400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Тарихи шындық және көркем шешім" сұхбаттасу кеші

Материал туралы қысқаша түсінік
Желтоқсан көтерілісінің сипатын аша отырып , тәуелсіздік бастауы Желтоқсан көтерілісі екенін өскелең жас ұрпаққа желтоқсаншы М.О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтытының филология ғылымдарының докторы, профессор, академик Орда Гүжаһан Жұмабердіқызымен сұхбаттасу кешінде түсіндіру.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Аль-Фараби атындағы мектебі ЖШС»







«Тарих - география бірлестігі»

«Тарихи шындық және көркем шешім»

сұхбаттасу кеші









Тарих пән мұғалімі: Агибаева А.Ж

2022 жыл

«Тарих –георафия» бірлестігі апталығының ашылуына орай ұйымдастырылған

«Тарихи шындық және көркем шешім» тақырыбы аясында желтоқсаншы М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының филология ғылымдарының докторы, профессор, академик Орда Гүлжаһан Жұмабердіқызымен сұхбаттасу кеші.

Сұхбаттасу кешінің тақырыбы: «Тарихи шындық және көркем шешім»

Мақсаты: Желтоқсан көтерілісінің сипатын аша отырып,тәуелсіздік бастауы Желтоқсан көтерілісі екенін жете түсіндіру, жас ұрпақ бойында еліне,жеріне,ұлтына деген патриоттық сезімді қалыптастыру.

Дамытушылық маұсаты:Желтоқсан оқиғасының арқасында талай жылдар бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткізгенін,осы жолда талай боздақтарымыздың жалған айыппен шейіт болғанын оқушыларға түсіндіре отырып дүние танмын кеңейту.

Тәрбиелік мақсаты:Отанды сүюге,құрметтеуге,желтоқсандықтарға құрмет көрсетуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Кездесу сырсұхбат.Акт залда

Сабақтың әдісі:түсіндіру,әңгімелеу,сұрақ –жауап,пікір алмасу

Сабақтың көрнекілігі:слайдттар, кітап көрмесі,суреттер.

Гимн орындалады,

Жүргізуші ; Қайырлы күн ұстаздар мен оқушылар және қадірменді қонақтар!

Бүгінгі мектебімізде «Тарих және география» бірлестігінің ашылуына орай өткелі тұрған «Тарихи шындық және көркем шешім» тақырыбы аясында М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты, Тәуелсіздік дәуіріндегі әдебиет және көркем публицистика бөлімінің меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор ГүлжаҺан Жұмабердіқызы Ордамен кездесу кешіне қош келдіңіздер!

«Тарихи шындық және көркем шешім» тақырыптық кешін ашық деп жариялаймыз! Гимн ойналады.

Жүргізуші: Қадірменді кешке қатысушылар! Тәуелсіздік деген тәтті сөз. Осы Тәуелсіздіктің тамырын тану үшін алдымен Желтоқсанның қадірін түсінуіміз қажет. Желтоқсан көтерілісі азаттық таңы ататын күннің жақындап қалғанын сездірген, КСРО ның тоталитарлық, отаршыл саясатына қарсы қазақ жастарының азаттық күресі тарихи маңызы бар үлкен оұиға еді. Желтоқсаншыл жастар ұлтқа тән ұлттық мақтаныш сезімін қорлауға жол бермейтінін ашық көрсетті. Желтоқсан көтерілісі Кеңес Одағы деп аталатын алып империяның ыдырауын жеделдеткен тарихи көтеріліс. Тарих-халықтың зердесі. Зердені жалған деректермен өтірік ақпаратпен бұрмалауға болмайды. Ендеше, ұлт тарихын ұлықтап, кешегіні бүгінгінің биігінен зерделеп, дүниетанымымыздың деңгейін көтеретін бүгінгі «Тарихи таным және көркем шешім» тақырыптық кешінің құрметті қонағы желтоқсан оқиғасының қатысушысы Профессор Орда Гүлжаһан Жұмабердіқызын құрметпен сахна төріне шақырамыз.(Қонақ өз орнына жайғасқан соң)

Жүргізуші:Тарихи әділдіктің түпкі қайнарын жас буынға жете түсіндіріп, ұлттық сана мен ұлттық рухты өсіру мақсатында ұйымдастырылып отырған бүгінгінің кешті ашып беру үшін мектеп директоры Тасыбекова Ұлдамет Әбдіманапқызын сахнаға шақырамыз.

Күй 8 сынып оқушылары Ілесбек Айбарыс, Кәрібай Бекарыс «Адай» күйі

Жүргізуші; Құрметті Гүлжаһан Орда! Желтоқсан оқиғасына қатысушы ретінде жас ұрпаққа оның маңызын, әсерін, ірі тарихи құбылыстың тарихи шындығын, бізге әңгімелеп берсеңіз.

Қонақтың сөзі.

Монолог: Оқитындар 9 сынып оқушылары Баймаханова Зейнеп,Назарбек Жалғас Қайрат пен Ләззаттың монологы

Жүргізуші; Рахмет, Гүлжаһан Жұмабердіқызы! Осы Желтоқсан оқиғасына байланысты оқушыларымызды мазалаған сұрақтар бар. Соларға кезек берсек.

Сұрақтар қойылады.

Ән : «Мен қазақтың баласы» 4 сынып оқушысы Пернебаев А

Жүргізуші; Қадірлі ұстаздар, оқушылар және қонақтар! Бүгінгі кешті қорытындылай келе Тәуелсіздік жолында жандарын қиған ұл қыздарды рухы биік аға апаларымызды ұмытпайық.Олардың ерліктері бізгеде үлгі болсын.Тәуелсіздіктің туын биік ұстап алға баса берейік.Еліміздің келешегі кемел,болашағы нұрлы болсын дей келе бүгінгі іс-шарамызға арнайы келіп қатысқан, кешіміздің қадірлі қонағы Гүлжаһан Жұмабердіқызы мен мектебіміздің директоры Ұлдамет Әбдіманапқызына алғысымызды білдіре отырып, гүл шоқтарын ұсынамыз.

Іс шараның аяқталуы.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
25.04.2025
166
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі