Тарихты білесіңдерме?

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тарихты білесіңдерме?

Материал туралы қысқаша түсінік
сыныптан тыс шарада,оқушылардың тарихты қаншалықты білетіндігі туралы сұрақтар.
Материалдың қысқаша нұсқасы


2 Жамбыл атындағы орта мектебінің

тарих пәнінің мұғалімі: Манжибаева Айнур Аралтаевна


Сабақтың тақырыбы: Сен тарихты білесің ба?

Сабақтың мақсаты: Қазақстан табиғаты, рәміздері, қоғам қайраткерлері туралы білімдерін жинақтап көрсете біледі. Оқушының ой-өрісін кеңейіп, танымдық деңгейін көтеріледі, пәнге қызығушылығы артады;

Күтілетін нәтиже: Өз ойын ашық, еркін жеткізе білуге үйренеді. Топтық жұмыс арқылы ынтымақтастық қарым - қатынас орнайды.

Көрнекілігі: Қазақстанның саяси картасы, интерактивті тақта.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ.

Пәнаралық байланыс: география, әдебиет, математика.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылар екі топқа бөлінеді.

Сайыс 7 кезеңнен тұрады.

  1. «Қазақ елі-менің Отаным»(сұрақтар беріледі )

  2. «Сандарды сөйлет»

  3. Картамен жұмыс

  4. «Қызықты сөздер»

  5. «Суреттер сөйлейді»

  6. «Ерлік-елге мұра, ұрпаққа ұран»

  7. Қорытынды.


«Қазақ елі – менің Отаным»


Бірнеше жүз жылдай әлемдік картада Қазақстан деген мемлекет бары мен жоғы білінбеді.Себебі біз ол кезде Ресей империясының, одан кейін Кеңес одағының құрамында болдық. 1991жылдың 16-желтоқсанында өзіміздің тәуелсіздігімізді алып,егеменді ел болдық. Биыл тәуелсіздігімізге

33 жыл!

Кең байтақ көз жетпейтін жерім менің,

Таулы орман, жасыл жайлау , көлім менің

Бүгінде әр әлемге даңқың жетті,

Төуелсіз Қазақстан-елім менің


Интерактивті тақтадан 20 тест сұрақтары беріледі

1-топқа

1.Қазақстан егемендігі туралы декларация қай жылы қабылданды?

2.Тәуелсіздікті қай жылы алдық?

3.Қазақстан – «Еуразияның кіндігі» деп неліктен аталады?

4.Жер көлемі жөнінен Қазақстан нешінші орында?

5.Қазақ ұлтынан шыққан ғарышкерлерді ата

6. Қазақстан Республикасының туының авторы кім?

7. Астана қаласының бұрынғы атауларын ата?

8.Қазақстанда қанша облыс бар?

9.Қазақстанда қанша ұлт өкілдері тұрады?

10.Қазақстанның астаналарын ретімен атаңыз?

2-топқа

1.Қазақстан неше мемлекетпен шектеседі?

2.Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті кім?

3.Қазақстан Республикасының жаңа астанасын атаңыз?

4.Ұлттық валюта-теңге қашан айналымға енді?

5.Қазақстан Республикасының қазіргі Конституциясы қашан қабылданды?

6.Қазақстан рәміздерін атаңыз?

7. Киіз үйдің сүйегіне нелер жатады?

8.Қазақстан БҰҰ-ға қай жылы мүшелікке қабылданды?

9.Қазақ ұлы Тоқтар Әубәкіров ғарышқа қай жылы ұшты?

10. Қазақстан Республикасының елтаңбасының авторлары кімдер?

«Сандар сөйлейді»

Слайдта көрсетілген сандар мен жылдарға түсініктеме беру. Берілген ұпайларына байланысты сұрақтар күрделене түседі.


1991


1465


1939

98



1992


1954


1941


22


1993


1961


1945


9

10-ұпай

1991- ҚР тәуелсіздігін алған жылы

1992-ҚР БҰҰ-ға мүше болуы

1993-Ұлттық валюта айналымға енді

20-ұпай

1465-Қазақ хандығының құрылуы

1954- Тың және тыңайған жерлерді игеру

1961- Адам баласының ғарышқа алғаш ұшуы

30-ұпай

1939- Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы

1941-Ұлы Отан соғысының басталуы

1945- Ұлы Отан соғысының аяқталған жылы

40-ұпай

22-Наурыз мерекесі

9- мамыр ұлы Жеңіс күні.

98- Конституциядағы бап саны





Картамен жұмыс

Тарихи оқиғадан үзінді беріледі. Сол үзінді бойынша сол оқиғаның болған жерін картадан көрсетеді.

1-топқа

XV-ғасырдың ортасында Керей мен Жәнібек сұлтандар Әбілхайыр хандығынан бөлініп, қазақ аталған халықты ертіп ..................... жеріне келеді. Сол жерді көрсет. (Жетісу)

2-топқа

1836-1838 жылдары орыс үкіметіне арқа сүйеген Бөкей ордасының ханы Жәңгірдің өз қарамағындағы халыққа көрсеткен қысымшылығына қарсы көтеріліс болды. Аталған Орда қай жерді алып жатты? (Еділ мен Жайық аралығын)

1-топқа

Қала Есілдің оң жағасында орналасқан.Өте маңызды екі темір жол магистралінің қилысына орналасқан.1824 жылы Есілдегі әскери бекініс ретінде пайда болды.Ал,1868 жылы қала мәртебесін алды? (Астана)

Қосымша көмек: 1954 жылы тың игеруге байланысты Целиноград деп аталды.

2- топқа.

ҮІІІ-Х ғ бұл қаланың орнында Шағбар деген үлкен қала болған.ІХ-Х ғғ ол жақсы қалар қатарына қосылып,гүлденіп Яссы деп аталды. Ал,ХІ ғасырдан бастап қазіргі атымен аталады. (Түркістан)

Қосымша көмек: Көп уақыт Қазақ хандығының орталығы болды)



4. «Қызықты сөздер» сөдерді атап,орысша,ағылшынша аудармасын атайды.


5.Суреттер сөйлейді»

Суреттерде кімдер және не бейнеленген? Ақпарат беру.



«Ерлік-елге мұра, ұрпаққа ұран»

  1. Туған жер дегеніміз не? (Туған жер - адамның туып - өскен жері)

  2. Сіздің туған жеріңіз қай ел? (Қазақстан Республикасы)

  3. Сіздің өз еліңіздің алдында қандай міндеттеріңіз бар? (Туған жерді қорғау,қадірлеу)

  4. Ерлік деген не? (Туған жерді қорғау, қадірлеу ерлік. Жақсы оқып, еңбек етсең – бұл да ерлік.)




Қорытынды.Оқушылардың білімдерін тексеріп, жеңімпаз топты анықтау. Марапаттау.



























1-топқа

1. Карта ..........(Жер шарының кішірейтілген нұсқасы)

2.Нумизматика .............(Ақша айналымының тарихын зерттейтін ғылым)

3.Конституция ..............(Ата заң)

4. Геродот ..............( Батыстың «Тарих атасы»)

5. Шаңырақ ................(Киіз үйдің ең жоғарғы бөлігі)


2-топқа

1.Томирис ...............(Сақтардың патшайымы)

2.Шекпен ................(Түйе мен қой жүнінен тоқылатын сыртқы киім)

3.Этнос .................(Белгілі бір аумақта тұратын, ділі мен тілі,шығу тегі ортақ ұлт)

4.Саба, торсық, келі, күбі .................(Қазақтың ұлттық ыдыс-аяқтары)

5.Тымақ ..............(Түлкі терісінен тігілген ер адамның бас киімі)













«Жүз бір жұмбақ»

1-топқа

Қазақстан баршаға болған мекен,

Баурайы да байлыққа толған екен.

Әйгілі ғалымдардың зерттеуінде,

«Алтын адам» нешеде болған екен? (17-жаста)


Түсінейік мән беріп жырдың хатын,

Нағыз досың білсінші сырдың атын.

Әкесі жау қолына беріп қойған,

Айтып берші, біздерге ұлдың атын? (Мөде шаньюй)


Қараңғылық қоюлап түнді жапты,

Ғалымдар адам сенген дінді тапты.

Ява аралынан зерттеушілер,

Айтыңдаршы, қанекей кімді тапты. (Питекантроп)


2-топқа

Біліммен адам ерек байқалады,

Көлге біткен құрақтай жайқалады.

Тарихты зейін қойып оқығандар,

«Диаспора» жөнінде не айтады? (Өз елінен тыс жердегі ұлт өкілдері)


Құрметтеп өткен жайды ұрындайын,

Айтылар өнегелі жырым дайын

Білетіндер болса егер айтып берсін,

Кісі есімін зерттейтін ғылым жайын. (Антропонимика)


Гүлденуде құлпырып еліміз де,

Тыныштық пен береке жерімізде

Ендеше, кім біледі, айтып берсін,

Қанша көл бар кең байтақ жерімізде? (48-мың)


«Ерлік-елге мұра, ұрпаққа ұран»

  1. Туған жер дегеніміз не? (Туған жер - адамның туып - өскен жері)

  2. Сіздің туған жеріңіз қай ел? (Қазақстан Республикасы)

  3. Сіздің өз еліңіздің алдында қандай міндеттеріңіз бар? (Туған жерді қорғау,қадірлеу)

  4. Ерлік деген не? (Туған жерді қорғау, қадірлеу ерлік. Жақсы оқып, еңбек етсең – бұл да ерлік.)




Қорытынды.Оқушылардың білімдерін тексеріп, жеңімпаз топты анықтау. Марапаттау.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
03.11.2025
27
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі