400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тарихты білу- ұрпақ парызы

Материал туралы қысқаша түсінік
сыныптан тыс шара
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Тарихты білу-ұрпақ парызы»


Мақсаты: Қазақстан табиғаты, табиғи байлықтары, рәміздері, қоғам қайраткерлері туралы білімдерін жинақтап көрсете біледі. Оқушының ой - өрісін кеңейіп, танымдық деңгейі көтеріледі, пәнге қызығушылығы артады;

Күтілетін нәтиже: Өз ойын ашық, еркін жеткізе білуге үйренеді. Топтық жұмыс арқылы ынтымақтастық қарым - қатынас орнайды.

Көрнекілігі: Қазақстанның саяси картасы, интерактивті тақта.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ.
Құрметті қатысушылар! Бүгінгі 8 сыныптар арасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне арналған «Тарихты білу-ұрпақ парызы» атты интеллектуалды ойнымызды тамашалауға қош келдіңіздер!

Бабаларымыз мирас еткен білектің күші, найзаның ұшымен жауынан қорғап, талай тарихи оқиғалар куәгері Қазақстан Республикамыздың тәуелсіздік алған күніміз.Бүгінгі ұрпақ сол үшін де бақытты, сол үшін де айбарлы.

Хор: Әнұран

Қанша жыл, қанша ғасыр өтсе де ұмытылмайтын оқиғалар болады. Ұмытылмайтын себебі ол оқиғалардың халық тағдырымен байланыс-тылығында. Соның бірі, дүниені дүр сілкіндірген тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі – 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы. Халқымыздың Тәуелсіздігі, егемендігі жолында өз өмірлерін қиған құрбандардың рухына құрмет көрсету қазақ азаматтарының игі борышы. 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі – 20 ғасырдағы айтулы оқиға. Ол халық жүрегінде мәңгі сақталады.

Кейбір жастарымыздың рухани жаңғыруға бетбұрыс бүгіннен басталады деп түсінетіндері белгілі. Әрбір тарихи кезеңге зерделей көз салатын болсақ, Ұлы дала ұрпақтарының көреген, ойшыл, заманынан озып туған ұлдары ел-жұртының, халқының, ұлтының сана-сезімінің жаңғыруына зор үлестерін қосқанын аңғарамыз. Сонымен бүгінгі 8 «а», «б» сыныптар арасында өткізіліп отырған интелектуалды ойнымыздың кезеңдерімен таныстырып жіберсем:

І кезең: «Тарихты білу-ұрпақ парызы» (сұрақ-жауап, баллдық жүйемен есептеледі)

ІІ кезең: «Тұлғаны тап» (суреттегі кейіпкер мен әннің авторын табу)

ІІІ кезең: «Тәуелсіздік ұрпақтары» (QR код арқылы таңдарған сұрақтарға жауап береді)

IV кезең: Қазақстанның картасын құрастыру.

V кезең: Қортындылау (Додекаэдр арқылы көрермендерге сұрақтар қойылады)

І кезең: «Тарихты білу-ұрпақ парызы» (сұрақ-жауап, баллдық жүйемен есептеледі)

  1. Қазақстанның Егемендігі туралы Декларация қашан қабылданды? ()

  2. Қазақстан БҰҰ-на қашан мүше болды?

  3. 1989 жылғы мамыр-маусым КСРО халық депутаттарының І съезінде кім желтоқсан оқиғасының әділ бағасын беруді талап етті?

  4. 1996 жылғы 9 желтоқсанда кімге «Халық қаһарманы» атағы берілді?

  5. Қазақстанда алғашқы болып өз елшілігін ашқан мемлекет?

  6. Ербол Сыпатаев қай операцияның құрбаны болды?

  7. Қайрат Рысқұлбеков  1982 жылы  қандай институтқа оқуға түсті?

  8. Желтоқсан оқиғасына байланысты қандай кинолар түсірілді?

  9. Ляззат Асанова қай жылы дүниеге келді?

ІІ кезең: «Тұлғаны тап» (суреттегі кейіпкер мен әннің авторын табу)

1. 2. 3. 4.

ІІІ кезең: «Тәуелсіздік ұрпақтары» (QR код арқылы таңдарған сұрақтарға жауап береді)

  1. Жеті атаны ата?

  2. Жеті қазынаны ата?

  3. Жеті жоқты ата?

  4. Бес арысты ата, неге олай атаймыз?

  5. Үш бәйтерек пен Бес арыс деп неге айтады?

  6. Тәуелсіз еліміздің құнды белгілері?

  7. Тәуелсіздік деген ұғымды кім қалай түсінеді?

  8. Қазақстанның геграфиялық орны мен шекаралары?

  9. Желтоқсан батырлары?

  10. Желтоқсан көтерілісі туралы не білесіз?

  11. Отан, туған жер туралы мақал-мәтелдер айт?

ІV кезең: Қортындылау (Додекаэдр арқылы көрермендерге сұрақтар қойылады)

Ән: 8 «а» сынып оқушысы Жарасқызы Жансаяның орындауында «Қазағым»

Тәуелсіз ел – бақытты ел! Біз бақытты елміз! Осынау шақты ата-бабаларымыз аңсаумен өтті. Тәуелсіздікті қадірлеп, сақтай білейік! Тәуелсіздігіміз ұзағынан болсын дей келе бүгінгі интеллектуалды ойнымызды аяқтаймыз. Сау болыңыздар!













































4 қосымша білім беретін мектеп-орталығы













Ұлт айшықтары жобасының сабақ жоспары

Тақырыбы: «Тарихты білу-ұрпақ парызы»

(8 а,б сынып)





















Өткізген: Кошелекова Б.Б

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
14.12.2023
358
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі