Осы
тәуелсіз мемлекетіміздің өмір сүрі
қаншалықты маңызды болса,соншалықты
танымды тарихын түсініп,келер үрпаққа
жеткізу де соншалықты маңызды.Өйткені
тарих ұлттың көрінісі, айнасы.
Жүйелі
тарихы бар ел ,түп қазығы берік
мемлекет. Тарихы жадында сақталған
,ұлт, ұлт болып сақталады. Тарихын
қастерлеген ұлт қана өткеннен тағылым
алып,келешекке сеніммен қарайды.
Ұлт жанашыры, қоғам қайраткері ақын
Мұхтар Шаханов ағамыздың «Төрт ана»
атты керемет, маңызы зор өлеңі рухы
мықты азаматтың бүгінгі келелі
мәселе «тарих пәнін оқу маңыздылығын
мақсаты мен пәннің құндылығымен
бағасына жауап берері сөзсіз.
Тағдырыңды
тамырсыздық індетінен қалқала,
Мазмұны
жоқта мазмұнсыздық шыға келер ортаға,
Әр
адамда өз анасынан басқа да,
Ғұмырына
етер мәңгі астана,
Демеп
жүрер , жебеп жүрер арқада,
Болу
керек құдіретті төрт ана:
Туған
жері түп қазығы , айбыны,
Туған
тілі-мәңгі өнеге айдыны,
Жан
байлығы, салт- дәстүрі -тірегі
Қадамына
шуақ шашар үнемі,
Және
таған тарихы.
Еске
алуға қаншама
Ауыр
әрі қасіретті болсада ..................
Кез-келген
ұлттың өз тарихы бар екені белгілі.
«Тарихсыз халық
жоқ» деп текке айтылмаған , тарихы
бар ұлт, халықтың өмірі бар , өйткені
,жылдар бойы жинақталған құндылықтардың
терең күре тамыры соғып , тарих
сахынасында өмір сүріп келеді. Сондай
халықтың бірі әрі бірегейі қазақ
халқы, қазақ мемлекеті екені айдан
анық.Тарихта белгілі ұлы мемлекеттер
тарихтың ашылмас қойнауына кетіп
жойылды немесе өзге елдің құрамына
сіңіп өз тарихын сақтай алмай қалған
тіршілігі жоқ ұлыстар мен ұлттарды
тарихтан оқып жүрміз.
Ал
біз қазақ халқы қаншалықты тарихымызды
танып, біліп жүрміз?
Қазақ
тарихы әлем тарихының сабақтас
жүйесі.Тіршілік басталғаннан бері
жазылып, зерделеніп келе жатқан көне
тарих. Ғасырдан-ғасырға тарихты
жеткізуде ата-бабаларымыздың қосқан
үлесі зор.Түрлі саяси дүрбелеңдерден
өтіп, бас сауғалап , жан беріп жүріп,
тәуелсіздіктің ақ таңын аттырды.Келер
ұрпаққа аманат етті.
Аманатқа
қиянат жасамай ұлт зиялылары
тәуелсіздік туын жықпай,
бірнеше
ғасыр бойы тағдырдың тауқыметті
қасіретінен көз ашпаған қазақ халқы
өз тарихында үлкен бетбұрыс жасап,
тарихты түгелдей бастадық.
Мемлекет
тарихын зерделеуге арналған іс-шаралар
- елбасы , тарихшылар үшін ғана емес,
кемел ұрпақ үшін болашағымыз үшін
екендігі баршамызға мәлім.
Елбасымыздың
бастамасымен елеулі жобалар, жұмыстар
атқарылуда .Ол сөзіме дәлел. «Рухани
жаңғыру-болашаққа бағдар» жолдауының
«Туған жер» бағыты бойынша көптеген
тарихи жәдігерлер қалпына келіп, шет
мемлекеттегі тарихи мәліметтер
жинақталды және іс-шаралар өз
нәтижесін берді . Білім ордаларында
тарихты насихаттау , Өлке тарихын
жүйелеу,ел арасындағы аңыз-әңгімелер
жинақталып, оқушылардың шығармашылық
қабілетін ояту мақсатында Ғылыми
жұмыстар ,өлкетану курстары ашылуда
.Атап айта кетер болсақ, мектебіміздегі
Өлкетану үйірмесінің жұмысы өлке
тарихын зерттеуде үлкен үлес қосуда.
Елімізде
тарихты жүйелеуде сүбелі жұмыс
жасалуда. Жасаған еңбек, төкен терді
қазіргі ұрпақ қаншалықты бағалап
жүр?
Кейінгі
жастарға тарихты насихаттау , жеткізу
жастардың рухын көтеретін жобалармен
жұмыстар қажет болып тұр. Сол іс-шараның
бірі бүгінгі өткізіліп отырған «Жас
тарихшылар» съезі бүгінгі бас қосудың
мектеп тарихы үшінде , қатысушылар
үшінде маңызы зор деп есептеймін.Өйткені,
мемлекеттің болашағы біздер жастардың
қолымызда!
Тарихты
жазу бір бөлекте,оны жеткізу санаға
сіңіру, қоғамның тарихи санасын
қалыптастыру одан да маңызды мәселе.
Сананы
қалыптастыру менің ойымша отбасынан
басталады.
Содан
кейін білім ордаларынан бастау алады
де есептеймін. Себебі,тарихты білген
адам өз тарихына , елінің тарихына
қиянат жасамайды. Себебі, тарих- шын
мәнінде ұрпақты отансүйгіштікке
тәрбиелеудің негізгі қайнар көзі.
Мен
өз құрдастарыма , достарыма бүгінгі
сәтті пайдалана отырып,
Өз
тарихыңды білмей, өзгенің тарихын
меңгере алмайсың . Заман талабына сай
өзе тілді меңгер , үйрен бірақ сол
тілде өз тарихыңды яғни қазақ тарихын
насихатта!
Бәсекеге
қабілетті елдердің қатарына қосылып,
әлемдік деңгейде көрінеміз десек,
тарихыңды таны!
Тәуелсіздіктен
айырылмайық десең тарихтағы бабалар
жолын ,ізін бас!
Мәңгілік
ел болайық десең- босағасы берік, түп
тамырлы тарихыңды біл!
Қорыта
келгенде,бүгінгі басқосу алдағы
істердің бастамасы болсын.
Тарихты
насихаттаудың құндылығы мемлекеттің
дәрежесінің көрсеткіші ал тарихты
білу .үйрену жеке азамат ретінде
сана-сезіміміздің дәрежесімен өлшенеді.
Түркістан
облысы Арыс қаласы
И.Журба
атындағы орта мектебі
Баяндама
Тақырыбы:
Тарихты
білу- міндетіміз.
Орындаған:
И.Журба
атындағы жалпы орта мектебінің 6ә
оқушысы Әшен Елдар Қанатұлы