Дөңгелек
үстел.
Тақырыбы:
Тарихты
құрметтеген ұлттың болашағы зор.
Рамазанова
Сабира Сарсеновна, Жамбыл
индустриалды-технологиялық колледжінің
арнайы пәндер оқытушысы
Мақсаты:
Елбасы
Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры»
тақырыбындағы мақаласын колледж
оқытушылары мен білім алушыларының
ынтымақтастығын орната отырып, халқымыздың
тарихын зерделеу, өз еліміздің тіліне,
туған жеріне құрмет көрсетуге баулу. Өткен
өнегелі тарихымыз арқылы білімгерлердің
ой
– өрісін, дүниетанымын кеңейту.
Көрнекі
құралдар:
слайдтар, баяндамалар, бейнефильмдер.
Жүргізілу
барысы:
1-жүргізуші:
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен
білім алушылар! Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев
2018 жылдың 21 қарашасында Қазақстан
халқына өзінің «Рухани жаңғыру»
бағдарламасының аясында «Ұлы
даланың жеті қыры» атты танымдық- тарихи
мақаласын жариялады.
2-жүргізуші:
Бүгін
біз де Тұңғыш Президентіміздің
мақаласымен оқып-танысып, талдау
мақсатында жиналып отырмыз. Олай болса,
«Тарихты құрметтеген ұлттың болашағы
зор» тақырыбындағы
дөңгелек үстелді
ашу үшін сөзді директордың тәрбие ісі
жөніндегі орынбасарына береміз.
2-жүргізуші:
Мақалада
қазақтың қобыз, домбыра, сыбызғы,
сазсырнай және басқа да дәстүрлі
музыкалық аспаптарымен орындауға
арналған маңызды туындылар топтамасын
– «Ұлы даланың көне сарындары» жинағын
басып шығару қажеттігі айтылды.
«Туған
жер» әні.
1-жүргізуші:
Мақаланың атауы айтып тұрғандай,
конференция барысында Ұлы есімдер, Ұлы
дала тарихы, Ұлы халықтың ұлан байтақ
жерінің киелі орындары туралы мағлұмат
алатын боламыз. Мұндағы мақсатымыз
сіздерді халқымыздың өткен тарихын
зерделеп, туған жерімізге, елімізге,
тарихымызға деген құрмет көрсетуге
баулу.
2-жүргізуші:
Мақалада жаһандық
тарихтағы қазақ халқының тарихын
байыппен зерделеуге тиіспіз деген
Тұңғыш Президент ойына тоқтала отырып,
Ұлы даланың жеті қырын атап өтейін.
Бірінші, АТҚА
МІНУ МӘДЕНИЕТІ.
1-жүргізуші:
Тарихтың осы қырын ашу үшін сөзді топ
жетекшісі Маденова Мираның жетекшілігімен
бітіруші курстың білім алушысы Таймай
Шерханға береміз.
2-жүргізуші:
Үлкен
Еуразияның Шығысы мен Батысы, Солтүстігі
мен Оңтүстігі арасындағы сауда және
мәдениет саласындағы байланыстардың
желісіне айналған– Ұлы
Жібек жолы
екендігін бәріміз жақсы білеміз,осы
тақырыпта тарих пәнінің оқытушысы-
Нұрпейсова Мария Атыхайқызы өз ойын
ортаға салады.
1-жүргізуші:
Біздің
дәуіріміздің І мыңжылдығының орта
шенінде Түркі
дүниесі
пайда болды, оның дамуына әлемдік
өркениеттің ұлы ойшылдарының бірі –
Әбу Насыр Әл-Фараби мен түркі халықтарының
рухани көшбасшыларының бірі Қожа Ахмет
Яссауи үлкен үлес қосты. Осы ойымызды
екінші курс студенті Аязбек Гаухар
жалғастырады.
2-жүргізуші:
Көптеген
халықтар өз елінің ерекше елшісі сынды
ұлы бабаларының есімдерін мақтан тұтады.
Мысалы, өткен дәуірлердегі Конфуций,
Ескендір Зұлқарнайын, Шекспир, Гете,
Пушкин және Джордж Вашингтон сияқты
дүние жүзіне белгілі тұлғалар бүгінде
«өз мемлекеттерінің» баға жетпес
символдық капиталы саналады, дейді
Елбасы өз мақаласында. Әрі сол елдердің
халықаралық аренада тиімді ілгерілеуіне
септігін тигізіп отыр. Ұлы дала Әл-Фараби
мен Ясауи, Күлтегін мен Бейбарыс, Әз-Тәуке
мен Абылай, Кенесары мен Абай және басқа
да көптеген ұлы тұлғалар шоғырын дүниеге
әкелді. Баяндамашы білімгер Ұлы
дала есімдері
туралы өз ойын ортаға салатын болады.
1-жүргізуші:
Ұлы
ақын, халқымыздың жазбаша және ауызша
әдебиетінің ең биік тұлғасы , тек қана
ақын ғана емес, педагог, аудармашы Абай
Құнанбайұлының шығармашылығы жақсы
нәрсеге үйретіп, жаманнан жиренуге
тәрбиелейді.
Екінші
курс білім алушысы Шаушова Сурияның
орындауында Абайдың әні «Көзімнің
қарасы».
1-жүргізуші:
Осыдан екі жыл бұрын Тұңғыш Президентіміз
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты
бағдарламалық мақаласын жариялаған
болатын. Біз үшін «Рухани жаңғыру»
бағдарламасының жалғасы ретінде
қарастырылатын «Ұлы
даланың жеті қыры» тақырыбындағы
мақаласы
ата-бабаларымыздың көп ғасырлық мұрасын
жаңғыртуға мүмкіндік береді.
2-жүргізуші:
Төл тарихын білетін, бағалайтын және
мақтан ететін халықтың болашағы зор
болады деп сенеміз. Өткенін мақтан
тұтып, бүгінін нақты бағалай білу және
болашаққа оң көзқарас таныту – еліміздің
табысты болуының кепілі дей отырып,
бүгінгі дөңгелек үстелді онференциямызды
«жабық» деп жариялаймыз.
Мемлекет
басшысының белгілеп берген әрбір
бағдарламасы халқымыздың әл-ауқатының
жақсарып, еліміздің жаһандық бәсекеге
қабілеттілігін арттыруда маңызды рөл
атқарады деп ойлаймыз.