Карибай
К.Е.
Алматы мемлекеттік бизнес
колледжі оқытушысы
Тақырыбы:
«Тарихтан тағылым – ұрпаққа
аманат»
Мақсаты:
-
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске
алу;
-
Студенттердің тарихи танымын
арттыру;
-
Патриоттық сезім мен елжандылыққа
тәрбиелеу.
Безендіру:
Сценарий барысы
І. Кіріспе
(Сахнада баяу күй ойнап тұрады)
1-жүргізуші:
Армысыздар, құрметті ұстаздар мен студенттер!
Бүгін біз Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу
күні орай ұйымдастырылған «Тарихтан тағылым – ұрпаққа аманат» атты
тәрбие сағатында бас қосып отырмыз.
2-жүргізуші:
XX
ғасырдың қаралы жылдары қазақ халқына ауыр қайғы әкелді.
Мыңдаған адам жазықсыз жазаға ұшырады.
Талай ана жесір, бала жетім қалды.
ІІ. Тарихи мәлімет
Студент:
1937–1938 жылдары қазақ зиялылары «халық жауы»
деген жаламен атылды.
Солардың қатарында:
-
Ахмет Байтұрсынұлы
-
Мағжан Жұмабаев
-
Сәкен Сейфуллин
-
Бейімбет Майлин болды.
ІІІ. Сахналық көрініс
«Қара қағаз»
Кейіпкерлер:
-
Ана
-
Әке
-
Қыз
-
Тергеуші
-
Жүргізуші (дауыс)
Көрініс басталады
(Сахнада шағын қазақ үйінің көрінісі. Ана жүн
түтіп отыр. Қыз кітап оқып отыр.)
Қыз:
Әке, сіз қашан ауылға мұғалім болып
барасыз?
Әке:
Елім үшін қызмет ету — менің парызым,
қызым.
(Кенет есік тарсылдайды)
Тергеуші:
Аш!
НКВД!
(Әке орнынан тұрады)
Тергеуші:
Сіз
халық жауы ретінде тұтқындаласыз!
Ана:
Жоқ! Ол жазықсыз! Ол елге қызмет
етті!
Тергеуші:
Үндеме!
(Әкенің қолын байлайды)
Қыз:
Әкеее!
Әке:
(қызын құшақтап)
Қорықпа, қызым... Шындық бір күн жеңеді...
(Әкені алып кетеді)
(Музыка ойнайды)
Жүргізуші дауысы:
Сол
бір зұлмат жылдары мыңдаған отбасы осылайша ойран болды.
Балалар әкесіз, аналар панасыз қалды.
Көріністің жалғасы
(Ана қолына қара қағаз ұстап
отырады)
Ана:
«Он
жылға сотталды...»
Бұл қалай болғаны?..
Жазықсыз жан еді ғой...
Қыз:
Анашым, әкем қайта келе ме?..
(Ана үнсіз жылайды)
(Жарық баяу сөніп, музыка
тоқтайды)
IV. Өлең оқу
Студент:
Зұлмат жылдар, қаралы
күн,
Қанға боялды дала
бүгін.
Бірақ сынбады қазақ
рухы,
Азаттық болды ұлы
үмітім.
V. Тарихи орындар туралы
1-жүргізуші:
Қазақстан аумағында ірі лагерлер
құрылды.
2-жүргізуші:
Солардың бірі — АЛЖИР музей-мемориалдық
кешені.
Мұнда «халық жауларының» әйелдері қамауда болды.
1-жүргізуші:
Ал
КарЛАГ лагерінде мыңдаған адам ауыр еңбекке
жегілді.
VI. Үнсіздік минуты
Жүргізуші:
Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын 1
минут үнсіздікпен еске алайық.
(Үнсіздік)
VII. Патриоттық бөлім
Студент:
Бүгін біз тәуелсіз елде өмір сүріп жатырмыз.
Бұл — бабалардың арманы.
Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ.
Сондықтан ел тарихын ұмытпау — әр азаматтың
парызы.
VIII. Қорытынды
2-жүргізуші:
Өткенді ұмытпай, болашаққа сеніммен қарау —
біздің міндетіміз.
1-жүргізуші:
Қуғын-сүргін құрбандарының рухы алдында
тағзым етеміз.
Соңғы ән
-
«Атамекен»
немесе
-
«Менің Қазақстаным»