жылдығы.
-
2002 жыл - Денсаулық сақтау жылы.
-
2003 - 2005 ж. ж. - Ауылды дамыту жылдары.
-
2006 жылы – Қазақстанда Пушкин, Ресейде Абай жылы.
-
2007 жыл - Қазақстандағы Германия жылы.
-
2008 - Украинадағы Қазақстан жылы.
- Астананың 10 жылдығы тойланды. -
2009 - Астанаға ЮНЕСКО көлемінде «Әлем қаласы» атағы берілді.
-
2010 жыл - Қазақстан ЕҚҮҰ - ға төрағалық етті.
-
2011 жыл - Қазақстанда ҮІІ Қысқы Азия ойындары өтті.
-
2012 Жылы 1 желтоқсан Тұңғыш ПРезидент күнін тойлады
-
2013жылы ЭКСПО-17 көрмесін ұтып алдық
Атасы: - Бұған да тәубә. Егемендік алып, әлем таныды ғой елімізді. Немересі: - Ата. «Егемендік» деген не? Атасы: - Егемендік – «иесі мен» деген сөз, Көптен бері естілмеген ерен сөз, Екі тізгін, бір шылбырын өзі алған, Көркем жігіт болып өссе көген көз. Егемендік ел болудың белгісі. Басқа жұртпен тең жұлдызы,тең күні, Егеменді деген сөзден естілер, Ата жұрттың арғысы мен бергісі – Міне «Егемендік» деген осы. Енді міне, желбіреген көк байрағымыз, айбынды ән ұранымыз, жарқыраған елтаңбамыз төрімізде ілулі тұр. Егемендік Еліміздің келешегін өзің сияқты ұрпақтарыма тарих етіп баяндап аталарың тұр. Ұмытпаңдар айналайын ұрпақтарым! (Атасымен немересі жайлап шығып кетеді)
Ән: Тәуелсіздік
І-жүргізуші:
«Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол
- Тәуелсіз Қазақстан» деп елбасымыз айтқандай, кең - байтақ
Қазақстан – туған өлкеміз, оны сүйіп құрметтеу - барлығымыздың
парызымыз.
Құтты болсын Тәуелсіздік
мейрамы,
Ол әркімге бейбіт өмір
сыйлады.
Аңсаған сан ғасырлық арман
болып,
Қол жеткізген шындық жырын
жырлады.
ІІ-жүргізуші:
Қуаныштан қалай кеуде
кермеспін,
Бұл күнімді бір ғасырға
бермесін.
Ақ түйенің қарны бүгін
жарылды.
Тәуелсізбін, егеменмін,
дербеспін!
Осымен «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы»атты
кешімізді аяқтаймыз.
Мұғалім сөзі: «Тәуелсіздік – халқымыздың бостандығы мен дербес даму жолындағы сан ғасырлық күрес тарихының нәтижесі» деп Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай оңай келген жоқ. Бұл Тәуелсіздік бізге қазақтың басы мен жұлын жүйкесі Кенесары арқылы, қайқы қара қылышты Бауыржан арқылы, уыз сезімді Қайраттар арқылы келді. Сондықтан оны аялауымыз керек. Біздің еліміз көптеген елдерге танылды. Қайда жүрсек те Отанымызды мақтан тұтуымыз керек.
Тәуелсіз 22 жыл туыңды биік ұстадың,
Көтерді халық уақыттың қатал қыспағын.
Көшіңді бастап бақытты болашағыңа,
Жасай бер, жаса, Тәуелсіз
Қазақстаным! –деп кешімізді аяқтаймыз. Көңіл қойып
тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет.
шағым қалдыра аласыз



Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген