"Тарихи тұлғалар" факультатив сабақ жоспары

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Тарихи тұлғалар" факультатив сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Факультатив сабаққа жоспар "Тарихи тұлғалар" 8-сынып
Материалдың қысқаша нұсқасы















Shape1

8 «а», «б»-сыныптар

Пән мұғалімі: Омарова Айгуль Саденбаевна





























Бекітемін: Тексерілді:







Бағдарлама құрылымы:



  1. Түсінік хат

  2. Курс мақсаты мен міндеттері

  3. Күнтізбелік жоспар

  4. Пайдаланылған әдебиеттер



Түсінік хат:

Курс Қазақстан тарихының жаңа заман кезеңінің тұлғаларына арналған. Аталмыш кезең - тарихи тұлға мен қоғам арасындағы және осы бір қайшылықты замандағы түрлі этникалық топтардың қалыптасуы мен тағдырының, өзара күрделі байланыстарының көрінісі, көшпелі мемлекеттердің көрші империялардың үлкен саясатының кұрбаны болғанының куәгері. Бұл кезең ұлттық мемлекетіміздің дамуы мен кейіннен дербестігінен айрылып отарлану проблемаларын оқушылардың айқын тануына мүмкіндік береді.


Бағдарламада қазақ халқынының тағдырының көрші елдер тарихының проблемаларымен сабақтастығы негізделеді. Соның ішінде Қазақ хандығы мен Жоңғар хандығы арасындағы тартысты катынастар, қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы Отан соғысының негізгі шайқастары жаңа зерттеулердегі фактілік материалдар мен жаңаша пайымдауларға сүйеніп беріледі. Отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық қозғалыстарының дамуы және осы шапқыншылық пен ұлта-азаттық көтерілістердегі батырларымыздың рөлі көрсетіледі.


Тұлғаларсыз тарихтың шығыршығы айналмайды. Ұлы тұлғалар өмірі – ұрпаққа өнеге, ұлтқа мақтан боларлық ғибрат. Қазақ халқы тарихи этнос ретінде қалыптасқан уақыттан бастап еңселі ел болуды қашанда армандап, мақсат тұтқан халық. Осы мақсат жолында қазақтың талай арыстары өздерінің өмірін арман жолына сарп еткенін тарихтан білеміз. Біз тарихтан дарынды жеке тұлғалардың елдің тарихын түбегейлі өзгертудегі рөлін жақсы білеміз.


Тарих тарихи тұрғыдан ойлай білуді қалыптастырады, азаматтық ұстанымды шыңдай түседі, ұлттық мақтаныш пен патриоттық сезімге тәрбиелейді. Өткенімізді біле отырып, қазіргі кезеңді оңай меңгереміз, болашақты айқындай аламыз.









Курс мақсаты мен міндеттері:


- Халқымыздың жоңғар шапқыншылығына және патша үкіметінің отаршылдық саясатына қарсы күрескен батырларымыздың өмір жолымен таныстыру;


- Батыр бабаларымыздың тәуелсіздік үшін күресін бейнелеу арқылы, жас жеткіншіктерді, елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу;


- Тарихи жеке тұлғалардың тарихтағы орнын көрсету;


- Тұлғаларымыз жайлы әдебиеттер және жаңа деректермен таныстыру;


- Сондай-ақ қазіргі танда сұраныстан кенжелеп қалып бара жатқан ақпарат, көркем әдебиет көздерін ашуда оқушылардың шығармашылық белсенділіктерін арттыру.


- Оқушыларды түрлі тарихи құжаттарды жан-жақты талдай білуге, өз ой пікірін ашық айтуға үйрету, оқушылардың ой-өрісін дамыту.




Күтілетін нәтиже:


  • Ұлттық тарихта ерекше маңызы бар тарихи тұлғаларымызды танып біледі;


  • Республика көлеміндегі жүргізіліп жатқан ғылыми зерттеулермен танысады.



Курсты ұйымдастыру формасы: білім беру формасы теориялық және практикалық бөлімдерінен тұрады.


Оқу жүктемесінің көлемі: аптасына 1 рет, оқу жылында 34 сағат


























Сабақтың тақырыбы


Сағаты


Күні

1

Кіріспе

1



Жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресіне қатысқан батырлар


2

Қазақтың дарабозы – Қаракерей Қабанбай батыр

1


3

Даланың дара тұлғасы – Қанжығалы Бөгенбай батыр

1


4

Аты аңызға айналған Шапырашты Наурызбай

1


5

Бәсентиін Малайсары батыр

1


6

Албанның батыры Түкеұлы Райымбек

1


7

Сұраншы мен Саурық батырым

1


8

Шақантай батыр Жауғашарұлы туралы деректер

1


9

Қазақтың хас батыры – Шақшақ Жәнібек

1


10

Тама Есет батыр Көкіұлы

1


11

Халық батыры – батыр Баян Қасаболатұлы

1


12

Шекті Тайлақ батыр Бекежанұлы туралы деректер

1


13

Тоқтыбайұлы Саңырық, Сырымбетұлы Хангелді

1


14

Секер, Барақ батырлар

1


15

Жауғаш батыр Қырбасұлы, Арғын Олжабай батыр

1


16

Өтеген батыр Өтеғұлұлы, Жасыбай батыр Өмірұлы туралы деректер

1


17

Ер Жәнібек Бердәулетұлы

1


Патша үкіметінің отаршылдық саясатына қарсы ұлт азаттығы үшін күрескен батырлар

18

Азаттық туын алғаш көтерген

айбынды батыр – Сырым Датұлы

1


19

Тіленші Бөкенбайұлы

1


20

Сатыбалдыұлы Барақ батыр

1


21

Байбақтыда Наушадай батыр өткен

1


22

Исатай мен Махамбет батырлар

1


23

Хан Кенедей ер қайда?

(Кенесары Қасымұлы туралы деректер)

1


24

Саржан Қасымұлы

1


25

Жоламан Тіленшіұлы

1


26

Сыпатай батыр

1


27

Ұлысқа ұран болған Ақпан батыр

1


28

Ағыбый батыр Қоңырбайұлы

1


29

Құлбарақ батыр

1


30

Нұрмұхамедұлы Жанқожа батыр

1


31

Есет батыр

1


32

Сейіл Түркебайұлы мен Беркін Оспанұлы

1


33

Иса-Досан батырлар

1





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.11.2024
534
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі