Материалдар / Тарихи зияткерлік сайыс

Тарихи зияткерлік сайыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Тарихи хияткерлік сайыс.
450 ₸
Бүгін алсаңыз
+23 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +23 бонус беріледі Бұл не?
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Тарихи зияткерлік сайысы

Мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың тарих пәнінен алған білімдерін жүйелеу, тереңдету;

Тәрбиелік: адамгершілік пен ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу;

Дамытушылық: ой ұшқырлығын дамыта отырып, пәнге қызығушылығын арттыру;

Көрнекілігі: слайд, суреттер

Түрі: топтық сайыс

Сайыс турлары:

І тур – «Сұрақ - менен, жауап - сізден»

ІІ тур – «Жұмбақ тұлға»

ІІІ тур – «Математикалық қобдиша»

ІҮ тур – «Терминдер сөйлейді»

Ү тур – «Бұл қай қала?»

ҮІ тур – «Тапқырлар сайысы»


Барысы: Оқушылар екі топқа бөлінеді. Әр дұрыс жауапқа 10 балдық ұпай үлестіріліп отырады.


І-тур «Сұрақ - менен, жауап - сізден»

Шайқастар:

1)1836-1838 жж - ? (Махамбет-Исатай бастаған көтеріліс)

1730ж -? (Аңырақай шайқасы)

1783-1797 жж - ? (Сырым Датұлы көтерілісі)

1726 ж? (Бұланты шайқасы)


2)1723-1727 жж-? («Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама»)

1837-1847 жж -? (Кенесары Қасымұлы көтерілісі)

1773-1775 жж-? (Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісі)

1219 ж? (Отырар шайқасы)



Шығарма авторын анықта:

«Диуани лұғат ат-түрк» - ? (М.Қашғари)

«Опасыз жалған» - ? (Шортанбай Қанайұлы)

«Еспенбет» - ? (Дулат Бабатайұлы)

«Диуани Хикмет» - ? (А.Иассауи)


«Наурызбай -Қаншайым» - ? (Нысанбай Жаманқұлұлы)

«Ей, Абылай, Абылай,» - ? (Үмбетей жырау)

«Тарих и-Рашиди» - ? (М.Х.Дулати)

«Құтадғу білік» - ? (Ж.Баласағұн)



ІІ тур – «Жұмбақ тұлға»

(жауап бергеннен кейін жасырған тұлғаның суреті мен аты-жөні көрсетіледі)

Қазақ хандығының аса көрнекті саяси және мемлекет қайраткері. ХҮІІІ ғасырдағы Қазақ хандығы билеушілерінің бірі. Өзінің бүкіл ғұмырын қазақ мемлекеттігін нығайту мен халықтың бірлігін қамтамасыз ету ісіне арнады. Жоңғар қалмақтарының атақты батыры Шарышты жекпе-жекте жеңді. Бұл ...

(Абылай хан)

Ол кәмелеттік жасқа толғанша хандықты Шығай сұлтан биледі. 1824 жылы Орал қаласында хан болып жарияланды және хандықты 20 жыл бойы басқарды. Өзінің қол астындағы халықтың сауатын ашу, Еуропа мәдениеті мен білімін енгізу саласында қыруар көп жұмыстар атқарды. Бұл... (Жәңгір хан)


Оның саясатының басты мақсаты қазақ хандығын қайта қалпына келтіру болды. Мемлекетті басқаруда шариғаттың негізгі ережелерін енгізді, сонымен бірге, билер сотын қалпына келтірді. Мемлекет пен оның әскерін нығайту жолдарын жетік білетін хан мұсылмандық құқық ережелерін бекітті. Салық саясаты да оны тиімді жолмен жинауға бағытталды. Хан тағына отырғаннан кейін, көтеріліске қатысушылар әскери қимылын үдете түсті, олар қоқандықтардың елеулі күштері бекінген Жүлек, Ақмешіт, Жаңақорған, Созақ қамалдарын қоршауға алды.

(Кенесары Қасымұлы)


Ол 1336 жылы Мәуереннахр аймағын жаулап алып, өз билігін орнатты. Оның басқыншылық жорықтары Ақ Орда мен Моғолстан мемлекеттерінің құлдырауына алып келді. 1405 жылы Қытайға жорығы сапарында Отырар қаласында қайтыс болды. Ол... (Әмір Темір)


ІІІ тур – «Математикалық қобдиша»

(тапсырма реті бойынша орындалады, нәтижесінде шыққан жылда қандай оқиға болғанын табу керек)


75 х 10 + 1 = 751 (751 жыл Атлах шайқасы)

(9000:2):2 -380 =1870 (Маңғыстаудағы азаттық көтеріліс)

122 х 15 + 945 – 784 = 1991 (1991 жыл ҚР-сының тәуелсіздігі жарияланды)

200 х 15 – 1005 = 1995 (1995 жыл ҚР-сы жаңа Конституциясының қабылдануы)

568+942+312= 1822 ж (1822 жыл «Сібір қырғыздары туралы жарғы» бекітілді)

(12 х 245) – 1157 = 1783 (1783 ж Сырым датұлы бастаған көтерілістің басталуы)


ІҮ тур – «Терминдер сөйлейді»

ТАШНАУ (орта ғасырлық қалалардағы лас су ағатын қарапайым канализация)

Жатақ (кедейленген малшылардан шыққан)

ТАСАТТЫҚ (қуаңшылық жылдары жаңбыр тілеп жасалатын ырым)

Ерулік (ауылға басқа ауылдан жаңадан бір отбасы көшіп келсе, сол жерде бұрыннан тұрып жатқан көршілер ол отбасын шақырып қонақ асын берген.)


САРДОБА (құдық үстіне орнатылған күмбез)

СӘУКЕЛЕ (ұзатылатын қыздың өз үйінен киіп шығатын бас киімі)

АТАБЕК (хан баласының тәрбиешісі)

БАЖ (отырықшы егінші тұрғындардан жиналатын салық түрі)


Ү тур – «Бұл қай қала?»

(әр жауаптан соң сұрақтың дұрыс жауабы мен қала суреті көрсетіледі)

Ортағасырлық қала. Шымкент қаласынан солтүстік-батыста 225 км жерде, Сырдарияның оң жақ аңғарында орналасқан. ІҮ-Х ғ бұл қаланың орнында Шауғар мекені болған. ХІІ-ХІҮ ғасырда қала «Яссы» деп аталды. Бұл қалада үлкен кесене тұрғызылғаннан кейін түріктердің діни орталығына айналған. (Түркістан)

Ортағасырлық қала. Бұл күнгі археологиялық қазба жұмыстары кезінде қаладан шығыс моншасы табылған. Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан бұл қаланың мәдениеті жоғары дәрежеде дамыған. Көптеген ғұламалар осы қалада дүниеге келген. Керемет кітапханасы болған. Өкінішке орай 1219 жылы қиратылған қала бұрынғы дәрежесіне қайтып орала алмаған. (Отырар)

Қала Жайық өзенінің оң жағалауында орналасқан. 1735 жылы бекініс қамал ретінде қаланып, 1743 ж. қала жаңа жерге көшірілді. 1868 жылдан Ресей, Қазақстан және Орта Азиямен арадағы ірі сауда орталығы болды. 1901–1905 ж. қаланы Орта Азиямен байланыстыратын шойын жол желісі салынып, пайдалануға берілген. Бұл қалада 1917 жылдың шілде және желтоқсан айларында І және ІІ Жалпықазақ съезі өтті. 1920-1924 жылдары Қазақ мемлекетінің астанасы болды. Бұл қай қала? (Орынбор)

Бұл қаланы 1718 жылы Ресей бекініс ретінде тұрғызды, 1782 жылдан қала. Ол жерде, Ертіс жағалауында ерте заманда қимақтардың қонысы болған. Одан кейін ХҮІІ ғасырдың басында қалмақтар жеті пұтхана (дінге табынатын орын) салған. ХХ ғасырдың басында бұл қала Алаш Орданың Шығыс бөлімінің орталығы болды және осында болашақ Қазақ автономиясын құру туралы мәселе талқыланды. Қала 40 жыл бойы КСРО-ның атом аймағы болды. Бұл қай қала? (Семей)

ҮІ тур – «Тапқырлар сайысы»

(командалар ойланып өз жауаптарын айтады)


1)Қазақ даласы шешендерге, ақындарға, дау-тартысты әділетті шешетін билерге, ақыл айтар ел ағаларына бай болған. Ел басына күн туған заманда ру мен ру, ел мен ел арасындағы тартыстарды әділетті шешіп, ел мархабатына бөленген, төніп келген қатер мен жауды сөзге тоқтатқан.

Жаугершілік заман. Ауылыңның үстіне ат ойнатып қатерлі жау келіп тұр. Қарсы шығып соғысқаннан пайда жоқ, жаудың күші басым. Тапсырма: дәлелді сөзбен, шешендікпен жауды тоқтату.


2)Қазақ елі басындағы қиын кездердің бірі. Жоңғарлар қаупі күшейіп тұрған алмағайып заман. Сыртқы жауға қарсы тұру үшін қазақтардың бүкіл үш жүзінің күш-жігерін біріктіру өте қажет болатын. Қазақ ақсүйектерінің Қарақұмда өткен құрылтайында бүкілқазақтық жауынгерлік жасақ құру жөнінде шешім қабылданып, сонда атақты Бөгенбай батыр айтқан жалынды сөздері бүкіл қазақ сарбаздарын жігерлендіре түсті. Топқа тапсырма: Бөгенбай батыр қандай жігерлі сөздер айтты?

Қорытынды.

Марапаттау.


Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі